Пальпация
Объективті тексеру
Status praesens
· Жалпы жағдайы – орташа деңгейлі ауырлықта
· Төсектегі қалпы – белсенді
· Ақыл – есі – анық
· Бет әлпетi –қалыпты, өзгермеген;
· Басы мен мойныныңанатомиялық даму өзгерістері жоқ, бассүйектері мен бет сүйектерінің көлемі сақталған, пальпация жасағанда ауырсынусыз. Мойын пішіні өзгеріссіз, қалқанша без үлкеймеген, кеңейген қантамырлар мен пульсациялар жоқ;
· Ауыз қуысын қарау – қалпы, бұрыштары симметриялы, ерні қалыпты қызғылт түсті, аузының шырышты қабаты қызғылт, ойылулар жоқ, тілі құрғақ, жабынсыз;
· Дене бітімі – дұрыс, нормостеник, дене температурасы 37,5°С;
· АҚҚ: 110\70 мм.сын.бағ
· Тері жабындары:
1. түсі – сәл бозарған
2. терінің эластикалығы мен қатаюы төмен
3. ылғалдылығы орташа
4. эритема, дақ, розеола, папула, көпіршіктер, язва жоқ;
5. тыртықтар жоқ;
6. шашы қалыпты, жасына сай.
· Тері асты май қабаты: жақсы дамыған, біркелкі емес, көзге көрінетін ісінулер жоқ
· Лимфа түйіні – жақасты, мойын, шүйде, бұғана үсті, қолтықасты, шынтақ, шап лимфа түйіндері пальпацияланбайды;
· Сүйектері: сүйектері қалыпты, деформация білінбейді, пальпация, перкуссия кезінде ауырсыну сезімі жоқ;
Тыныс алу жүйесі:
· Тыныс алу сипаты – мұрынмен, еркін, тынысы қалыпты, мұрын пішіні өзгермеген, мұрын ішіндегі қалқанының қисаюы байқалмайды;
· Кеуде пішіні – қалыпты, тыныс алу актісіне бірдей қатысады.
· Тыныс алу түрі – қалыпты бірдей; Тыныс алу жиілігі – 18 рет/мин, тыныс алу режимі дұрыс;
Аускультация
Қалыпты өкпелік дыбыс, тыныс шулдары везикулярлы;
Патологиялық сырылдар, сықыр, плевра үйкелісі естілмейді;
Жүрек – қантамыр жүйесі:
· Патологиялық пуьсациялар (ұйқы артериясының пульсациясы, «Каротидтер биі», «мысық пырылы» ) байқалмайды. Бауырлы және эпигастральды пульсациялар байқалмайды.
Аускультация
· Жүрек ырғағы – қалыпты синусты ырғақ
· ЖЖС (ЧСС)= 76 рет/мин
· Тондары анық қалыпты
· Патологиялық шулар естілмейді
Пульс және артериялық қан қысымын өлшеу
PS=76 рет/мин
АҚҚ=110/70 с.б.б.
Пульс толық қалыпты ырғақты
Асқорыту жүйесі:
· Тәбеті – төмен, өткір майлы тағамдарға жиіркену;
· Ауызда дәм сезінуі қалыпты;
· Жұтынуы бос, ауырсынусыз;
· Қыжылдау – тамақтың түрі мен және қабылдау мерзіміне байланысты;
· Кекіру – бос, қышқыл;
· Гиперсаливация, жүрек айну;
· Іштің кебуі, ауруы; ауырсыну – эпигастрийдің оң жартысында Шоффар аймағында орналасады және оң аймақтарға таралады – бұл ұйқы безінің басының зақымдануые көрсетеді. Әдетте ауырсыну сезімі – майлы, қуырылған, өткір тағамды ішкеннен 40-60 мин өткеннен кейін ауыру күшееді;
· Нәжісі – ретсіз, кейде іштің қатуы байқалады, нәжіс сипаты – қалыпты, түсі қоңыр, қорытылмаған тағам қалдықтары;
· Іші – қалыпты, тыныс алу актісіне қатысады, іштің, теріасты веналарының кеңеймеген;
· Ауыз қуысы – тілі – құрғақ, жабынсыз,таза, язва, сезаттар жоқ; ауыздың шырышты қабаты, қызыл иегі, қызғылт, қан құылулар жоқ;
Пальпация
· Беткей пальпация жасағанда – ішті сағат тіліне қарсы бағытта салысырмалы және ориентарлы пальпация жасағандаауырсыну байқалған жоқ, құрсақ бұлшықеттері қатаймаған, жарық,тыртықтары жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы – теріс;
· Образцов – Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпация жасағанда – барлық ішектері – қалыпты, ауырсыну жоқ, жылжымалығы, консистенциясы қалыпты, шұрылдар естіледі.
· Іштің терең пальпациясында ұйқыбез басының зақымдануына тән белгілер:
1. Шоффар зонасындағы ауырсыну – кіндіктен өткізген вертикальды және горизонтальды сызықтар аралығында оң жақтағы тік бұрыштың биссектрисасының ішкі жағындағы аймақ;
2. Дежарден нүктесіндегі ауырсыну – кіндікті оң қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары орналасатын нүктеде.