БИЛЕТ№6

1. Әкімшілік құқық бұзушылық ж\е оның құрамы

Жалпы әкімшілік құқық-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.

Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана н\е абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі н\е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылықдеп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың обьектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субьектісі болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері «әрекет» ж\е «әрекет-сіздік» болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамынаоның обьектісі,обьективті жағы, субьектісі, субьективтік жағы жатады.

Әкімшілік құқықтың обьектісіне әкімшілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.

Обьективті жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимылдың (әрекеттің, әрекетсіздіктің) өзін көрсетеді. Сондай –ақ оның бірнеше мәрте жасалуы да жатады.

2. Мемлекеттік басқару түсінігі ж\е мәні

Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мем\ң істерін басқару, мем\к органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз:

а) заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) обьектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен б\ты іс-әрекет.Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса да оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының,механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәнідегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі ж\е сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптықт(маркстік-лениндік) ж\е жалпы әлеуметтік.Басқару формасы - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар ұйымы, олардың пайда болу тәртібі, оларды қалыптастырудағы халықтың қатысуы деңгейі. Басқару формасының негізгі екі түрі бар: монархия және республика.

Мемлекеттік құрылым формасы - мемлекеттің ішкі бөлінісі және олардың өзара қарым-қатынасы. Құрылым формасы бойынша унитарлық, федеративті және конфедеративті болып бөлінеді.

3. Әкімшілік құқықтық қатынас

Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік басқару процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың құқықтық саласы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік қатынастары ( тараптардың заңды тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.

Әкімшілік құқықтық қатынастарды келесі біліктілік санаттары бойынша бөлуге болады:

1) қатысушылар құрамы бойынша: а) аппарат ішіндегі, б) аппараттан тыс;

2) тараптар арасындағы заңды байланыс сипаттарына қарай: а) тік (әрбір тарап билік құзырына ие, көлемі бірдей), б) көлденең (тікелей басқаруға ұқсас, онда тараптар заңды түрде бірдей).