Т Т экв.

Кесте

 
 


 
 


 

 

Экономикалық теория пәні мен саясиэкономия пәні ұқсас. Дегенмен, экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады. Яғни адамдар­дың мінез-құлқын, таптар мен таптардың материалдық, материал­дық емес игіліктермен байланысты қатынастарын қарастырса, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.

Үшінші: шаруашылықты басқару, жүргізу ережесін сақтауды, сонымен қатар саяси проблемаларды да қарастырады. Мысалы, мемлекет жұмыс­сыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін аналарға көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар.

Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар көп, ақшаны банкіге салу тиімді ме т.с.с.

Ресурстардың шектеулі болуымен байланысты оларды пайдалану баламалы жағдайда іске асады. Осы жағдайды Самуэльсон 2 тауарды мысалға ала отырып, қарастырған зеңбіректер мен май өндірістерін қарастырайық.

Бірінші вариант: қоғамның барлық ресурсы май өндірісін өндіруге бағытталған, бұл 5 млн. кг майды максимум өндірістің ресурстық-технологиялық жағдайына байланысты өндіруге болады.

Екінші вариант: 15 мың зеңбірек шығаруға бағыт-талған. Бірінші, екінші варианттарды қолдануға болмайды.

Үшінші вариант: қоғам зеңбірек шығару үшін май өндіру көлемін азайтады.

40. Экономикалық теорияның қызметтерін талдау - Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.

Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.

Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:

кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;

еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;

өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;

кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;

жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;

кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.

Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.

Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.

Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет.

Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.

Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың қорытындысына әсер етеді.

Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.

Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.

Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды көздейді. Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.

Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.

Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.

 

41. Нарықты экономиканың ауытқымалы дамуын талдаңыз - Барлық өндірісі дамыған елдерде экономикалық даму циклімен: күйзеліс, өрлеу, қайшылық күйреу, қайта даму, қайта басылу, т.б. сипаттайды. Бұл қайталану дөңгеленіп жүрмейді, спирал сияқты жүзеге асады. Сондықтан циклдік прогресивті формада дамиды, бір орында тұрмайды. Циклдік экономиканың теңесуінің ауытқу жағдайына байланысты.

Экономикалық даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге болмайтын сипаты мен экономиканың жұмбақ сыры және мәңгілік құпиясы, міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап,қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады.

Экономикалық дамудың циклдік себептері:

1) тауарлы өндіріс — экономиканы алдын — ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;

2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі (разбалансированность);

3) бәсекелестік — экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;

4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).

Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.

Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен — ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д — Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай — ақ өзінің кредитор мен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды.

Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалық конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі.

Егер, циклдің бірінші себебі жалпы экономикалық сипатқа ие болса, екінші – субъективті,ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады.Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу,нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды өзгерту, экономиканы прогрес-сивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді.

Экономикалық циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына,сонымен қатар экономикалық динамика теориясына жатады.Егер өсу теориясы ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса,онда цикл теориясы уақыт бойынша экономикалық белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.

Экономикалық цикл табиғаты осы уақытқа дейін ең даулы және ең аз зерттелген проблемалардың бірі болып саналады. Осы проблемалармен айналысатын зерттеушілерді,қоғамдық өмірдегі циклді кезеңді мойындамайтын,сол сияқты экономикалық циклда теңіз ағысы сияқты тұрақты деп мойындайтынын бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері (неоклассиктер) циклдік экономикалық жүйеге кездейсоқ әсер етудің (серпіліс немесе әлсіреу) салалары деп санайды.

Екінші бағыттың өкілдері циклді өзіндік үлгідегі әлемнің бөлінбейтін “атомы” ретінде қарастырады. Олардың түсінігінде цикл бұл — материалдық әлемнің айрықша әмбебап және абсолютті құрылымы.Циклдің құрылымын, өзара қарама — қарсы әрекет етуші және өзара байланысты екі материалдық объект құрайды.

Ең қарапайым анықтамада цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл, өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.

Циклдің басты қасиеті — бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:

1. Тұрақты өсу;

2. Өсудің біркелкі еместігі;

3. Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі даму).

Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі.

Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық (отрицательную) динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша циклда болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік және т.б. циклда өмір сүреді .

Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін циклдер де бар. Олардың ішінде — бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты – 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи циклдер; маусымдық –жарты жылдық ; қысқа мерзімді салалық және т.б. цикл.

Экономика теориясы циклдік себебінің үш түрін бөліп көрсетеді:

1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы (табиғи,саяси және т.б.ие),сыртқы цикл –құбылыс;

2)Жалпы экономикаға тән ішкі цикл –құбылыс ;

3) Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың ішкі және сыртқы факторларының жиынтық –цикл себептері.

Қазіргі уақытта зерттеушілер,сыртқы (экзогенді) факторлар бұл циклдердің бастапқы серпінін туғызушы,ал ішкі (эндогенді) себептер бұл серпіндерді сатылық (фазалық) ауытқушылыққа айналдырады (қайта құрады) деп болжайды .

Экзогенді (экономикадан тыс ) себеп циклдер ішінде ғылыми — техникалық жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп — қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан, циклдер проблема-ларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор — акселератор тетіктері (механизмдері) қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатының (фаза); көрсетілу шыңы мен ең төмен құлдырауының екі нүктесі болатынын (5.1 кесте) ерекшелеп көрсетуге болады.

 

42. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері мен эволюциясын көрсетіңіз - Натуралды шаруашылық дегеніміз патриархалды отбасы немесе қауымдық шаруашылық көлемімен шектелген, басқа шаруашылықтармен экономикалық байланыстары жоқ тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың мүшелерінің барлық қажеттіліктері тек сол шаруашылықта өндірілген өнімдер арқылы қанағаттандырылды. Өндіріс қолмен қимылға келтірілетін қарапайым еңбек құралдары арқылы жүргізіледі. Шаруашылыктың экономикалық негізі қауымдық меншік болды. Шаруашылық процестері көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес тікелей реттеліп отырды.

Натуралды шаруашьшық өте ұзақ уақыт мерзімді қамтыды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан бастап құл иеленуші және феодалдық қоғамдарда шаруашылықтың басым түрі болды. Натуралды шаруашылықтың қалдықтары қазіргі заманда да әлемнің кейбір елдерінде (әсіресе, Азия, Африка елдерінің кейбіреулері мен Тұнық мұхитының аралдық елдерінде) кездестіруге болады.
Натуралды шаруашылықтың ыдырауына, тауарлы өндірістің пайда болуына не себеп болғаны туралы айтпас бұрын, тауарлы шаруашылықтың мәнін түсініп алған дұрыс.

Тауарлы шаруашылық дегеніміз шаруашылық субъекттерінің әрекеттері рынок арқылы байланыстырылатын, өнімнің қоғамдық сипаты тікелей емес,жанама жолмен (рынок арқылы) анықталынатын, өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы мен зквиваленттік қатынастарына негізделген шаруашылық түрі.
Тауарлы өндірісте өнімді жеке экономикалық, оқшауланған өндірісшілер өздері тұтыну үшін емес, басқалар тұтыну үшін, рынокта сату үшін өндіреді. Демек, мұндай өндірісте шаруашылық субъектерінің қатынастары негізінде ақшалы-тауарлы қатынас түрінде көрініс табады, өндіріс пен тұтыну нарық арқылы байланыстырылады. Өнім тауар ретінде белгісіз біреулерге және белгісіз нарыққа өндіріледі. Белгілі Мажариялық (Венгрия) экономист, тоталитарлы-социалистік мемлекет «солшыл ревизионист» деп қудалаған Янош Корнап тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілерін төмендегідей қысқаша таныстырған:

1.Тауар өндірушілердің нарыққа тосқауылсыз кіру және одан кез келген уақытта шыға алу мүмкіншілігі;

2.Нарықта бәсекенің әділ жүргізілуі және оны көпшілік болып қолдау;

3.Жеке меншіктің еркін қалынасуы және қорғалуы;

4.Рыноктық жүйенің негізгі белгілері және қозғаушы күштері ретінде жеке инициатива мен кәсіпкерлік.

Тауарлы шаруашылық натуралды шаруашылыққа қарағанда экономикалық прогресті керемет жылдамдатты, өйткені ол шаруашылық субъектерін еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістерін үнемі жаңалап отыруға объективті ынталандырады. Сондықтан тауарлы шаруашылық алғашқы қауымдық қоғамның соңғы кезеңі мен құл иеленуші дәуірден бастап бүгінге дейін дамытылып жатыр. Адамзат одан да прогрессивті шаруашылықтың түрін ойлап тапқан жоқ. Оған әзірше альтернатива жоқ.
Оку-әдістемелік әдебиеттерде тауарлы: өндірістің өмірге келу себептері мен шарттары деп қоғамдык еңбек бөлісуі мен өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы атап көрсетіледі. Бұл жерде себептері мен шарттарын (қажетті жағдайларын) шатастырмау керек. Ондай шатастыру үлкен методологиялық қателік болып табылады.

Қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің, ақшалы-тауарлы қатынастардың қалыптасуының шарты. Ол өздігінен тауарлы өндірісті өмірге алып келе алмайды. Сондықтан қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің пайда болуының негізгі себебі емес. Бірақ ол тауарлы өндірістің қалыптасуына қажетті жағдайларды жасап береді. Еңбек бөлісуі болмаса айырбас қатынастары орын алмайды, демек тауарлы өндіріс мүмкін болмайды.

Еңбек бөлісуі барысында адамдар белгілі бір өндірістермен шүғылданып, өнімнің белгілі бір түрін өндірумен мамандандырылады. Айырбас кезінде тұтыну қасиеттері әртүрлі өнімдер өзара айырбасталады. Ешкім бір түрлі затты дәл сондай тұтыну қасиеті бар затқа айырбастамайды, өйткені ешқандай қисын жоқ. Ондай әрекеттен нәтиже де шықпайды, пайда да таппайды. Демек,айырбас орын алуы үшін нарыққа өндірісшілер тұтыну қасиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлармен келуі тиісті. Сонымен жоғарыда айтылғандардың кысқаша қорытындысы былай:
Біріншіден, тауарлы өндірісті өмірге алып келген себеп — жекеменшіктен туындаған өндірісшілердің (шаруашылықтардың) экономикалық оқшаулылығы. Экономикалық оқшаулылықты технологиялық оқшаулылықпен шатастырмау керек. Кейінгісі өндіріс технологиясының ерекшеліктерінен туындайды.

Екіншіден, қоғамдық еңбек бөлісуінің бұл жердегі маңызы, ол ақшалы- тауарлы айырбас қатынастарының орын алуына қажетті жағдайларды жасайды. Бірақ олардың туындауына ол тікелей себеп емес. А.Смит еңбек бөлісуінің ролін былай деп түсіндірген: жұмысшылардың мамандығы мен шеберлігінің өсуі, машиналарды ойлап табу еңбекті жеңілдетіп, қысқартады, бір адамға бірнеше адамға жүктелетін жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді. Әрбір жұмысшы өзінің қажеттіліктерінен асып түсетіндей өнім өндіруі мүмкін; басқа жұмыскерлер де дәл осындай болатындықтан, ол өзі өндірген өнімнің үлкен бөлігін басқалар өндірген өнімнің үлкен бөлігіне айырбастай алады. Экономикалық теория еңбек бөлісуінің бірнеше түрін ажыратады:

1. жалпылама (әлемдік деңгейде);

2. жалпы (макроэкономикалық және ұлттық экономика деңгейінде);

3. ерекше (ішкі салалық, мысалы жеңіл өнеркәсіп тоқыма өндірісін, киім тігу өндірісін жіп иіру өндірісін және тағы басқаларын қамтиды);

4. жекеленген еңбек бөлісуі (әрбір өндірістің ішіндегі).

Меншіктік қатынастар мен нарықтық қатынастардың даму дәрежесіне байланысты тауарлы өндірістің екі түрі ажыратылады: қарапайым және капиталистік (дамыған).

Карапайым тауарлы өндіріс ертеректе қол өнершілер мен шаруалардың шаруашылығы түрінде қалыптасып, олардың өзінің және отбасы мүшелерінің еңбегімен жүргізілді. Қарапайым еңбек бөлісуі мен карапайым еңбек кұралдары колданылғандықтан еңбек өнімділігі төмен болды. Бірақ, ол натурапды шаруашылыққа қарағанда прогрессивті болды, өйткені жеке меншік өндірісшілердің негізгі мүдделерін қозғалысқа келтірді. Жеке меншік жағдайында оқшауланған шаруашылықтардың иелері егеменді шешім қабылдау мүмкінділігін алды. Жеке меншік тауар өндірушілердің жоғары белсенді қызмет атқаруының негізі болып табылады.

Капиталистік жүйе орнауына байланысты тауарлы өндіріс дамыған түрге өтіп өндірістер негізінде жалдамалы еңбек арқылы жүргізілетін болды. Капиталдың қорлануы арқылы шағын өндірістер бертін келе ірі және алып өндірістерге айналды. Ақшалы-тауарлы қатынастар жалпылама сипат алып, Қоғамдық- экономикалық өмірдің көптеген сфераларында тарады. Ақшалы- тауарлы қатынастардың кең жайылғаны соншалық, адамның жұмыс істей алу қабілеті мен (жұмысшы күші), ақыл ой еңбегі де тауарға айналды.

 

43. Негізгі және айнымалы капиталды талдаңыз - Кәсіпорын қорлары 2-ге бөлінеді: негізгі және айнымалы.

Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.

Қорлардың ауыспалы айналымы дегеніміз- қорлардың біртіндеп 3 функционалды формасының 1-1-імен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын айтамыз.

Ауыспалы айналым кезінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғни 1 формадан 2-ші формаға ауысуын көрсетеді.

1 саты, қорлардың өндірістік формадан тауарлы формаға ауысуы.

2 саты, тауар қорларының ақша қорларына ауысуы.

3 саты, қорлардың ақшалай формадан өндірістік формаға ауысуы.

Қоғамда өндірістік қорлардың ауыспалы айналымы мына түрге ие болады: ҚЖ…Ө…Т – А – ҚЖ.

Мұнда:

А – ақша қаражаты;

Т – тауар;

ЖК – жұмысшы күші;

ҚЖ – құрал-жабдық;

Ө — өндіріс процесі;

Қор айналымы дегеніміз- ауыспалы айналымның бір акт ретінде емес, мезгіл мезгіл қайталанатын процес ретінде орын алуы.

2. Өндірістік капитал екі бөліктен тұрады, олардың құндары ауыспалы айналымның барлық циклінен өтеді және кәсіпкерге әртүрлі уақыт аралығында ақшалай формада қайтып оралады. Капиталдың бұл екі бөлігі: а) негізгі капитал; б) айнымалы капитал.

Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.

Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады.

Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с. айналады. Осыған орайайнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.

 

44. Негізгі және айнымалы капиталды, негізгі капиталдың ескіруін түсіндіріңіз - Кәсіпорын қорлары 2-ге бөлінеді: негізгі және айнымалы.

Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.

Қорлардың ауыспалы айналымы дегеніміз- қорлардың біртіндеп 3 функционалды формасының 1-1-імен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын айтамыз.

Ауыспалы айналым кезінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғни 1 формадан 2-ші формаға ауысуын көрсетеді.

1 саты, қорлардың өндірістік формадан тауарлы формаға ауысуы.

2 саты, тауар қорларының ақша қорларына ауысуы.

3 саты, қорлардың ақшалай формадан өндірістік формаға ауысуы.

Қоғамда өндірістік қорлардың ауыспалы айналымы мына түрге ие болады: ҚЖ…Ө…Т – А – ҚЖ.

Мұнда:

А – ақша қаражаты;

Т – тауар;

ЖК – жұмысшы күші;

ҚЖ – құрал-жабдық;

Ө — өндіріс процесі;

Қор айналымы дегеніміз- ауыспалы айналымның бір акт ретінде емес, мезгіл мезгіл қайталанатын процес ретінде орын алуы.

2. Өндірістік капитал екі бөліктен тұрады, олардың құндары ауыспалы айналымның барлық циклінен өтеді және кәсіпкерге әртүрлі уақыт аралығында ақшалай формада қайтып оралады. Капиталдың бұл екі бөлігі: а) негізгі капитал; б) айнымалы капитал.

Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.

Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады.

Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с. айналады. Осыған орайайнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

— жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

— табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады:

— техникалық-өндірістік — тұтыну құнының жойылуы;

— құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.

Моральдық тозу — бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

1) еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

2) құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.

 

45. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, материалдық игіліктер және қызметтер, экономикалық ресурстарды талдаңыз - Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы

Экономикалық ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш мәселесіне жауап бере алатын басты ұғымдар орын алады. Бұл ұғымдар экономикалық теорияның базалық түсініктері болып табылады, яғни олар:
1. Қажеттіліктер.
2. Ресурстар.
3. Игіліктер.
Енді осыларға кеңірек тоқтауымыз қажет.
Кез-келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады.
Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер, немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және де жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар. Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағаттандырылуы тиіс.
Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шектеулі көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық игіліктер деп атайды. Яғни, экономикалық игіліктер дегеніміз – экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес заттар мен қызметтер. Ал экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет көрсету жатады. Тауар немесе қызмет көрсету дегеніміз – нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес экономикалық игіліктер. Адамдардың экономикалық қажеттіліктері көбінесе игіліктерді өндіру мүмкіндігінен асып кетіп отырады. Сондықтан да, жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру үшін жанама экономикалық игілік – ресурстар қажет.
Ресурстар – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді (тауарлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтан да, оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат жатады. Экономикалық теорияда өндіріс факторларын талдаудың маңызы өте зор. Осыған сәйкес, өндіріс факторларына деген екі ғылыми көзқарас қалыптасқан: олар - маркстік және маржиналистік.

1. Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді: 1) адамның еңбегі; 2) еңбек заттары; 3) еңбек құралдары. Адамдардың еңбек үдерісінде өңдеуге түсетін табиғат заттарын еңбек заттары деп атайды. Олардың екі түрі орын алады, біріншіден, табиғаттың тікелей берген заттары (балық, мұнай, газ, т.б.), екіншіден, өңдеуге түскен еңбек заттары (шикізат). Еңбек құралдары деп адамдардың солардың көмегімен еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын айтады. Еңбек құралдарына машиналар, станоктар, жабдықтар, құрал-саймандар, өндірістік ғимараттар, жолдар және басқалары жатады. Еңбек заттары мен еңбек құралдары бірігіп жиынтығында өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірістік тәжірибесі бар, еңбек құралдарын іс-әрекетке икемдеп қосатын адамдарды қоғамның өндіргіш күштері деп атайды.

2. Маржинализм тұжырымдамасы бойынша, өндіріс факторлары төртке бөлінеді: 1) еңбек; 2) капитал; 3) жер; 4) кәсіпкерлік қабілет.

Еңбек – бұл өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде қарастырылатын адамның интеллектуалдық және физикалық іс-әрекетінің жиынтығы.

Капитал – өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде саналатын машиналар, құрал-саймандар, қоймалар, көлік және байланыс құралдары, т.б.

Жер – бұл табиғи байлықтар, жердің қыртысы, пайдалы қазбалар, орман және су ресурстары, жыртуға жарамды жерлер түрінде қарастырылатын табиғи ресурстардың жиынтығы.

Кәсіпкерлік қабілет - өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылатын ерекше фактор.

Қазіргі кездері осы аталған өндіріс факторларының қатарына менеджмент пен ақпарат ресурстарын қосады. Менеджмент – бұл идеялар, модельдер, инновациялық өнім үлгілері, технологиялар, ұйымдастыру нысанында көрінетін ерекше ресурс. Ақпарат технологиялық жаңарудың қозғаушы күші, өндіріске жаңа идеяларды және жобаларды енгізудің көзі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі экономистер өндіріс факторларына сәйкесінше, экологиялық факторды және уақытты жатқызады. Экологиялық фактор бұл жерде экономикалық өсудің импульсі ретінде қоршаған ортаның ластануымен байланысты өндіріс мүмкіндігінің шектеулілігін түсіндіреді. Уақыт факторы да өндірісте қолданылатын және оның тиімді жұмсалуын көрсететін шектеулі ерекше ресурс ретінде көрінеді.

 

46. Өндіріс және ұдайы өндірісті түсіндіріңіз - Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экон­оми­калық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономи­калық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса — тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма­ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым­ша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс — тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Демек, қоғамдық ұдайы өндіріс екі бөлім: К.Маркс бойынша төмендегіше білдіруге болатын өндіріс құралдары ұдайы өндірісі мен тұтыну заттары ұдайы өндірісінен тұрады:

І w = c + v + m

П w = c + v + m

Мұнда:

І және П қоғамдық ұдайы өндіріс бөлімдері;

w — І және П жиынтық қоғамдық өнім;

с — өндіріс құралдары (тұрақты капитал);

v — жұмыс күші және өзгермелі капитал;

m — қосымша өнім құны.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді.

Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.

Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:

- тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;

- фирмалар - пайданы максималдауды;

- мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды.

Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады.

 

47. Өндіріс факторлары және факторлық табыстарды талдаңыз - Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады. Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады. Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепе-теңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс. Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне пайызды алады, ал жердің иесі рентаға ие болады.

Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызметтер нарығынан басты айыршылығы – фирмалар мен тұтынушылар рөлдерінің ауысуында болып табылады: фирмалар ресурстар нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар ретінде жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс білдіреді және тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды.

Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал, өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін.

Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады. Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады.

 

48. Сұраныс заңын, сұраныс қисығын, сұранысқа әсер етуші жағдайларды талдаңыз - Сұраныс белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде сатып алушылар сатып алу мүмкіндігі болатын және сатып алғысы келетін тауарлар қызметтің санын байқатады.

Сұранысқа әсер етуші факторлар:

1) Қызмет және тауар бағасы; 2) Тұтынушының ұнатуы; 3) Тұтынушының табысы;

4) Үй шаруашылығында табысты бөлу; 5) Алмастырушы тауар бағасы;

6) Нақты қызмет және тауарды жалпы сатып алушылар саны; 7) Инфляция күту.

Сұраныс заңы: сұранысқа әсер ететін барлық басқа факторлар тұрақты болған кезде, тауар бағасы төмендеген сайын, тауар саны өседі. Сұраныс заңын графикте сұраныс қисығы арқылы көрсетуге болады.

 

P

 
 


------ Сұраныс қисығы

 

D

Q

P - тауар бағасы, D - сұраныс қисығы, Q - сұраныстағы тауар саны.

Сұраныс қисығының бойындағы қозғалыстар сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол тауар бағасының өзгеруіне сәйкес сатып алынған тауар санының өзгеруін көрсетеді. Бағалық емес фактордың өзгеруі сұраныс мінезінің өзгеруіне әкеледі. Бұл жағдайда әрбір мүмкін болатын баға бойынша сұраныстың бағалық емес факторларының өзгеруіне байланысты тұтынушылар көп немесе аз тауар сатып алады. Сұраныс қисығы оңға жылжыса - сұраныс өседі, ал керісінше, солға жылжыса - сұраныс төмендейді.

Ұсыныс - белгілі бір кезеңдегі нақты баға бойынша рынокта сатуға жіберілген өнім немесе тауар санын көрсетеді.

Тауар ұсынысына әсер етуші факторлар:

1) Тауар бағасы;

2) Өндіріс технологиясы. Егер жаңа технология пайдаланған болса, онда шығын азайып, өнім көлемі өседі. Ол ұсыныс көлемін ұлғайтады;

3) Экономикалық ресурстардың бағасы. Ресурс бағасының төмендеуі тауар ұсынысын көбейтеді;

4) Салықтар және субсидиялар. Салықтың өсуі ұсынысты төмендетеді, ал субсидия өндірістің көбеюіне әкеледі;

5) Сатушылар саны.

Ұсыныс заңы тауар бағасы мен рыноктағы ұсыныс көлемі арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Баға мен ұсынылып отырған өнім арасында тура байланысы бар: баға өскенде, ұсыныс көлемі де өседі немесе керісінше. Ұсыныс заңын графикте ұсыныс қисығын білдіреді.

 

P

S

------- Ұсыныс қисығы

 

 

Q

Мұндағы S - Ұсыныс қисығы.

Ұсыныс қисығының өзгеруі, ұсыныс зағын көрсетеді.

Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен қозғалыстарды бейнелейді. Бағалық емес фактордың өзгеруі ұсыныс мінезінің өзгеруіне әкеледі.

Ұсыныс қисығы оңға жылжыса - ұсыныс өседі, ал керісінше, солға жылжыса - ұсыныс төмендейді.

 

49. Тауар және оның негізгі қасиеттерін түсіндіріңіз - Тауар өндірісінің өзекті категориясы — тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуі.

I. Маркстік теорияда, тауар — сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

а) тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;

б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.

в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.

II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.

Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін — экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.

Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықт