Компьютерлерді интеллектендіру принципі. 6 страница

Бердяевтің пайымдауынша, Құдай — адам шығармашылығына дем беруші. Шығармашылық — адамның жер бетіндегі мақсаты, Құдай оны сол үшін жаратты. Құдайдың ісіні адам жалғастыруы қажет, сол үшін

Құдай адамға шығармашылық қабілет, немесе өз бейнесін берді. Шығармашылық сәтсіздікті орыс ойшылы эсхатологизм деп атайды, бірақ бұл уақытша құбылыс. Құдай, Бердяевтің пікірінше, шығармашылықты құтқарады, адам оны тарихтан тысқары Құдайы патшалықта жалғастырады.

Еркіндікті дәріптеген Бердяев экономикалық еркіндіккс қарсы. Пара-докс! Әрине, социализм экономикалық еркіндікті тежеусіз Мүмкін емес, себебі оның басты принципі — Теңдік. Бірақ Бердяев басқа жол іздеуге тырыспайды, экономикалық билікті түгелімен мемлекетке бере салады. Өмірде де, философияда да еркін болуға ұмтылған Бердяев өз көзқа-растарын талай өзгертті. Осындай бір парадокс оның өмірінің ақырында болды. Соғыс кезінде ол Ресейге жылы ықылас көрсетеді. Бұл құбылыстың себебі Отанына деген сағыныш, оның тағдырына деген аландаушылық пен аяушылық болды ма деп ойлаймын. Саналы өмірінде Ресей туралы ой кешкен философ шет жерде жүргенде өз халқының бұрын байқамаған ерекшеліктерін тереңірек түсінген секілді. Не десек те, тағдыры

да, философиясы да күрделі де қызықты, өзгермелі Бердяев адам мәселесін, Ресей тағдыры мәселесін зерттеуші, интеллектуальдік жағынан өте бай, терең философ ретінде әлі де талай философиялық ізденістерді объектісі болып қала беретіні сөзсіз.

Осы пікірді жалпы орыс философиясы туралы да айтуга болады. Бугінгі талдау 19-ғасырдыц соңы мен 20-ғасырдың басында Ресейде терен мазмұнды, философиялық мәні жан-жақты, жүйеліліктен гөрі эмоция толы, соған қарамастан орыс адамының, Ресейдің гана емес, бүкіл адам зат дамуын болжауга багытталган, тұлгалық сипаты мол, оны объективті зерттеу қазіргі Ресей галымдарының басты міндеті болып табылатын ерекше философия қалыптасқанын дәлелдейді.

115.Ұғым - адамның әлеуметтік - тарихи танымының жемісі. Ұғым түрлері (интерпретация, конвергенция, дивергенция, конверсия).

Ұғым объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі.

Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелей алады, ал жалпы затты көрсете алмайды.Ойлаудың қарапайым клеткасы ұғым - деп аталады. Ұғым дегеніміз - шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске асады. “ұғым сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды”.

Ұғымның бастапқы белгісі - танылатын саладағы барлық құбылыстарға тән болудың формасын анықтау. Ұғым-жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау.

Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір-заттар мен құбылыстар туралы айтылатын кез-келген сауал, ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. Пікір құбылыстардың сан алуан байланыстарын көрсетеді.

 

116.Жалпы салыстырмалы теория тұрғысынан Птолемей және Н. Коперник жүйелерінің эквиваленттік проблемалары.

Николай Коперник – поляк астрономы. Әлемнің гелиоцентристік жүйесін жасаушы. Коперник ілімі шын мәнінде революциялық іс болды, сол арқылы табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді айналуы және жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы теорияны айттыСалыстырмалылық теориясы бастамасы салыстырмалылық принципінде негізделеді. Ұғымды 1906 жылы Макс Планк енгізген. XX ғасырдың басында салыстырмалық принципі оптикамен физикаға және физикалық басқа салаларына қатысты екендігі белгілі болды. Салыстырмалық принципі өзінің мэнін кеңейтіп, мынадай анықтамаға ие болды: оқшауланған материалдық жүйеде кез-келген процесс бірдей жүреді, және ол жүйе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жағдайында болуы керек. Немесе физиканың заңдары бар-лық инертті жүйелерде бірдей формаға ие.

Клавдий Птолемей - грек математигі және астрономы. Клавдий Птолемейдің өмір жолы туралы мағұлмат жоқтың қасы, тек қана біздің заманымыздың 120 жылынан бастап Александрияда өмір сүргені белгілі. Ол өзінің жетістіктері негізінде арабтар «Алмагест» деп атап кеткен. Үлкен еңбектің авторы «Алмагест» арабша «алмаджести», яғни «аса ұлы» шығарма дегенді білдіреді. Птолемейдің бірінші кітабында гректердің триогеометриясы жүйелі түрде баяндалған. Мұнда 0º бастап 180º дейінгі хордалардың таблицалары келтірілген. Тарихи жазбалар бойынша хордалар таблицасын алғаш жасаушы ретінде б.з.д. 2 ғасырда өмір сүрген астраном математик Гипарх екен. Бірақ ол таблицалар бізге жеткен жоқ. Грек математиктерінде бұл кезде синус, косинус және тангенс сызықтары болмаған. Бұлардың радиусы тұрақты дөңгелектің центрлік бұрыштарына сәйкес келетін хордалардың ұзындығын есептейді. Птолемей дөңгелек шеңбердің 360º, ал оның диаметрін 120 бөлікке бөледі, сөйтіп, хорданың ұзындығын дөңгелектің радиусы (орнықты) арқылы өрнектейді. Басқа бұрыштарға қандай хордалар сәйкес келетінін анықтауға Птолемей шеңберді іштей сызылған төртбұрыш дөңгелекке іштей сызылса, онда оның диогональдарының көбейтіндісі қарама – қарсы қабырғалардың көбейтінділерінің қосындысына тең болады. Бұл теорема қазір Птолемейдің есімімен аталып жүр. Қортындылай келгенде ұлы математиктер математиканы дамытуда адамзатты ғажайып жаңалықтармен әлі талай қуантады. Ғылым тарихына көз салғанда адамзаттың асыл перезенттері ашқан ұлы жаңалықтарға тоқталмай өте алмаймыз, өйткені басқалар мен салыстырғанда бұлардың ойлары орасан зор. Таланттары ерекше биік тұрады. Бұлардың ғылыми идеялары болашаққа өзінің нұрын шашады.

 

117.Таным процессінің диалектикасы.

Метафизикалық материализм таным процесін сыңаржақты, қарадүрсін, енжар құбылыс ретінде қарастырған болатын. Оның мәні мынада: айналаны қоршаған табиғат құбылыстары мен қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалар мен өзгерістер дүниені сырттай бакылаущы енжар адамның сезімі мен санасына әсер етіп, өз іздері мен белгілерін қалдырады, таным деген осы, адам санасында сыртқы дүниенің бейнеленуі деген, міне, осы, деп түсіндіреді метафизикалық материализм.Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті — үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.Сондай — ақ таным процессінін диалектикасы адамның танып білуінің субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз — бұлар обьективтік дүниенің субьективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.Таным процесінің диалектикасы мынадан да көрінеді: ғылымның дамуы үшін логикалық жағынан дәлелдеу және практикада тексеру жолымен ақиқатты анықтауға мүмкіндік беретін пікірлердің күресі.

118.Л. Фейербах «Болашақ философиясының негізгі қағидалары».

“Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде Л Фейер бах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әцелдер махабатты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады. Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады. Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады. Ол өзінің философиясын «болашақтың философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді. Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды. Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты. Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі. Алайда, Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен шектелді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах материалистік негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективтік шындық деп қарады. Бұл классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным болатын. Егер Гегель табиғатты идеяның жатсынуы деп қараса, Фейербах оны барлық ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді. Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау процесі арқылы ғана анықтай алмаймыз. Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы диалектикалық екенін мойындады. Өзінің философиясында болмысқа анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя екендігін, шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз заманындағы философиялық негізде материя туралы ұғымды нақтылады. Егер ХVІІ-ХҮIII ғасырлардағы философ-материалистер материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның ойынша, егер материя болмаса, біздің зердеміз ешбір сезімділікке, белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай мән қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа шығарумен бірдей. Фейербах материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт пен кеңістікке де айрықша көңіл бөлді. Ол «Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар - болмыстың, сондай-ақ, ойлаудың түп тамырлы жағдайы, зерде формаларының заңдары. Шын мәнісіндегі ойлау уақыт пен кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті.

 

 

119.Н.Г. Чернышевский «Философиядагы антропологиялық принцип», «Адам білімінің сипаты».

Чернышевский Николай Гаврилович (24.7.1828, Саратов қ. — 29.10.1889, сонда) — Ресей философы, публицист, жазушы, әдебиетсыншысы. Саратов діни семинариясында (1842 — 45), Петербург ун-тінің тарих-филол. бөлімінде оқыған (1846 — 50). Ч. ун-тте оқып жүрген кезінде өз бетімен білімін жетілдірумен шұғылданып, тарих (Ф.Гизо, Ж.Мишле), философия (Г.Гегель және Л.Фейербах),социология (А.Сен-Симон, Ш.Фурье) туралы еңбектерді мұқият зерттеді. Ч. көзқарасының қалыптасуына орыс әдебиетшілері А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.В. Гоголь, т.б. үлкен ықпал етті. “Отечественные записки” (1853) журналында мақалаларымен көрінген Ч-ді Н.А. Некрасов “Современник” журналына тұрақты қызметке шақырды. Осында жүріп 1855 ж. “ґнердің болмысқа эстетикалық қатынасы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сол жылы “Орыс әдебиетінің Гогольдік дәуірінің очерктері” атты еңбегін жариялады. В.Г. Белинскийдің әдеби-сын саласындағы дәстүрін жалғастырған ол бірте-бірте журналдың идеялық жетекшілерінің біріне айналды. Осы журналда жүріп Н.А. Добролюбов, Некрасовпен бірге Ресейдегі қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, саяси, экон., тарихи және әдеби шығармалар жариялады. А.И. Герценмен саяси байланыста болуы себепті 1862 ж. тұтқындалып, Петропавл қамалына жабылды. Ол қамауда отырған кезде “Не істеу керек?” романын (1862 — 63) жазды. Тұтқындалуға үкім кесіліп (7 жыл каторгалық жұмысқа және Сібірде өмір бойы тұруға), Мытинск алаңында (1864 ж. 19 мамыр) қара бағанға таңылып жазаланғаннан кейін Ч. көп кешікпей Сібірге жер аударылды. Жиырма жылдан астам айдауда жүргенімен шығарм. жұмыспен шұғылдануын тоқтатқан жоқ. 1889 ж. Саратовқа қоныс аударып, көп кешікпей қайтыс болды. Ч. табиғат пен қоғамға өзінің филос. көзқарастарының негізі антропол. принцип деп санаған. Қоғам даму заңдылықтарын түсіндіруде Ч. идеализмі алдыңғы қатарда болды. Ол адам табиғатының тума қабілеттері және “жалғандық пен шындық” туралы идеяларды көтерді. Ч-дің “Даналық эгоизмі” теориясы ағартушылық рационализмге негізделген. Ол көркем өнердің шынайы мақсаты халықты рухани адамгершілік, ізгілік қасиеттерге шақыру деп түсінді. ґзінің диссертациясында және эстетика туралы басқа да еңбектерінде “таза көркемөнер” тұжырымдамасына қарсы болды, “әдемілік деген өмір” эстетиканың негізгі арқауы — объективті болмыстың қадір-қасиеттері деген ой-пікірді жүйеледі. Ч-дің Лессинг, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, В.Г. Белинский, М.Е. Салтыков-Щедрин, Некрасов, И.С. Тургенев, Г.И. Успенский, Л.Н. Толстой шығарм-тары туралы еңбектері маңызды ой-тұжырымға толы. Ч-дің “Бір қыздың тарихы”, “Барбарустар ұрпағы”, т.б. повестері мен әңгімелері, “Шешусіз драма”, “Жаны ғажап күйеу” пьесалары бар. Кеңес өкіметі тұсында Ч. тұлғасы мен еңбектері патшалық Ресейдегі халықтың азаттық күресіне дем беруші күш ретінде бағаланды.

 

120.Математика - адамзат мәдениетінің феномені ретінде. Топтау мен абстракциялау математикалық теориялардыц даму әдістері ретінде. Математика модельдер жүйесі ретінде.

Математикалық модель (Математическая модель; matemathical simulation) — объектінің қызметі мен құрылымын сипаттайтын математикалық тәуелділіктер жүйесі, яғни математикалық формулалар мен тендеулер арқылы өрнектелетін объектілердің математикалық сипаттамалары.

Математика (гр. μάθημαғылым, білім, оқу; μαθηματικόςбілуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.[1]

Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.

«Таза» математика апологиясы (Г.Харди). Б.Гессен - Ньютон механикасының әлеуметтік түп тамыры жөнінде. Ұлттық математика мектептері және ұлттық математикалық дәстүрлердің ерекшеліктері (Л.Бибербах). Математика – «мәдени элементтер» жиынтығы ретінде (Р.Уайлдер). Ф.Китчер концепциясы: математикалық эволюция – бастапқы (қарапайым) математикалық практикадан кейінгілерге өту ретінде. Математикадағы эстафеталар (М.Розов). Басқа ғылымдар мен техниканың талаптары мен сұраныстарының математиканың дамуына ықпал жасауы. Т.Кунның ғылыми революция концепциясы және оны математиканың даму сараптамасына пайдалану проблемасы. Математикалық білімнің біреуден екіншіге берілуінің сипаттамасы. Математикадағы революциялар спецификасы жөніндегі Д-Даубен, Е. Копельман, М.Кроу, Р.Уайлдер пікірлері. Математикалық парадигмалар және олардың жаратылыстану парадигмаларынан айырмашылығы. Математикадағы революциялар классификациясы. К.Поппер фальсификационизмі және И.Лакатостың ғылыми – зерттеу бағдарламалар концепциясы. Ғылыми – зерттеу бағдарламаларының концепциясын математиканың дамуын зерттеуге қолдану мүмкіндігі. Математикадағы фальсификаторлардың пайда болу проблемасы.

Математизацияланудың типтері, тенденциялары мен жалпы проблемалары. Қолданбалы математика. Математика қосымшасының логикасы мен ерекшеліктері. Математика ғылымдар тілі ретінде.

Математикалық білім деңгейлері: эксперименттік қорытындылардың сандық есептеулері, жеке құбылыстар мен процесстер қосымшаларының спецификасы. Категория теориясының, апаттар теориясының, фракталдар теориясының ж.б. ұсынып отырған – математиканың жаңа қолданулары. Жаңа қосымшалар жасау үшін адекватты математикалық аппарат іздеу проблемасы. Физикалық білімді дамыту әдісі ретіндегі математикалық болжам. Физикадағы математиканың «қол жетпейтін тиімділігі»: рафионал түсіндіру проблемасы.модельдерінің математикалық құрылысы.

 

121.Ақпараттың адамзат тарихында рөлі. К.Э. Шеннонның теориясы

Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады."Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі. Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда “жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері” екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы – реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады. Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстанция емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған ".