Компьютерлерді интеллектендіру принципі. 4 страница

Анархия –1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.

 

100 .Дж. Бруно, Б. Спиноза пантеизмі.

Дж.Бруно (1548-1600) Н.Коперниктің теориясы негізінде философиялық көзқарастарын қалыптастырды. Негізгі еңбектері: “Себептілік, бастама және біртұтастық туралы”, “Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы”, т.б.

Бруноның пікірінше, табигаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозгалыс оның өмір сүру тәсілі. Әлем мен құдай бір. Әлем – универсум (әмбебап бастама) жалгыз гана мәнділік. Сондықтан ол мәң.гі және өзгермейді. Барлық заттар өшпейтін мәңгі қозгалыстагы бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге гана емес, психикага да қатысы бар.

Спиноза (Spіnoza), Бенедикт (Барух) (24.11.1632, Амстердам, – 21.2.1677, Гаага) – материалистік, пантеистік көзқарастағыНидерланд философы. Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының (Маймонид,Крескас) ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқарасын, Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды. Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен Құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Спиноза діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарып, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады. Ол өзінің пантеистік метафизикасы мен соған негізделген этикасын нағыз дін деп жариялады.

 

 

101.Ғылымдар жүйесіндегі физиканың орны. Физика — атомдар механикасы ретінде.

Физика (грек. physike, physis – табиғат)- өріс пен заттың жалпы қаситтерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым.Физика – табиғат жөніндегі жетекші ғалымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыс тану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі физика жайлы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон , Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида , қорғандар) салу жұмысында құрылыс механика мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг , көлбеу жазықтық тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды.Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон , Египет ғылымының теориялық негізгі халық арасында тарамады. Ғылым терелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын, табиғаттан тысқары, күштің әсерінсіз –ақ ғылыми негіздерді түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Амаксимен, Фалес т.б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. 5ғ.) Эпикур (б.з.б. 341-270), Лукреций (б.з.б. 1ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі болінбейтін бөлшек – атом деп санады. Атом туралы ілім талай ғасырға созылып талас – тартыстан кейін , қазіргі табиғат жайлы ғалымдардың негізіне айналды. Аристотелдің табиғат жайлы жазған кітабы “Физика” деп аталған. Осыған орай Аристотильді физиканың негізін қалаушы деп те атайды. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (Архимед заңы) ашты , қарапайым механизмдерді зерттеді. Демокрит , Аристотиль , Архимед тәрізді ерте дүниедегі ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан теңдесі жоқ мол үлесі халықтардың ғасырлар бойына жинақталған тәжірибесінен ұштаса келіп , Физиканың ірге тасы болып саналады. Классикалық механикалардың тууына қолайлы жағдай жасады. XVIII ғасырларда Физиканың барлық салаларын онан әрі дамытуға , жетілдіруге бағытталған зерттеулер кеңінен жүргізілді. Ньютон механикасы , жер бетіндегі денелер мен аспан денелерінің қозғалыс заңдарын толық қамтитын кең тараған ілімдер жүйесіне айналады. Физиканың басқа салаларында да тәжірибелік деректер онан әрі жинақталып қарапайым заңдар тұжырымдала бастады. Бір – біріне ешқандай байланыссыз жүргізілген зермтаулер нәтижесінде Г. Кавендин ағылшын ғалымы Дж. Пристали және Ш. Кулон электростатикалардың негізі болып саналатын зарядтардың әсер заңын ашты. Атмосфералық электр туралы ілім де пайда болды (М.В. Ломоносов , В. Франклин). Атом құрылысы жөнінідегі көзқарастың дамуы. Зат атомдардан тұрады деген идея өте көне ғылымы идея: (біздің дәуірге дейінгі VI-II ғ,Демокрит, Эпикур). Осы идеяға сәйкес заттың ең кіші бөлшегіне-атомға дейін ғана бөлуге болады. Баолық зат атомдардан және атомаралық қуыстардан тұрады. Ал әр түрлі заттық болуы атомдардың пішіні және мөлшеріне байланысты түсіндірілді.
Бірақ, бұл түсініктер дерексіз, ойдан шығарылғандықтан, ұзақ уақыт бойы қолдау таппай келеді. Тек XVIIIғ. ғана химиктер өз тәжірибе нәтижелерін атом ұғымын пайдаланып түсіндіре бастады. Реакцияға түсетін заттардың массалары арасындағы қатынасты түсіндіру үшін атом ұғымы қажет болды. 1808 ж. ағылшын ғалымы Д. Дальтон атомистикалық теорияны тұжырымдады. Осы теорияға сәйкес заттар жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, өте кішкентай, бөлінбейтін бөлшектер – атомдардан тұрады. Бір элементтің атомдары бірінен – бірі айырғысыз, мысалы, масалары бірдей болады. Атомдар жөніндегі осы түсінік ғалымда XIX ғ. аяғына дейін орын алып келді. XIX ғ. аяғы XXғ. басында ашылған бірқатар құбылыстарды атом күрделі және бөлінеді деген тісініктерге сүйенгенде ғана түсіндіруге мүмкін болды. Катодтық сәулелерді зерттеу, бұлардың электрондар ағыны екендігін көрсетті.Электрондардың атомдардан, катодтық қандай заттан екендігіне қарамастан шығарылуы, электрондардың әр түрлі атом құрамында болатындығын көрсетті. 1896 жылы француз ғалымы А.Беккерель радиоактивтілік құбылысын ашты. Осы құбылысты зерттеу нәтижелері атом өзгермейді және бөлінбейді деген түсінікті бүтіндей жоққа шығарды. Ал, атом тұтас алғанда электрлік бейтарап болатындықтан, оның құрамындағы электрондардың теріс зарядын теңестіретін оң зарядталған бөлшектер де болуға тиіс. Енді атомдағы осы оң және теріс зарядтар қалай таралып, орналасқан деген сұрақ туады.

 

 

102.Жүйе ұғымы, Жүйелік принциптер. Жүйе - адам ойының жемісі (Л.Фон Берталанфи).

Философия тарихында жүйе ұғымы кейде онтологиялық мағынада, кейде гносеологиялық мағынада, ал кей уақыттарда осы екі мағынада да түсініліп келген. Француз философы П. А. Гольбах (1723 – 1789) әлем бөліктерінің ішкі өзара байланысын атап өте отырып, бұл ұғымды біртұтас әлемге қатысты қолданған. Классикалық неміс философиясының негізін қалаушы И.Кант жүйе ұғымына “бір идеямен біріктірілген, сан алуан білімдер бірлігі” деген анықтама беріп, оны гносеологиялық мағынада түсінген. Солай бола тұра ол Жүйені іштей тұтастыққа бірікпеген білімдер жиынтығына – агрегатқа қарама-қарсы қойды. Гегель болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі принципіне сүйеніп, жүйе ұғымын онтологиялық мағынада да, гносеологиялық мағынада да қолданады. Ол категориялар жүйесі түріндегі диалектика ілімін негіздеді.Философтар арасында жүйе мен ұйымдастыру принципі ретіндегі жүйелілікке, негізінен, иррационалистік бағыттың өкілдері (С.Кьеркегор, Ф.Ницше, М.Хайдеггер және т.б.) қарсы шықты. Олар жүйені нағыз ақиқатты қысып-тұншықтыратын өктем қалып деп санады, сондықтан олардың кейбіреуі өз идеяларын бір-бірімен толық байланыспаған үзінділер, қанатты сөздер, т.б. түрінде баяндады. Ал орыс философы П.А. Флоренский (1882 – 1937) сынды “жүйелілікке, жүйелілік принципіне бағдарлану тек оңай қол жеткізілмейтін идеяға бағдарлану ретінде ғана орынды” деп тұжырымдады. Бірақ зерттеудің ең бастапқы, анағұрлым шығармалық кезеңдерінде ол практикалық реттеуіш ретінде өте-мөте зиянды

Общая теория систем (теория систем) — научная и методологическая концепция исследования объектов, представляющих собой системы. Она тесно связана ссистемным подходом и является конкретизацией его принципов и методов.

Первый вариант общей теории систем был выдвинут Людвигом фон Берталанфи. Его основная идея состояла в признании изоморфизма законов, управляющих функционированием системных объектов[1].

Современные исследования в общей теории систем должны интегрировать наработки, накопленные в областях «классической» общей теории систем, кибернетики,системного анализа, исследования операций, системной инженерии и синергетики.

Общая теория систем была предложена Л. фон Берталанфи в 1930-е годы. Идея наличия общих закономерностей при взаимодействии большого, но не бесконечного числа физических, биологических и социальных объектов была впервые высказана Берталанфи в 1937 году на семинаре по философии в Чикагском университете. Однако первые его публикации на эту тему появились только после Второй мировой войны. Основной идеей Общей теории систем, предложенной Берталанфи, является признание изоморфизма законов, управляющих функционированием системных объектов. Фон Берталанфи также ввёл понятие и исследовал «открытые системы» — системы, постоянно обменивающиеся веществом и энергией с внешней средой..

 

103.Д. Дидро «Табиғатты түсіндіруге байланыста ойлар».

Дени Дидро – ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды. XVIII ғасырда өмір сүрген Француз философы Дени Дидро «Табиғатты түсіндірудегі ойлар» деген еңбегінде ғалымдардың бетін табиғатты зерттеуге бұру үшін, табиғатты әйелмен салыстырады. Табиғат та әйелдер сияқты өзінің ішкі сырын тек табанды, шыдамдыларға ғана ашатындығын айтады. Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол “дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.

Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің “Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.

Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.

Дидроның айтуынша, егер де тәрбиеші балаға табиғаттан берілген жағымды нышандарды дамытуға ұмтылса және жағымсыз қасиеттерді тұншықтырса, сол уақытта тәрбие жұмысында жақсы нәтижеге жетеді деп дәлелдеді.

Дидроның баланың табиғи ерекшеліктерін ескеру, оның даралық ерекшелігін дамыту туралы ұсыныстары жағымды бағалауға тұрарлық. Тек ғана таңдаулылар емес, барлық адамдар табиғаттан қолайлы нышандармен жаратылған деп дұрыс түсіндіреді.

Мұғалімге ерекше мән бере отырып, ол өз сабақ беретін пәнін терең білетін, өте қарапайым, әділ және басқа да жоғары адамгершілік сапаларды меңгерген болуды талап етті.

 

104.Қоғамдық сананың формалары, олардың өзара байланысы және әлеуметтік кызметтері. Қоғамдық сана түрлерінде объекттік шындықтың бейнелену тәсілдері

Қоғамдық сана - қоғамның өзін- өзі, өзінің қоғамдық болмысын жəне қоршаған ортаны тү йсінуінің нəтижесінде пайда болатын қоғамдағы əртүрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді əсер етіп отырады. Қоғамдық сана жəне жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың ара қатынасын жеке мен тұтастың арақ атынасы ретінде Қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құ рамында қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда ө зіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мəдениет пен мəдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен жəне шектеулерімен санасуға мəжбүр. Қоғамдық сананың формалары. Қоғамдық сананың формалары мəселесі үнемі қызу талқ ыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер, мораль (адамгершілік), ғылым жəне философия. Кейбір ғалымдар қоғ амдық сананың экономикалық жəне экологиялық формалары туралы да айтып жүр.

 

 

105.В.И. Лениннің «Философиялық дәптерлері»: құрылымы және негізгі идеялары.

XX ғасырдың басында орыс философы В. И. Ленин "Философиялық дәптерлер” деген конспектілерінде диалектика мен метафизиканы дамудың екі түрлі концепциясы әрі философиялық ойлау жүйесінің екі түрлі концепциясы әрі философиялық ойлау жүесінің екі түрлі тәсілі ретінде салыстырмалы түрде қарастыра отырып, мынандай тұжырымға келген болатын. Диалектика "өміршең”‚ себебі, ол қозғалыстың, дамудың өздігінен іске асуын түсіндіре біледі.

Философские тетради — заметки Ленина по философии, изданные посмертно, в 1933 году. Основная часть заметок датируется периодом Первой мировой войны. В эти заметки входят конспекты различных произведений, в том числе «святое семейство» Маркса, «о сущности религии» и «о философии Лейбница» Фейербаха, «Наука логики», «Лекции по истории философии» и «лекции по философии истории» Гегеля, «Философия Гераклита Темного» Лассаля, «Метафизика» Аристотеля. Особняком в Тетрадях стоит сочинение «к вопросу о диалектике».

В своих заметках он решительно противопоставляет идеализм и материализм. Ополчаясь против идеализма, Ленин замечает, что тот фактически обосновывает несправедливое положение вещей, является тормозом развития и прикрытием религиозного фундаментализма («поповщины», клерикализма). Материализм, напротив, трезво и смело смотрит на реальный мир и способствует освобождению человечества. При этом Ленин вслед за Энгельсом различает материализм старый (глупый, механический, метафизический) и новeйший (умный, диалектический). Разницу между идеализмом и материализмом Ленин трактует просто: дух порождает материю (1-й случай) или материя порождает дух (2-й случай). В области познания мира идеализм тяготеет к скептицизму, ибо неспособен увидеть за явлением сущность. Критикуя идеализм Гегеля, Ленин ценит его диалектический метод, подчёркивающий сложное единство и мира, а также противоречивость его развития. Рассматривая вопрос о противоречии между ограниченностью человеческого сознания и бесконечностью материи, Ленин, тем не менее, проявляет гносеологический оптимизм, так как человек стремится не к истине вообще, а к той истине, которая удовлетворяет его познавательные запросы. И эта истина, по его мнению, вполне достижима, хотя со временем она может меняться.

По мнению А. И. Субетто, в «Философских тетрадях» Ленин впервые в истории марксизма сформулировал понятие ядра марксистской диалектики[1]. По мнению Ф. Х. Кессиди, высказанная Лениным в «Философских тетрадях» идея борьбы противоположностей является следствием политизации автором философии в целом и философских категорий.

 

106.Моральдық сана, оның категориялары. Қазақтардың дүниетанымының өзіндік сипаты.

Мораль немесе адамгершіліктік сана - адамдар өздерінің мінез- құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың əртүрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы. Мораль қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Өзін сақтап қалу үшін қоғам адамдардың бəрі ұстануға тиіс ережелер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың жəне ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды. Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар. 1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдайдан беріледі. 2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тəжірибесінің, тарихының дамуының, əдеп-ғұрыптары мен дəстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді. 3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға əуелден, генетикалықдеңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды жəне адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты əрбір адамда əртүрлі.

 

 

107.Инженерлік ойлаудың және инженерлік әрекеттің ерекшеліктері.

Инженерлік әрекеттің мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктері-нен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар. инженерлік әрекет— бұл. негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “ергон” — жұмыс және “номос” — заң дегел екі сөзінің бірігуі нэтижесінде пайда болған Бұл орайда. өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мэселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық_ құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теорйя-сынға қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зертіеледі. Эргономика, негізінен, “адам — машина — орта (еңбектену) жағдайын” қарастыра отырып, олардың неғүрлым өнімді болуы мен нәтижелерів жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды.
Авиацшлық психология ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп. жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.

108.Сократ пен Платонның идеализмі

Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі, Платона академиясы - Платон Сократтың дана шәкірті, ізбасары, оның философиялық ілімін жүйелеуші Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.)атақты және аса ауқатты жанұядан шыққан.Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңі – Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы. 2-ші кезең – Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі. 3-ші кезең - философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды. Оның философиялық мұралары «Сократа апологиясы», «Заңдар» трактатары, хаттары мен эпиграммларынан басқа, ол 34 еңбегін диалог формасында жазған: «Софист», «Парменид», «Мемлекет» және т.б..

Платонның филосоиялық ілімінің орталығы эйдос (идея) теориясы болды. Платон бойынша идея адам ақылымен байланысты ұғым емес. Идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі. Ол объективті, тәуелсіз, салыстырмалы емес, денесіз, мәңгі, сезімдік қабылдауға келмейтін, тек ақыл арқылы танылатын бастама. Идея заттар болмысының түпнегізі, олардың идеалды бейнесі сипаттас, Демиург (жаратушы) сол арқылы нақты сезімдік заттарды жасайды. Сезімдік заттар оның көлеңкесі, көшірмесі, заттар идеялардың анықты үлгісі.

 

 

109.Математика - ғылым тілі. Философтар мен ғалымдардьң математикаға көзқарасы (И. Кант, К. Маркс, А. Эйнштейн, Дж. Беркли).

Математика (гр. μάθημαғылым, білім, оқу; μαθηματικόςбілуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.[1] Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Грекия болып табылады.. Ғылымның іргетасы - математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған. Математиканың теориялық білімінің салыстырмалы түрде дамыған үлгілелері антикалық полистер контекстінде алғаш рет пайда болып, қарастырылды. Бір пікірдің екіншісінің алдындағы артықшылығы дәлеледемелер арқылы анықталды. Негізделген білімнің пікірден артықшылығы антикалық философияда өзінің дамуын одан әрі жалғастырды. Антикалық ғылымда әдістерге, ақиқаттың дамуына ерекше көңіл бөлінді. Тұңғыш рет диалектиканың әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Математика саласында негізделген және дәлелденген білімнің идеалын қолдану білімді баяндаудың жаңа принциптерін бекітті. Грек математикасында білімді теория түрінде баяндау үстем болды: «берілді -дәлелдеу керек - дәлелі». Антикалық философтар математиканың дамуының теориялық жолына өтуге қажетті құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары қабылданды. /Фалес, пифагоршылар, Платон/. Бұл процесс Евклидтің дамыған геометриясының теориялық жүйесінің құрылуымен аяқталды. Атомдық ілімнің негізін салушы ежелгі грек философы-материалисі Демокритке /б.з.д. 460-370 жж./ мынадай қанатты сөздер тән: «Мен үшін бәр ғылыми дәлелдемелер табу бүкіл Парсы патшалағын меңгеруден гөрі маңыздырақ». Дәлелдеу-математиканың іргетасы, онсыз математиканың дамуы мүмкін емес. Математикадағы рационалдық ойлаудың тұңғыш өкілі Фалес /б.з.д. 6258-548 жж./ болып есептеледі. Фалес - мемлекеттік қайраткер, инженер, астроном, философ, математик. Белгілі американ математигі мен ғылым тарихшысы Д.Я. Стройк қазіргі математиканың шығу тегін зерттей келіп, былай деді: «Аңыз бойынша, грек математикасының атасы милет көпесі Фалес болып есептеледі. Ол алтыншы ғасырдың бірінші жартысында Вавилон мен Египетте болған. Ол қаншалықты аты аңызға айналған фигура болғанымен толық шындық ашылған жоқ. Ол қазіргі математиканың негізін ғана салушы емес, сонымен бірге бүкіл қазіргі ғылым мен философияның негізін салушы болып есептеледі». Алғашқы кезде гректер математикамен шұғылданды. Олардың алдында бір ғана мақста тұрды. Әлемдегі адамның орны қандай? Математика Хаостан тәртіп табуға, идеяларды логикалық бір ізге келтіруге, негізгі принциптерді табцуға ұмтылды. Математика бүкіл ғылымдардың ішінде телоиялық түде болды. Фалестің геометрия саласындағы білімі жан-жақты болды. Оған геометриялық құрылымның мынандай негізгі қасиеттері белгілі болды: «диаметр шеңберді тең екіге бөледі». Ежелгі грек математикасы біртіндеп дамыды, бірнеше мектептерге бөлінді. Солардың бірі Пифагордың мектебі болып табылды.



in/footer.php"; ?>