Тура пропорционал шамалар
Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда, екіншісі де сонша есе арттырса, онда мұндай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады.
Мысалы: заттың бағасы тұрақты болғанда, заттың мөлшері артса, оның құны да артады. Мұнда зат мөлшері мен құны тура пропорционал.
Жиі кездесетін тура пропорционал шамалар:
1. Заттың бағасы тұрақты болғандағы құны мен мөлшері;
2. Тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;
3. Квадраттың қабырғасы мен периметрі;
4. Заттың көлемі мен массасы, т.с.с.
Масштаб
Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы масштаб деп аталады.
Мысалы: картаның масштабы 1:100 000 болса, онда картадағы 1 см кесіндіге жер бетіндегі 100 000 см =1000 м =1км сәйкес келеді.
Мысалы: 1:2500 масштабындағы 3 см кескінге сәйкес жер бетінің өлшемін тап, онда 3•2500=7500см =75 м, яғни 3 см 75 м-ге сәйкес.