Процент

Кез келген шаманың 1/100 бөлігі бір процент деп қабылданған, яғни 1% = 1/100 немесе 1% = 0,01. Процентті бөлшекпен жазу үшін 100-ге бөлу керек, ал бөлшекті процентпен жазу үшін 100-ге көбейту керек.

Берілген санның процентін табу

Берілген санның процентін табу үшін:

1. Процентті жай бөлшекке немесе ондық бөлшекке өрнектеу керек;

2. Берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.

Мысалы: 45 санының 20%-ін табайық.