Педикулезді алдын-алу

· Жеке және жалпы гигиенаны сақтау: денесін үнемі жуу (аптасына 2рет), іш киімдерді және төсек-орынды ауыстырып отыру; төсек-орынды жоғары температурада жуу, ыстық өтекпен киімдерді, әсіресе тігістерді үтіктеу, өйткені ол жерлерге биттер жұмыртқасын салады.

· Жеке тарақты басқа адамдарға бермеу.

· Бит пайда болмас үшін шүйде аймағына және құлағының артына лаванда және шай ағашының сұйықтығын жағу.

· Педикулезбен қайта зақымдалмау мақсатында қолданылған киімдерді қайнату (көбінесе сүлгілерді, бас киімдерді, төсек-орынды, капюшон мен жағасы бар киімдерді, жұмсақ ойыншықтарды).

12. Биттің бар-жоғын тексеру үшін, басты ақшыл матаның үстіне тарап көру қажет.

· Түнде басты сүлгімен орамай, шашты жақсылап фенмен кептіру қажет.

Шат педикулезі (фтириаз)- гениталидың (шат, ұма, шап аралық) шаш бөлігін, анальды тесік жандарын, қолтық астындағы шаштарды зақымдайтын терінің паразитарлы ауруы.

Қатерлі топқа: қарулы шиеленіс аймақтарында үйсіз, қашып жүрген адамдар, бас бостандығынан айырылған мекемелерде айыбын өтеушілер, казармада тұратын әскери адамдар, монша және кір жуатын жердің қызметкерлері, сексуалды қызмет көрсететіндер және басқалары.

Шат битімен зақымдалу жолдары: шат педикулезімен ауыратын адаммен жыныстық қатынас, науқастың терісімен жақын жанасуда, бөтен адамның киімін кию, жалпы монша, сауна немесе душтық бөлмеге барғанда.

Шат битінен құтылу әдістері

· механикалық-биттерден шашты қыру арқылы құтылу

· химиялық-күшті инсектицидті препараттар (Педиллин, Медифокс және басқ.) көмегімен биттерге әсер ету. Бұл әдіспен 1 сағат ішінде бір рет өңдеген соң, паразиттерді толық жоюға болады.

Фтириаздың алдын-алу: жеке гигиена ережелерін орындау, бөтен адамның киімін, төсегін, заттарын қолданбау, ретсіз сексуалды қатынастан қашу, үнемі төсегін жуып, үтікпен өтектеу.

2. Халі ауыр науқастар күтімі принцптері

Науқас күтімі – емдік үрдістің бөлінбейтін бөлігі, ол науқас зардабын азайтуға бағытталған және емге басым жағдайды жасайтын іс-шаралар кешені. Дұрыс ұйымдастырылған күтім емнің, ауру болжамының тиімділігін анықтайды, сондықтан «ем» және «күтім» түсініктерін шектемеу керек.

Күтім – науқастың түрлі қажеттіліктерін қанағаттануына көмектесу: тағамда, сусында, жуынуында, қозғалысында, физиологиялық қажеттіліктерінде. Күтім сапасы емнің және ауру болжамының тиімділігінің көзі болып табылады. Науқас күтімі емнің негізгі тиімді бөлігі болып табылады.

Күтім бойынша іс-шаралар көлемі ауру ағымынан, ауырлығынан, науқастың жастық- жыныстық айырмашылығынан, психикасынан және басқада факторларға байланысты болады, сонымен қатар күтімді орындау тәсілдері нақты науқасқа ғана арналуы қажет.

Күтім шарттары:

· Қауіпсіздік (науқас жарақатының алдын алу)

· Құпиялылық

· Науқас сезім абыройын сыйлау (науқас келісімі, оңашалануды қамтамасыз ету)

· Науқаспен және оның отбасы туыстарымен тиімді қатынасу

· Науқас дербестігін мадақтау

· Жұқпалы аурулар қауіпсіздігі

Ауруханада науқас күтімін мейірбике жүзеге асырады, кейбір жағдайда кіші медициналық қызметкер немесе науқас туысыда қатысады. Науқас денсаулығына жауапты ретінде дәрігер күтімнің бар қыр-сырын білуі тиіс.

Науқас күтімінің негізгі екі бағытын анықтайды: жалпы күтім және арнайы күтім.

Жалпы күтім ауру түріне байланысты емес және қорғау режиміне, науқас психикасын қорғау, аяу шарттарына сәйкес құралады. Оған бөлменің санитарлы тәртібін сақтауды, науқасқа ыңғайлы жағдай жасауды (жайлы төсек), гигиеналық тазалықты орындауды (науқас киімімен, төсек жаймасын ауыстыруға, туалетті жүзеге асыруға, термометрияда, тамақтануда, физиологиялық қажеттіліктерін атқаруда көмектесу және т.б.), науқас жағдайының өзгерістерін бақылауды, сонымен қатар, асқыныстардың алдын алу іс-шараларын жүргізуді талап етеді.

Арнайы күтім – тек нақты бір ауруларда жүргізілетін күтімнің арнайы іс-шаралары – хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы ауруларда және т.б. Мысалы, науқасты урографияға немесе басқа рентгенологиялық зерттеу әдістеріне дайындау.

2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру

Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.

Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.

Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет.

Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.

Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады (сурет 57 а).

Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады (сурет 57 б).

 

 
 

 


Сурет 57.

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ауыстыру

а – ұзына бойлай ауыстыпу әдісі, б – көлденеңнен ауыстыру әдісі

 

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі

 

Іс-шараның орындалуы:

1. Науқасты абаймен бүйіріне ауыстырып, басынан жастығын алу.

2. Жастықтан тысын шешіп, лас жаймаға арналған қапқа салады, науқас жастығына таза тыс кигізеді.

3. Таза жайманы ұзына бой жартысына дейін бүктейміз.

4. Науқасты бетін өзіне бүйірімен қаратып төсек жиегіне ауыстырамыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).

5. Лас жайманы бұрамша ретінде ұзына бойы науқасқа бағыттап бүктеп алады.

6. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.

7. Науқасты арқасына жатқызамыз, содан кейін таза жайманың үстіне ауыстыру үшін басқа бүйіріне жатқызамыз.

8. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазып матрас астына бүктейміз.

9. Қолданылған жайманы қапшыққа саламыз.

10. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.

11. Көрпесіне таза тыс кигізіп, науқасты жабамыз.

12.Қолданылған тысты қапшыққа саламыз.

13.Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.

14.Қолғапты шешеміз

15.Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі

 

Іс-шараның орындалуы:

1. Таза жайманы көлденең бағытта бүктейміз.

2.Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін абаймен көтеріп, басынан жастықты аламыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).

3. Лас жайманы науқастың бас жағынан бастап беліне дейін бүктейміз.

4. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.

5. Таза жаймаға жастықты саламыз және науқасты оған жатқызамыз.

6.Науқастан тізелерін бүгуін сұрап, табанымен кереуетке тіреліп жамбасын көтеруін сұраймыз (егер науқасқа бұл қиын болса, көмекші сол жақ қолын науқас сегізкөзінің астына салып жамбасын көтеруге көмектеседі).

7. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазамыз.

8. Науқастан жамбасын түсіруді сұраймыз.

9. Сирақ аймағынан науқастың аяғын демеп көтереміз де лас жайманы ысырып тазаны жаямыз.

10. Науқас аяғын түсіреміз.

11. Қолданылған лас жайманы қапшыққа саламыз.

12. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.

13. Қолқапты шешеміз

14. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.

2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру

Егер науқас толық болса немесе толығымен қозғалмаса, киімін жалғыз ауыстыру қиындық тудырады және мейірбике денсаулығына қауіпті. Бұл жағдайда киімді ауыстыру көмекшінің қатысуымен жүргізіледі. Науқас киімін ауыстырар алдында таза киім жиынтығын дайындап аламыз, қолданылған заттарды салатын қапты және медициналық қолғапты дайындаймыз. Таза жейде науқас көлемінен бір көлемге үлкен болуы тиіс (сурет 58).

 

 

 
 

 

 


Сурет 58.

Науқас жейдесін ауыстыру

 

Іс-шараның орындалуы:

1. Ең алдымен науқас басын жеңіл көтеріп, жастықты аламыз.

2.Науқасты абаймен көтеріп, науқас сегізкөз аймағына қолын өткізіп жейденің шетін ұстаймыз және оны мұқият қолтық астына дейін, ал арқасынан - мойнына шейін көтереміз.

3. Осыдан кейін науқас қолдарын көтеріп, мойынында жиырылған жейдені басы арқылы өткізіп шешеміз, лас жейдені науқас бетіне тигізбейміз.

4. Науқас басын жастыққа түсіреміз.

5. Науқас қолдарын жеңінен босатамыз: алдымен сау қолын, содан кейін ауру қолын.

6. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.

Жағдайы ауыр науқастың таза жейдесін жоғарыда айтылған ретпен киіндіреміз:

1. Таза жейдені арқасында жинаймыз

2. Ауру қолына жеңін кигізіп, содан кейін сау қолын кигіземіз

3. Қолдарын кеудесіне қойып, оң қолымен науқасты демеп және сол қолымен жейдені мойын тесігінен басы арқылы кигіземіз

4. Төменге дейін жейдені жазамыз.

2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері

Науқасты Фаулер қалпында жатқызу

Фаулер қалпы—бұл отыру мен жату қалпының аралық қалпы. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Физиологиялық бөліністерді төсекте атқарғанда қажет жағдайда қолданады, сонымен қатар сал науқастардың ойық жарасының алдын алу мақсатында қолданады (сурет 59).

 

 
 

 


Сурет 59.

Науқасты Фаулер қалпында жатқызу

 

Іс-шараның орындалуы:

1. Төсек бас жағын 45-60 градус бұрышына көтеру. Көтерілген жағдай өкпе вентиляциясынжақсартады, сонымен қоса науқаспен қатынасуға жайлылық тудырады.

2. Науқас басына төмен жастық қою мойын бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасынансақтайды.

3. Егер науқас қолдарымен өз бетінше қозғалыс жасай алмаса қолының астына жастық қоямыз. Қолға тіреу қою веноздық іркілуді азайтады және қол және қол басы бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасыныңалдын алады.Сонымен қатар,тіреулер иық жарақатының алдын алады.

4. Бел аймағының омыртқаларына жүктемені азайту үшін науқас бел астына жастық немесе поролонды төсем салған жөн.

5. Науқастың дене салмағының ауырлығы әсерінен тізе асты артериясының басылуының алдын алу үшін сан астына жастық немесе бұрау салады.

6. Өкше астына кішкене жастық салу (өкше сүйегінің ойық жарасының алдын алу мақсатында) және науқас табанына 90 бұрышта тіреу қоямыз («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа бүгуін қолдау).

 

 

Науқасты Симс қалпында жатқызу

Симс қалпы – ішпен жатумен және бүйірімен жату арасындағы аралық қалып. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Науқастың мәжбүр пассивті қалпы үшін және ойық жараның алдын алу үшін қолданылады (сурет 60).

астың

Сурет 60.

Науқасты Симс қалпында жатқызу

 

Іс-шараның орындалуы:

1.Төсек бас жағын горизонтальді қалыптаұстаймыз.

2. Науқасты «бүйіріне жату» және жартылай «ішімен жату» қалпына келтіреміз (төсекте науқас ішінің жартысы орналасады);

3. Науқас басына мойынның бүйірлік бүгілуінің алдын алуы үшін жастық саламыз.

4. Жастықты иық деңгейінің бүгілген шынтақ және иық буындарының 90 градустағы бұрышқа саламыз. Басқа қолын бүкпей жаймаға саламыз (дененің дұрыс биомеханикасын сақтау үшін); Мұның барлығы науқас денесінің жазылуынажәне иықтың ішкі бұралуының алдын алады.

5. Бүгілген «жоғарғы» аяғының астына жастық салу, себебі аяғы сан деңгейінде орналасуы үшін (санның ішке айналуының, тізе буындарының және тобықтың ойық жараларының алдын алу үшін қолданылады);

6. Аяқ табанының астына құм салынған қапты қою («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа дұрыс бүгуін қолдау).

 

Науқасты жоғарыда аталған қалыптарға жатқызып, оның ыңғайлы жатқандығына көз жеткізу керек. Барлық қалыптар төсек тартып жатқан ойық жара дамуының қаупі бар кезде әрбір 2 сағат сайын бір науқасқа қолдана алынады.

 

2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер

 

Науқас адам жеке гигиенасын жүзеге асыру кезінде көмекке мұқтаж болады: жуыну, қырыну, ауыз қуысының күтімі, шаш, тырнақ күтімі, дәрет алу, ванна қабылдау және тамақтану. Бұл кезде мейірбике қолдары науқас қолдарының қызметін атқарады. Бірақ көмектесе отырып, науқас дербестігінде талап ету керек, сол үшін оның тілегін мадақтаған да жөн.

Медициналық қызметкер науқастың дербестігін сақтау мақсатында науқасты және оның отбасы мүшелерін «өзін- өзі күту» әдістеріне белсене қатысуына шақыруы керек (кесте 7-10).

 

Кесте 7.

Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек

 

Қажеттіліктер Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
Ауаға Кереует бас жағын көтеру, науқасқа Фаулер қалпын беру. Науқасты үйрету: - жөтелу, тыныс алу жаттығулар техникасын; - тұншығу ұстамасында өзіне-өзі көмек көрсету әдістерін; - ингаляторды өзбетінше қолдануды.
Тағамда Науқас тамақтануында көмектесу. Науқасты адекватты тамақтануға үйрету. Диетаны сақтауға науқасқа және оның туыстарына кеңес беру
Сұйықтық қабылдауда Науқасқа ішуіне көмектесу. Қажетті сұйықтық мөлшерімен қамтамасыз ету
Өмір қажеттіліктерінің өнімдерін бөліп шығару Науқастың судномен және зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету. Науқасты және туыстарын памперсті, судноны, зәр қабылдағышты қолдануды үйрету. Үлкен және кіші дәретке отырған кезде науқас қауіпсіздігін жіне жекеленуін қамтамасыз ету
Ұйқыда Жайлы ұйқыға жағдай жасау. Ұйқы бұзылысының себебін анықтау. Ұйқыны реттейтін дағдыға науқасты үйрету (ұйқы алдында серуендеу) Науқасты күн тәртібін құрастыруға, дем алуға үйрету.
Қозғалыста Адам жағдайына қозғалыс шектелуінің әсерін анықтау. Науқас және туыстарын төсектегі қозғалыс және ЕДШ әдістеріне үйрету. Төсектен тұру, балдақпен немесе таяқпен жүру әдістерін үйрету (қозғалуға рұқсат бар кезде).
Жанасуда Науқаспен сөйлесе отырып оны қолынан ұстау, жастығын және көрпесін түзеу. Науқас жақындарына оны жиі құшақтауына кеңес беру

 

Кесте 8.

Науқастың қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек

 

Қажеттіліктер Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
Сенімділікте Кереуетті максимальді төмен деңгейге түсіру. Мейірбике немесе туыстарының көмегімен тұруына және қозғалуына нұсқау беру. Науқасты жүру кезінде таяқпен жүруге үйрету
Қорғаныста Қоршаған ортаның қауіпсіздігінің науқас жағдайының әсер етуінің сыртқы факторларға тәуелділігін анықтау. Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қолдайтын шараларға науқасты және туыстарын оқытып үйрету. Шешілмейтін мәселелерге науқасты адекватты шешім қабылдауына көмектесу.
Паналықта Стационардан шығарар алдында науқастың үйі бар екендігіне көз жеткізу. Егер науқас панасыз болса мүгедектер немесе қарттар үйіне жіберуге әрекет жасау
Киімде Киім таңдауда науқастың физикалық және сана-сезімдік қабілетін анықтау Науқасқа киім киюіне және шешуіне көмектесу. Науқастың өз бетінше киініп және шешінген сіттерін мадақтау.

Кесте 9.

Науқастың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек

 

Қажеттіліктер Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
Мақұлдауда Науқастың өздігінен күтімін жүзеге асыруына деген тілегін, мақсатын және жетістіктерін мадақтау
Түсінуде Науқаспен қатынасу әдісін таңдау. Науқасты тыңдау, қызығушылық таныту, мәселесіне зейін бөлу, жан ашу
Бауыр басу мен махаббатта Науқастың жағдайына байланысты туыстарына зейін мен махаббаттың, қамқорлықтың қажеттілігі мен орнын айту .
Отбасында Науқасқа тез жазылуын және оған оның да қатысуын айтып, түсіндіру Туыстары мен достарына қоңырау шалуына көмектесу.

 

Кесте 10.

Науқастың өзіндік сыйлау мен сыйластық қажеттіліктерін

қанағаттандыру кезіндегі көмек

 

Қажеттіліктер Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
Сыйластықта Әлеуметтік жағдайына тәуелсіз науқасты аты-жөнімен атау Науқасты толғандыратын мәселелер науқас үшінде жіне Сіз үшін де аса қажет екендігін түсіндіру.
Өзіндік сыйластықта Науқасқа қиындық туғызған және оны орындаған іс-шараның маңыздылығын науқасқа айтып түсіндіру
Жетістікте Іс-шараны орындаған жетістікті орындағаннан кейін науқасты және туыстарын мадақтау, жетістігімен бөлісуге мүмкіндік беру

2.5 Тері күтімі

Адам терісі бірнеше қызметті атқарады:

· қорғаныштық (механикалық зақымнан, микроорганизмдердің және токсикалық заттардың сыртқы ортадан енуінен қорғайды);

· аналитикалық (терінің сезімталдығы);

· терморегуляторлы (тәулігіне дені сау адамда тер бөліну арқылы жылудың берілуі 20% құрайды, ал қызбасы бар науқастарда – едәуір көбірек);

· бөліп шығару (тері арқылы, оның тері бездері суды, мочевинаны, зәр қышқылын, натрий, калий және т.б. заттарды бөліп шығарады).

Тыныштық кезінде қалыпты дене температурасында 1 л жуық тер тәулігіне бөлінсе, ал қызбасы бар науқастарда 10 л және одан да артық бөлінеді. Тері арқылы газ алмасу күшейіп, бұзылған зат алмасу өнімдері бірнеше ретке өседі, ол тер бөліну кезінде теріде қалып, треніні бұзады. Терінің кірлеуі оның қорғаныштық қасиетін, қалыпты микрофлорасын бұзып инфицирленуге жағдай туғызады. Сондықтан науқастың жеке басының гигиенасында дене тазалығы басты рөл атқарады.

Жалпы режимдегі науқастар өз беттерінше 7 күнде бір рет ванна немесе душ қабылдай алады. Төсек немесе қатаң төсек режиміндегі науқастарға ванна қабылдау және душ алу жағдайының ауырлығына байланысты және асқынулардың даму қаупіне сай қарсы көрсеткіш болып табылады. Бірақ, мұндай науқастардың терісінің гигиенасын сақтау және терісінің күтімі мұқият жүзеге асырылуы тиіс.

Төсек режиміндегі науқастарды жуындыру және қолын жуу күнделікті жүргізіледі. Бетін, мойнын, денесінің жоғарғы бөлігін күнделікті, ал қолдарын — әр тамақтанған сайын жуады.

 

Теріні ылғалды сүрту

Теріні ылғалды немесе дезинфицирлеуші ертіндімен сүртеді, мысалы, одеколонмен, 10% камфор спиртінің ертіндісімен, тағам сірке қышқылымен, су және спирт бірдей бөліктерінің ертіндісімен. Алдымен бет терісін, құлақ артын, содан кейін мойнын, арқасын, қолтық астын және кеуде қуысын сүртеді.

Ылғалды сүртінуді өткізу үшін мына жабдықтар қажет: клеёнка, жайма, астауша, жылы су, сірке немесе камфор спирті, майлықтар, орамалдар.

Іс-шараның орындалуы:

1. Науқасты клеёнканың үстіне салынған жаймаға жатқызамыз.

2. Алдын ала дайындалған астаушаға жылы су құйып, оны мына пропорцияда спиртпен араластырамыз (немесе алма сірке суымен): 1 ас қасық 1 литр суға.

3.Алынған ертіндіде майлықты матырып алып науқастың жоғарғы дене бөлігін сүртеміз, мұны бетінен және мойнынан бастап, қолдарымен, арқасымен және кеудесімен аяқтаймыз.

4. Науқастың тазарған дене бөліктерін құрғатып сүртеміз.

Ерекше зейінді шат аралық аймағының, қолтық асты аймағының, ал әйел адамдарда – сүт бездерінің астының терісіне аударған жөн. Салмағы артық әйел адамдарда ерекше зейінді кеуде асты қатпарларына аудару қажет, себебі баздану жиі дамиды. Жылы сумен мұқият жуғаннан кейін құрғатып, ұнтақ себеміз.

Терісі зақымдалған науқастарда инфицирленудің алдын алу мақсатында күтімді сақтықпен жасаймыз.

Теріде жедел іріңді қабынуы бар науқастарға дәкені – ылғалды, кебу байламдарын саламыз. Ылғалды кепкен байлам емдік ертінділерге малынған 5-6 қабатты дәкеден тұрады; оны теріге қойып, гигроскопиялық мақтаның жұқа қабатымен жабады және дәкемен бір-екі рет бекітеді, байламды 3-4 сағат сайын ауыстырады. Араласқан «быламық» қоспасын теріге тәулігіне 2 рет дәке-мақталы тампонмен жағады. Жақпаларды тікелей теріге немесе жұмсақ тінге жағып, жеңіл бекітеді.

2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау

Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан қалпында болса. Басқа себептеріне терінің жүйесіз күтімі немесе оның болмауы, ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын сирек ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы жатады.

Ойық жаралар – терінің және жұмсақ тіндердің шығыңқы сүйектермен төсек арасында ұзақ жаншылу әсерінен беткей немесе терең зақымдалып, семуі.

Ойық жаралардың құралуы

Ойық жараның пайда болуына үш фактор әсер етеді:

· қысым

· «кесу күші»

· қажалу

Қысым– адамның сүйенетін беткейлерінде өз дене салмағының әсерінен дене тіндерінің басылуы жүреді. Тіндердің басылуынан тамырлар диаметрі азаяды, тіндерге қан келуі азайып, «тіндердің ашығу» жағдайы дамиды. Толық басылғаннан кейін 2-3 сағат ағымында некроз (өлуі) дамиды. Осал тіндердің басылуының күшеюі төсек жаймасымен, тығыз байламдарымен және адам киімімен күшейеді.

«Кесу күші»- тіндердің бұзылуы және механикалық зақымдалуы тіндердің ауысуымен жүреді. Тіндердің ауысуы науқас төсегінен төмен түсіп кетіп, бас жағына қарай тартылғанда, сонымен қатар мед.қызметкердің немесе науқас туыстарының дұрыс емес қозғау нәтижесінде дамиды. Төмен жатқан тіндердің микроциркуляциясы бұзылып, тін оттегі жетіспеушілігінен өледі. Кейбір ауыр жағдайда бұлшықеттің және лимфа түйіндерінің жыртылуы жүреді де терең ойықтардың дамуына әкеледі.

· Қажалу – «кесу күшінің» бөлігі болып табылады, бұл терінің мүйізді қабатының бөлінуін шақырып, оның беткейінде ойықтардың дамуына әкеледі. Теріні ылғалдандыру қажалу күшін күшейтеді. Көбіне зәрі тоқтамайтын, күшті тер бөлінетін науқастарда және ылғалды заттарды кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін (синтетикалық) киім кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін беткейі бар заттарда орналасу (пластикалық орындықтар, клеенкалар немесе сирек ауыстырылатын төсеніштер) .

Ойық жараларды дамытатын қаупі бар басқа да факторлар:

· Төмен немесе жоғары дене салмағы

· Қозғалыстың шектелуі

· Анемия

· Протеинді, аскорбин қышқылын аз қолдану

· Сусыздану

· Гипотензия

· Зәрді немесе нәжісті ұстай алмау

· Неврологиялық бұзылыстар (сенсорлы, қозғалысты)

· Перифериялық қан айналым бұзылысы

· Терінің жұқаруы

· Мазасыздану

· Естің ауысуы

· Кома

· Кең хирургиялық кірісулер

· Кереует тұтқыштары

· Науқасты бекітетін құралдар

· Омыртқа, жамбас сүйектері, құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаттары және жұлынның зақымдалуы.

Ойық жаралар белгілері

Ойық жараның бірінші дәрежесінде терінің бозаруы, цианоздануы, ісінуі, зат алмасу үрдісінің бұзылыстарын көрсетеді. Содан кейін эпидермистің бөлінуі жүреді – көпіршіктер пайда болып, алғашында түссіз, содан кейін іріңді қосылыс пайда болады. Беткей некроз (гангрена) дамып, терінің терең қабаттарына, маңындағы тіндерге таралады. Ауру дамуының 4 дәрежесін анықтайды (сурет 61):

 

 
 


Сурет 61.

Ойық жараның даму дәрежелері

 

1-ші дәреже. Эпидермальді және тері қабаттарымен сипатталады. Науқас терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде жоғалмайды және сау тіндерге таралмайды. Бұл дәрежеде үрдіс қайтымды және басылуды жойғаннан кейін қанайналым қалпына келеді.

2-ші дәреже.Тері жамылғысының бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май шелі қабатына таралғандығы айқын байқалады. Басылған жерлерде тұрақты көкшіл тартқан гиперемия байқалады. Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер мен терең емес кратерлер пайда болады.

3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы дамиды. Патологиялық үрдіске бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық бөліністер болуы мүмкін.

4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер зақымдалған. Зақымдалған тіндерде – теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін) қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан көздер мен қуыстар кездеседі.

Науқас денелерінде мәжбүрлі қалпында анықталатын ойықтардың орналасуы (сурет 62).

Арқасында жатқан қалпында (сурет 62 а):

· өкше сүйектерінің дөңес аймағында

· сегізкөз

· құйымшақ

· жауырын

· шынтақ буындарында

· кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділерінің үстінде

· сыртқы қарақұс аймағында

Ішімен жатқан қалпында (сурет 62 б):

· сирақтың сыртқы беткейінде

· тізе аймағында

· мықын сүйектерінің қырлары

· қабырға доғасының жиегінде

 
 
       
 
   
 

 

 


 

а б

Сурет 62.

Ойықтың жиі орналасатын жерлері

а – арқасында жатқан қалпында, б – ішінде жатқан қалпында

 

Қырымен жатқан қалпында (сурет 63):

· тобықтың латеральді аймағында

· сан сүйегінің үлкен ұршығында

· аяқтарының бір-біріне тығыз қосылған жерінде және ішкі беткейінде.

 
 


 

 

Сурет 63.

Қырымен жатқан қалпында пайда болатын ойық жаралардың орналасатын орны

Отырған қалпында (сурет 64):

· бөксе аймағында

· сегізкөзінде

· аяқ басында

· жауырындарда

· тізелерде

 

 

Сурет 64.

Отырған қалпында пайда болатын ойықтар орны

Арқасына жатқан қалыпта – ойық жаралардың көп дамитын жерлері. Ішімен жатқан қалпында ойық жаралар даму қаупі аз.

Қырымен жату қалпы кейбір жағдайларда ғана қолданылады, себебі көптеген қолайсыздықтардың дамуымен сәйкес. Қырымен жатқанда қысым қалыпты таралмайды. Басым бөлігі санға келеді. Сонымен қатар, бұл қалып "контрактураның" пайда болуына әкеледі – бұлшықет қозғалысының шектелуі – күндіз бүгілген, түнде отырған қалыппен жалғасады. Әсіресе бүйірімен жатқан қалыптағы әйелдерде – зәр шығару қиындайды. Сонымен қатар, түнімен бір қырында ұйықтау мүмкін емес, науқастың тыныш ұйқысына кедергі келтіреді.

Ойық жараларды емдеу жолдары

Ойық жараларды емдеу үрдістің дәрежесіне байланысты болады. Емді 1-ші дәрежеде бастаған аса маңызды, үрдіс күшейген сайын емнің тиімділігі де азаяды.

1-ші және 2-ші дәрежедегі ойық жараларды консервативті емдеуге болады. Бұл үшін жараны антисептикалық өңдеу жүргізіп және май жақпалар қолданамыз, мұндай әдіс терінің эпителизациясын күшейтеді.

1-ші дәрежедегі ойық жарада зақымдалған жерді балаларға арналған иісмай немесе шырғанақты жағып, ультракүлгін сәулелерімен емдік сеанс өткіземіз. Теріде мацерация пайда болса бриллиант көгімен өңдейміз, жиектеріне солкосерил майын жағамыз. Солкосерилмен окклюзивті таңғышты қолдану (дене бөлігін ауа және сумен байланысының алдын алу үшін қолданылатын герметикалы оқшаулау) терінің қажетті ылғалдануына, үйкелісті, ауырсыну сезімін азайтуға және терінің эпителизациясына әсер етеді. Жақпа май майлыққа 2-3 мм қалыңдықта жағылады және жараны өңдегеннен кейін жауып тұрады. Теріні уқалауға болмайды. Жараны жазылу тиімділігі бар аэрозольдер: олазоль, пантенол және т.б. Аэрозольдерді көпіршікті жараға біркелкі жағып күнде немесе күнара қолданады.

2-ші дәрежедегі ойық жара пайда болған жағдайда, жараны күніне бірнеше рет дезинфицирлеуші ертіндімен өңдеп, солкосерилмен, левомиколмен немесе стратомедпен биоокклюзивті таңғыш қойған пайдалы және жараны жазылуына тиімділік көрсететін аэрозольдерді, содан кейін солкосерилмен жүйелі терапия қолданған дұрыс. Жақсы емдік тиімділікті ферменттермен, гидроколлоидты және гидрогелді аппликация қою көрсетеді, бұл әдіс жараны тиімді тазалап, қабынуға қарсы және жараны жазөғыш әсер береді. Теріде көпіршік пайда болғанда бриллиант көгі ертіндісімен өңдейді, содан кейін құрғақ дәкелі таңғыш қояды.

3-ші және 4–ші дәрежеде басты емнің түрі – бұл хирургиялық ем. Іріңді жараны санациялау үшін антисептиканың барлық түрлерін қолданады: механикалық, физикалық, биологиялық, химиялық.

Механикалық антисептика некроздалған тіндерді кесіп алып тастау, іріңді қуыстарды ашу. Егер жараның санациясын жүргізбесе, онда тіндердің шіріген өнімдері және микроб токсиндері интоксикацияны күшейтеді.

Биологиялық антисептика май жақпаларды және аэрозольдерді қолдануды көздейді, ол некроз тінін шектеуге, еруіне және тартуына, жараның тазалануына әсер етеді. Грануляцияның және эпителизация үрдісінің жетілуін күшейтетін жақпа майлар (солкосерил, левомиколь, стратомед және т.б.), аэрозольдер (олазоль, пантенол және т.б.) ферменттермен аппликациялар (трипсин, химотрипсин), сонымен қатар гидроколлоидты және гидрогельді таңғыштар (Purinol гель, Comfeel плюс, Biatain байлам және т.б.)

3-ші және 4–ші дәрежедегі ойық жаралардың көлемі үлкен ауқымды, сондықтан науқас ағзасында біршама сұйықтық жоғалту байқалады. Науқас ағзасында дегидратацияны дамытпай, қажетті сұйықтықтарды энтеральді және парентеральді енгізген дұрыс. Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

Физикалық антисептика айналымды жақсартатын іс-шаралардан тұрады: гироскопиялық таңғыш материалдарды, дренажды қолдану, жараны ультракүлгін сәулелермен және лазермен өңдеу.

Химиялық антисептика – теріні және жара маңайын өңдеуге арналған антисептиктерді қолдану. Антисептик ретінде 70% этил спиртін, йодтың спирттік ертіндісін (1%-5%), 3% сутегінің асқан тотығы, диоксидиннің 0,5% ертіндісін, хлоргексидинді, микроцидті және т.б. қолдану.

Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

Ойық жараны тазалаған соң, грануляция тіндерінің жетілуі, барлық шараларды жүргізу және жарадағы микрофлораның болуын бақылау, хирургиялық емді қолдануға (оперативті) - жергілікті тіндерден пластика, тері-фасциальді немесе тері-бұлшықетті жамаулармен пластика жасау қолданылады.

Операциядан кейін пайда болған асқынуларға тері астына сұйықтықтың жиналуы, қан кетулер, жараның іріңдеуі, жіптердің жабылмауы, тері жамауының некрозы және жылан көздердің пайда болуы жатады.

Ойық жаралардың алдын-алу

Ойық жараладың пайда болуының қаупін сандық бағалайтын бірнеше шкалалар бар. Нортон бағалау шкаласы — бес өлшемнен тұратын баллды санайтын жүйе: физикалық жағдай, психикалық жағдай, белсенділік, қозғалғыштық және ұстамсыздық (сурет 65).

Нортон шкаласы бойынша: балл қаншалықты аз болса, соншалықты қауіп жоғары. 14 немесе одан төмен баллды суммада науқас қауіп аймағына енеді, ал 12 балдан төмен болса жоғарғы қауіп аймағына енеді. Бұл мейірбике бақылау картасымен қосылғанда шкала қолданысқа өте ыңғайлы, себебі күнделікті есептелген балл саны тіркеледі және соған байланысты ойық жараның алдын алатын мейірбикелік шаралар қолданылады.

 
 

 


Сурет 65.

Нортон шкаласы

 

ЕСМ-дің бөлімдерінде ойық жараның алдын алу мақсатында универсальді Waterlow бағалау шкаласы бойынша қолданылады. Оның қойған мақсаты «естелік жазба» сұрақтары бойынша ойық жараның алдын алу болып табылады. Аталған карта ойық жараға әкелетін факторларды анықтап, ойықтың даму қаупін бағалауды және алдын алуды және емдеуді қамтамасыз етеді (сурет 66).

Сурет 66.

Ватерлоу шкаласы

 

Waterlow шкаласы бойынша: балл қаншалықты жоғары болса соншалықты қауіп жоғары. Қортынды нәтижемен балдар қосылып, қауіп дәрежесі анықталады:

1-9 балл - қауіп жоқ

10-14 балл – қауіп бар

15-19 балл - жоғарғы қауіп дәрежесі

20 балдан жоғары - өте жоғарғы қауіп дәрежесі

Алғашқы қарау кезінде қауіп дәрежесі аз болғанына қарамастан ойық жараның дамуының қаупін анықтап бағалау жүйелі түрде жүргізілуі керек. Егер науқас қауіп тобына жатса, міндетті түрде шұғыл алдын-алу іс-шараларын бастау қажет.

Экзогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін, гипс таңғышының, емдік шинада, жабысқақ пластырь қолдану кезіндегі терінің дөрекі және ұзақ басылуын жоямыз. Жарада тұрған дренаж түтіктері, катетерлер және басқада құралдарды үнемі ауыстырып немесе қалпын өзгертіп отыру маңызды.

Эндогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін келесі нұсқаулар беріледі:

· Нортон немесе Ватерлоу шкалаларын пайдалана отырып науқас жағдайын үнемі бағалау

· Науқас қалпын әрбір 1,5-2 сағат сайын өзгерту (түнгі уақыттада): Фаулер және Симс қалыптары, оң және сол жақ бүйірімен, ішіне (егер қарсы көрсеткіш болмаса) жатқызу. Қалып түрлері науқастың жағдайына және ауруына сәйкес ауыстырылады. Егер науқас төсегінде өз бетінше ауысқан болса, онда оны мадақтап, көмектесуіміз қажет.

· Науқасты төсекте дұрыс ауыстыру – төсектен көтеріп дене қалпын өзгерту.

· Арнайы құрылғыларды қолдану: қолға және аяққа білікше (білікше орнына жастық қолдануға болады), табан астына тірегіштер қолдану.Ойық жараның пайда болуы мүмкін жерлері төсекке тимес үшін тыспен қапталған немесе жаймамен жабылған резенкелі дөңгелекті қолданады.

· Ойық жараға қарсы арналған гофрирленген беткейі бар матрацты кереуеттерді қолдану. Матрастың автоматты компрессорлы ұяшықтары әрбір 15 минут сайын ауамен толтырылады, нәтижесінде науқастың тінінің басылу дәрежесі өзгереді. Науқас денесінің тіндеріне қысым арқылы уқалау жүргізу қалыпты қан микроциркуляциясын қамтамасыз етеді, бұл тері және тері асты май шелінің оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуін күшейтеді.

· Төсекте биомеханика ережелеріне сәйкес науқастың ыңғайлы жатуын бақылау

· Төсек жағдайын қадағалау (тамақ қалдықтарын сілку, төсек жаймасында қатпарлардың болмауын, тегістігін жасау).

· Науқастың киімінің жағдайын тексеру (лас киімді уақытылы ауыстыру; науқас денесіне бағытталған дөрекі тігісті, ішкі түймелері бар киімдерді қолданбау).

· Тері жағдайын күнделікті тексеру.

· Терінің әлсіз жерлерін сабынды жылы сумен немесе дезинфицирлеуші ертінділермен күніне 2 рет өңдеу жүргізу (қажет жағдайда бірнеше рет).

· Терінің құрғақтығында ылғалдайтын иісмайларды қолдану, әсіресе болашақ ойық пайда болатын жерлерді. Күшті тер бөлініс кезінде - құрғататын сепкіш қолдану.

· Науқастың тағамдық рационын бақылау (қолданатын тағамның сапалық және сандық қасиеттерін). Рационында қажетті ақуызды, минералды тұзды және дәруменді сапасын бақылау. Қажет жағдайда диетаға өзгеріс енгізу.

· Сұйықтық қабылдау режимін бақылау – тәулігіне қолданатын сұйықтық санына қарсы көрсеткіш болмаса 1,5 л аз болмауы керек. Сұйықтық саны азайса зәр концентрациясының жоғарлауына әкеледі, бұл зәр шығару жолдарының инфекциясын даму қаупін жоғарлатады.

· Зәр тоқтамаған жағдайда үлкендерге арналған памперстерді қолдануға болады, оны уақытылы ауыстырып отырған жөн (4 сағат сайын). Ер адамдарға сыртқы зәр қабылдағыштарды қолдануға болады. Памперсті ауыстырғанда (жаялықты) міндетті түрде сабынды жылы сумен ластанған жерледі гигиеналық өңдеу жүргізіп, құрғатамыз.

· Бірінші қызаруы немесе терінің бозаруы пайда болған сәттен бастап лимон шырынымен, 10% камфор ертіндісімен немесе ылғалды сүлгімен сүртеміз және квару шамымен сәулелендіру емін жасаймыз.

· Айқын көрінген ойық жараны шұғыл түрде калий перманганат ертіндісімен, Вишневский майымен, синтомицин эмульсиясымен немесе перуан майы қосылған самырсын бальзамымен емдейміз.

Алдын алу шаралары емдік шараларға қарағанда тиімді. Егер уақытылы шараларды дұрыс қолданса 95% жағдайда ойықтың алдын алуға болады.

2.7 Төсекте аяқты жуу

Науқас аяғын төсекке шараны қою арқылы аптасына 1-2 рет жуады (егер науқас отыра алмаса). Аяқты қылшақты пайдалану арқылы, ал тырнақ астын арнайы тырнақ тазалағышпен өңдейді. Қажет жағдайда тырнақты алып тастайды (тым қысқа емес). Қанағаттанарлық жағдайда науқас гигиеналық ваннаны жартылай отырып алады, суға кеудесінің жоғарғы бөлігіне дейін батып тұрады. Су температурасы 36-380С болуы керек, ұзақтығы – 30 минуттан аспайды.

Қатаң төсек режимінде аяқты аптасына үш рет жуады, шараны төсек жиегіне қояды. Аяқ микозының алдын алу үшін науқас аяқ киімін дезинфицирлеп, науқас туыстарының оны кимеуін қадағалау қажет (сурет 67).


 

 
 


Сурет 67.

Төсекте аяқты жуу

 

Жабдықтар: клеенка, суға арналған ыдыс, сүлгі, қайшылар, қолғап, жеке губка немесе жөке, лас киімді салатын қап, жұмсартқыш иісмай.

Іс-шараның орындалуы:

1. Қолғап кию

2. Жылы сумен шараны дайындау (t -34-37°С).

3. Науқастың ыңғайлы отыруына көмектесу

4. Егер науқас отыра алмаса, оны арқасына жатқызу немесе Фаулер қалпына келтіру

5. Матрацқа суланбайтын майлық салу (клеенка)

6. Науқас аяғын тізесіне бүгу және аяқтарын суы бар ыдысқа 5 минутқа салу

7. Аяқты тізе буынынан бастап сирақты және аяқ басының сыртын, саусақтарын, саусақ аралықтарын, тырнақ ойыстарын және табанды саусақтардан бастап өкшеге қарай ысқыш және сабынмен ысқалап жуу.

8. Аяқты шарадан көтеріп таза сумен шаю

9. Құрғатып сүрту.

10. Аяққа иісмай жағу.

11. Суы бар ыдысты және клеенканы алып тастау

12. Сусормайтын майлықты лас жайманы салатын қапқа саламыз

13. Қолғапты шешіп, қолды жуамыз

2.8 Тырнақ күтімі

Он күн сайын гигиеналық іс-шараларға науқастың аяқ-қолының тырнақтарын алу кіреді. Тырнақ күтімін ұқыпты жүргізу қажет, себебі жарақат тырнақ ойысының зақымдалуына әкеліп әрі қарай инфицирленуді дамытады. Тырнақты негізіне дейін алу дұрыс емес, әйтпесе теріні зақымдаймыз. Қол және аяқ тырнақтарын алмас бұрын 5 минутқа жылы суға саламыз. Қантты диабетпен, гемиплегиямен және т.б. терінің сезімталдығынығ төмендеуімен жүретін аурулармен ауыратын науқастардың тырнағын алғанда аса ұқыпты болу керек (сурет 68-69).

 

 

 

youhave.ru

Сурет 68. Сурет 69.

Қария адамдардың тырнағы Тырнақты алу

 

Қажетті жабдықтар:

· Резенкелі қолғап

· Тырнақ алуға арналған қайшылар және қысқыштар

· Жылы су, сусабын, аяқққа және қолға арналған иісмай, спирт (70%).

· Суға арналған шара және астауша, сүлгі

Іс-шараның орындалу реттігі

1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуге дайындалу: қажетті жабдықтарды орналастыру, суды жылыту, қолғап кию.

2. Жылы суы бар астаушаға сусабын қосу және оған науқастың қолын 2-3 мин малу (тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз).

3. Науқас саусақтарын судан кезек алып, сүртіп, содан кейін тырнағын аламыз

4. Науқас қолын иісмаймен өңдейміз.

5. Жылы суы бар астаушаға сусабын қосу және оған науқастың аяқ басын 2-3 мин малу (тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз).

6. Аяқ басын сүлгіге қойып (тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз), құрғатамыз да арнайы қысқышпен тырнақты аламыз

7. Науқас аяқ басын иісмаймен өңдейміз

8. Қайшыларды және қысқыштарды спиртпен немесе 0,5% хлорамин ертіндісімен дезинфицирлейміз

9. Қолғапты шешіп, қолды өңдейміз

2.9 Ауыз қуысы күтімі

Ауыз қуысының күтімін барлық науқастарға жүргіземіз, ауыз қуысында микроорганизмдер жиналады. Әлсіреген немесе қызбасы бар науқастардың аузының шырышты қабатында, тістерінде өңез пайда болады, ол жабысқақ шырыштан және эпителий жасушаларынан тұрады, сонымен қатар шіріген немесе ыдыраған тағам қалдықтары, бактериялар жиналады. Нәтижесінде кариес, қабыну үрдістері (стоматит), қызыл иектің қабынуы (гингивит) және т.б. дамиды. Науқастар жайсыздықты сезінеді: көңіл-күйі бұзылып, тағам қабылдағанда ауырсыну пайда болып, сілекей ағу, ауыздан жағымсыз иіс пайда болады және тәбет төмендеп ауыз кебеді, ауыз бұрышында жарық дамиды (хейлит).

Жалпы режимдегі науқастар ауыз қуысының туалетін өз беттерінше атқарады. Әрбір науқас тағам қабылдағаннан кейін немесе ұйқыдан кейін тістерін тазалауы керек. Тіс тазалау үшін тіс эмалін қатайтатын фтор қосылған тіс пастасын қолданады. Тіс шөткесі иекті жарақаттамайтын жұмсақ болуы керек, әлсіреген науқастарға мақта немесе дәке тампондарын қолданады. Ауыз қуысын шаю үшін 0,5% натрий гидрокарбонат ертіндісін (ас содасы ертіндісі) немесе 0,9% натрий хлорид ертіндісін (физиологиялық ертінді) қолданамыз. Ауыз қуысын түймедақ, шайқурай және шалфей тұнбал