Сурет 53

АҚТМ қолдану техникасы

11. Су тепе-теңдігін анықтау

Су тепе-теңдігі – бұл ағзаға түскен сұйықтықпен (ішкен сұйықтық, инфузиялар) және тәулігіне шыққан несеп санының айырмашылығы.

Тәуліктік диурез (тәулігіне бөлінген зәр көлемі) үлкен адамдарда жасына, температураға және қоршаған ортаның ылғалдылығы, тамақтану жағдайы, физикалық күшке және басқа факторларға байланысты 800 мл -ден 2 л-ге дейін аралықта өзгеріп тұрады. Қалыпты жағдайда барлық түскен сұйықтықтың 68-80% зәрмен шығады, ал қалғандары термен, тыныспен және үлкен дәретпен шығады.

Тәуліктік диурезді анықтау науқастарда жасырын ісікті анықтау, зәр айдайтын дәрілердің әсерін бақылау мақсатында жүргізіледі. Науқас 3 күн зәр айдайтын дәрілерді қабылдамауы қажет. Науқасқа тамақтардағы сұйықтықтың пайыздық мөлшерін түсіндіру.

Шараның орындалуы:

1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.

2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.

3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.

4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).

5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).

6. Есепке алу қағазындағы мәліметтерді формула бойынша су тепе-теңдігін есептеуді жүргізу: шыққан зәр мөлшері*0,8 (80%) = қалыпты жағдайда бөлінуге тиіс зәрдің мөлшері.

Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.

1250*100 / 1350 = 91%.

Теріс тепе-теңдік (<70%) ағзада сұйықтықтың жиналуын көрсетеді: зәр айдайтын дәрілердің әсерінің болмауы немесе жасырын ісіктер.

Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.

Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:

· полиурия-қалыпты су режимінде тәуліктік диурездің 3000 мл дейін көбеюі

· олигурия- тәуліктік несеп көлемінің 500 мл дейін азаюы

· анурия- тәуліктік диурез 50 мл –ден аспайды.

Адам қалыпты жағдайда күндіз 2/3 және түнде 1/3 несептің тәуліктік көлемін шығарады. Түнгі диурездің күндізгіден артық болуы –никтурия деп аталады.