ESC/ESH, 2013

 

Категория Систолалық АҚ (мм с.б.б.) Диастолалық АҚ (мм с.б.б.)
Қолайлы <120 <80
Қалыпты 120-129 80-84
Жоғары қалыпты 130-139 85-89
Артериалды гипертензия 1 дәрежелі 140-159 90-99
Артериалды гипертензия 2 дәрежелі 160-179 100-109
Артериалды гипертензия 3 дәрежелі ≥180 ≥110
Жеке систолалық артериалды гипертензия ≥140 <90

Артериалды қысымды өлшеу әдістері

Инвазивті (тік) әдіс арқылы АҚ өлшеуді аурухана жағдайында немесе хирургиялық араласу кезінде қолданады, бұл кезде қысымды үздіксіз бақылау үшін науқастың артериясына қондырғысы бар зондты енгізеді. Бұл әдістің артықшылығы қысым үнемі өлшеніп отырады, ол қысым/уақыт сызық түрінде көрініп тұрады. Бірақ та бұл әдіс науқастың жағдайын үнемі бақылауын қажет етеді, өйткені зонд шығып кеткен жағдайда ауыр қан кету қаупі дамуы мүмкін, пункция жасаған жерде гематома немесе тромбоз пайда болуы, инфекциялық асқыныстардың қосылуы мүмкін.

Клиникалық тәжірибеде ең көп тараған инвазивті емес әдіс арқылы АҚ анықтайды. Оның жұмысының негізгі принципіне байланысты ажыратады:

· Пальпаторлы

· Аускультативті

· Осциллометрлік

Пальпаторлы әдіс артерия орналасқан аяқ-қолдарды біртіндеп компрессия немесе декомпрессия жасауы және қысқан жерден төменге қарай пальпациялау арқылы анықтайды. Систолалық АҚ манжет қысқанда пайда болатын пульс, диастолалық - пульстің толуы біршама төмендегенде анықталады.

Аускультативті әдіскәзіргі уақытта сфимогманометрмен АҚ механикалық өлшеу ДДҰ мойындаған инвазивті емес әдістердің "алтын стандарты".

Аускультативті әдіспен АҚ өлшеуді 1905 ж. Н.С. Коротков ұсынған (сурет 50).

 

 
 
zdorovushko.ru


Сурет 50.

Механикалық тонометр

Тонометр мынадан тұрады: ілгіштері бар, ұзын матадан жасалған тыстың ішіне салынған ені 12-14 см қуыс резиналы манжет; 300 мм дейін шкаласы бар сынапты манометр, ауаны үрлейтін баллон. Манжет және манометр баллонмен резиналы түтік арқылы байланысады, баллонда ауаны жіберетін кран бар. Артериалды қысымды өлшеуге арналған құрылғыларды пайдалануда, сенімді және талап қоймайтын құралдар ретінде өздерін көрсетті.

Иық артериясы үстіне теріге қысым түсірмей, манжеттің төменгі шетіне сезімтал бас жағын орналастырып, стетоскоппен, не мембраналы фонендоскоппен тыңдауды жүргізеді. Систолалық АҚ манжеттің декомпрессиясы кезінде пайда болған Коротковтың бірінші фаза тондары арқылы, ал диастолалық АҚ – оның жоғалуына байланысты анықтайды.

Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі

ДДҰ ұсынысы бойынша АҚ өлшегенде мына ережелерді сақтау қажет:

· Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Науқас орындықтың арқасына тіреп отыруы (немесе жатуы керек) қажет, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргізіледі. Тіреу болмаған жағдайда, өлшегенде алынған сандар шын мәнінде 7/11мм.с.б.б. жоғары көрсетеді.

· Науқас отырғанда аяғын айқастыруға болмайды.

· Кофе және қою шай қабылдамау (тексерудің алдында бір сағат бұрын), темекі шекпеу (30 минут ішінде), симпатомиметиктерді қолданбау (назалды және көз тамшылары).

· АҚ өлшеу алдында қуықты босатып (кіші дәретке бару) алу қажет, себебі толып тұрған қуық қысымы артериалды қысымды 15/10 мм.с.б.б. дейін көтеруі мүмкін.

· Қысымды өлшеп жатқанда сөйлесуге және қозғалуға болмайды.

· Екі қолды да өлшеу қажет. Кейіннен артериалды қысымның жұмыс деңгейі қалыптасқанда, қан қысымы жоғары болған қолын ғана өлшейді.

· Манжет қысқа және/немесе тар болмауы керек, ол артериалды қысым деңгейін жалған жоғары көрсетуі мүмкін (сурет 51).

 

 

 

Сурет 51.

АҚ өлшеу ережесі

 

Шараның орындалуы:

· Науқастың қолы киімінен босатылуы керек (киімін орауға болмайды – бұл қолын және артерияның басылуына әкеледі!). Науқастың қолын жазған күйде тегіс қатты беткейге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытып отыру қажет.

· Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейіне сәйкес болғаны дұрыс (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2,5 см жоғары орналасқаны дұрыс. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына саусақ сиятындай болуы керек.

· Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек.

· Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау.

· Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды.

· Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы (20-30 мм с. б.б. дейін) манжетке ауа айдайды.

· Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым.

· Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым.

· Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.

· Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.

· АҚ көрсеткішін жазу.

АҚ қайта өлшеуді манжеттегі ауаны толық шығарғаннан кейін, бірнеше минут аралығында бір ғана қолда 3-8 ретке дейін өлшеу жүргізіледі. Нәтижесі бір-біріне сәйкес келгенше өлшейді. АҚ мәліметтерінің орта мәні нәтижесі дұрысы деп есептеледі.

Осциллометрлік (электронды) әдіспен кейінгі жылдары АҚ өлшеу кең тарала бастады (сурет 52).

       
   
pressfoto.ru
 
zdorovushko.ru

 


Сурет 52

Қысымды өлшеуге арналған автоматты аппараттар

 

Әсер ету принципі: беткей жатқан қол артерияларын (мысалы, білезік) қысады, тамыр қабырғалары арқылы берілетін бүйір қысым тензо қондырғылар көмегімен тіркеледі. Осциллометрлік әдіс АҚ өлшейтін барлық автоматты және жартылай автоматты тонометрлердің 80% шамасында қолданады. Бұл құралдар сұйық кристалды шыныдан тұрады, және өзі өшетіндіктен науқастар АҚ өлшеу үшін кеңінен қолданады.

Бұл құралдардың айырмашылығы манжеттің құрылымында фонендоскоп басы бекітілген, таққан кезде міндетті түрде шынтақ бүгуінде артерияның үстінде болады. Бұндай құралмен артериалды қысымды бала немесе қарт адамдар да өлшеуді үйрене алады және нәтижесіне толықтай сенуге болады.

Дұрыс нәтижені алу үшін артериалды қысым деңгейін 2-3 рет өлшеу керек, өлшеу аралығы 1-2 минуттан кем болмау керек. Көп жағдайда артериалды қысымды бірінші өлшеу нәтижесі жоғары көрсетеді, өйткені тонометрдің манжеті қолды қысқанда ағзаның еріксіз реакциясы- қан тамырлар тонусының жоғарылауы болады.

Тәулік ішінде артериалды қысым деңгейі өзгеріп отырады: ол ұйқы кезінде төмендейді және таңертеңге қарай жоғарылайды, күндіз белсенді сағаттарда ең жоғарғы шегіне жетеді. Дені сау адамдарда тәулік ішінде ең жоғарғы және ең төменгі АҚ айырмашылығы: систолалық — 30 мм с.б.б., ал диастолалық — 10 мм с.б.б. аспау керек.

Артериалды гипертониясы бар ауруларда АҚ түнгі көрсеткіштері күндізгіден жоғары болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Сондықтан бұндай науқастарды тексеруде АҚ тәуліктік мониторлеудің маңызы зор (АҚТМ), нәтижесі емді қабылдаудың дұрыс уақытын анықтауға көмектеседі және емнің әсерін толық бақылауды қамтамасыз етеді (сур. 53).

Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.

Аппарат белге бекітіледі немесе иыққа асылады. Манжет «жұмыс істейтін» қолдың иығына кигізіледі. Солақайларға- сол қолға, оң қолмен істейтіндерге-оң қолға.

Хаттамаға аппаратты қою және қосқан уақытын тіркейді.

Аппарат 3, 5, 10 және 15 минут сайын аралықта АҚ көрсеткішін тіркейді және өлшеген уақытын қоса есте сақтау блогына жазып алады.

Аппарат қосылып тұрса да, адам жүре алады және күнделікті істерімен айналысуына да болады.

Келесі күні аппаратты медициналық қызметкер шешеді. Есте сақтау блогындағы мәліметтер санды-әріп жазба түрінде шығады және дәрігер қорытынды жасайды.