Сурет 45.
Инфрақызыл термометр
Артықшылығы:
· Электронды термометрлердің барлық негізгі қызметтері бар (өлшеуді есте сақтау, дыбыс сигналдары, өзі өшу және т.б.).
· Температураны өте тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд).
· Ауыстыратын ұштықтар дезинфекция және гигиена сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.
· Тері бетіне тимейтін үлгісі жылап жатқан балалардың және ұйықтап жатқан науқастың да температураларын өлшеуге мүмкіндік береді.
Жетімсіздігі:
· Өлшеу жағдайына байланысты үлкен қателіктер болуы мүмкін, ал арзан үлгілерінде өлшеу дәлдігі 0,3–0,5 градустан асуы мүмкін.
· Температураны дененің тек белгілі бір аймағында ғана өлшеу керек (маңдай, құлақ, самай).
· Ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде, құлақ үлгілері дұрыс нәтиже бермейді.
· Айқайлаған немесе жылаған балаларда өлшеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін.
· Кезеңді түрде тексеруді қажет етеді.
· Термометрмен абайлап жұмыс істемесе, құлақтың дабыл жарғағын зақымдаған жағдайлары болғандығы мәлім.
· Қымбат тұрады.
Терможолақтар
Терможолақтар – бұл дене температурасының әсерінен, өзінің түсін өзгертетін қабілетке ие кристалдары бар термосезімтал қабықша (сур. 46).