Тарау IV

ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ

Ауруханадағы науқастың функционалды жағдайын бақылау үшін келесі көрсеткіштерді анықтау қажет:

Ø Қажеттіліктің бұзылуы

Ø Жалпы жағдайы

Ø Есінің жағдайы

Ø Төсектегі қалпы

Ø Антропометриялық мәліметтер

Ø Дене температурасы

Ø Тері жамылғысының жағдайы

Ø Тынысы

Ø Пульс

Ø Қан қысымы

Ø Су балансы

1. Адамның негізгі қажеттіліктерінің сипаттамасы

1943 жылы орыс тегінен шыққан американдық психофизиолог А. Маслоу ұсынған қажеттіліктің иерархия теориясы кең таралды. Маслоу адамның 14 негізгі қажеттіліктерін көрсетіп, оны бес сатыға бөлді.Пирамиданың негізін фундаментті қажеттілік құрайды (сурет 13).

 

 
 
www.dekanblog.ru

 


Сурет13.

Маслоудың қажеттілік пирамидасы

Бұл теорияға сәйкес адамның қажетттілігі төменнен жоғары қарай дамиды, адам алдымен төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, одан соң жоғары деңгейдегі қажеттіліктер туындайды.

Адамның бірінші деңгейдегі қажеттіліктері – физиологиялық қажеттіліктер:

1. тыныс алу

2. жеу

3. ішу

4. шығару

5. ұйықтау, дем алу.

Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүруге қажет және оған тамақ, су, тұратын жер, дем алу және жыныстық қажеттіліктер жатады.

Екінші деңгей– сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі:

6. таза болу

7. киіну, шешіну

8. температураны ұстап тұру

9. дені сау болу

10. қатерден, аурудан, күйзелістен қашу

11. қозғалу.

Сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі болашақта сыртқы ортадан келетін қатерден физикалық және моралды қорғау қажеттілігін туындатады және болашақта физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратынына сенеді.

Үшіншідеңгей – әлеуметтікқажеттілігі:

12. сөйлесу

Әлеуметтікқажеттілікке біреуге тәуелді болу немесе басқалардың сені қабылдау сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас сезімі, бауыр басу және қолдау сезімдері кіреді.

Төртіншідеңгей – сыйлау және өзіңді сыйлау қажеттілігі:

13. жеңіске жету

Сыйлау қажеттілігіне өзіңді сыйлау, жеке жетістіктері, біліктілігі, қоршаған ортаның сені сыйлауы, мойындауы жатады.

Бесінші деңгей – өз ойын білдіру қажеттілігі

14. ойнау, оқу, жұмыс істеу.

Өз ойын білдіру қажеттілігі - алға қойған мақсаттарын іске асыру және тұлға ретінде өсу қажеттілігі.

Оттегі қажеттілігі – дұрыс дем алу адамның ең негізі физиологиялық қажеттілігі. Оттегі жетіспегенде тыныс жиі және беткей болады, ентігу мен жөтел пайда болады. Ұзақ уақыт болған гипоксия көгеруге әкеледі, терісі және көрінетін шырышты қабаттары көгереді. Бұл қажеттілікті ұстап тұру мейірбикеге басты мақсат болып табылады. Адам осы қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өміріне қажетті қандағы газ құрамын қалыпты деңгейде ұстайды.

Тамақ қажеттілігіденсаулықты сақтауға және көңіл-күйдің жақсы болуына аса маңызы бар. Дұрыс және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмектеседі. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы мал майына және холестеринге бай тағамдарды үнемі қабылдағанда пайда болады. Жарма және өсімдік жасұнығына бай тағамдар тоқ ішектің қатерлі ісігі дамуы каупін төмендетеді. Тағамда ақуыздың көп болуы жараның тез жазылуына көмектеседі.

Бұл қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, мейірбике науқасқа дұрыс және адекватты тамақтану туралы кеңес беру және үйрету. Науқасқа күнде жемістер мен көкөністер, ботқалар, сүт тағамдары, майсыз ет, балық, құстарды жеу ұсынылады, аздап сары май және кілегей, бірақ жұмыртқаның сарысын, қантты, тәтті тамақтарды, тұзды, спиртті ішімдіктерді шектеу қажет.

Тамақты қайнатып, пісіру қажет, бірақ қуыруға болмайды. Тамақ қажеттілігі қанағаттандырылмағанда адам денсаулығы бұзылуы мүмкін.

Сұйықтық қажеттілігі – бұл күнде 1,5-2 л сұйықтықты қолдану: су, тәтті сусын, бірінші тамақтар, жемістер, көкөністер. Осы көлемдегі сұйықтық несеппен, нәжіспен, термен, тыныс алғандағы бумен бөлінетін шығынның орнын толтырады. Су тепе-теңдігін сақтау үшін, адам шыққан сұйықтықтан артық мөлшерде суды қолдану керек, өйткені сусыздану белгілері пайда болуы мүмкін, жүйелер мен мүшелердің қызметі бұзылмас үшін, 2 литрден артық сұйықтық ішуге болмайды. Науқастың денсаулығы мейірбикенің сусыздану мен ісінулердің пайда болу қаупін болжай білуіне тікелей байланысты.

Өмір сүру заттарын шығару қажеттілігі. Бірқатар қажеттіліктерді қанағатандыруды кейінге қалдыруға болады, бірақ өмір сүру заттарын шығару қажеттілігін ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Көптеген науқастар бұл істі тек өзіме қатысты деп есептейді және медициналық қызметкерге айтқысы келмейді. Бұзылған қажеттілікті қанағатандыруда мейірбике оны жалғыз қалдыруға болмайды, науқастың құқығын сыйлауға және құпияны сақтауды қамтамасыз етуі қажет.

Ұйықтау және демалу қажеттілігі– ұйқы қанбағанда қандағы қанттың деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі бұзылады және ойлау процестері баяулайды, көңіл бөлуі бұзылады, есте сақтау бұзылады. Түннің жартысына дейін ұйықтамаған адамда, фагоцитоз, иммунды қорғанысқа жауап беретін қандағы клеткалардың саны екі есеге азаяды.

Ауру адамға ұйқы өте қажет, өйткені оның көңіл-күйін жақсартуға көмектеседі. Адам ұйықтап жатқанда сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау төмен болғанымен, бұл белсенді жағдай болып табылады.

Адамның ұйқысына көптеген факторлар әсер етуі мүмкін: физикалық шаршау, дәрілер, наркотиктер, өмір салты, эмоционалды күйзеліс, қоршаған орта және физикалық күш. Ауырсынумен, физикалық шаршаумен, қорқу және депрессиямен қосарланған кез-келген ауру ұйқының бұзылуына әкеледі.

Мейірбике тағайындалған дәрілік заттардың әсер етуі мен ұйқыға әсерін науқасқа түсіндіру қажет.

Дем алу – физикалық және психи­калық белсенділіктің төмендеген жағдайы. Ұзақ уақыт қыдырып жүргенде, кітап оқығанда немесе арнайы босаңсыту жаттығуларын жасау кезінде дем алуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық шам, басқа адамдардың болуы дем алуғакедергі келтіреді.

Адамның өмір сүруіне дем алу және ұйқы қажет, ол ұйқыда жатқанда қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткізеді және мейірбикеге көмек көрсете алуы мүмкін.

Қозғалыс қажеттілігі. Қозғалыстың шектелуі немесе қозғала алмау адамға көптеген мәселелерді туындатады. Бұндай жағдай ұзақ және үнемі болуы мүмкін. Ол шина салынған жарақаттан кейін, арнайы аспапты қолдану арқылы аяқтарды созу, созылмалы аурулары кезінде ауырсыну, ми-қан айналым бұзылыстарынан кейінгі көріністердің (инсульт) салдарынан болуы мүмкін.

Қозғала алмау – ойық жараның пайда болуы, тірек-қимыл мүшелері, жүрек, өкпе жұмыс қызметі бұзылуының қатерлі факторының бірі. Ұзақ уақыт қозғалмағанда асқорыту жүйесінде өзгерістер байқалады: диспепсия, метеоризм (іштің кебуі), анорексия (тәбеттің төмендеуі), іш өту немесе іш қату. Үлкен дәретке отырғанда қатты күшену көтен ішекке, миокард инфарктіне, өкпе артериясының тромбоэмболиясына, жүректің тоқтауына әкелуі мүмкін. Әсіресе жатқан қалыпта қозғала алмау, несептің шығуын бұзады және қуықта, астаушаларда қабынудың, бүйрек пен қуықта тастың пайда болуына әкеледі.

Қозғалмаудың ең басты мәселесі науқас қоршаған ортамен араласа алмағандықтан, тұлғаның қалыптасуына біршама әсер етеді. Науқастың қозғалмауының ұзақтығы мен дәрежесіне байланысты психоәлеуметтік өрісінде мәселелер туындауы мүмкін; оқуға ынтасы, уәждемесі (мотивация) төмендейді, сезу мен эмоциясы кемиді.

Мейірбике қозғалысты бар мүмкіндігінше қалпына келтіруге, балдақты, таяқты, протезді қолдана отырып, өз бетінше қозғалуға науқасты бағыттаса, науқастың өмір сүру сапасын жақсартуда үлкен маңызы бар.

Жыныстық қажеттілік. Ол ауырсада немесе жасы ұлғайсада бітпейді. Адамның сексуалды денсаулығына ауру, даму ақаулары әсер етуі мүмкін. Көп адамдар шындап сексуалды мәселесі болса да, бұл тақырыпта ашық айта алмайды. Науқаста бар және потенциалды сексуалды мәселені шешуге көмектесу, денсаулық аспектілерінің барлық жағынан үйлесім табуына қол жеткізеді. Науқаспен әңгімелескенде қалыпты сексуалды түсінік және ең көп таралған бұзылыстары туралы нақты негізгі білім болуы керек; адамның бағыты, мәдениеті, религиозды пікірі сексуалды қажеттілікке әсерін түсіну керек; мейірбике құзіреті шегінен шыққан мәселені анықтауды үйрену және науқасқа маманның кеңесіне жүгінуді ұсыну (сексолог дәрігері, сексопатолог, андролог).

Қауіпсіздік қажеттілігі.Көп адамдарға қауіпсіздік деген беріктік және жайлылықты көрсетеді. Әрқайсымыз үй, киім, біреудің көмегін қажетсінеміз. Науқас өзін қауіпсіз жағдайда сезінеді, егер де керует, кресло немесе каталка бекітілген болса, палатада және дәлізде еден құрғақ және басқа заттар болмаса, қараңғы мезгілде бөлме жарық болса, көзі көрмегенде көзілдірігі болса. Науқас ауа-райына байланысты киінуі керек, тұратын жері жылы болуы керек, қажет жағдайда көмек көрсетілуі керек. Науқас өз қауіпсіздігін қамтамасыз еткендігіне және айналадағыларға зиян келтірмейтініне сенімді болуы керек. Күйзеліс жағдайын ушықтырмауы керек.

Әлеуметтік қажеттілік– бұл отбасына, достарына қажеттілік, олардың қарым-қатынасы, бірін-бірі қолдауы, бауыр басу, жақсы көру. Адамдар өзін жақсы көруін, түсінуін қалайды. Ешкім өзін тастап кетуін, сүйкімсіз және жалғыз қалуды қаламайды. Егер осылай болса, онда адамның әлеуметтік қажеттілігі қанағаттандырылмаған.

Ауыр ауруларда, жұмысқа қабілетсіздікте немесе жасы ұлғайғанда босқуыс (вакуум) пайда болады, әлеуметтік жалғасулар жоғалады. Осы жағдайларда әсіресе қарт және жалғыз адамдарда сөйлесу қажеттілігі қанағаттандырылмайды. Адам бұл туралы айтқысы келмесе де, әлеуметтік қажеттілікті әрқашан есте сақтау қажет. Науқастың әлеуметтік мәселесін шеше отырып, оның өмір сүру сапасын біршама жақсартуға болады.

Сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі.Адамдармен әңгімелескенде, өзіңнің жеңісін туралы айналадағылардың бағалауына немқұрайлы қарай алмаймыз. Адамда сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі пайда болады. Еңбек қанағат әкелуі керек, ал демалыс – қанықты және қызықты болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық деңгейі неғұрлым жоғары болса, өзін сыйлау қажеттілігі қанағаттандырылады. Еңбекке жарамсыз және қарт адамдарда бұл сезім жоғалады, өйткені олардың жетістігіне ешкім қуанбайды, қызықпайды, оларда сыйлау қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіншілік жоқ.

Өз ойын білдіру қажеттілігі – адам қажеттілігінің ең жоғарғы деңгейі. Өз ойын білдіру қажеттілігін қанағаттандыра отырып, әрқайсысы басқалардан да артық жасадым деп сенеді. Біреулері үшін өз ойын білдіру – бұл кітап жазу, басқалары үшін–бақ өсіру, үшіншісіне–балаларды тәрбиелеу.

Мейірбике науқасты күту жоспарын құрғанда, өз біліктілігі аясында көмектесуі қажет.

 

2. Науқастың жалпы жағдайы

Науқастың жалпы жағдайын бағалау (жағдайының ауырлық дәрежесі) объективті және субъективті зерттеу әдістері негізінде іске асады.Жалпы жағдайының ауырлығы ағзаның өмірге қажетті қызметтері декомпенсациясының бар болуына және дәреже айқындылығына байланысты анықталады. Дәрігер жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты диагностикалық және емдік шаралардың көлемін және шұғыл жасалу сұрақтарын шешеді, ауруханаға жатқызу көрсеткішін анықтайды, науқасты тасымалдау және аурудың соңы (болжау) туралы айтады.

Клиникалық тәжірибеде жалпы жағдайдың бірнеше өрбулерін ажыратады:

Ø Қанағаттанарлық

Ø Орта дәрежесі

Ø Ауыр

Ø Өте ауыр (агония алды)

Ø Терминалды (агония)

Ø Клиникалық өлім жағдайы

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, егер ағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылмаса, аурудың көптеген симптомдары болуы мүмкін, бірақ олар әлсіз айқындалған және науқастың белсенділігіне кедергі келтірмейді. Есі анық, төсектегі қалпы белсенді, тамақтануы бұзылмаған, дене температурасы қалыпты немесе субфебрилді. Науқас өзін-өзі күте алады. Қанағаттанарлық жағдай аурудың жеңіл түрі ағымында немесе реконвалесценция кезеңінде болады (жазылу).

Орта дәрежелі ауырлық жағдайыағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылған, бірақ науқастың өміріне қауіп төндірмейді. Есі анық, бірақ бел-әлпеті ауырған адамның түрі. Негізгі аурудың симптомдарының аздап айқындығы көрінеді: әр жерінің ауыруы, әлсіздік, қызба, ентігу және басқалары. Науқастың қозғалыс белсенділігі шектелген. Науқастың белсенділігі жалпы әлсіздікті және ауырсыну симптомдарын үдетеді, бірақ науқас өзін-өзі күте алады.

Ауыр дәрежелі ауырлық ағзаның өміріне қажетті қызметінің декомпенсациясы науқастың өміріне қауіп төндіреді, немесе мүгедектікке алып келеді.Науқастың төсектегі қалпы пассивті немесе мәжбүрлі, науқастың есін әртүрлі дәрежеде ауырлатуы мүмкін. Аурудың шағымы мен симптомдары біршама айқын: шыдатпайтын ауырсыну, қайта-қайта құсу, тыныштықта ентігу және басқ. Кейде науқас айқайлайды, көмекке шақырады, бет-әлпеті қайғылы түрде. Барлық ауыр жағдайдағы науқастар жедел түрде ауруханаға жатқызылады.

Аса ауыр жағдай (агонияалды) ағзаның өміріне қажетті қызметінің бірден бұзылуымен сипатталады және тез арада қарқынды ем шаралары жүргізілмесе, науқас бірнеше сағатта немесе минуттарда қайтыс болуы мүмкін. Науқастың есі комаға түсуі мүмкін. Қалпы пассивті. Тыныс-алу, жүрек-тамыр және басқа жүйелер мен мүшелердің зақымдалу симптомдары айқындалған: тыныс алудың ақаулы түрі, ұйқы артериясында пульс әлсіз, әзер байқалады, тырысужәне басқ. Реанимациялық бөлім жағдайында ем жүргізіледі.

Терминалды (агоналды) жағдай естің толық болмауы байқалады, бұлшық еттер босаңсыған, рефлекстері болмайды. Көздің қасаң қабығы мөлдір емес, төменгі жағы түсіп кетеді. Ұйқы артериясында пульсібайқалынбайды, қан қысымы анықталмайды, жүрек тондары естілмейді, бірақ электрокардиограммадамиокардтың электрлік белсенділігі тіркеледі. Әр кезде кезеңді түрде тыныс алу қозғалысы - Биот типті тыныс байқалады. Агония бірнеше сағатқа немесе минутқа созылады.

Электрокардиограммада фибрилляция толқыны немесе изоэлектрлік сызықтың пайда болуы және тыныстың тоқтауы, клиникалық өлімнің болғанын көрсетеді. Өлер алдында науқаста тырысу, еріксіз несептің және нәжістің шығуы дамиды. Клиникалық өлімнің ұзақтығы бірнеше минутқа созылады, дер уақытында жасалған реанимациялық шаралар адамды аман сақтап қалуы мүмкін.

 

3. Ес жағдайы

Науқаста естің бұзылуының әртүрлі дәрежесі дамуы мүмкін, оның өшуі (ступор, сопор, кома) немесе ОНЖ қозуы болады (сандырақтау, галлюцинация).

Есі анық – есінің толық сақталуы, белсенді сергектік, өзін және қоршаған ортаны адекватты қабылдау. Науқас қоршаған ортаны толық бағдарлай алады, қойылған сұрақтарға нық жауап береді.

Ступор (аздаған қатаңдану) – естің жартылай өшуі. Науқас уақыт пен кеңістікті жақсы бағдарлай алмайды, бірақ өзін, айналадағы адамдарды бағдарлай алуы сақталған. Қатты шаршағаны, солғыңдығы, бет-қимылы азайғандығы, ұйқылы-ояулығымен сипатталады. Ауырту қозғалыс реакциясы белсенді және дұрыс бағыталған. Сөйлесуі сақталған, адамның сөйлегенін естігенде, көзін ашады, бірақ сұрақтарға баяу, бірыңғай, кейде мағынасыз жауап береді. Жамбас мүшелерінің қызметін бақылау сақталған.

Сопор – естің терең тұнжырауы. Науқас «ұйқылы» жағдайда болады: сыртқы ортаға қатыссыз, көздері жабылған, сөйлесу мүмкін емес, команданы орындамайды, қозғалыссыз. Қатты айқайлағанда, ауырсыну кезінде (укол, шымшу және т.б.)оны алып-тастауға бағытталған, аяқ-қолдарының үйлесімді қорғаныс қозғалыстары байқалады жәненауқас басқа бүйіріне бұрылуы, немесе ынырсуы мүмкін. Ақаулы ұйқы жағдайынан қысқа уақытқа шығуы мүмкін. Жамбас мүшелерінің қызметін бақылау бұзылған. Өміріне қажетті қызметі сақталған, немесе бір параметрі аздап өзгерген.

Кома – естің толық жойылуы. Науқас ауырсыну және дыбыс тітіркендіргіштеріне жауап бермейді, рефлекстері жоғалған. Тыныстың тереңдігі мен жиілігі бұзылу, қан қысымының төмендеуі, жүрек қызметі ырғағының бұзылуы, температура реттеуінің бұзылумен сипатталады. Қарашығы тарылған, жарыққа реакциясы жоқ.Кома аурудың біршама ауыр дәрежеде екенін көрсетеді, мида жедел ми-қанайналым бұзылысы, бас жарақаты, қабыну (энцефалит, менингит, малярия), сонымен бірге улану нәтижесінде (барбитурат, көмірсу тотығы және басқ.), қант диабеті, уремия, гепатит (уремиялық, бауырлық кома) салдарынан мидың қыртысында терең тежелу пайда болудан дамиды.

Сандырақтау – бұл жалған, ретсіз пікір, ойланудың бұзылуы және байланыссыз сөйлеумен бірге жүреді. Соматикалық науқастарда жоғары дене температурасы кезінде (мысалы, жұқпалы аурулар кезінде), жиі психикалық бұзылыстары кезінде болады. Сандырақтаудың тыныш және елірме түрін ажыратады. Елірме сандырақтауда науқастар қозулы күйде, төсектен ұшып тұрып, осы жағдайда не өзіне, не айналадағыларға залалын тигізуі мүмкін. Бұл науқастарды күту мен бақылау үшін жеке мейірбикелік бекет ұйымдастырылады.

Галлюцинация – шын мәнінде жоқ нәрсені, жалған қабылдау. Есту, көру, иіс сезу, сипап сезугаллюцинациялары болады. Есту галлюцинациясында науқас өз-өзімен немесе жалған әңгімелесушімен сөйлеседі. Көру галлюцинациясында науқасшын мәнінде жоқ нәрсенікөреді. Бұндай галлюцинация көбінесе созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда болады. Иіс сезу галлюцинациясы науқастарда жағымсыз иістер мен дәм сезудің өзгеруімен болады. Сипап сезу галлюцинациясы – денесінде жәндіктер, микробтар жүрген сияқты сезімде болады.

 

4. Науқастың төсектегі қалпы түрлері

Ø Белсенді қалып — науқас қажеттілігіне қарай ерікті (белсенді) қозғалыстарды еркін және жеңіл орындайды, ешкімнің көмегінсіз төсекте қозғалады, жүреді. Науқастың белсенді қалпы жеңіл ауруларда немесе ауыр аурулардың бастапқы кезеңіне тән.

Ø Пассивті қалып — науқас қозғалыссыз, әлсіздік салдарынан өзінің қалпын өз бетінше өзгерте алмайды, ерікті қозғалыстар жасай алмайды,басы мен аяқ-қолдарын ауырлық күшіне байланысты салбыратып жатады. Науқастың ес-түссіз күйінде немесе әбден әлсіреуі және науқастың арықтауы кезінде кездеседі. Науқасты дұрыс тыныс алу және қан-айналымды жақсартатын қалыпта отырғызу қажет.

Ø Мәжбүрлі қалып — науқас жағдайын жақсарту үшін, өзіне ыңғайлы қалыпта отырады. Бұл қалыпта отыруға аурудың ерекшелігі әсер етеді. Менингитпен ауыратын науқастың төсектегі қалпы «жатқан иттің қалпы» - жамбас- сан және тізе буындары бүгілген және басы артқа қайырылып, бір жақ жанымен жатады (сурет 35).

 

 

 
 
larece.ru

 


Сурет 35

Менингит кезінде дененің мәжбүрлі күйі

 

Ортопноэ–мәжбүрлі отырған қалыпта көбінесе жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар отырады: науқас төсегінде алға еңкейіп, аяғын түсіріп отырады (сурет 36).

 

 

 

 
 
liveinternet.ru

 

 


Сурет 36.

Жүрек жеткіліксіздігікезіндегі ортопноэ қалпы

 

Бұндай қалыпта науқастың тыныс алуы жеңілдейді, өйткені көк еттің қозғалысы жеңілдейді, кеуде қуысында қысым азаяды, өкпенің экскурсиясы жоғарылайды, газ алмасу жақсарады, мидан веналық қан қайтады және айналымдағы қанның көлемі азаяды: қанның жартысы аяқтарда іркіледі, жүрек пен кіші қан айналым жеңілдейді.

Науқас бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында, плевритте және басқа аурулардың ауыр ағымында мәжбүрлі қалыпта отырады (кесте 5).