ЛЕКЦИЯ № 29

Тақырыбы: Аксиология.

Жоспары:

 

1. Аксиология ұғымы.

2. Адам іс-әрекетін құндылық тұрғысынан бағалау.

3. Қоғамдық прогрестің құндылықтық аспектілері.

 

Лекцияның мақсаты:Философия тарихындағы құндылықтар туралы іліммен танысу. Құндылықтар түрлерімен танысу және игеру

1. Аксиология (грек тілінде"ахіа"-құндылық және "логос"-ілім) құндылықтар жаратылысы туралы ілім. Оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы,яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі кұндылықтық байланыстар туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология XIX-ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.

''Игілік дегеніміз не?" деген аксиологияның басты сұрағын алғаш болып Сократ койды. Аксиология - этикалык, эстетикалық, діни және өзге де құндылықтардың өзара байланысын және әлеуметтік-мәдени орта мен жеке тұлғаның кұрылымына қатынасын зерттейді. Аксиологияның басты міндеті – құндылықтардың болмыстың жалпы кұрылымындағы орны мен табиғатын анықтау.

Аксиология ілімінің қалыптасуындағы екі кезеңді атап өтуге болады.
1-ші кезеңі – синкретизм деп аталады. Бұл кезең онтология мен аксиалогияның, яғни болмыс пен
кұндылықтардың бөлінбеуімен ерекшеленеді. Мәселен, антикалык дәуір мен
орта ғасырларда этикалык-эстетикалык, діни құндылық сипаттары ақиқат пен
шынайы болмыс ұғымына енді. Мұндай дәстүр Платоннан, Гегельге дейінгі
идеялистік рацонализмде көрініс тапқан.

2-ші кезеңі - болмыстың ақиқат және құндылық болып екіге бөлінуімен сипатталады.Соңғысы заттық құндылықты және субъективтік құндылықты білдірсді. Мұның екеуі де адамның іс әрекетінің бағыт бағдары мен оның дүниеге деген құндылықтық көзқарасының көрсеткіші болып табылады.

2. Құндылықтар жүйесіндегі ең жоғары құндылық - адам және оның өмірі болып табылады. Ең жоғары құндылықтарға жалпы адамзат құндылықтары – мейірімділікті, әділеттілікті, сұлулықты, ақиқатты жатқызуға болады. Бұлар жеке адамның әлеуметтенуінде маңызды роль атқарады. Бұлардың жүзеге асуы жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің тұңғиығында жатқан мүмкіндіктерді жүзеге асырумен бара-бар. Осыларды түсінбейінше және оларды жүзеге асырмайынша адам баласының жеке тұлға болып қалыптасуы қиынға соғады. Мұнсыз өмір өз мәнін жоғалтады. Ал өмір мәнін жоғалтқан адам үшін оның өмірі қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін.

Жоғары құндылықтармен сонымен бірге "экзистенциалдық вакуум "проблемасы да өте тығыз байланысты. Мұндай вакуумға құндылықтарда адасқан немесе оны таба алмаған адам түсіп қалады. Мұндай жағдай қазіргі заманда өте көп кездеседі. Көптеген жылдар бойы қалыпты өмір сүріп келген құндылықтар жойылып, өмірлік тәжрибесі бар адамдар түгілі жастар үшін де өмірдің мәні төмендейді. Экзистенциалды вакуум, жеке адамның әлеуметтенуіне кері әсерін тигізеді де невроздардың пайда болуына алып келеді.Экзистенциалды вакуумның пайда болуының ең негізгі формасы уақыттың босқа кетуі, яғни өмірлік қызықтың болмауы болады. Бұл жоқшылыққа қарағанда көбірек проблемалар туғызады. Жоқшылық адамды іс-әрекетке көшуіне бейімдейді, ал қызықсыз өмір шынайы өмірден безуге алып келеді (маскүнемдік, нашақорлық, т.б)

Тек жоғары құндылықтар ғана емес, сонымен бірге жеке адамның әлеуметтенуіне құндылық құралдары да елеулі ықпалын тигізеді.Олар ең жоғары құндылықтарға бағынып, соларға негізделген. Мәселен адам әділеттілікті орнату жолына түссе ол осы жолда ешқашан әділетсіз әрекеттерге бармайды. Құндылық құралдарынсыз ешқандай игі істерді жүзеге асыру мүмкін емес.

3. Қоғам әртүрлі қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесін құрайды. Осындай алуан түрлілікті ұғыну үшін вакуумды түсіну өте маңызды. Қоғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар біздің санамыздан тыс тәуелсіз өмір сүреді. Ал рухани қатынастар адамдар санасынан өту арқылы қалыптасады. Олардың арасындағы байланыс аралық сипатқа ие. Материалдық қатынастар қоғамдық санада бейнелене отырып, белгілі бір рухани құндылықтарды туындатады. Ал мұндай құндылықтар рухани қатынастардың негізі болып табылады.

Рухани өмір бай мазмұнға ие атмосфераны, қолайлы моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастырады. Ал өзге жағдайларда рухани өмір жұтаңдау болып келеді.Мұндай қоғамда рухани азғындық белең алады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнында оның шынайы адамгершілік мәні көрінеді. Рухани өмірдің басты элементтері - рухани қателіктер, рухани құндылықтарды жасап шығару жолындағы іс-әрекеттер, рухани азық және адамдар арасындағы рухани қарым-қатынастар.

Бақылау сұрақтары