ЛЕКЦИЯ № 28

Тақырыбы: Мәдениет,саясат, құқық философиясы

Жоспары:

1. Мәдениет философиясы

2. Саясат философиясы

3. Құқық философиясы

Лекцияның мақсаты:Адам өмірінде мәдени, саяси және құқықтық құндылықтардың маңызы мен рөлін игеру.

I. Мәдениет философиясылық ой-толғамның аса маңызды, терең теориалық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет-қызмет нәтижелерінде мәдениет дарежесі айқындалады. Басқаша айтқанда, адамның - адам болуы үшін жасап шығарған еңбек құрал-жабдықтары ежелгі мәдениеттің ескерткіштері болып табылады. Материалдық өндіріс бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын, күрделенуін туғызады. Материалдық өндірістегі әрбір жаңа белес мәдениеттің де жаңа, негұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни бұл жерде мәдениет ұғымының қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберінен де асып, қоғам өмірінің барлық саласын қамтитындығын айтуымыз керек. Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше рөлін арнайы бөліп көрсетіп, мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстылығын естен шығармауымыз қажет екендігіне көңіл аудару болып отыр. Материалдық мәдениет құрамына еңбек құрал-жабдықтары мен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен формасы мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі өткеннің, бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет.

Мәдениеттің негізі - еңбек. Еңбек негұрлым күрделенген сайын мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдсниетке байланысты. Мәдениет тарихи процеспен ұштасып жатады, әрі сол тарихи процесстердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі - оның өз бойындағы сабақтастыққа терең бойлай білуінде.

Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірлерді білу қажет, оның өмірлік алғы шарттары қандай болғанын айқындау қажет, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес. Мәдениеттің ерекшелігі - ол тек обьективті шындық қана емес, өзінің шығу тегі жағынан ол субьективті мазмұнға ие. Адамның өмір сүру тәсілі мен объективті қызметі негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Мәдениет туындысы ол заттық мазмұнға ие болған адам мәні. Бұл айтылғандардан, мәдениеттің дайын зат ретінде өмір сүретіндігін қорытындылауға болады.

Сөйтіп мәдениет құрылымы жағынан материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Материалдық мәдениентке өндіріс құрал жабдықтары, архитектуралық ескерткіштер жатса, ал рухани мәдениетке кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары және халық ауыз әдебиетінің туындылары жатады.

2. Мәдениет адамзаттың өркениет сатыларымен жоғары көтеріліп
келе жатқанын білдіреді. Мәдени көрсеткіш негұрлым жоғары болған сайын,
адам еркіндігі де согұрлым жоғары болады.

Өркениеттің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес. Өндірісті дамыту дегеніміз-жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуін қамтиды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру, мәдениет ережесін және өркениеттің қандай қалыпта екенін көрсетеді. Олай болса, өркениет пен мәдениет өзара байланста дамуда бір объективті негізге тәуелді болады екен. Сонымен бірге өркениет пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты, қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Мұның өзі өркениет пен мәдениет арасында әлі шешімі табылмаған күрделі қатынас бар екендігім көрсетіп отыр. Оны ғылыми-техникалык революция жетістіктерін пайдаланудан да көруге болады. Өркениет мазмұны жағынан күрделі және көп салалы болып келеді. Өркениет қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәдениеттің дамуына жағдай туғызады, өз кезегінде мәдениет өркениетті жетілдіреді.

3. Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланыста болады. Қоғамның
даму белесі өзіне сай келетін мәдениет дәрежесімен сипатталады, мәдениет
жағдайы қоғам жағдайына тәуелді.

Мәдениет қоғамдағы барлық байланыстар мен қатынастарды қамтиды. Олай болса мәдениеттің дамуы қоғамдық прогреспен тікелей байланысты екен. Қоғамдық қатынастар адам дамуының өлшемі болғандықтан, олай болса ол оның мәдени дамуының да өлшемі екенін мойындау қажет.Мәдениет қоғам дамуының да көрсеткіші болып табылады.

Дүние жүзілік мәдениеттің дамуы, мәдениет типтерінің бір сатыдан екінші сатыға көтерілуі, мәдениет мазмұнының қоғамдағы өзгерістерге тәуелді екенін көрсетеді.

Жалпы адамзат мәдениеті - ұлттық мәдениеттерден құралады, бірақ ол сол мәдениеттердің жай жиынтығы емес. Ұлттық мәдениетті ұлттар, халықтар тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Ұлттық мәдениет ұлттық, халықтық дәстүрлерден нәр алады, соның даму дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Халық тарихынан тыс, оның өмір салтынан оқшау ұлттық мәдениеттің болуы мүмкін емес. Бірақ қай ұлт болмасын, қай халық болмасын, өзге ұлттар мен халықтардың әсерін қабылдамай тұра алмайды. Сондықтан әрбір ұлттық мәдениетте жалпы адамзаттық мәдениет элементтерін көреміз.

Әрбір ұлттық мадениет - мәдениет мазмұнындағы жалпы адамзаттың нақтылы көрінісі. Солай бола тұра, ол дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге ұлттық мәдениет өз дамуында түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ, мына ұлттық мәдениет мешеу қалған деп барлық мәдениет көріністерін бір қалып негізінде сипаттау дұрыс емес.

Мәдениеттің нақтылы ұлттық және халықтық сипат алу процесі, қоғамымызда дамып келе жатқан демократия талаптарына сәйкес келуімен тығыз байланысты.