ЛЕКЦИЯ № 26

Тақырыбы: Әлеуметтік философия

Жоспары:

 

1. Әлеуметтік философияның негізгі категориялары мен принциптері.

2.Адамзат қоғамы: ұғымы және құрылымы.

3. Тарихи қажеттілік және адамның еркіндігі.

4. Қоғам өмірінің табиғи жағдайлары. Географиялық детерминизм.

5. Қоғамның экономикалық құрылымы.

6. Ғылыми-техникалық революцияның мәні мен гуманистикалық сипаты.

 

Лекцияның мақсаты:Философия тарихындағы қоғам талқыламаларымен танысу.

1. Адамзат қоғамы табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды. Адамзат қоғамы - әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғары, ерекше сапалы даму дәрежесінің нәтижесі. Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі саналы іс кимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи бірлігі. Адамзат қоғамы мәні мен кұрылымы жағынан ең күрделі жүйе болып табылады. Қоғам ұғымы көлемі жағынан тек қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдарды ғана емес, сондай - ақ өткен және болашақ ұрпақтардың бәрін, яғни адамзаттың өткені мен болашақ тарихын қамтитын аса кең көлемдегі ұғым болып табылады. Осы ұзақ, тарихи кезендегі қоғам өмірінің негізі - еңбек қызметі. Қоғам тарихының табиғат тарихынан айырмашылығы да міне осында жатыр: біріншісін адамдар жасайды, ал екіншісі өзі жүріп жатады. Қоғам өмірінде экономикалык, саяси идеологиялық күнделікті тұрмыстық және басқа да алуан түрлі қатынастар өзара аса күрделі байланыста өтіп жатады. Осы қатынастардың әркайсысын қарастыратын жеке қоғамдық ғылымдар бар. Мәселен экономикалык теория адамдар арасындағы экономикалык, өндірістік қатынастарды зерттесе, тарих қоғамды түрлі тарихи дәуірлерге, түрлі халықтармен елдерге бөліп қарастырады, эстетика- өнердің даму заңдары мен түрлерін, педагогика адамды әлеуметтендірудің басты бір нормасы - оқыту мен тәрбиелеу зандарын қарастырады. Ал әлеуметтік философия алуан түрлі, күрделі қатынастар үшін ортақ заңдылықтарды тұжырымдай отырып, қоғамды біртұтас жүйе, өзінің обьективтік заңдылықтары бойынша дамитын әлеуметтік организм ретіндс қарастырады.

2. Әлеуметтік философияның пәні қоғам өмірі және оның даму зандары.

Қоғамдық кұбылыстарды зерттеу барысында әлеуметтік философияның өзінің жалпы категорияларын, яғни қоғамдық дамуының ең жалпы, мәнді жақтарын бейнелендіретін ұғымдарын тұжырымдайды. Мұндай категорияларға, мысалы, "қоғамдық болмыс", "қоғамдық сана ", "еркіндік пен қажеттілік ", т. т.кіреді. Бұл категориялар әлеуметтік заңдардың әрекетін нақтылай түседі.

Қоғамдық болмыс- адамдардың материалдық өмірі, қоғамдық сана -қоғамдық болмыстың бейнесі, суреті.Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана категориялары қоғамды кұрайтын қатынастардың бәрін екі түрге — материалдардық қатынастар мен идеологиялық қатынастарға бөліп қарастырады. Ал материалдық қатынастардың негізін экономикалық, өндірістік қатынастар кұрайды. Идеологиялық қатынастар - саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық діни т.б. қоғамдық саналар мен ой-пікірлердің, идеялардың көзқарастардың жиынтығы. Бұл екеуі қоғамда тығыз байланыста болып, оның мәнін, заңдылықтарын белгілейді. Әлеуметтік философияның ең басты принциптері: қоғамның материалдық өмірінің яғни қоғамдық болмыстың қоғамдық санаға қарағандағы алғашқы екенін және қоғамдық сананың қоғам өміріндегі белсенді рөлін мойындау: адамдар арасындағы әр түрлі болатын қоғамдық қатынастарды қоғамның экономикалық құрылымы болып табылатын өндірістік қатынастар мен тығыз байланыста алып түсіндіру: қоғамға тарихи қөзқарасты ұғыну: адамдарды тарихтың субьектісі деп тану т.б.

3. Қоғамдық құбылыстар, процесі заңды түрде дамиды. Бұл заңдар обьективті сипатта болады. Тарихтың әлеуметтік зандарының табиғат заңдарымен ұқсас жақтарының болуымен қатар, олардың түбегейлі айырмашылықтары да болады. Бұл айырмашылықтар қоғамдық дамуды табиғи-тарихи процесс деп сипаттауға мүмкіндік береді. Табиғат процесстеріне қарағанда, әлеуметтік процесстердің ерекшелігі сол, олар адамдардың іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асады.

Мұнда ешқандай да логикалық қайшылық жоқ. Өзінің белгілі бір мақсаттарын көздеп, қайсы бір идеяларды басшылыққа алатын адамдар (әсіресе үкіметтер, партиялар, топтар сияқты адамдардың -үлкен топтары ) әрдайым өздерінің сапасы мен еркінен тәуелсіз обьективтік жағдайларда өмір сүреді, кейбір жағдайлар, сайып келгенде, олардың іс- әрекетінің бағыты мен сипатын, идеялары мен талпыныстарын айқындап береді.

Тарихи қажетілік пен еркіндік туралы екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі фатализм деп аталса, екіншісі валюнтаризм деп аталады.

Фатализм (латынша Fatalis — тағдыр деген сөзден шыққан) қоғамдағы құбылыстар мен процестердің бәрі қажетті түрде болуға тиісті, кездейсоқ ешнәрсе жоқ деген көзқарас. Валюнтаризм (латынша ерік деген сөзден алынған) тарихтың заңдылықтары жоқ, оның дамуын жеке тұлғалар, олардың еркі белгілейді деген көзқарас.

Тарихи қажеттілік адамдарды әрекетсіздікке бастайтын, олардың қарсы туруына көнбейтін дүлей күш емес.Тарихты жасайтын адамдар болғандықтан, олар тарихи қажеттілікті, заңдылықтарды танып біле отырып, соларға сәйкес әрекет етеді, қоғам өмірінің түрлі жақтарын өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес өзгертуге белсенді іс-әрекет етеді. Адамның еркіндігі міне осы обьективтік қажеттілікті танып білуде және оны адам мүддесіне пайдалануда айқындалады.

 

4. Қоғам өмірінің негізі, түпкі қозғаушы күші материалдық игіліктерді өндіру болып табылады. Алайда өндіріс процесі белгілі бір табиғи жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады. Ондай табиғи жағдайларға географиялық орта және түрлі халықтар жатады.

Қоғам табиғат дамуының жалғасы, нәтижесі болып табылады. Ол табиғатпен үздіксіз қарым-қатынаста болатын орта деп аталады. Географиялық орта климат пен топырақ, өзендер мен теңіздер, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, жер қыртысы және жер астындағы қазба байлықтар және т. б. жатады.

Географиялық орта - адамның өндірістік іс-әрекетінің қажетті алғы шарты. Ол қоғам дамуына екі түрлі әсер етуі мүмкін. Қолайлы табиғат жағдайлары (пайдалы қазба байлықтарының, орманның, өзен суының қоңыржай климаттың болуы т.б.) қоғамның дамуына игі әсерін тигізеді. өйткені олар өндірістік қатынастардың дамуына жағдай жасайды. Ал қолайсыз табиғи жағдайлар қоғамның дамуына теріс әсер етеді. Мәселен кен байлықтарының болмауы өнеркәсіптің дамуына, ал аса құрғақ климат ауыл шаруашылығының дамуына кедергі болады.

Алайда географиялық ортаның қоғам дамуындағы рөлін әсіре бағалау дұрыс емес. Социологияда географиялық детерминизм деген сыңаржақ бағыт бар. Оның өкілдері адамдардың психологиялық ерекшеліктері, қоғам өмірінің бүкіл құрылымы географиялық ортаның әсеріне тікелей байланысты дейді. Географиялық бағыт қоғамның табиғатқа тигізетін әсерін, оны өзгертетінін ескере бермейді.

Қоғам мен табиғат өзара табиғи байланысты болады. Осынын нәтижесінде ноосфера (гректің '"ақыл" және «сфера» деген сөздерінен шыққан) деп аталатын табиғатты "адамдандыру" яғни адамның табиғатты игеру процесі пайда болды. Ноосфера адамзаттың пайда болуына байланысты туды. Қуатты, дамыған техника мен технологияны пайдалана отырып, адам жер табиғаты мен жердің айналасындағы кеңістікке зор әсерін тигізеді. "Биосфера — деп жазды В.И.Вернадский - жаңа эволюциялық күйге - ноосфераға айналды және айналуда, ғылыми ой әлеуметті адамзатты өндеуде "(Вернадский В.И.Размышление натуралиста кн2.М.1977.с.7І)

Қоғам өмірінің екінші қажетті табиғи жағдайы - тұрғын халық.. Адамсыз өндірістің болуы мүмкін емес.Басқа жағдайлары бірдей болып, адам күші көп болса және халықтың өсу қарқыны жоғары болса, бұл елдің тез дамуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз.

Бірақ тұрғын халықты қоғам дамуының шешуші күші деп, толық сеніммен айтуға болмайды. Өйткені кейбір халқы көп және өте тығыз орналасқан елдер (мыс: Нигерия, Үндістан т.б.) экономикалық және мәдени дамуы жағынан көп артта қалған.

Халықтың қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалайтын көзқарас бар. XVIIІғ. ағылшын экономисі Мальтустың пікірінше халықтың өсуі қоғамның дамуына кедергі келтіреді, өйткені қоғам адамның бәрін асырай алмайды; олай болса кедейліктен, аштықтан, жұмыссыздықтан құтылудың жолы -халықтың некеден, көп бала табудан бас тартуы деп жариялайды. Бұл көзқарас әрине қате.

Сонымен, географиялық орта да, тұрғын халықтың аз-көптігі де қоғамдық дамудың түпкі шешуші күші бола алмайды. Мұңдай шешуші күш материалдық игіліктерді өндіру болып табылады.

5. Өндіріс процесінде адамдар табиғатпен және өзара қарым - қатынас орнатады. Осы екі түрлі қатынастар қоғамның экономикалық өмірінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағын-өндіргіш күштерді және өнірістік қатынастарды құрады. Өндіргіш күштер дегеніміз-қоғам жасаған өндіріс кұралдары, ең алдымен еңбек құралдары және тіршілік үшін қажетті өнімді жасаушы адам.

Еңбекші адам қоғамның өндіргіш күштерінің басты элементі болып табылады, өйткені адам өзінің білімін, тәжірибесі мен енбек дагдысын пайдалана отырып, еңбек құралдарын жасайды және қималға кслтіреді, сөйтіп өндірісті жүзеге асырады.

Өндіріс процесінде адамдардың арасында қажетті түрде өндірістік қатынастар деп аталатын белгілі бір қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар адамдардың өндірістік іс-әрекетінің ажырағысыз бөлігі болып табылады, өйткені адамдар жеке- дара өндіре алмайды, бір -бірімен қатынаса, қауымдаса отырып қана өндіре алады. Әлеуметтік философия өндірістік қатынастардың кұрылымы мен ерекшелігін, өндіргіш күштермен және басқа да қоғамдық кұбылыстармен байланыста қарастырыды. Өндірістік қатынастар саласына жататындар: өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік формасы, сондай-ақ әлеуметтік топтардың өндірістегі жағдайы және материалдық игіліктерді бөлу формасы. Өндірістік қатынастар адамдардың санасы мен еркінен тәуелсіз обьективті түрде қалыптасады. Өндіріс бір орнында тұрмайды. Ол ұдайы өсуде, дамуда болады, Мұның себебі ,біріншіден, жер бетіндегі адамдардың саны ұдайы көбейіп отыратындығында болса, екіншіден, адамның қажетінің үздіксіз өсуінде. Өндірістік даму өндіргіш күштердің өзгерісінен басталады. Еңбек кұралдарының және өндіріс қызметкерлерінің жетілуіне байланысты адамдардың өндіріс процесіндегі қатынастары - өндірістік қатынастар да өзгереді. Өндірістік қатынастарды өзгерту үшін экономикалық реформалар жүзеге асырылады.

6. Өндірістің дамуы алдымен өндіріс құралдарының дамуынан басталады. Өндіріс кұралдары - техниканың дамуында "революция " деп аталатын түбірлі сапалық өзгерістер болып тұрады. Қоғамдық өндірістегі алғашқы революция - тас құралдың орнына металл құралдың шығуы және егіншілікке өту болды. Өндіргіш күштердің дамуындағы екінші революциялық төңкеріс ХVШ-ХІХ ғ.ғ. өнеркәсіп төнкерісі болды.

Өнеркәсіп деген атауға ие болған бұл түбірлі сапалық өзгеріске машина техникасының енгізілуі байланысты болды. Қазіргі заманда (XX ғ.50-ші жылдарынан бастап) қоғамның өндіргіш күштерінің дамуында ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) ролі орасан үлкен. ҒТР - қазіргі заманғы қоғамның өндіргіш күштерінің бүкіл жүйесіндегі аса күрделі өзгеріс: ол төңкеріс ғылымның қоғамның тікелей өндіргіш күшінс айналуы негізіндс іске асты. ҒТР-дың ықпалымен адам мен ғылым, сондай-ақ адам мен адамның арасындағы қарым қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Ғылыми-техникалық революцияның өріс алуының нәтижесінде біздің заманымызда бүкіл адамзаттың өмір сүру проблемалары ортақ. тарихи тағдыры да ортақ біртұтас қауымдастыққа бірікті десе болады. Бұл тарихи процесс белгілі бір дәрежеде жер шарының барлық халықтарын қамтыды.

Бақылау сұрақтары

  1. Қоғам ұғымы
  2. Орта ғасыр философиясындағы қоғам талқыламасы.
  3. Қоғамдық қатынастар