Жоспары.
- Даму заңдары. Қарама – қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы.
2. Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы
3. Терістеуді терістеу заңы.
Лекцияның мақсаты:дилектиканың негізгі заңдарын меңгеру.
1. Қарама – қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы материялдық дүниенің мәңгі қозғалысы мен дамуының шынайы себептерін ашып береді. Оны білу табиғаттың, қоғам мен ой – сананың даму диалектикасын ұғынудың ал ғылым үшін практикалық әрекеттерді ұғыну маңызына ие.
Объективті шындықтың қарама – қарсылықтарын талдау, оның табиғатын анықтау кез – келген ғылыми зерттеу мен практикалық іс -- әрекеттердің маңызды талабы.
Барлық заттар мен құбылыстардың қарама – қарсы жақтары бар. Олардың бәрі өзінше орғаникалық байланысты, қарама – қарсылықтардың үздіксіз бірлігін білдіреді. Тек қарапайым бөлшектер ғана емес, олардан құралған атомдар да қарама – қарсы оның ортасында оң зарядтағы ядро орналасқан, ал оның айналасында теріс зарядты әлектрондар қозғалады. Химиялық прноңес – бұл атомдардың асоциациясы (қоспалар) мен диссоциациясының (бөлшектер) қарама – қарсы бөлігі.
Қарама – қарсылықтар тірі организмдерде де кездеседі. Тұқым қуалаушылық – бұл агзаның тұқым қуалау жолымен алған қасиеттерді өндіріп шығару, жетіл , даму мүмкіндіктері.
Адамның психикалық әрекеті бір – біріне қарам – қарсы қозу және тежелу процесімен, мидың үлкен жалпы шарының қабығында қозудың шоғырлануы мен таралуымен сипатталады.
Қарама – қарсылық, таным процесіне де тән. Адам зерттеудің өзара байланысқан және қарама – қарсы индукция және дидукция, анализ және синтез секілді әдістерін қолдданады. Міне осылайша, дүниедегі заттар мен құбылыстардың қарама – қарсылығы жалпылама әмбебап сипатқа ие. Дүниеде, қарама – қарсылықсыз дамып көбейген заттар мен құбылыстар жоқ.
Қарама – қарсылықтар бірін – бірі жойып қана қоймай бірін – бірі толықтырыпта отырады. Олар бір затта немесе құбылыста өмір сүреді. Және оларды бір – бірінсіз елестету мүмкін емес.
Сонымен, біз, заттар мен құбылыстар қарама – қарсылықтардың бірлігі екенін анықтадық. Осы бірліктің сипаты қандай? Қарама – қарсылықтар осы тұтастықта бейбіт өмір сүре ме, әлде қарама – қарсылыққа келіп, бірімен – бірі күреске түсе ме?
Шындық заттары мен құбылыстарының дамуы, қарама – қарсылықтарындың тұтас бір затта бірге бейбіт түрде өмір сүре алмайтынын көрсетеді: қарама – қарсылықтардың бір – бірін жоққа шығару қасиеттерінің болуы, олардың арасында күрестің туындауын қажет етеді. Еекі мен жаңа заттардағы жаңа қалыптасып келе жатқанмен мерзімі өткен арасында күрес туындамай болмайды. Қарама – қарсылықтардың күресі мен қарама – қайшылық материяс мен сананың дамуының негізгі көзін құрайды.
2. Сапа – заттың өзіне тән бірнеше сипаттарының жиынтығы. Осы сипаттар сол затты немесе құбылысты және өзімен ұқсас өзге заттар мен құбылыстардан ерекшеленіп тұрады.
Мөлшер – заттардың құбылыстардың, процестердің даму сатысына қарай, немесе соларға тән қасиеттердің интенсивтілігіне қарай көлемдік және сандық көрсеткіштермен сипатталуы.
Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы даму процесі қалай жүреді, бұл процестің механизмі қандай екенін көрсетеді.
Бұл заңның мәнін ұғыну үшін, алдымен сапа мен мөлшер дегеніміз не екенін анықтап алуымыз қажет.
Затты сол заттың өзі етіп тұратын, оны өзге заттардан ажыратып тұратынның бәрін сапа дейді.
Барша заттар мен құбылыстардың сапасы бар. Осы сапаның көмегімен біз заттарды ажырата аламыз. Тірінің өліден нендей айырмашылығы бар. Оның негізгі айырмашылығы – қоршаған ортамен байланысқа түсіп, сыртқы әсерге жауап беріп, көбейей алады. Міне осы және де өзге де ерекшеліктер оның сапасы бола алады.
Сапа жағынан қоғамдық құбылыстар да ерекшеленеді. Мәселен капитализмді, феодализмнен ерекшелейтін, мұнда тауарлы өндіріс үстем болып, капиталистік меншіктің жалдамалы еңбектің және тағы басқа сипаттардың болуы.
Сапа қасиеттерде де көрінеді. Қасиет затты тек бір жағынан ғана сипаттап беретін болса, сапа зат туралы тұтастай түсінік береді. Сары түс, тез еруі, ауыр болу, алтынның жекелеген қасиеттері болып табылады, ал осы қасиеттердің жиынтығы – сапаны білдіреді.
Қандай да бір сападан өзге заттың мөлшерлік жағы да болады. Сапаға қарағанда мөлшер затты, даму дәрежесі немесе соған сай қасиеттердің интенсивтілігі, сонымен бірге көлемі бойынша сипатталады. Әдеттегідей мөлшер сонымен белгіленеді. Сандық көрсеткіштердің өлшемі, салмағы, заттардың көлемі, соларға тән түстер мен бояулардың шығаратын дыбыстардың интенсивтілігініңболуы тән.
Өлшем дегеніміз сапа мен мөлшердің диалектикалық бірлігі.
Мөлшерлік және сапалық айқындама қоғамдық құбылыстарға да тән. Танымда және практикалық іс -- әректте құбылыстың мөлшерін және сапалық жақтарының бірлігін ескерген өте маңызды.
3. Терістеуді терістеу заңы материялдық дүниенің даму қарқынының жалпы бағытын айқындап береді.
Осы заңның мәні мен маңызын ұғыну үшін, алдымен диалектикалық терістеу дегеніміз не және оның дамудағы орны қандай?
Материалдық шындықтың барлық саласында әрдайым еекінің өліп, жаңаның тууы жүріп жатады. Еекінің – жаңаның алмастыруы. Өліп бара жатқанды жаңадан туындап келе жатқанның алмастыруы дамуды білдіреді. Ал екіні құлатып, сол еекінің негізінде жаңаның пайда болуын терістеу деп айтады.
Бақылау сұрақтары
1. Көне шығыс философиясындағы диалектика
2. Антикалық философиядағы диалектика
3. Зенонның апориялары
4. К. Маркс философиясындағы дилектика