Жоспары.

 

1. Болмыстың әмбебап байланыстары. Дүниенің жүйелігі : “Жалпылық”, “өзгешілік” және “жекелік”, “бүтін”және “бөлік”, “жүйе” және “элемент” категориялары

2. Болмыстың құрылымдылғы : “құрылым” және “функция”, “мазмұн” және “түр” категориялары.

3 Детерменизм концепциясы: “себеп” пен “салдар”, “қажеттілік” пен “кездейсоқтық”, “мүмкіндік” пен “шындық”, “мән” және “құбылыс” категориялары.

 

Лекцияның мақсаты:Болмыстың құрылымымен танысу

1. Материяның белгілі бір формасына жататын құбылыстар сан алуан болғанымен, олардың бәрінің түпкі мәні бар дедік.Олай болса жалпылық өзгешелік және жекелік-құбылыс категориясының тағы бір негізгі қырларының бірі . Бір тектен өрбеген санасыз көп құбылыстарды тұтас етіп тұратын нәрсе бар екендігін адамдар өз тәжірибиесінің ең қарапайым дәрежесінде –ақ байқаған .

Алуан түрлі құбылыстардың іс-әрекеті ашылатын ең алғашқы, ең сыртқы түрі-ол құбылыстардың ұқсастығы , бір келкілігі. Дәлірек айтсақ сыртқы белгілерінің біркелкілігі, сыртқы ұсастық.

Филасофия тарихында жалпылық пен жекелік туралы сөз етілгенде, олардың негізге алып сүйенгені көбінесе осы жоғарыда аталған көрініс еді .

Жекелік - заттың, құбылыстың, процестің қайталанбас қасиеттері, сипаттары , жақтары.

Жалпылық- заттардың құбылыстардың процесстердің қайталанып отыратын жақтары, сипаттары,қасиеттері.

Жекелік пен жалпылықтың сипаттары:

1.Жалпылықтың категориясы , заң категориясымен тығыз байланысты.

Жалпылық қажеттілікпен тығыз байланысты.

Жалпылық мәнділік категориясымен байланысты.

Кездейсоқ және құбылыс категориясымен жекелік категориялары тығыз байланысты.

Күнделікті қатынастарымызда бірнәрселерді бүтін, ал екіншілерін бөлік деп қарайтынымыз белгілі. Ол түсініктер де болмыстың бүтіні мен бөлік сияқты қырларымен кезігіп қана қоймайды, олар жасаған нәрселерінің бәрінде, іс-әректінің өзіде аяқталған бүтіндік үлгісі мен қүруға тырысады .

Бүтін- дегеніміз ең әуелі, құрлымындағы бөлектердің өз бөліктерінде жоқ қасиеттерге , жаңа санаға ие күрделі жүйе .

Бөлік - күрделі жүйенің , бүтіннің даму заңдылықтарына бағына отырып, оның өз дербестігін сақтайтын ажырамас құрамдас жағы .

Күнделікті практикадан бүтін мен бөлік туралы түсініктер , әрине ғылыми ұғымдар дәрежесіне жете алмайды . Сондықтан қысқаша түрде бүтін мен бөліктің мынандай сипаттарын келтіре кетейік.

Жекеленген бөлшектердің бүтінге кіретін өзара байланысының заңдылықтары “бүтін” және “ бөлік” категорияларында көрінеді .

-Бөлшектердің бүтін ішіндегі өзара байланыс заңдылықтары. “Элемент” және “құрлым” категорияларында көрінеді.

-Кез келген өзге заттардың (құбылыстардың ,принңіптердің , қатынастардың) өзара байланыстары, бүтінді құрай отырып , оның құрылымына айнала отырып , сонымен бірге оларды бұтінің бөлікткріне және сәйкес құрлыдардың элементтеріене айналдырады.

“Бөлік” ұғымы “элемент”ұғымынан кең . Бүтіннің бөіктері тек элементтерғана емес , соымен бірге элементтер арасындағы өзара байланыстарның өзі деген құрылым.

 

2. Өзгерген нәрсе жалпы алғанда өзін-өзі сақтайды, яғни өзінің өзіндік, ерекшке табиғатын жоймайды, нақ сол ерекше болмыс ретінде қала береді, бірақ, екінші жағынан тануға болмайтын өзге түрлерге ауысады. Ал енді мұның түрі мен мазмұны қайсы? Оларды бір-бірінен ажыратуға бола ма? Бұларды ажыратуға адамдардың әлеуметтік практикасы негұрлым бай материал бере алады. Мазмұн дегеніміз – заттың не құбылыстың ішкі құрылымы, оларды құрастырып тұрған элементтердің өзара байланысы, даму процесі.

Түр – мазмұнның ұйымдасуы, құрылымы, оның көрініс табуы. Маселен, атомның мазмұны – оны құрайтын қарапайым бөлшектер, олардың қозғалысы. Ал түр дегеніміз, сол бөлшектердің өзара орналасуы, құрылымы.

Мазмұн мен түрдің сипаттамасы:

Мазмұн түрге қатынасында анықтаушы ролге ие болуымен сипатталады.

Дамуда - форманың мазмұннан артта қалушылығы тән.

Бір түр, әртүрлі әрі бір-біріне қарама-қарсы мазмұндар тарапынан қолданыла береді.

Даму процесінде мазмұн мен түр арасында сәйкестік пайда болады.

Түр – мазмұнның дамуы мен белсенді қозғаушы күші.

 

3. Детерминизм – бұл табиғаттың , қоғамдық психологиялық құбылыстарының жалпылама себебі болатын материялдық себептілік жайлы ілім. Дамудың барлық түрінің негізінде бүкіл өмір сүрушілердің, белгілі себептерімен заңдылықтардың әрекеті нәтижесінде пайда болу мен жайылу миханизмі жатыр.

Заттардың байланыстарының барлық формасы, соның ішінде себеп

салдардың байланыстары да ақиқаттың өзіне тән мазмұнның әрбір құбылысы өзінің негіздемесі мен себептері бар.

Қоғамдық өмірдегі дитерминизм. Қоғамдық даму мен әлеуметті

байланыстар белгілі бір себептермен заңдылықтардың әрекетіне негізделген.

Себептілік детермизм консепциясының ең басты мазмұны осы себептілік тен келіп туындайтын “қажеттілік” пен “кездейсоқтық”, “мүмкіндік” пен “шындық”, “мән” және “құбылыс” категориялары қатардың , құбылыстардың ішкі және сыртқы себептілігінен келіп туынайтын ұғымды білдіреді.

 

Бақылау сұрақтары

  1. Болмыс құрылымы
  2. Кеңістік пен уақыт
  3. Кездейсоқтық пен қажеттілік
  4. Қозғалыс пен даму