ЛЕКЦИЯ №19

Тақырыбы: Онтология: негізгі ұғымдары мен принциптері.

Жоспары:

  1. Болмыс категориясы және оның мазмұны. Болмыстың негізгі формалары.
  2. Философиядағы субстанция мәселесі.
  3. Материя және оның өмір сүруінің формалары.

Лекцияның мақсаты:Болмыс категориясымен жіне оның мазмұнымен танысу

1.Дүниені философиялық тұрғыдан ұғынудың бастапқы категориясы болмыс болып табылады. Бұл категорияда адамның өзін қоршаған дүние туралы және адам санасы туралы ой-пікірі көрініс табады. Жекелеген заттар мен процестер, құбылыстар пайда болып, жойылып жатады, ал дүние тұтастай өмір сүреді әрі сақталады. Болмысты білу, дүние жайлы терең пайымның бастапқы алғы шарты болып табылады. Философиялық ой үшін оның пайда болған кезінен бастап болмыс жайлы толғаныстар оның күрделі проблема екенін көрсетеді. Себебі, сезіммен қабылданатын дүниенің болмысы анық бола алмайды.

“Болмыс” ұғымы, “шындық”, “ақиқат”, “өмір сүру” ұғымдарымен бір қатарға қойылып, кейбір контекстерде синоним ретінде қарастырылады. Сонымен бірге болмыс оның тұтастығын өмір сүру арқылы бекітетін дүниенің интегралдық сипаты.

Болмыс ұғымы, заттардың, процестердің өмір сүру сипатынан өзге айырмашылықтарының бәрінен алшақ жатады. Бұл дүниеге бастапқы тұтастықты беріп, оны философиялық ой-толғамның объектісіне айналдырады. Сондықтан, дүниені философиялық тұрғыдан ұғыну жолындағы алғашқы мәселелердің бірі болмыстың тәсілдері мен формаларының алуан түрлілігі болып табылады.

Өмір сүру тәсілі бойынша болмыс, екі әлемге, яғни екі ақиқатқа бөлінеді. Олар:

- физикалық жағдайдағы әлем немесе материалдық-табиғи әлем.

- психикалық жағдайдағы әлем, сана әлемі, адамның ішкі дүниесі.

Бұл екі әлем де – сана әлемі мен табиғат әлемі, болмыс ұғымы арқылы сипатталады. Алайда, олардың өмір сүру тәсілдері алуан түрлі. Физикалық, материалдық, табиғи әлем, адамның еркі мен санасынан тыс өмір сүреді. Психикалық әлем адамның, жекелеген тұлғалардың еркі мен мүдделеріне тәуелді болғандықтан субъективті түрде өмір сүреді. Болмыстың осы екі тәсілі бір-бірімен шынайы түрде қалай байланысқаны жөніндегі мәселе философияның ең басты мәселелерінің бірі болып табылады. Болмыстың осы екі негізгі формасының құрамдасуы болмыстың тағы да бірнеше формасын бөліп шығаруға мүмкіндік береді. Оларды былайша жіктеуге болады.

 

Болмыс

 
 


Заттар болмысы немесе Табиғат және әлеуметтік Жекеленген рухани Әлеуметтік болмыс

материалдық болмыс. жаратылыс ретіндегі болмыс және объектив- (жеке адамның материяның дербес адам болмысы. тендірілген рухани болмысы мен қоғам

ақиқат ретінде, табиғат болмысы. болмысы).

пен қоршаған дүние

құбылыстары түрінде

өмір сүруі

 

 

2.Болмыс формаларының алуан түрлілігі мынадай сұрақтың қойылуына себепші болады: осы формаларды біріктіруші бір нәрсе бар ма? Шексіз алуан түрлі дүниенің тұтастығы жайлы айтуға бола ма? Мұндай тұтастық жайлы идея, өмір сүрүші барлық нәрсенің түп негізі жайлы түсінікті қалыптастырып, философияда осыны нақты көрсету үшін субстанция категориясы пайда болды. Бұл категория заттардың, оқиғалардың, құбылыстардың, процестердің ішкі тұтастығын бекітіп, осылардың көмегімен әрі осылар арқылы сол тұтастықтың өмір сүуін қамтамасыз етеді.

Міне осылайша сұбстанция жалпылама жүйелілік принңіпі ретінде ғана емес сонымен бірге елеулі функция белсенділік ретінде де ой елегінен өткізіледі.

Дүниенің тұтастығын бір ғана субстанцияда деп түсіндіретін философиялық ілім – монизм деп аталады. Алайда субстанция ұғымы әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай материалистік монизм мен идеялистік монизмді ажыратып алу қажет.

Монизмге дүниенің дуалистік ұғымы қарама-қайшы келеді.

 

3. Материя ұғым ретінде – ол алдымен дүниені жеке адамның өзінің ішкі түсінігі тұрғысынан ұғынуының және оның жекеше бағалауының нәтижесі болып табылады.

Материя бұл адам санасынан тыс өмір сүретін, әрі сол санада

көшірмесі қалатын объективті шындық.

Дүниетанымның бастапқы орны, адам өмірінің ерекшеліктерінен, оның дүниедегі өз орнын ұғыну қажеттілігімен бөлініп кете алмайды. Тек адам үшін бүкіл әлем екі бөлікке бөлінеді, ол: өзіндік “мен” және қалған “мен емес” яғни оған табиғат, қоғам, өзге адамдар да кіреді.

Дүниетанымның ортасында – адам проблемасы тұрады. Ал дүниетаным адамды оның сыртқы дүниемен қарым – қатынасын реттейтін жалпы ұғымдарыман, идеяларымен, құндылықтар жайлы түсініктермен, қамтамасыз етуге арналған.

Материя жайлы осы анықтамада сана ұғымы келтірілген. Алайда, материя ұғымын қарастырар кезде, сана ұғымының мазмұны сирек түсіндіріледі.

Материя мен сананың қарама – қарсылығы неде?

Біріншіден, гносеологиялық образдарда материялдық заттардың өзі жоқ, осы объектілер жайлы ақпарат болса да, олардан шығатын заттылық шен жоқ.

Екіншіден, кобеюші образдар негізінде санада заттай көрініске ие болатын конструктілер қалыртасады.

Үшіншіден, жеке адам санасының материялдық болмысқа тәуелділігі, оның таусылатындығы, жойылатындығы түсіндіріледі. Мұндай жағдайда, оның материялдық болмысты мойындамайтындығы дүниенің шектеулі ұғымына келіспейтіндігі айтылады.

Философиядағы субстанцияның белсенділіг идеясынан дүниенің атрибуттылығы проблемасы келіп туындайды. Атрибут ұғымына, объектінің қажетті, бөлінбейтін, маңызды қаисиеттері жатады. Материяның маңызды атрибуты кейбір философиялық жүйелердің бірінде қозғалыс болса, екіншілерінде – уақыттағы қашықтық, үшіншілерінде – ойлау, төртіншілерінде – мызғымастық, бесіншілерінде – бейнілілік. Қалай болғанымен де материялдылық, өзгеріспен қатар жүрген дүниеде қозғалыс проблемасын айналып өту мүмкін емес. Бұларды қалай қосу керек? Бұл сұрақ философтарды Парменид пен Зенонның кезінен бері толғандырып келді. Материя мен әнергияны біріктіруді ұсынған – энергетизм, қозғалысты – рухани бастамамен біріктіруді ұсынған опиритуализм консепциялары пайда болды.

Қозғалыс деп өзгерістердің барлық түрін айтуға болады. Қозғалыс бұл қарапайым бөлшектердің өзара ауысуы, физикалық әлемнің кеңейюі, агзадағы жасуша құрамындағы заттардың алмасуы, адамдар арасындағы әрекеттердің ойлардың өзара алмасуы.

Дүние қозғалыссыз өмір сүре алмайды. Болмыс дегеніміздің өзі қозғалыс. Кез келген белгілі объект бір қозғалыс түрі, оның өзінен келіп шығуына байланысты өмір сүреді. Оның жойылуынан кейін объект бытырап, өзге объектіге өтіп, өз кезегінде белгілі бір формалардың белгілі бір жиынтығы мен сипатталады. Басқаша айтқанда қозғалыс бүкіл әлемге тән сипат. Ол әлем қалай абсолютті болса ол да сондай абсолютті.

Бұл жерде қозғалыстың екітүрі жайлы айта кеткен жөн. Қозғалыстың бірінші үрінде заттың сапасы сақталады. Одан өзге заттың сапасын өзгерістің қозғалыстың екінші түрі бар.

Сонымен қозғалыстың сапалық сипатымен ерекшеленетін әр түрлі формасы бар. Бір – бірімен үздіксіз байланыстағы материяның негізгі төрт формасын айтуға болады.

Олар: Физикалық, Химиялық, Биологиялық, Әлеуметтік.

Кеңістік пен уақыт материяның атрибуты бола тұрып, оның маңызды формасы болып табылады. Философиялық ойдың тарихында кеңістік пен уақытқа әр түрлі көзқарас болды. Кейбір философтар кеңістік пен уақытқа адамның объективті дүниені қабылдауына байланысты оған объективті сипат берсе, өзгелері кеңістік пен уақыт болмыстың объективті жағы деп есептеді. Объективтілік мәртебесін, болмыстың осы формаларының біріне ғана берген философтарда болды.

Алайда егер дүниенің материялдылығын ақырындап мойындайтын болсақ, онда кеңістік пен уақыттың объективтілігін мойындауға тура келеді. Себебі олар материяның атрибуты болып табылады. Философиялық көзқарас тұрғысындағы кеңістік кеңістік пен уақыт деп нені айтамыз?

Кеңістік – бұл материяның жалпылама объективті түрде өмір сүруінің формасы, ол бір мезгілде өмір сүретін объектілердің орналасу тәртібін білдіреді.

Уақыт – бұл материяның жалпылама өмір сүруінің объективті формасы. Ол болмыстың ұзақтығы мен объекті жағдайларының бірін – бірі алмастырудағы реттілікті білдіреді.

Бақылау сұрақтары

1. Шығыстық болмыс талқыламасы

2. Болмыс және бейболмыс

3. Антикалық философияда болмыс талқыламасы