ЛЕКЦИЯ №18

Тақырыбы: 20ғ.-21ғ. мәдениеті контектіндегі батыстық философия.

Жоспары:

  1. Прагматизм.
  2. Структурализм.
  3. Философиялық герменевтика.

Лекцияның мақсаты:20-21ғ. қоғамдағы адамның орнымен оның рөлін танып білу.

1. Прагматизм (грекше “прагма”- іс, әрекет) субъективті-идеялистік философиялық ілім. ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында АҚШ-та пайда болып, ХХ ғасырда екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі кезеңде кең түрде тарады. Прагматизм – философиядағы сциентистік бағыт болып табылады. Өкілдері: Чарльз Пирс (1839-1914), Уильям Джеймс (1842-1910), Джон Дьюй (1859-1952).

Прагматизмнің басты ұғымы адам үшін жалғыз шындық “тәжірибе” болып табылады. Тәжірибенің негізі – сезімдер, сондай-ақ кез-келген әмоциялық жағдайлар, ерік импульстері. Заттар, қандай да бір айқындама ретінде, тәжірибеде орын алмайды. Олар, субъект тарапынан, сезім ағымынан оның ерік күшімен бөлініп шығады. Бұл тәжірибенің объективті жағы жоққа шығарылып, ол рухани іс-әрекетке барп тіреледі дегенді білдіреді.

Ақиқатты айқындауда прагматиктер ең басты көңілді аксиологияға, құндылық ерекшеліктерге бұрады. Пайда беретін, іс-қимылға әсер ететін, кез-келген жағдайдан шығар жол тауып беретін әрекеттердің бәрі прагматиктер үшін ақиқат болып табылады. Прагматизмнің бір ерекшелігі, ол адамның жүріс-тұрысына айрықша көңіл бөледі. Бұл бағыт, іскерлік, іс-қимыл мен сәттілік жоғары бағаланатын АҚШ-та кең түрде тарады.

2. Стуктурализм гуманитарлық білімдердегі бағыттардың жиынтық атауы. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында бұл бағыт бірқатар ғылымдарда пайда болып, зерттелетін объектілердің құрылымын мазмұнды түрде сипаттауға ұмтылды. Нақты ғылыми бағыт ретіндегі структурализмнің пайда болуы гуманитарлық ғылымдардың сипаттама-эмпирикалық деңгейден, зерттеудің абстрактілі теориялық деңгейіне ауысуымен байланысты. Осы ауысудың негізі ретінде ғылыми ойлау әдісінің өзгеруін структуралық әдісті, нақты ғылыми әдіс ретінде лингвистикада қолданылуын айтуға болады. Мұның негізін қалаушы швейңариялық тіл танушы: Фердинанд де Соссюра (1857-1913). Ол өзінің “жалпы лингвистика курсы” атты еңбегінде осы әдістің негізгі ережелерін қалыптастырады. Кейінірек бұл әдіс өзге де гуманитарлық ғылымдарға тарай бастады. Сондықтан кең түрдегі мағынада структурализм бірқатар гуманитарлық ғылымдарды қамтиды.

Ал сөздің тар мағынасындағы структурализм – структуралық әдістерді қолданумен байланысты ғылыми және философиялық идеялардың кешені. Француз ғылымында Жак Лаканның (1901-1981), Клод Леви-Стростың (1908ж.т), Ролан Барттың (1915-1980), Мишель Фуконың (1926-1984), Исак Дерриданың (1930ж.т) пайда болуымен жаңа философиялық бағыттың сұлбасы көріне бастады. Бұл бағыт Францияда 60-шы жылдары кең тарады.

3. Герменевтика (грекше- түсіндіремін, мағына беремін) – мәтіндерге мағына беру теориясы мен өнері. Герменевтиканың жалпы философиялық бағдары ерте неміс романтизімінде Ф.Шлегель (1772-1829) тарапынан айқындалып, Ф.Д. Шлейермахер тарапынан жасалып шықты. ХХ г-ң философиясындағы герменевтика – бұл мәдениеттің ғылыми жетістіктері мен оны түсіну және кең түрдегі мғынасы – адам рухы жайлы ілім.

Герменевтика өкілдері: (ХХ г-ғы) Ғанс Георг Ғадамер (1990 ж.т), Әмилио Бетти )1890-1968), Поль Рикер (1913 ж.т), Луиджи Парейсон (1918-1991), Джанни Ваттимо (1936 ж.т) т.б.

Ғ.Ғ.Гадамердің герменевтикалық теориясы философияны “мәтіндерге” мағына беруші ой елегінен өткізуші ретінде қабылдайды. Мәтіндерге мағына беру кітаптың беттері ретінде емес, мәдениеттің нақ өзі ретінде түсіндіріледі. Бұл мағынадағы “мәтін” – бұл ұғынуды қажет ететін адамның өмірі. Ұғыну – герменевтиканың ең басты категориясы. Ұғыну – бұл өмірді тәжірибелі және теориялық тұрғыдан тану, оның негізі мен мәнін табу. Сондықтан философия, таным позициясынан (гносеологиядан) ұғыну (герменевтика) позиңмясына өтуі тиіс.

Бақылау сұрақтары

1. Гадамердің герменевтикасы.

2. Структурализм философиясы

3. 20ғ. Батыс философиясындағы негізгі бағыттар