ЛЕКЦИЯ №11

Тақырыбы: XVIII-XIX ғ.ғ. неміс философиясы.

Жоспар:

1. И.Канттың космологиясы мен философиясы.

2. И.Фихте мен Ф.Шеллингтің философиялық көзқарастары.

3. Гегельдің философиялық жүйесі.

4. Л.Фейербахтың антропологиялық философиясы.

 

Лекцияның мақсаты:Неміс философиясының философиялық ойларын оқып үйрену.

1. XVIII ғасырлардың ортасына қарай Европадағы философиялық

шығармашылықтың орталығы Германияға ауысты. Әйтсе де Германия-эконмикада және саяси қатынаста артта қалған ел болғанымен, ол рухани мәдениеттің дамуында – философия мен өнерде алдыңғы орынға шықты.

Философияда 1750-1850 жылдар аралығындағы жүз жылдық жемісті болды. Бұл

классикалық неміс философиясының қалыптасқан кезеңі болды. Оның негізін Иммануил Кант (1724-1804) қалады. И.Канттың философиялық-шығармашылығын “Сынға дейінге ” және “Сыни кезең” деп екіге бөлуге болады. “Сынға дейінгі кезең” Кантта жаратылыстану ғылымымен байланысты. Бұл кезеңде ол жаратылыстану ғылымы ұстанымында болды. Ал “Сыни кезеңде” Кант философияны реформалау мәселесіне ден қояды. Жетілдірілген философияның міндетін, сонымен бірге оның негізгі құрылымын философ мынадай қарапайым сұрақтар түрінде береді:

a. Мен нені біле аламын? (Оның жауабы – “Таза ақыл-ойға сын” кітабы)

b. Мен не істеуім керек? (“Практикалық санаға сын” – Кант этикасы)

c. Мен неге сене аламын? (“Дін тек сана төңірегінде ғана”)

Канттың көзқарасы бойынша кез келген білім тәжірибеден басталады, бірақ ол

онымен шектелмейді. Кейбір білімдер адамның өзінің таным қабілетінен туындайды. Және де ол тәжірибеге дейін априорлы болып табылады. Тәжірибелі білім жалғыз, кездейсоқ, ал априорлы – жалпыға бірдей және қажетті. Жаңа философияның қалыптасуын, теориялық танымның шектеулігі мен антиномиялылығы себепті бірқатар қиындықтарды арылумен байланыстырды. Теориялық танымның шектеулілігі, дүниенің білімнің шамасы жететін “құбылыстарға” (феномендер) және танылмайтын “өзіндік заттарға” (ноумендер) бөлінуінің нәтижесі. Танымның антиномдылығы, қарама-қарсылығы ойлаудың мәнінде жатыр, оның тұтастай бүкіл әлемді сезімдік танымға сүйеніп қамти алмауында.

Мұндай қиындықтардың болуы, философияның мүмкіндігінің шектеулі екенін көрсетпейді. Канттың пікірінше ол танымның дұрыстығын сынға алғанда ғана оның нақты шеқараларын айқындағанда ғана мүмкіндіккке ие болады. Сонымен бірге философия теориялық (“таза”) ақыл-ойды сынаумен шектеліп қалмауы тиіс. Ол үшін практикалық ақыл-ойға сын маңызы жағынан төмен болуы тиіс. (Ол Мораль, құлықтылық және т.б.)

Кант үшін адамның мінез-құлқы үш максимаға негізделуі тиіс.

1. Баршаға бірдей заң болатын ережеге сәйкес амал істеу .

2. Өз амалдарыңды, адам ең жоғарғы құндылық тұрғысынан жүзеге асыр , он құрал ретінде қолдануға болмайды.

3. Барша амалдар, жалпының игілігіне бағытталуы тиіс.

2. Фихте философиясы бастауыш онтологиялық сипаттағы,

жеке бастама ретінде қарастырылатын өзін-өзі пайымдау ілімімен байланысты. Мұндағы жалғыз субстанция -субект. МЕН, өзін-өзі таза пайымдау.

Таза пайымдау ең жоғарғы принципті құлықтылық заңы. Мұндағы ең басты бостандық туралы мәселе болып табылады. Таным туралы ілімінде Фихте философтардың ілімдегі алғашқылардың бірі болып бейсаналылықты зерттеуге тырысты

Ф.Шеллингтің шығармасында бостандық философиясы мен өнер философиясы ерекше орын алады. Шеллинг үшін негізгі гносеологиялық проблемалардың бірі, теориялық (оның түсінігіндегі бейсаналы) және практикалық (саналы) болып табылады. Осы проблеманың шешімін шығармашылықтық ең жоғары түрі - өнерде деп біледі Шеллинг.

Шеллингтегі бостандықтың өзіндік орны жайлы мәселе оның әмбебап бастамадан бөлініп шығуымен шешіледі. Осының нәтижесінде адам Құдаймен қосылуға ұмтылуы керек.

3. Гегель үшін адамзаттың рухани күштерін біртіндеп айқындау ретінде

көрінеді. Жеке адамның рухани дамуы, “Әлемдік рухтың” өзіндік санасының сатыларын байта өндіреді. Бұл рухани даму процесін іштей басқарып отыратын, сезімдік “заттардың” атауға ие болу сәтінен бастап, формалар мен заңдарды яғни “абсолюттік білімді” білумен аяқталады. Гегельде таным процесі, дүниені өзінің мазмұнын ашатын, абсолютті сананың (идеялар) өзін-өзі тануына айналдырған. Сондықтан Гегельде шындықтың дамуы логикалық-рационалдық процесс ретінде көрінеді. Мұнда ұғымдар диалектикасы, заттар диалектикасынан үстемдік етеді.

Гегельдің ең бастр сіңірген еңбегі философия категориялары жайлы, дүние

жайлы ілімдерді таным теориясын, логиканы реформалау болды. Мұндағы идеялар, оның “Логика ілімі” деген жалпы атауы бар үш кітабында шоғырланған.

4. Классикалық Неміс философиясының ең соңғы өкілі Л.Фейербах болып

табылады. Ол философияны жаңартуды, оның мазмұнын адамға қарай бұруға тырысты. Фейербах материалист. Оның көзқарасы бойынша, табиғат - барлық білімдердің көзі. Адам – табиғаттың бір бөлшегі, психилогиялық жаратылыс иесі. Ол үшін әлеуметтік ортаның үлкен маңызы жоқ.

Өзінің философиясында Фейербах діни сананы сынға алады. Оны ол жаратылыстан тыс нәрсеге сенуге негізделген және фантастикалық образдардың жиынтығы деп қарастырды. Алайда діни сынға ала отырып Фейербах оны мүлдем жоққа шығаруға тырыспайды. Еекі дінді жаңасымен алмастыруды ұсынады. Ол жаңа дінді Құдайға деген сүйіспеншіліктің орнына адамға деген сүйінпеншілікті дәріптейтін “Махаббат діні” деп атады

Бақылау сұрақтары:

1. Неміс классикалық философиясындағы көрнекті тұлғаларды еске түсірңіз

2. Г.Гегельдің философиялық жүйесі

3. И.Канттың «дилектикалық антиномияларын» еске түсіріңіз