ЛЕКЦИЯ №1.

Тақырыбы:

Кіріспе. Философия ғылым ретінде

Жоспары:

  1. Дүниетаным ұғымы және оның типтері. Философиялық дүниетанымның өзіндік ерекшелігі.
  2. Философияның пәні және проблематикасы.
  3. Философияның негізгі функциялары

 

Лекцияның мақсаты: дүниетаным ұғымымен және дүниеге көзқарастың түрлерімен танысу. Философияның негізгі функцияларын түсіндіру

 

1. Әрбір адамда өзіндік таным деңгейіне қарай, дүние туралы түсінік қалыптасады. Адамда эмоциялық-сезімдік салаға қатысты дүниенің бар екенін сезіну мен оны қабылдау, сонымен бірге зерделік-ұғымдық салаға қатысты дүниені ұғынып, зерделеу қасиеттері болады.

Сонымен, дүниетаным дегеніміз – адамның дүниеге қатынасын айқындайтын көзқарастар мен сенімдердің, бағалар мен нормалардың, идеалдар мен ұстанымдардың жиынтығы. Мұның бәрі күнделікті өмірде бағыт сілтеуші болып, реттеуші функцияны атқарады.    

 


Дүниетанымның құрылымын мына сызба бойынша елестетуге болады.

 
 

 

 


         
 
Теориялық деңгей ( Ғылым мен философия)
 
Өмірлік – іс-тәжірибелік деңгей (Әдет-ғұрыптар, іс-тәжірибе)
 
 
 
 

 


Бұл жерде мынаны ескере кеткен жөн, кейбір философтар іс-тәжірибе әрекетін дүниетанымның құрылымына қоспайды. Ал біздің пайымдауымызша, өмірлік – іс-тәжірибелік деңгейде дүниетаным тікелей адамның сезімдік тәжірибесінен оның дүниені сезініп, оны қабылдауынан келіп туындайды .

 

 

 
 
Миф (аңыз) – бұл қоғамдық сананың ең көне түрі. Ол дүниенің жаратылысы мен оның құрылымы, табиғат құбылыстарының пайда болу себептері адамдар мен жануарлардың шығу тегі жайлы мәселерінің төңірігіндегі сұрақтарға жауап ретінде пайда болды.  

 


Сонымен, миф дегеніміз – адамның бастапқы санасында шынайы өмірдің фантастикалық көрініске ие болуы және қоғамда қалыптасып отырған қарым-қатынастардың, ұстанымдар мен нанымдардың, мінез - құлық көріністерінің осыған негізделуі. Мифте қоршаған табиғатқа адами қасиет беріледі, ал кеңістік пен уақыт, субъективтілік пен объективтілік бөлінбейтін, тұтас ретінде қарастырылады.

Мифтің ең басты қызметі – дүниенің орналасу тәртібін түсіндіру және қалыптасқан қоғамдық қатынастарды реттеу.

Мифпен және мифологиямен дін тығыз байланысты. Қоғамның бастапқы даму кезеңінде олардың мазмұны біріне-бірі сәйкес келеді. Алайда діннің өзіне тән ерекшелігі болады. Дін догма, аян беру сезімі, рәсімдік әрекеттер жүйесін және адамдардың сенімдегі, үміттегі, махаббаттағы қажеттіліктерін қанағ

аттандыруға қызмет ететін шіркеу мекемелерін қамтиды.

Құдіретті жаратылыс иесіне Құдайға, адам ұғымының сыртында жатқан қандай да бір “қасиетті” бастамаға сену діни дүниетанымның негізі болып табылады.

Рухани – практикалық сипат миф пен діннің ең басты ерекшелігі:

Миф пен дін адамның қоршаған дүниені игеру деңгейімен адамның табиғат пен әлеуметтік тұрмыс жағдайына тәуелділігімен тығыз байланысты.

Философия қоғамдық сананың ерекше формасы болып табылады. Сонымен қатар, мынадай маңызды ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Философияның ең бастапқы негізі адам, оның дүниедегі орны және сол дүниеге қатынасы болып табылады.

2. Философия әлеуметтік – табиғи болмыстың жалпы негізін, тұтастық ретіндегі дүниенің дамуының жалпылама заңдылықтарын зерттейді.

3. Танымның басты құралы адамдық сана (логос) болып табылады.

4. Жекелеген ғылымдардың жиынтығы мен қоғамдық-тарихи практика – Эмпирикалық танымның базасы.

5. Философия шындықты зерттеу процесінде, теориялық-танымдық көзқарас пен құндылықтық көзқарасты ұштастырады ( алынған білім іс-тәжірибедегі қолданысын қалай және қай жерде жүзеге асырады, осы білімнің адам мен адамзат үшін маңыздылығы мен құндылығы қандай).

Филосоофия - әлеуметтік және табиғи болмыстың мәнін, тұтастай дүниені,

осы дүниедегі адамның орнын, адамның дүниеге қатынасын және адам өмірінің мәнін ұғынумен байланысты қоғамдық сананың формасы.

 

2. Философия – бұл дүниетанымның теориялық негізі. Сондықтан ең басты мәселе ретінде бұл жерде сана мен объективті дүниенің қарым-қатынасы қарастырылады, дәлірек айтқанда сана мен материяның өзара қарым-қатынасы қарастырылады. Бұл мәселені екі аспектісі бар. Бірінші аспект мына сұраққа жауап іздеуге айқындалады:

Барлық жаратылыстың түпкі себебі не – материя ма әлде сана ма? Былайша айтқанда осының қайсысы алғашқы болып табылады? Екінші аспект дүниені тануға бола ма? Деген сұраққа жауап іздеумен байланысты. Бірінші аспекттінің мәселесінің шешіміне байланысты философтарды идеалистерге (субъективтік және объективтік) және материалистерге (метафизикалық, диалектикалық) жіктеуге болады.

Алайда мұндай жіктеу философияның екі бағыты – материализм мен идеализм арасында абсолюттік қайшылықтар қалыптасқан деген көзқарасты тудырмауы тиіс. Керісінше материализм мен идеализм, философиялық білімнің дамуының біртұтас процесінің өзара байланысқан екі жағы болып табылады.

Дүниені танып білу мәселесіне келер болсақ, мұнда да ортақ пікір қалыптаспаған. Философтардың көпшілігі, дүниені танып білуге болады дейді. Слайда кейбір философтардың көзқарасы бойынша адам таным қабілетініің шектеулігіне байланысты (мысалы, Д.Юм) немесе заттардың өз қалпында объективті түрде танылмайтындығына байланысты. (Мысалы, Кант) Өзін қоршаған дүниені танып білуге дәрменсіз.

Философияның түбегейлі мәселесінің шешімінің табылуына маңызы жағынан кем түспейтін, оның өзге де бөлімдері - этиканың, эстетиканың антропологияның, әлеуметтік философияның және т.б. да байланысы бар және әлеуметтік философия үшін дүниенің бір жүйесі ретіндегі монизмнің дамуы ең басты мәселе болып табылады. Этика үшін мұндай мәселе моральдың пайда болуы мен оның табиғаты, мейірімділік пен зұлымдық дегеніміз не және т.с.с. Антропология үшін мұндай мәселе – Адам және оның қоршаған дүниедегі орны.

Басқаша айтқанда, философияның әрбір бөлімінде өзінің өзекті мәселесі бар..

Бақылау сұрақтары:

1. Дүниетаным және оның тарихи түрлері

2. Философия пәні және оның зерттеу объектісі

3. Философияның негізгі фунциялары және әдістері