Физика курсы бойынша

қиындығы жоғары 100 есеп

(есептер шешулерімен)

 

Талдықорған қаласы 2012

Алғы сөз

Кітапта қиындығы жоғары есептердің шарттары мен шығару жолдары көрсетілген. Сонымен қатар физика курсы бойынша қысқаша түсінік беріліп отыр. Физикалық есептерді шешу үшін заңдар мен формулаларды жаттап қана фою жеткіліксіз. Кез келген физикалық есепті шешуді қамтамасыз ететін мықты математикалық білім қажет, сонымен қатар ойлау және талдай алу қабілеті болуы керек. Ондай жетістікке жету үшін жеткілікті көп мөлшерде есептерді жүйелі шығару, өз бетімен жұмыс жасауы қажет.Есептердің шешуі өте үлкен есептеулерді қажет етпейді.

Бұл көмекші оқу құралы қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес келетіндей етіп құрастырылған.

Физикадан есептің толық шығарылуын құрайтын тізімі:

· Берілгендері толық алынған есептің қысқаша шартын жазу және берілген шамаларды ХБЖ-не келтіру;

· Есептің шартын талдау және есеп шығару алгоритмін құру;

· Берілгендер есептегі белгісіз шама көрсетілген қажетті суреттер; жаңа айнымалыларды сөзбен енгізу;

· Математикалық өрнектерді толық көлемде түрлендіру;

· Жауабын жалпы түрде формула арқылы беру (есепті шығару үшін аралық квадраттық теңдеуді шешу қажеттігін ескермегенде);

· Алынған жауаптың талдауы, оның шартын формулалау;

· Алынған жауаптың өлшем бірліктерін тексеру;

· Ізделінді шаманы нәтижені дөңгелектеу арқылы есептеу;

· Жауабының алынған сандық мәнін сараптау.

Қолданылатын белгілеулер

t – уақыт;

r– радиус-вектор;

x; y; z декарттық координаттар жүйесіндегі нүктелердің координаталары;

ν – жылдамдық;

а– үдеу;

g– еркін түсу үдеуі;

m – масса;

F; T; Q, … - күштер;

р – импульс;

М – күш моменті;

∆ - физикалық шаманың өсуі ( шаманың өзгерісі);

k – серпімді деформациялар кезіндегі серіппенің қатаңдығы;

μ – үйкеліс коэффициенті;

a, b,...- жазық бұрыштар;

А – механикалық жұмыс;

Ек – кинетикалық энергия;

Еп – потенциалдық энергия;

Е – толық механикалық энергия;

N – механикалық қуат; ядродағы нейтрондар саны; молекулалар саны;

G – гравитациялық тұрақты, G= 6,67*10-11 Н*м2/кг2;

R – қисықтық радиусы; электрлік кедергі;

Rж – Жер радиусы;

Мж – Жер массасы;

р – қысым;

ρ – көлемдік тығыздық; меншікті кедергі;

σ – беттік керілу коэффициенті;

q – электр заряды;

е – элементар электр заряды, е=1,6*10-19Кл;

Е- электр өрісінің кернеулігі;

φ – потенциал; тербеліс фазасы;

U – кернеудің түсуі;

ε – диэлектрлік өтімділік;

I – ток күші; толқын ағынының интенсивтілігі;

J – токтың тығыздығы;

ε – электр қозғаушы күш (ЭҚК);

В– магнит индукциясы;

Ф – магнит ағыны;

С – электр сыйымдылығы;

ε0 – электрлік тұрақты, ε0 =8,85*10-12Кл2/(Н*м2);

μ0 – магниттік тұрақты, μ0 =1,26*10-6Н/А2;

А – тербеліс амплитудасы; массалық сан (ядро үшін);

ω – бұрыштық жылдамдық (циклдік жиілік);

ν – тербеліс жиілігі;

Т – тербеліс периоды;

λ – толқын ұзындығы;

L – индуктивтілік;

d, f – линзадан нәрсеге және кескінге дейінгі қашықтықтар;

F – фокустық қашықтық;

D – оптикалық күш;

h – Планк тұрақтысы, h=6,63*10-34 Дж*с.

* Векторлық шамалар боялған әріптермен берілген: r; ν ; а; g; F; T; Q және т.б.