Бап. Эмиссиялар нормативтерi 2 страница

42-бап. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзудi
әдiстемелiк қамтамасыз ету

1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде тиiстi жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсердi бағалауды әзiрлеу процесiнде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

43-бап. Трансшекаралық әсерi бар объектiлердiң қоршаған
ортаға әсерiн бағалау ерекшелiктерi

Трансшекаралық әсерi бар объектiлердiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

44-бап. Қолданыстағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға
әсердi бағалау ерекшелiктерi

Ескерту. 44-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары

Экологиялық сараптама:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi.

47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi

1. Міндетті мемлекеттiк экологиялық сараптамаға:
1) осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;
4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;
5) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
7) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;
8) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
9) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары;
10) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары жатады.
11) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi мынадай жағдайларда:
1) экологиялық сараптама объектiсi бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама ескертпелерi бойынша жетiлдiрiлген;
2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейiн жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда;
3) сот шешiмiнiң негiзiнде, қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтедi.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi осы Кодекстiң 40-бабында келтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлiнедi.
Орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары I санатқа жатады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары II санатқа жатады.
Осы баптың 1-тармағының 5) – 11) тармақшаларында аталған мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері I санатқа жатады.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын, қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы II санатқа жатады.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

48-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге
асыратын органдар

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, II, III және IV санат объектілеріне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Көрсетілген құрылыс жобаларын қабылдау тәртібін, олардың толымдылығын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру тәртібін қоса алғанда, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу
тәртiбi

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы:
1) белгiленiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң тапсырыс берушiсi (инвестор);
2) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң және жоспарлардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы ұсынады.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
Жаңа объектілерді салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу
мерзімдері

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімі, объектілер құрылыстарының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін – екі айдан, II санаттағы объектілер үшін – бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қайтадан жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін – бір айдан,
II санаттағы объектілер үшін – он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.
3. Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

51-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша берiледi.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға тыйым салынады.
Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысына енгізіледі.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдарды қамтиды.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және iске асыруына тыйым салынады.
5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды.
6. Жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы I, II және III санаттардағы объектілер үшін – қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің қолданылу мерзімі ішінде, IV санаттағы объектілер үшін – мерзімсіз қолданылады.
Құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының қолданылу мерзімі ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті жиынтық қорытындысының қолданылу мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

52-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге
асыратын сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының
құқықтары

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құруға, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды, сондай-ақ заңды тұлғаларды тартуға;
2) сарапшылық бөлiмшелерiнiң, құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сараптама кеңестерiн басқаруға, олардың қызметiн ұйымдастыруға;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу әдiстерiн айқындауға;
5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн, мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға;
6) есептеулерде қате және басқа да олқылықтар жiберiлген, оны түзету қосымша зерттеулердi, iздестiру жұмыстарын не қосымша қаражат бөлудi қажет ететiн құжаттар мен материалдарды пысықтау үшiн қайтаруға;
7) мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;
8) сараптама объектiсiн iске асырудың қоршаған ортаға жағымсыз зардаптарын куәландыратын мән-жайлар анықталған не тапсырыс берушi жоғарыда аталған қорытынды талаптарын орындамаған кезден бастап бiр ай iшiнде бұрын берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын керi қайтарып алуға;
9) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi қосымша материалдарды сұратуға;
10) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбаған объектiлер туралы мәлiметтердi банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына табыс етуге;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелердi шешу үшiн тиiстi материалдар дайындап, құқық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар.
2. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу кезінде сараптама бөлімшелерінің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Сараптама бөлімшелері басшыларының тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар бекітетін, оларды тағайындау және қызметтен босату тәртібі мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттарды қамтитын олар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

53-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы

1. Арнаулы бiлiмi бар және экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi жеткiлiктi тәжiрибесi бар және мемлекеттiк экологиялық сараптама органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге тартылған адам мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады.
2. Экологиялық сараптама жасалуға тиiстi құжаттама тапсырыс берушiнiң өкiлi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырыс берушiмен немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы бола алмайды.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Сарапшының мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге байланысты қызметiне мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот және әкiмшiлiк тәртiппен қорғалуға тиiс, ал мұндай жолсыздықтарға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
6. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi баға беру үшiн мәнi бар қосымша материалдар табыс етiлуiн талап етуге;
2) экологиялық сараптама жүргiзуге мамандарды қосымша тартуға;
3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге асыру тәртiбi мен принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар.
7. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың кешендi, объективтi және сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;
3) қолданылып жүрген нормалар мен ережелер негiзiнде мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен тәртiбiн сақтауға;
5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға уақтылы беруге;
6) сараптама жасалатын объектiлердi одан әрi қарауға қабылдамаған не оларды негiздейтiн материалдар пысықтауға қайтарылған кезде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге;
7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi.

54-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу
процесiне сырттан сарапшылар тарту

Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу сырттан сарапшылар тартуды талап еткен жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптама органдарының сараптамалық қорытындылар алу үшiн басқа мемлекеттiк органдарға, өзге де ұйымдарға, сондай-ақ жекелеген мамандарға өтiнiш жасауға құқығы бар. Сырттан сарапшылар тартуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

55-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен
нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының
тiзiлiмi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады және оларға тiркеу нөмiрлерiн бередi.