СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

тәжірибелік сабаққа арналған

әдістемелік нұсқаулар

 

 

Мамандығы: жалпы медицина

Пән: акушерия және гинекология

Кафедра: акушерия және гинекология

Тақырыптар: 1-5 (2-блок)

 

 

 

Семей – 2013ж.

 

1. Тақырып №1: Акушерлі-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі.

2.Мақсаты: ҚР-да әйелдердің денсаулығын қорғауды қамтамаыз ететін акушерлік-гинекологиялық бағыттағы мекемелердің түрлерімен, олардың негізгі міндеттерімен таныстыру. Перинаталдық көмектің аймақтандыру принциптерімен таныстыру. БДДҰ ұсыныстарына сәйкес акушерлік стационардың санитарлы-гигиеналық тәртіп ерекшеліктерімен таныстыру.

3. Оқыту міндеттері:

Студент білу керек:

- ҚР акушерлік-гинекологиялық мекемелердің түрлерін;

- акушерлік-гинекологиялық мекемелердің негізгі міндеттерін;

-аймақтандыру принциптерін және перинаталдық көмек көрсету деңгейлерін;

- акушерлік стационар жұмысының көрсеткіштерін және негізгі құжаттарды;

- ЖДА және әйелдер кеңесі жұмысының көрсеткіштері мен негізгі құжаттарды;

- акушерлік стационардың санитарлы-гигиеналық тәртіп ерекшеліктерін.

Студент істеу керек:

- аймақтандыру принциптеріне сәйкес перинаталдық көмек көрсету деңгейін анықтау;

-әріптестермен және басқа медициналық қызметкерлермен максималды сенімділік қатынас орнату.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Акушерлік-гинекологиялық мекемелердің негізгі түрлері.

2. Фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП), жұмысын ұйымдастыру және міндеттері.

3. ЖДА және әйелдер кеңесі, жұмысын ұйымдастыру және міндеттері. Негізгі құжаттар.

4. Акушерлік стационардың құрылысы, міндеттері және жұмысын ұйымдастыру. Негізгі құжаттар.

5. ҚР перинаталды көмекті аймақтандыру. Көмек көрсету деңгейіне байланысты акушерлік стационарларды бөлу принципі.

6. Акушерлік қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштері.

7. Акушерлік стационардың санитарлы-гигиеналық тәртіп ерекшеліктері.

8.Гинекологиялық науқастарға, жүкті, босанушы және босанған әйелдерге медициналық қызмет көрсетуде бірігіп жұмыс істеу.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

1.Тақырыптық сұрақтарды талдаумен «параллельді жауап» әдісі бойынша кіші топтарда жұмыс. Параллельді түрде берілген уақытта студенттер тақтада сұрақты талқылайды. Тьютор-студенттер жауаптарды бағалайды.

2. Акушерлік-гинекологиялық мекемелердің негізгі көрсеткіштерін есептеумен ситуациялық есептерді шешу.

6. Әдебиет

1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология/ А.Т. Раисова, Р.Г.Нуркасымова.-Алматы: Асем-Систем,2006.-296 б.

2. Укібасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдық курс: Оқу құралы/Т.М. Укібасова, А.Б.Тусіпкалиев;-Актөбе, 2008.-172 б.

3. Акушерияға кіріспе/Х.Н.Нуржанов. – Алматы: КазУМУ, 2002.-92 б.

4. Бейсембаева Р. Акушерия/Р№Бейсембаева. – Алматы: Білім, 2004, 2006

7. Бақылау (тесттер)

1. Тақырып № 2: Репродуктивті денсаулықты қорғау. Жанұяны жоспарлау.

2. Мақсаты: студенттерді репродуктивті денсаулықты қорғау сұрақтарымен, жанұяны жоспарлау принциптері мен міндеттері, қазіргі контрацепция әдістерінің жіктелуімен таныстыру.

3. Оқыту тапсырмалары:

Студент білу керек:

-репродуктивті денсаулық, жанұяны жоспарлау түсініктерінің анықтамасын;

- әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау принциптерін;

- жанұяны жоспарлау принциптерін;

- қазіргі контрацепция әдістерін.

Студент істей білуі керек:

- гинекологиялық науқастан анмнез жинау;

- гинекологиялық науқастарға объективті зерттеу әдістерін қолдану;

- босанған әйелдерге босанғаннан кейінгі контрацепция сұрақтары бойынша, сонымен қатар лактациялық аменорея әдісі бойынша кеңес беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Репродуктивті денсаулық түсінігінің анықтамасы.

2.Жанұяны жоспарлау түсінігінің анықтамасы.

3.Репродуктивті денсаулықты қорғаудың негізгі ережелері.

4.Жанұяны жоспарлау принциптері.

5.Репродуктивті құқық туралы түсінік.

6.Қазіргі контрацепция әдістерінің жіктелуі.

7.Гормональды контрацепция әдістері. Түрлері.

8.ЖІС. Түрлері.

9.Ерікті хирургиялық стерилизация. Түрлері.

10.Қынаптық әдістер, түрлері. Презервативтер, түрлері.

11.Лактациялық аменорея әдісі.

12.Босанғаннан кейінгі контрацепция әдістері.

13.Жанұяны жоспарлау бойынша кеңес беру. Кеңес беру кезеңдері.

5. Оқытудың және үйретудің тәсілдері: шағын топтарда жұмыс. Студенттер шағын топтарға бөлініп, әр шағын топқа сабақ тақырыбы бойынша нақты сұрақтар беріледі. Әр шағын топ дайындалған материалды баяндайды, кейін барлық топпен талқыланады. Нәтижелер бойынша оқытушы берілген тапсырманы жақсы орындаған студенттерді атап өту қажет. Сабақты жүргізу барысында CBL әдісі қолданылады (қосышаны қара).

6. Әдебиеттер

1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология/ А.Т. Раисова, Р.Г.Нуркасымова.-Алматы: Асем-Систем,2006.-296 б.

2.Укібасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдық курс: Оқу құралы/Т.М. Укібасова, А.Б.Тусіпкалиев;-Актөбе, 2008.-172 б.

3.Акушерияға кіріспе/Х.Н.Нуржанов. – Алматы: КазУМУ, 2002.-92 б.

4. Бейсембаева Р. Акушерия/Р№Бейсембаева. – Алматы: Білім, 2004, 2006

7.Бақылау (тесттер)

1. Тақырып №3: Жүкті және босанған әйелдерді диспансерлік бақылау.

2.Мақсаты: жүкті және босанған әйелдерді диспансерлік бақылау принциптерімен студенттерді таныстыру, физиологиялық жүктілік кезіндегі жүргізу тактикасына үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

Студент білу керек:

- жүкті және босанған әйелдерге амбулаторлық акушерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру және принциптерін;

- физиологиялық жүктілікті жүргізу принциптерін;

- әйелдерді жүктілік кезінде тексеру ерекшеліктерін.

Студент істеу керек:

- жүкті және босанған әйелдерден анамнез жинау;

- жүктілерді тексерудің объективті әдістерін қолдану;

- жүктілік мерзімін анықтау;

- зерттеу нәтижелерін интерпретациялау;

- пациентпен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа мед. қызметкерлермен максимальды сенімділік қатынас орнату.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және құрылысы.

2. Әйелдер кеңесінің негізгі міндеттері;

3. Әйелдер кеңесі жұмысының принциптері: жүктілерді бақылау.

4. Жүкті әйелдің ЖДА-ға, әйелдер кеңесіне қабылдауға келу мерзімдері, орындалатын шаралар.

5. Босанған әйелдерді бақылау. Босанудан кейінгі патронаж.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:шағын топтарда жұмыс. Студенттер шағын топтарға бөлініп, әр шағын топқа сабақ тақырыбы бойынша нақты сұрақтар беріледі. Әр шағын топ дайындалған материалды баяндайды, кейін барлық топпен талқыланады. Сабақты жүргізу барысында CBL әдісі қолданылады (қосымшаны қара).

6. Әдебиет

1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология/ А.Т. Раисова, Р.Г.Нуркасымова.-Алматы: Асем-Систем,2006.-296 б.

2. 2.Кайлюбаева Г.Ж. Физиология беременности. Дородовый уход. – учебно-методическое пособие. Семей, 2011- 60 с. По каз. варианту возьми все у Г.Н. Баймусановой.

3.Акушерияға кіріспе/Х.Н.Нуржанов. – Алматы: КазУМУ, 2002.-92 б.

4. Бейсембаева Р. Акушерия/Р№Бейсембаева. – Алматы: Білім, 2004, 2006

7. Бақылау(сұрақтар, тесттер, есептер)

 

 

Тақырып №4: Ұрық жағдайын зерттеу әдістері.

2.Мақсаты: жүктілік және босану кезінде ұрық жағдайын зерттеу үшін акушерияда қолданылатын негізгі әдістермен таныстыру.

3. Оқыту міндеттері:

Студент білу керек:

- пренаталды диагностика түсінігінің анықтамасы;

- ұрық жағдайын зерттеудің негізгі әдістері.

Студент істеу керек:

- ұрық аускультациясын жүргізу;

- гравидограмманы толтыру және оған баға беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Инвазивті және инвазивті емес зерттеу әдістері (ұрық жағдайын зерттеу) түсініктерінің анықтамасы.

2.Кардиотокография. Зерттеу көрсеткіштерінің негізгі сипаттамасы. Бағалау шкаласы.

3. Ультрадыбыстық сканирлеу. Көрсеткіштері. Зерттеуді жүргізу мерзімдері.

4. Ұрықтың биофизикалық профилін анықтау. Зерттеу нәтижелерін бағалау.

5. Ана-плацента-ұрық жүйесіндегі қанайналымының допплерлік зерттеуі.

6. Амниоцентез. Көрсеткіштері. Мүмкін болатын асқынулары. Қарсы көрсеткіштері.

7. Кордоцентез. Көрсеткіштері.

8. Қанның қышқылды-сілтілі жағдайын анықтау.

9. Хорион талшықтарының биопсиясы. Зерттеу мақсаты. Асқынулары. Қарсы көрсеткіштері.

10. Амниоскопия. Көрсеткіштері. Заманауи акушериядағы орны.

11. Ұрық жағдайын бағалау үшін гормональді профильді зерттеудің қазіргі әдістері.

5. Сабақ беру және оқыту міндеттері

Кіші топтарда жұмыс. Әр топқа жеке тапсырма беріледі, нәтижелері талқыланады. Талқылау үшін клиникалық жағдайларды қолдануға болады. Сабақ барысында студенттердің білімін бағалау үшін TBL+CBL әдістері қолданылады.

6. Әдебиет

1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология/ А.Т. Раисова, Р.Г.Нуркасымова.-Алматы: Асем-Систем,2006.-296 б.

2.Укібасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдық курс: Оқу құралы/Т.М. Укібасова, А.Б.Тусіпкалиев;-Актөбе, 2008.-172 б.

3.Акушерияға кіріспе/Х.Н.Нуржанов. – Алматы: КазУМУ, 2002.-92 б.

4. Бейсембаева Р. Акушерия/Р№Бейсембаева. – Алматы: Білім, 2004, 2006

7. Бақылау

 

1. Тақырып №5: Ұрықты антенатальды қорғауда әйелдер кеңесінің ролі.

2. Мақсаты: ұрықтың құрсақішілік дамуының сын кезеңдерімен таныстыру. Ұрықты антенатальды қорғауда әйелдер кеңесінің ролін анықтау.

3. Оқыту міндеттері:

-Студент білу керек:

- антенатальды кезең түсінігінің анықтамасын;

- адамның құрсақішілік дамуының кезеңдерін;

- «құрсақішілік дамудың сын кезеңдері» түсінігінің анықтамасы.

-Студент істей білу керек

- жүкті әйелден анамнез жинау;

- жүктілік және босану мерзімін анықтау;

- объективті және арнайы зерттеу әдістерін жүргізу

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Антенатальды кезең түсінігінің анықтамасы

2. Адамның құрсақішілік дамуының этаптары

3. Адамның құрсақішілік дамуының сын кезеңдері

4. Имплантация алды кезеңі. Бұзушы факторлардың әсер ету ерекшеліктері.

5. Ұрық жұмыртқасының имплантациясы. Бұзушы факторлардың әсер ету ерекшеліктері.

6. Органогенез. Бұзушы факторлардың әсер ету ерекшеліктері. Зерттеу әдістері.

7. Плацентация. Бұзушы факторлардың әсер ету ерекшеліктері. Зерттеу әдістері.

8. Құрсақішілік дамуында ұрықтық сын кезеңдері. Бұзушы факторлардың әсер ету ерекшеліктері. Зерттеу әдістері.

9. Эмбрион және ұрықтың антенаталды қорғауындағы әйелдер кеңесінің ролі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері

Шағын топтарда жұмыс. Әр топқа нақты сұрақтар беріледі, нәтижелері талқыланады. Талқылау үшін клиникалық жағдайларды қолдануға болады.

6. Әдебиеттер

1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология/ А.Т. Раисова, Р.Г.Нуркасымова.-Алматы: Асем-Систем,2006.-296 б.

2.Укібасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдық курс: Оқу құралы/Т.М. Укібасова, А.Б.Тусіпкалиев;-Актөбе, 2008.-172 б.

3.Акушерияға кіріспе/Х.Н.Нуржанов. – Алматы: КазУМУ, 2002.-92 б.

4. Бейсембаева Р. Акушерия/Р№Бейсембаева. – Алматы: Білім, 2004, 2006

 

1. Бақылау (тесттер.)