Кіріспе 6 страница

Тыңайтқыш. Жүгері өсімдігі қоректік заттарды көп қажет ететін дақылға жатады. Бұл дақылдың әр гектарынан 500-600ц көк балауса алған жағдайда жерден 150-170кг азот элементін, 60-75кг фосфор және 140-170кг калий қабылдауы керек.Сондықтан негізгі тыңайтқыштар: фосфор мен калийді күзде жерді жыртар алдында шашу қажет.

Көң шашунәтижесінде жүгері түсімін 100-150ц арттыруға болады, жүгері тұқымымен бірге минералды тыңайтқыш еңгізуге де бошлады.Негізінен суперфосфакт тыңайтқышты жүгерінің алғашқы өсу жылдамдығын арттырады.

Жүгері өсімдігін үстеп қоректендіру өте жақсы нәтиже береді. Егер өсімдікке калий жетіспесе жүгерінің жапырағы жиырылып беті қатпарланып, шеттері бастапқы кезде бозғылт тартып, кейін қара қошқылданып тұрады. Азот жетіспесе жүгері өсімдігінің бойы өспей, жапырақтары ақшыл көк немесе ақшыл сарытүске боялады.Фосфордың жетіспеуінен өсімдік баяу өсіп,астыңғы жапырағы қою жасыл, ал шеттері күлгін тартып тұрады.

Сүрлемге арналған жүгері сүттеніп- қамырланып піскен кезде жинала бастайды. Жүгеріден сүрлем салу үшін СК-2,6 және УКСК-2,5 комбайндары қолданылады.

Күнбағыс- сүрлем салу үшін ең бағалы дақыл. Оның сүрлемге арналған жақсы сорттарының құрамында 20% және одан да көп азықтық протейн болады.

Күнбағыстың биіктігі 2-2,5м,сабағы жапырақты, күтіп бапталуы жақсы боса әр гектардан 300-500ц көк балауса алуға болады.Күнбағыс сүрлемінде жеңіл қорытылатын белоктар, углевотар, тұз ерітінділері және витаминдер кездеседі.

Күнбағысты өсімджік майын алу үшін, шағу үшін өсіреді.Оның малы сорттарынан 55-60% дейін тағамдық май алынады.

Биологиялық ерекшеліктері.Күнбағыс тұқымы 3-50С өне алады. Бірақ өте баяу өнуінің нәтижесінде, өсімдік көгі жер бетіне 22-26 күннен кейін ғана шығады. Оның көк өскіні 5-60С суыққа төтеп береді. Күнбағыстың өсіп, гүл салуына қолайлы жылу -20-300С. Күнбағыс майлы және мал азықтық дақыл ретінде өсірілетін біржылдық мәдени өсімдік, ол вегетативтік органдарының куатты өсуімен ерекшеленеді. Тамыры кіндікті, 2-3 м топырақ тереңдігіне бойлайды, бүйір тамырлары жақсы дамыған. Сабағы тік өседі дөрекі қатты талшықтармен көмкерілген, борпылдақ паренхимамен толтырылған. Майлы сорттары бұтақты, биіктігі 2,5 м дейін жетеді. Жай жапырақтары сағақты, ірі сопақ-жүрек пішінді, катты талшықтармен жабылған. Төменгі жапырақтары (2-3 жұптары) карама-қарсы орналасқан, айтарлықтай ұсақ, келесі жапырақтары кезектесіп келеді. Өсімдіктің өсуіне қарай жапырақ тақгасы да ұлғаяды. Гүл шоғыры- кәрзеңке, сорттары мен өсіру жағдайларына байланысты диаметрі 15-25 сгл және одан да жоғары болады. Кәрзеңке негізін гүл түғыры қүрайды, оньвд шеттеріңде жеміссіз тілше гүлдер, ал ортасында қосжынысты түтікті гүлдер орналасқан. Тілше гүлдердің репродуктивті органдары болмайды, сондықтан жеміс түзбейді. Түтікті гүлдер екі қалақты аналық аузы бар бір ұялы жатыннан тұрады. Аталықтар саны бесеу, жіптері бейтарап, бірақ тозаңдармен жабысып өскен. Жемісі шекілдеуік, қысыңқы жұмыртқа мөлшері, пішіні мен түсі көп факторларға байланысты өзгереді. 1000 шекілдеуіктің массасы майлы сорттарында 40-80 г, ал шағылатындарында 170 г дейін.

Сурет -16. Күнбағыс себетінің құрлысы: 1-орама жапырақшалары; 2-тілше гүлдері; 3-ашылмаған түтікше; 4,5-түтікшегүлдер.
Сурет -17. Күнбағыстың гүлдері: 1-қосжынысты түтікше гүл; 2- аналық аталықтарымен; 3- аналық екі сақиналы аналық аузымен; 4-аталықтар; 5-шеткі жыныссыз тілше гүл.  

Шағылатын күнбағыс биіктігі 4 м дейін жететін жуан сабақты, ірі жапырақты және диаметрі 45 см дейін ірі кәрзеңкелі өсімдік. Шекілдеуігі ірі, қалың қырлы жеміс қабығы болады. Тұқымы (ядросы) шекілдеуіктің ішкі қуысын толтырмайды, мұның өзі оның жоғары кабықтылығына байланысты (46-56 пайыз). Тұқымның майлылығы жоғары емес (20-35 пайыз), 1000 шекілдеуігінің массасы 100-170 г.

Майлы күнбағыстың сабақтары айтарлықтай жіңішке, биіктігі 1,5-2,5 м шамасында ғана. Кәрзеңкесінің диаметрі 15-25 см. Шекілдеуіктері үсақ, 1000 санының массасы 35-80 г. Ядросы шекілдеуіктің бүкіл куысын толтырған, қабықтылығы төмен (25-35 пайыз), майлылығы жоғары (42-56 пайыз).

Аралық кұнбағыс жоғарыда келтірілген екі топтың аралық белгілерімен сипатталады: сабақтық биіктігі мен жуандығы, кәрзедкенің көлемі бойынша шағылатьш күнбағысқа, ал шекілдеуік қуысының толықтығы мен майлылығы бойынша майлы күнбағысқа жақындайды. Екпе дақылда негізгі егістік көлемі кұнбағыстың майлы сорттарымен себіледі, аралық күнбағыс аз мөлшерде өсіріледі.

 

Сурет -18. Күнбағыстың шекілдеуіктері: 1-майлы; 2-шағылатын; 3- аралық.

Күнбағыс тұқымшасының панцирлік (берік) қабатын анықтау

Күнбағыс тұқымшасының панцирлік (берік) қабаты дегеніміз тұқымша қабығында панцирлік қабықшаның болуы, яғни тығып (пробка) ұлпасы мен склеренхималар арасында.

Панцирлік қабық күнбағыс тұқымшасын күнбағыс көбелегінен сақтайды.

Күнбағыс тұқымдасының панцирлік қабатын микроскоппен зерттеу арқылы анықтауға болады. Микроскоппен караған кезде көзге қара түсті қабық көрінеді, ол пробка ұлпасының (клетканың) тменгі жағында орналасады да, 76 пайызға дейін көміртегінен тұрады.

Тұқымша қабықтылығы. Сорттың шаруашылықтық маңызды белгісіне жатады. Қабықтылықты анықтау үшін, 10грамм тұқымшадан екі өлшем алынады. Әр бір тұқымшаның ядросын қабықтан пинцетпен ажыратады да таразыда өлшейді. Қабықтың салмағын-бүтін тұқымша массасынан ядро салмағын алу арқылы табылады. Тұқымша қабықтылығынының пайыз мөлшерін төмендегі формуламен есептейді:

 

Л=100 х Мл с

Мл –қабық массасы; Мс-бүтін тұқымша массасы.

Алынған нәтижелер бойынша қабықтылықтың орташа мөлшерін шығарады.

Агротехникасы. Күнбағыс өсімдігі алғы дақылды таңдамайды,пардан және жақсы өңделген отамалы дақылдардан кейін екінші дақыл ретінде сепкенде өнім береді.

Күнбағысты бір жерге қайта –қайта егуге болмайды. Өйткені ақ ұнтақ ауруына шалдығып, сұңғыла арам шөбі қаптап кетеді.Сүрлем салу үшін өсімдіктердің 15-20%гүлдене бастағанда арнайы комбайндармен жинап алады.

Құмай.Құмайдың дәні азық, жем үшін пайдаланады. Сабағы мен жапырағынан шөп, көк азық, сүрлем дайындайды. Оның дәні қоректік затқа бай.Құрамында 61% крахмал,2,8-16% белок, 1,1-6,5% май болатындықтан Африка және Азия елдерінде, біздің Орта Азия республикаларында құмайдың дәнін үгітіп ұн, жарма жасайды. Қазақстанның қуаңшылық аудандарында сүрлем үшін егіледі.

Биологиялық ерекшелігі. Дәнді дақылдардың ішінде қуаңшылыққа өте төзімді өсімдік. Бірақ жылуды жақсы көреді. Тұқымы 10-12 ºС жылылықта өседі. Өсімдіктің өскіні шамалы суыққа шыдай алмайды. Өсіп-өнуіне ең қолайлы жылу -32-35ºС.

Топырақ түрін талғамайды, барлық жерде өсіп, өнім бере алады. Сор топырақтың өзінде де өсе алады, ал дымқыл жерде өспейді.

Агротехникасы. Ауыспалы егісте құмай дәнді дақыл егілген танапқа орналастырылады.Бірақ бір жылдық дәнді бұршақты немесе отамалы дақылдардан кейін себілген жағдайда мол өнім алуға болады. Құмай топырақтан өте көп қоректік зат алатындықтан жақсы алғы өсімдік болып та табылады.

Мақсары.Бұл өсімдік, яғни мақсыр өсімдігі Өзбекстанда, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Тәжікстан мен Қырғыстанда аудандастырылған. Оның дәнінен тағамдық және техникалық май өндіреді. Бірақ қуаңшылық аудандарда тәлімі жерде сүрлем және көк балауса алу үшін тәжірибе жұмыстары жүргізіліп, одан дайындалған мал азығын кез- келген түлік құмарта жейді. Ал салынған сүрлем өте жұғымды.

Мақсыр тік өсетін бұтақты өсімдік, бойы-90см. Тамыры кіндікті, жаңа тамыры жақсы жетілген, 2м тереңдікке кетеді.

Қазақстанда Ташкентский 51 және Милютинский 114 сорттары аудандастырылған.

Мақсыр тұқымы 1-2 ºС жылылықта өсе береді. Жаңа көктеп шыққан өскіні 3-4 ºС суыққа төзімді. Сондықтан шөлейт аймақтарда қыс айларында себеді. Мақсыр жаппай кең қатарлы әдіспен себіледі. Қатараралығы -30-50см Бір гектарға 5-6кг дән кетеді. Қысқа қарсы себілгенде норманы 10кг дейін көбейтеді.

Егістікті күту мынадай шаралар жатады: мақсырды себе салысымен 3-4 күн салып тырмалап тастау, жауынды жылы бір рет культиватор жіберіп қатараралықты қопсыту қажет.

Мақсырды сүрлемге өсімдік гүлдене бастағанда, көк балауса үшін гүл шоғыры пайда бола бастағанда шабады, тұқымдық мөлтекті асықпай кеш жинауға болады. Өйткені қауашағынан тұқым бөлініп шығу оңайға түспейді.

Мақсары-Carthamus tinctorins L. - күрделі гүлділер немесе астра тұқымдастығына жататын бір жыдлық дақыл.

Өсімдік көгі шыққаннан кейін, мақсарының дамуы, майсасы мен тұкым жарнағының арасында орналасқан өсу нүктесінен басталады.

Сабағы-тік, жалаңаш, бұтақты, биіктігі 40-90 см, тамыры-кіндікті 2-3 м терендікке кетеді.Жапырағы - жалаңаш, ланцетті, ланцетті- сопак немесе эллипс тәрізді, отырынқы терілі, жапырақ шеті тісті немесе бүтін, тікенді немесе тікенсіз болып келеді. Сабағының басына карай жапырақ көлемі кішірейіп гүл шоғырдың жапырақ орамына айналады.

 

Сурет -19. Мақсары өсімдігі және оның тостағаншасы.

Гүл шоғыры - кішірек тостағанша, диаметрі 1,5-3,5 см. Тостағаншасы көп гүлді және көп тұқымды. Бір тостағаншасындағы орташа тұқымша саны 30-70 дана. Бір өсімдікте 20 таяу тостағанша болады. Тостағанша орамы екі қатарлы жапырақтардан тұрады. Ішкі қатарындағы жапырақ орамының тығыз болуы, тұқымша піскенде шашылудан сақтайды.

Мақсарының барлық гүлдерінің құрылысы біркелкі. Олар түтікті, бес бөлікті күлте жапырақша, бояуы сары, кызғылт немесе кызыл. Аталығы-бесеу. Жатыны бір ұялы, ұзын бағаналы және аналық аузы жанында болады.

Мақсары. Жәңдіктер арқылы тозанданады. Бірінші кезекте тостлғаншаның орталық гүлдері тозанданады, содан соң бүйір гүлдер. Гүлдеуі 1 айға созылады.

Жемісі- тұқымша, кұнбағыс тұқымшасына ұқсас. Тұқымшаның түсі ақ, жалаңаш, жылтыр, сопақ төртқырлы, әлсіз бапқалатын ұзын бойына қырларымен. Тұқым қабығы қатты, қиын жарылады, тұқым салмағының 50+60 пайызын құрайды. 1000 тұқымша салмағы 40-50 г.

1.Мақсарының 6 типі бар. Оларға- Түркістан. Кавказ, Армян, Ауған, Герат және Памир типтері жатады. Кең тарағаны: Түркістан, Памир, Кавказ, Армян (1-кесте).

 

Кесте-1. Маңызды типтерінің анықтау белгілері

Белгілері Түркістан Памир Кавказ Армян
Өсімдік биіктігі (см) 55-70 70-80 70-90 70-90
Тостағанша саны 30-50 50-80 20-40 50-80
Жапырағы: пішіні ланцетті ланцетті-эллипсті ланцвтті- эллипсті сопақ-ланцетті Д
Шеті тісті тісті тегіс тісті
Тікеннің барлығы тікенді тікенді тікенсіз тікенді
Бояуы: Бүрі(шанағы) сары сары қызыл сары
Гүлі сары сары қызғылт сары
Солған гүлі қызғылт қызгылт кызыл қызғылтКіІЗҒЬ;П1

Аудандастырылған сорттарына сипаттама

Республикада мақсарының 3 сорты өсіріледі. Олар Милютинский 314. Нурлан және Ақмай.

Милютинский 114 сорты.Милютин ауылшаруашылық тәжірибе стансасы шығарған. Өнімді сорт. Тұқымшада 31,6 пайыз май бар, ал ядрода- 59,1 пайыз болады, қауыздылығы -45,6 пайыз Өсімдік биіктігі 60-70 см. Тостағаншасы дөңгелек, бір өсімдікте 7-8 дана болады, диаметрі 3,0-3,5 см. Тұқымшасыақ, ұзынша. 1000 дән салмағы 40-43г. Ерте пісетін сорт, қуаңшылыққа төзімді, комбайнмен жинауға ыңғайлы.

 

 

Дәріс №12 Тамыр жемісті, түйнекті жемісті және бақша шырынды мал азықтары

Жоспар:

1. Мал азығындық тамыр жемістілер.

2. Түйнекті жемістер.

3. Мал азығындық бақша дақылдары.

1. Мал азығындық тамыр жемістер малдың сүттілігін көбейтетңн азық. Олар шырынды углеводқа бай, минералды тұз ерітіндісі мен витаминді тамыр - жеміс және жапырақ береді. Бұлардың бір қасиеті пішен мен жемді мал организмінде жақсы қорытуға көмектеседі. Сонымен қатар мал азығындық тамыр-жемістер аз дақылдрға жататындықтан егістік мәдениетін көтеріп, басқа мал азығындық дәнді дақылдарға қарағанда бір гектардан алынатын органикалық заттар мөлшерін 2-3 есе арттырады. Бұл бағалы дақылдарға: азықтық қызылша, сәбіз, азықтық шалқан, тарна жатады. Бұлардың ішінде Қазақстанда ең көп тарағаны – азықтық қызылша. Басқаларының егіс көлемі өте аз.

Мал азығындық тамыр-жемістердің ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.Тамыр жемістілер тобына -қызылша (Веtа vulgaris L.) алабота тұқымдастығы; сәбіз (Daucus carota L.) сельдерей немесе шатыр тарна немесе брюква (Вrassica napus napifera және турнепс (Brassica napa napifera) қырыққабат немесе крестгүлділер тұқымдастығы жатады.

Барлық тамыр жемістілер- ұсақ тұқымды екі жылдық есімдік. Өскен кезде тұқым жарнағын жер бетіне шығарады. Бірінші жылы жуантық тамыр жеміс қалыптастырады, ол бастан, мойыннан және негізгі тамырдан тұрады. Жапырақпен үштасқан бас, тұқым жарнағының жоғарғы тізесінен (эпикотиль), мойыннан- тұқым жарнағы тізесінің төменгі жағынан, ал негізгі тамыр кәдімгі тамыр сияқты қалыптасады да, онда жанама тамыршалар түзіледі. Тамыр жемістің негізгі тамыры топырақта, ал басы мен мойны топырақ бегінде орналасады. Екінші жылы қайта отырғызылған тамыр жемістен жемісі мен тұқымы бар гүлді сабақшалар түзеді.

1. Тамыр жемістілердің тұқымдары (егістік материалдар) жеміспен немесе жемістер жиынтығамен берілген.

Қант және мал азықтық қызылшалар жемістері-жаңғақ, ал көп тұқымды кызылша жемісі- біріккен жемістер шоғыры (2-6), олар жеміс жиынтығын түзеді. Жемістері піскен кезде тостағанша жапырақшалар катаяды да қатты қабықпен қабысып кетеді. Піскен жемістің төбесі жалпақ немесе әлсіз дөңес кақпаққа айналады, оны ашқанда горизонталь жатқан тұқымды көруге болады.

 

Сурет-20. Қызылшаның жеміс жиынтығы, жемісі және тұқымы

.

Сурет-21. Сәбіздің жемісі.

 

Тұқымның жылтыр қоңыр кабығы болады. Тұқымының ұрығы перисперма, ұрыктық жапырақша мен тамыршаны сақинамен орай орналасқан (2-кесте).

Кесте-2. Тамыр жемістер тұқымдарының айырмашылық белгілері

Тамыр жемісі Жемістері мен тұқымдары Пішіні Беті Түсі Мөлшері, мм
Қант қызылшасы Жеміс шоғыры Домалақтау бұрышы Бұдырлы Сары-қоңыр 2-6
Сәбіз Екі айрық тұқым (жемісше) ұзынша, жұмыртқа пішінді қырлы, инелері бар Сары-қоңыр 2-3
Тарна Тұқым Шар тәрізді жылтыр қара 1-2
Турнепс Тұқым Шар төрізді жылтыр қоңырлау, қара 1-2

 

Сәбіздің жемісі- екі айрық сопақ тұқым (жемісше) піскенде екі тұқымға ажырайды. Әрбір тұқымның арқалығында 4-5 қабыршақ бар, олар жіңішке инелермен қапталған. Қабырғашықгардың астында арнаулы иісті эфир майымен толтырылған жолдар орналасқан.

Тарна мен турнепс туқымдары ұсақ, шар тәрізді, күңгірт-қоңыр немесе қара түсті. Олар бір-бірінен қиын ажыратылады. Тарнаның түсі қоңырлау деп есептеледі, алайда шала піскен тарна тұқымының түсі турнепс тұқымының түсіне ұқсас күңгірт-қоңыр болады. Жас тарна тұқымына жас қырыққабат иісі тән, ал турнепс тұқьшына-өткір шомыр дәмді. Сондықтан тұқымның органолептикалық анықтау әдістемесі сенімсіз. Тамыр жемісті тұкымдарының анық түрін білу үшін химиялық тәсіл қолданылады. Ол үшін тұқымның екі үлгісін (100 данадан) бірнеше кішірек пробиркаларға салады да 10 пайыз күйдіргіш натрий ерітіндісін кұяды, соңынан температурасы 25-280 ºС термостатқа 2 сағат қояды. Тарна тұқымының сығынды ерітіндісі ашық-сары, ал турнепстікі-ашық-жасыл (салат) түсті болады.

Тамыр жемістері өсімдік көгі мен жапырақтары бойынша анықтау. Тұқымның көктеуі ұрыктық тамыр мен сабақшаның ене бастауының нәтижесінде тұқым қабығы жарылады да тұқым жарнақтары жер бетіне шығып жасылданады. Жер бетіне шығарылған қант қызылшасы мен сәбіздің тұқым жарнақтары ұзынша пішінді болады, осынысымен тарна мен турнепстің қысқа, жалпақ және шеттері ойықты тұқым жарнақтарынан ажыратылады (3-кесте).

 

Кесте-3. Тамыр жемістерінің өсімдік көгі мен нағыз жапырақтарының айырмашылық белгілері

Тамыр жемісі Жемістері мен тұқымдары Пішіні Беті Түсі Мөлшері, мм
Қант қызылшасы Жеміс шоғыры Домалақтау бұрышы Бұдырлы Сары-қоңыр 2-6
Сәбіз Екі айрық тұ-қым (жемісше) ұзынша, жұмыртқа пішінді қырлы, инелері бар Сары-қоңыр 2-3
Тарна Тұқым Шар тәрізді жылтыр қара 1-2
Турнепс Тұқым Шар төрізді жылтыр қоңырлау, қара 1-2

Әрі қарай дамығанда тамыр жемістің тұқым жарнақтарының арасындағы бұршіктен алғашқы (бірінші) нағыз жапырақ түзіледі.

Қант қызылшасының алғашқы жапырақтары жұптасып түзіледі, кейінен бір-бірден пайда болады. Алайда казіргі уақыттағы түсінік бойынша жапырақтар жұптасып түзілмейді, бұрандалы тәртіппен пайда болады-5/13 бөлшегімен жапырақ түзілуінің анықтамасына сәйкес. Бөлшектегі сандардың мәні-тамыр басының әрбір 5 бұрандалы айналым санына 13 жапырақ пайда болады, ал 15 жапырақтан бастап бұрандалы айналым цикілінің келесі 13 жапырақтары түзіледі ж.б.

 

 

Сурет-22. Тамыржемістердің өсімдік көктері:

1-қызылша; 2-сәбіз; 3-турнепс; 4-тарна.

 

Бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде кант қызылшасы 4-5 және одан да көп жапырақ орналасу циклдары болады. Қант қызылшасының нағыз жапырақтары ірі, сағақты, шеттері бүтін келеді. Жас жапырақтарда сағақтар қысқа, тақтасы домалақ келген, ал ересек жапырақтардың сағасы ұзын, тақталары жүрек пішнді және толқынды кеңірдектенген.

Сәбіздің нағыз жапырағының тақтасы өте күшті тілімденген тарна мен турнепстің алғашқы жапырақтары ұзынша-сопақ немесе әлсіз тілінген, ал кейінгілерінде тақталарының тіліктері арта түседі. Тарнаның жапырақтары күңгірт-жасыл, беті жылтыр, ал турнепсте ашық-жасыл, түкті.

Тамыр жемісті тамырлары бойынша анықтау. Егін көгі пайда болғаннан кейін жапырақ массасының түзілуімен бір мезгілде тамыр жемістің тамыры да дами бастайды. Тамыр жемісте тамырдың үш бөлігі-басы, мойны және нағыз тамыр-ажыратылады. Басы- тамырдың жоғарғы белігі, мұнда өсіп тұрған жапырақтар, бұршіктер, солған жапырақтар орналасқан. Тамырдың басы сабақ тегінен өсімдіктің жер үсті бөлігінен түзілген. Бастың өсу конусы оның ортасында болады, сондай-ақ жоғарғы (ішкі) жапырақтар әр уақытта жас, ал төменгілері (сыртқы)- барынша ересек (кәрі). Тамырдың мойны- цилиңдр пішінді, не жапырақшалары, не тамыршалары болмайды және үрық тамыршасының үстіндегі жарнақгың (ұрыктық сабақ) жуандауының нәтижесінде пайда болады, оның жоғарғы шеті бастың теменгі бөлігімен шектеседі. Нағыз тамыр-жемістің ең төменгі бөлігі болып табылады ұрық тамыршасынан дамиды да бүйір тамыршаларын түзеді. Қант қызылшасының олар екі вертикаль қатарға орналасқан, сәбізде-төрт қатар.