Кіріспе 4 страница

Республикамызда мал азығының басқа түрлеріне қарағанда шалғындықта және жайылымнан алынатын көк балауса азығының үлесі өте жоғары, бірақ Қазақстанда соншалық жайылымда мал бағу кезеңі орташа 120-200 күн, солтүстік облыстырда одан да аз 120-150 күн, сондықтан қыста мал қорада тұру кезеңі 7-8 ай бойы созылады және бұл кезеңде жыл сайын малдарға қажетті ірі және шырынды мал азығын - пішен, пішендеме, сүрлем, құрама жем, дәруменді шөп ұнын дайындап алу керек.

Табиғи малазықтық жерлер, себілген шабындықтар толып жатқан мөлшерде пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұнын дайындауға мүмкіндік береді және шөптің көк балаусасын, сүрлем дайындауда шикізат ретінде қолдануға болады.

Мал азығын консервілеуде қоректік заттардың көп мөлшерде жоғалуы ол шабылған өсімдіктерде физиологиялық және биохимиялық процестердің жалғасуына байланысты, оның нәтижесінде органикалық заттар көмірсуларға және протеинге дейін ыдырайды.

Малазықтық дақылдардың өсіру технологиясының ерекшеліктері.

1. Дәнді жемшөп ждақылдар. Арпа- Далалық 4-5 танапты дәнді парлық малазықтықауыспалы егісте арпа 3-4 дақыл ретінде кезектесуі мынадай: жүгері-арпа, немесе жүгері-біржылдық шөптер-арпа. Арпа өсірудегі топырақ өңдеу жүйесі, негізінен, жаздық бидайға ұқсас. Алқаптар арамшөппен қатты ластанғанда, әсіресе, ылғал мол түскен жылдары,қосымша қопсыту жұмыстары жүргізіледі. Препаратты қолданудың ең қолайлы мезгілі – түптену кезеңі.

2. Дәнді бұршақ дақылдар. Ноғаттық- ауыспалы егісте астыққа өсіргенде ноғаттықты дәнді дақылдардан кейін орналастырады, жаздық дақылдарға оның өзі жақсы алғы дақыл. Алғы дақылдарға ноғаттықтың талғамы зор.

Көк балаусаға немесе пішенге өсіргенде ноғаттықты ферма маңы ауыспалы егістігінде орналастырады. Қатардағы әдіспен гектарына 0,7-0,8 млн. өнгіш тұқым сепкенде барынша мол өнім жиналады.

3. Сүрлемдік дақылдар. Шай жүгерінің-көктегеннен кейін бір ай бойы баяу өседі. Жүгеріге қарағанда арамшөпен ластану мүмкіндігі анғұрлым жоғары, сондықтан оған таза алғы дақылдарды бөлген дұрыс. Шай жзүгері үшін ең жақсы алғы дақыл- көпжылдық шөптер қыртысы, жүгері. Себу мерзімі-мамырдың үшінші онкүндігі.

Шай жүгері көктегеннен кейін 35-40 күн бойы жүгеріден де баяу өседі сондықтан егісті арамшөпен ластануға өте бейім тұрады. Шай жүгеріні көк балаусаға өсіргенде қатардағы себу әдісін қолданып,сабақ бітіктігінің жиілігі гектарына 350-450 мың өсімдікке дейін жеткізіледі.

4. Дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер мен дақылдар.Ешкі бұршақ- сабағы тік тұратын өсімдік. Тамыр жүйесі топырақтың жоғары бетінде 50-70 см-ге дейін тереңге бойлайды.

Ешкібұршақ құрғақшылыққа төзімді және қысқа біршама төзімді өсімдік. Су басуын 18 тәулікке дейін көтереді. Себілген жылы өте баяу өседі, 2-3 жылдан соң жоғары өнім береді.

Қазақстанда Республикасында ешкібұршақтың аудандастыруға жіберілген сорттары: Горноалтайский 87, 1993(12).

5. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер. Жонышқа (Меdicago туысы) бұршақ тұқымдастарына жататын көп жылдық шеп. Мал азығына егістік немесе көк жонышқа (М.falcata L.), сарбас немесе орақтәрізді жонышқа (М.coerulea L.) және көгілдір жонышқа (М coerulea L.) пайдаланылады. Шаруашылықта көп тарағаны көк жонышқа мен сарбас жонышқаның буданды түрлері.

Жоңышқадан пішен, пішендеме, сүрлем, шөпті - витаминді ұнтақтар, азық түйіршіктерін дайындайды және көк азық ретінде пайдаланады.Оның мал азығына жан-жақты пайдаланылуы, құрамында ақзаттың және ауыстырылмайтын аминқышқылдары мен витаминдердің көптеп кездесуімен анықталады.

Жалпы қоректілігі жағынан жонышқа астық тұқымдас шөптерден 2-3 есеге дейін жоғары. Жоңышқа пішенінің 100 кг 50-60 а.ө және 12-15 қорытылатан потеин, ал 100 кг сүрлемінде 15 а.ө. және 2,6 кг дейін қорытылатын протеин болады (77-сурет)

Жоңышқаның шанақтанып гүлдене бастаған кезеңінде шабылған көк балаусасының абсолютті құрғақ затында протеин мөлшері 18%, май - 3, клетчатка - 24,9, азотсыз эктсративті зат - 43,3, кальций - 2,12, фосфор - 0,27, калий -1,1% кездеседі.

Сурет-5. Егістік жоңышқа

 

Оның көк балаусасы барлық мал түріне және құстарға аса құнды поливитаминді азық болып есепте-леді. 1 кг көк балаусасында С витамині - 210, каротин-48-50, В витамині - 5-6, Е витамині - 150, К витамині 150-200 мг кездеседі.

Жоңышқаның шөп ұнтағының 1кг-да 200-300 мг дейін каротин, Е витамині-26 мг, В2 витамині - 14 мг, В4 витамині (холин)-29 мг және РР витамині (никотин қышқылы) - 31 мг бар. Жоңышқаның 100 кг пішенде-месінде 30-40 а.ө. 7,5-9 кг қорытылатын протеин және 4 г жоғары каротин болады.

Жоңышқа мал азықтық құндылығымен қатар агротехникалық ерекшелігі жағынан да бағалы өсімдік. Жоңышқаның топырақ құнарлығын қалпына келтіру қасиеті жағынан барлық дақылдар үшін өте жақсы алғы дақыл. Жоңышқа қыртысы топырақты органикалық заттармен байытады да, нәтижесінде 0-30 см қабатында жылжымалы азот, фосфор қышқылы, калий, кальций көбейеді. Топырақта қоректік заттардың қорлануы топырақ түрлеріне, агротехника деңгейіне байланысты. Орта есеппен жақсы дамыған жоңышқа егістігі әр гектарға 120-200 кг дейін азот жинайды.

Топырақтағы органикалық заттардың көбеюі оның құрылымын және ылғалды-физикалық қасиетін жақсартады және де жоңышқаның топырақты ауру қоздыратын бактериялардан, зиянкестерден тазартатын қасиетін де атауға болады

Сортаңды жерлерді және сортаңдауға бейім тұратын топырақтарды жақсартуға жоңышқаның маңызы зор. Жоңышқаның жақсы дамыған тамырлары топырақты су және жел эрозияларынан қорғайды. Осындай тиімді қасиеттеріне байланысты жоңышқа ерте заманнан өсіріле бастаған. Алғаш рет жоңышқа Орта Азияда, Сыртқы Кавказда өсірілді. Қазақстанда жоңышқа барлық жерде өсіріледі. Оңтүстүк аймақтарда жоңышқаны суармалы жерлерде өсіру өте тиімді.

Мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін, жоңышқа негізгі бұршақ шөп қоспасы болып есептеледі. Жоңышқаның әр гектардан өнімі 8-12 мың а.ө. және 20-25 ц пртеинге дейін жетеді.

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.Жоңышқа бұршақ тұқымдас көпжылдық шөп. Тамыр жүйесі күшті дамыған. Орталық кіндік тамыры тереңге бойлап өседі, жеңіл топырақты жерлерде 10-12 м дейін жетеді. Тамырының негізгі массасы (55-60%) топырақ бетінің жырту қабатында (0-35 см) орналасады.

Ауадан азот қабылдап топырақты байытатын бактерия түйнектері негізінен жоңышқаның жіңішке бүйір тамырларында байланады.

Жоңышқа сабағының тамырға өтетін жерінде сабақтың жуандау «тамыр тәжі» деген орналасады. Түптену аймағы қалыптасатын осы жерде бүршіктер байланады. Жоңышқаның түріне қарай түптену аймағы топырақтың1,5-10см терңдігіне орналасады. Жоңышқаның түптену аймағының бүршіктерінен көптеген сабақтар өсіп шығады, олардың биіктігі 70-150см дейін жетеді.

Сабақтары шөптесінді, 10-20 буынаралықтан тұрады, іші қуыс немесе негізгі ұлпамен толған. Гүлдегенге дейін сабағы жұмсақ және шырынды келеді, одан кейін қатайып кетеді. Тіршілігінің екінші және одан кейінгі жылдары 2-3 шабыс, немесе 2-3 генеративтік өркендер ұрпағын береді. Жапырақтары күрделі, үштік, орта жапырақшасы ұзынырақ сағақта орналасады. Жапырақшаларының пішіні әр түрлі - эллипс, керісінше жүмыртқа тәрізді, жіңішке ланцентті немесе дөнгелектенген, жоғары жағы ара тісті келеді. Суармалы жерде әр гектарға жапырақ алақанының ауданы 80-110 мың шаршы м. жетеді, тәлімі жерде 40-60 мың ш.м/га шамасында. Жоңышқаның жапырақ үлесі сортына, өру кезегіне және өсіру агротехникасына қарай 35-тен 70% дейін.

Гүлшоғыры - шашақ гүл, 12-16 гүлден түрады, сабақтар ұшында немесе бүтақтарында орналасқан. Гүлдерінің күлшесі әр түсті: көк, сары, көгілдір, қара-көк, шүбар, ақшыл.

Жемісі - орақ тәрізді немесе 2-4 айналым жасап ширатылған көп тұқымды - бұршаққап. Тұқымның пішіні бүйрек тәрізді, түсі сары немесе қоңыр сары. 1000 тұқымның салмағы 1,5-2,7 г.

Жоңышқа жоғары өнім түзеді, сондықтан ол суды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 650-850 тең. Тамырының қуаттылығына және теренге өсуіне байланысты құрғақшылыққа біршама жақсы шыдайды.

Жоңышқа ұзақ күннің өсімдігі, жарық сүйгіш. Ол жазда ыстыққа, қыста суыққа жақсы шыдайды. Тұқымы +1-2° С өне бастайды. Өскіні -6-8°С үсікке шыдайды. Көктемде көктеуі +5-8°С жылулықта басталады. Жоңышқа алғашқы өсу кезеңінде фосфор тапшылығына сезімтал, қара, қара-қоңыр сүр топырақтарда жақсы өседі. Ол батпақтанған және қышқылдығы жоғары топырақтарда өсіп оңбайды. Жоңышқа үшін топырақ реакциясының бейтарап немесе сәл сілтілі болғаны қолайлы.

Қазақстанда өсетін сорттары: Карабалыкская 18, Шортандинская 2, Карагандинская 1, Көкше, Семиреченская местная, Капчагайская 80, Капчагайская 82 т.б.

Қазақстанда көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы- аса маңызды мәселелердің бірі. Тиісті агротехниканы қолдана отырып жоңышқаның арнаулы тұқым алқаптары салынбайды, өнімділігі төмен, оның үстіне жиналатын тұқымның 30-80% арамшөптердің тұқымымен ластанған болады.

Жоңышқаны сепкеннен кейін 1,5-2 ай бойы баяу өседі, жер беті массасы нашар дамиды, әсіресе осы кезеңде егістікті таза ұстаудың және арамшөптерге қарсы күрестің маңызы зор.

Базагран, эрадикан, алирокс, далапан, 2М-4Х т.б. гербицидтерді қолдану жақсы нәтиже береді.Жоңышқаның тұқым алқаптарындағы маңызды жұмыстардың бірі- өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес.

Қазақстанда тұқымды жоңышқаның екінші шабысында алуға болады, алайда ол үшін алғашқы шабысты бүрлену кезеңінде 10-12 см биіктікте жүргізеді, басқа жағдайда жекелеген жылдары тұқым пісіп үлгермейді. Жоңышқа егістігін тұқымдық, танаптық, малазықтық ауыспалы егістерде орналастырады, сонымен қатар тұқымдық алқаптарды жалпы көпжылдық шөптер егістігінен қамтамасыз етеді.

6. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер. Еркекшөптің өсіру технологиясында мынадай негізгі мәселелерге назар аударған дұрыс:

1. Толық егін көгін алу және сабақ біріктігінің жиілігін қалыптастыру сәтті таңдап алынған себу мерзіміне байланысты, ал мұның өзі ылғалдануға байланысты ерте көктемнен қысқа қарсы себуге дейін өзгереді.

2. Себуге дейін және өсімдік тіршілігінің алғашқы жылында арамшөпке қарсы күрес, ал бұл алғы дақылмен себу мерзімін таңдап алуға байланысты.

3. Барлық кезеңде алынатын өнім мен шығарылатын қоректік заттарды ескере отырып, фосфор тыңайтқышынан негізгі тыңайтқыш ретінде, ал азот тыңайтқышымен жыл сайын қосымша қоректендіру қажет.

4. Егістікте ылғал қоры жеткілікті танаптарға орналастыру және себуге дейін ылғал жинау мен арамшөпке қарсы күресті белсенді жүргізген жөн.

5. Пішен жинауды масақтану кезеңінде 10-12 күнде жүргізу шарт және мал азығын жинау мен дайындаудың озық технологияларын қолданған дұрыс.

7. Біржылдық шөптер. Судан шөбі – кондициялы тұқым алу үшін бірқатар агротехникалық шараларды қолдану қажет.

Тұқым өніміне оның сапасына әсер ететін объективті фокторларға облыс жағдайында жылудың жетімсіздігімен аязсыз кезеңініің қысқалығы болып табылады. Тұқымдық телімдерді жасауға барынша ерте пісетін және алшын көктігі жоғары әрі екі шабыс беретін сорттарды пайдаланады.

Аймақтың әр-түрлі бөлігінде +10º-тан жоғары температура жиынтығы 2100 - 2700º аралығында өзгереді, ал аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 98 – 130 күн, кей жылдары 67 – 68 күнге дейін қысқарады.

Тұқымдық алқаптарға тыңайтқышты міндетті түрде енгізу қажет, өйткені ол тұқымның пісуіне тездетеді.

Тұқымға өсірілгенде топырақ +8-10º дейін жылынған соң мамырдың бірінші он күндігімен соңымен екінші онкүндігінің басында себу қажет.

Себу мерзіміне байланысты тұқымның өнуіне әр-түрлі температура қажет, ал тұқымның далалық өнгіштігі 2 -15 мамырда себілгенде 35 – 40% қана болады.

Судан шөбін тұқымға өсіргенде оның сіңіру тереңдігі 3 – 5 см, тұқымның сіңіру тереңдігі одан әрі арттырса оның далалық өңгіштігі төмендейді.

Арамшөптерге қарсы судан шөбі түптену кезеңінде гербицидтердің 2,4 – Д тобының амин тұзының ерітіндісімен бүркеледі, нормасы 0,25 – 1,0 кг/га аралығында болған жөн. Себу алдындағы қопсытудың астына 1,5 кг/га нормасымен енгізілген атразин де тиімді. Сонымен, өсімдіктерді күзгі ерте түсетін бозқырауға ұрындырмай, сабақтағы тұқымның ылғалдылығы 45 – 40% шамасынды бөлектеп жинауды бастау қажет.

Дәріс №10 Жемдік-астық және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдары

 

Жоспары:

1. Дәнді жемшөп дақылдар.

2. Дәнді бұршақ дақылдар.

 

Ең жақсы құрама жем дәнді жемшөптерден арпа, сұлы, жүгері және дәнді бұршақ және басқа да дақылдардан дайындалады.

Дәнді жемшөп дақылдар. Астық шаруашылығы өндірісінің негізі болып саналады. Бірақ та жоғары сапалы бидай өндірісімен қатар жемшөп дақылдар өндірісін ұлғайтуға да көңіл аудару керек. Бұл мәселе шешілген жағдайда мал шаруашылығының мұқтаждығына қажетті мөлшерде құрама жем азығын бөлуге мүмкіндік туады.

Қазақстанда негізі жемшөп дақылдарына арпа және сұлы, ал оңтүстік және батыс облыстарда жүгері және шай жүгері (сорго) жатады.

Арпа. Арпаның жалпы морфологиялық белгілері басқа дәнді дақылдарға ұқсас, бірақ айырмашылықтары да бар.

Гүл шоғыры- масақ, оның білігі мүшелерден тұрады, ал Олардың кемерінде дара гүлді үш масақша орналасқан. Гүл екі түрлі гүл қабықшаларынан-сыртқы және ішкі-тұрады, қылтық сыртқы гүл қабықшасының (кауызының) төбесіне қарай бекіген.

Сурет-6. Арпаның масақтары: I- көпқатарлы арпа; 2-қосқатарлы арпа.  
Сурет-7. Көпқатарлы арпаларда дәннің орналасу кескіні: а-дұрыс алты қатарлы арпа; б-бұрыс алты қатарлы арпа.  

 

Барлық мәдени арпалар бір түрге-егістік арпаға (Ноrdeum sativum) жатады.

Масақ білігінің кемеріндегі масақшалардың жеміс санын қалыптастыруына қарай егістік арпа үш түр тармақтарына бөлінеді.

Көпқатарлы арпа - Н.s.vulgare-бірдік кемерінде үш
жемісті масақша орналасқан.

Кос қатарлы арпа- Н.s.distichum-бірлік кемерінде жемісті масақша біреу.

Аралық арпа - Н.s.intermedium бірлік кемерінде 1-3 жемісті масақша болады.

Копқатарлы арпада дұрыс алты қатарлы немесе алты қырлы және бұрыс алты қатарлы немесе төрт қырлы топтар ажыратылады.

Масақтың көлденең қимасында дұрыс алты қатарлы арпалар дұрыс алты сәулелі жұлдыз, ал бұрыс алты қатарлы-төрт бұрыш кескін (фигура) береді.

Қосқатарлы арпа жеміссіз бүйір масақшаларының даму дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді.

1. Nutantia

2. Deficientia

1. Nutantia тобына жеміссіз бүйір масақшаларында масақ қабықшаларымен қатар гүл қабықшалары да сақталған арпа жатады.

2. Deficientia тобына жеміссіз бүйір масакшаларда тск қана масақ қабықшалары бар арпа кіреді.

Қосқатарлы арпаның дәндері масақ, білігінің кемерінде еркін дами отырып симметриялы құрылыс қалыптастырады және бүкіл масақ бойында біркелкі болады. Көпқатарлы арпада дәндер біркелкі емес; масақ білігінің кемерінде орналасқан үш масақшанын, ортасындағы дән ірі келеді, ал бүйір дәндері біршама қисайып бітеді де ұсақтау келеді. Сондықтан симметриялы тұқым тобын қос қатарлы арпаға, ал симметриялы дәндер 40 пайыздан төмен болғанда - көпқатарлы арпаға жатқызады.

Аталған түр тармақтарын қабықты дәндердің ойығындағы негізгі қылы бойынша да ажыратады. (6-сурет): қысқа талды қыл көпқатарлы арпаға, ал ұзын талды қыл- қосқатарлы арпаға тән.

Арпаның түршелерін мына белгілері бойнша анықтайды: дәннің қабықтылығы (қабықты немесе жалаңаш), масақтың тығыздығы (борпылдақ немесе тығыз), қылтықтылығы (қылтықты немесе қылтықсыз-үш қалақты өскіндермен), қылтықтардың аратістілігі (тегіс немесе ара тісіті), масақтың түсі (сары немесе қара).

Арпа масағынын тығыздылығын масақ білігінің 4 см ұзындығына келегін білік мүшелерінің санымен анықтайды. Егер 4 см білік ұзындығында 14-ке дейін мүшелер болса масақ борпылдақ, ал 15- тен артық мүшелер болса масақ тығыз деп есептеледі.

Арпа түршелерін анықтау үшін төмендегі анықтамалықты пайдалануға болады.

Сурет-8. Арпа масақшасының құрылысы: 1- қабықты дән; 2-жетілмеген гүл; масақша кауыздары; а) дән кабығы мен қос масақша қауызынан тұратын масақша; б) қосқатарлы арпа білігінің тұғыры мен үш масақша (екі шеткілері жетілмеген); в) көпқатарлы арпа биігінің тұғыры мен үш масақша; г) көпқатарлы арпа білігінің тұғыры мен масақша қауыздары

 

Өсіру технологиясының ерекшеліктері. Далалық 4-5 танапты дәнді парлық малазықтықауыспалы егісте арпа 3-4 дақыл ретінде кезектесуі мынадай: жүгері-арпа, немесе жүгері-біржылдық шөптер-арпа. Арпа өсірудегі топырақ өңдеу жүйесі, негізінен, жаздық бидайға ұқсас. Алқаптар арамшөппен қатты ластанғанда, әсіресе, ылғал мол түскен жылдары, қосымша қопсыту жұмыстары жүргізіледі.

Сұлы. Маңызы. Астыққа, көк балауса мен пішенге, жеке азыққа, сұлы кеңінен қолданылады, әрі таза және бір жылдық бұршақ дақылдармен, жаздық сиыржоңышқа, далалық бұршақ, асбұршақ, егістік ноғатпен аралас күйінде өте жақсы азық. Сұлының сабағы берік, соңғы жылдары 5-18ц-ге дейін өзгере отырып, орташа өнімі Қазақстанда 12,0ц/га болды.

Ботаникалық сипаттамасы. Егістік сұлы (Avena sativa) қабықты және қабықсыз деген түрлерге бөлінеді. Қабықты түрі негізгі алқаптарды алып жатыр, ал қабықсыз сұлы егістіктің аз ғана бөлігін алады, өйткені оның өнімі жоғары.

Сұлының тұқымы әдетте үш ұрықтық тамырмен өнеді. Өнімнің түпиенуі топырақтың құнарлығына, ылғалдылығына, қоректену алаңына қарай өзгереді: 1-ден 6,5-ке болуы мүмкін, бірақ шаруашылық жағдайында 1,1-1,3-тен аспайды. Сұлы- өздігінен тозаңданатын өсімдік.

Егін көгі көктемгі -8-9º бозқырауды, гүлдену кезінде -1-2º, дәннің сүттене пісуі кезінде -4-5ºС бозқырауды көтереді.

Агротехникалық ерекшеліктері. Сұлыны 3-4 дақыл ретінде 2-3 танапты дәнді отамалы дақыл- дәнді, отамалы дақыл шөптер ауыспалы егісінде жүгеріден немесе біржылдық шөптен кейін орналасады. Топырақты өңдеу жаздық бидай, арпаға ұқсас.

Солтүстік Қазақстанда ең қолайлы себу мерзімі- мамырдың аяғы мен мауысымның басы, мал азығына өсіргенде ең жоғары өнім- мауысымның алғашқы онкүндігінде алынады.Жемшөп жинаудың қолайлы мерзімі- шашақтану кезеңі.

Дәнді бұршақ дақылдар. Ауыл шаруашылығында ақуыздың жетіспеушілігі әрқашан да күрделі мәселе.

Малдарды оңтайлы жағдайларда ұтымды азықтандырғанда 1кг мал ақуызын өндіру үшін 7кг өсімдік ақуызы қажет. Мал шаруашылығының қазіргі жағдайында бұл көрсеткіш 9-15 гк-ға жетті, бірақ та мал және өсімдік ақуызымен толық қамтамасыз ету үшін кісі басына 200 кг өсімдік ақуызын өндіру керек.

Ақуыздың жетіспеушілігі, жемшөпті дайындау шығыны жоғарлауы, оларды тиімсіз қолдануы, ет пен сүт өнімдерінің бағасын өсірді.

Құрамындағы ақуыз мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас өсімдіктерге пара-пар келетін дақыл жоқ, олардың тұқымдарында дәнді дақылдарға қарағанда ақуыз 1,5-3 есе артық.

Асбұршақ. Ас бұршақ- Горох - Pisum

Л.И.Говоровтың жүйелеуіне сәйкесті мәдени ас бұршақ үш тармаққа бөлінеді:

1. Азиатикум

2. Транс азиатикум

3. Коммунс

Ас бұршақтың негізгі түр тармағына communc жатады да, оған барлық селекциялық сорттар кіреді.