Адвокатура, 4 курс 9 страница

Құқықтық статистика - әлеуметтік құқықтық құбылыстарды талдаудың маңызды құралы болып табылады. Құқықылық статистикада қоғамдық құбылыстардың сандық мәліметтеріне дұрыс тәсілдерді қолданып есептеу жүргізу және зерттеуге алынған құбылыстың өзге құбылыстармен занды байланысын ашып беру - өзге ғылымдардың талдау жұмысын дұрыс, сапалы жүргізуіне жағдай жасайды. Себебі көпшілік жағдайда, қоғамдық ғылымдар нақты өмірдің шынайылығын теориялық тұрғыдан зерттеумен айналысатындықтан, сол өмір шындығын өз зерттеулерінде қолдануға мәжбүр болады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ол ғылымдар (мысалы криминологияда, әлеуметтануда т.б) статистикалық мәліметтерге, оның ішінде толық талдаудан өткен сандық көрсеткіштерге жүгінуге мәжбүр болады. Сондықтан салалық статистикалар өз талдауын толық, әрі қатесіз беруі керек. Дұрыс жүргізілген статистикалық талдау -әр түрлі ғылымдарға әлеуметтік шындықпен жақындасуына, оны өз талдауларында пайдалануына жағдай жасайды. Осындай қажеттіліктерді ескере отырып, статисти-калық талдау — бұл бақылау және топтастыру, сондай-ақ есеп-теу нәтижесінде алынған сандық көрсеткіштерді басқа қажетті көрсеткіштермен салыстыру, олармен байланыс дәрежесін анықтау арқылы тиісті қорытындылар, бағалау беру болып табылады деуге болады.

Статистикалық талдау - статистикалық жұмыстың соңғы әдісі және кезеңі дегенмен, сандық мәліметтерді талдаудың нышаны, оның кез келген сатысында байқалады. Соған орай статистикалық талдау ұғымын тар және кең мағынада қарас-тыруға болады. Кең мағынада талдау — нақты қоғамдык, құбылыстың түрін (мысалы тіркелген қылмыстылықты) өзге ұқсас құбылыстардан ажырата қарастыруды, жиналған мәліметтерді қажетті белгілерге қарай бір тектес топтарға бөліп шығаруды және сол мәліметтерге математикалық есептеу тәсілдерін қолдану арқылы сұранысқа ие көрсеткіштерді анықтауды білдіреді.

Статистикалық талдау және жалпылау сатысында қолданылатын негізгі әдіс жалпылаушы көрсеткіштер әдісі.

Жалпылаушы көрсеткіштерді абсолюттік, салыстырмалы және ортақ жама, индекстер құрайды.

Абсолюттік шамалар алғашқы деректерді қосқан кезде алынады. Олар жиынтықтың санын және зерттеліп отырған құбылыстың белгілі бір жерде және уақыттағы көлемін сипаттайды.

Салыстырмалы шамалар – екі абсолюттік көрсеткіштерді салыстыру жолымен алынған шамалар. Салыстырмалы шама бір шаманы өзге шамаға бөлуден түындайды, сондықтан салыстырмалы шамалар нысанындағы көрсеткіш абсолютті шамаларға қатысты туынды болып табылады.

Құқыққорғау органдарының талдау жұмысында келесі салыстырмалы шамалар жиі қолданылады:

6) белсенділіктің салыстырмалы шамалары;

7) жиынтық құрылымының салыстырмалы шамалары;

8) динамиканың салыстырмалы шамалары;

9) жоспарды орындаудың салыстырмалы шамалары;

10) салыстырудың салыстырмалы шамалары.

Белсенділіктің салыстырмалы шамасы (БСШ) – белгілі бір белгімен сипатталатын құбылыс шамасының, оның базасы болып табылатын ортаның көлеміне қатынасы, және ол өлшенетін белгі шамасымен оның таралу ортасының атауын қамтитын атаулы сандар арқылы көрініс табады.

БСШ-ны қылмыстық коэффициенті деп, қылмыс фактілерінің немесе оларды жасаған тұлғалар санының халық санына қатынасы ретінде анықталады.

Жиынтық құрылымының салыстырмалы шамалары – басым үлес немесе үлес деп аталатын және пайыздар немесе бөлшектер арқылы көрініс табатын бір, бөліктің тұтасқа қатынасы.

Орташа шама – сапалы біртектес жаппай қоғамдың құбылыстар мен үрдістердің сандық өзгермей белгілерінің сәйкес мөлшерін өрнектейтін жалпылаушы белгі.

Зерттеліп отырған жиынтық және ортақтандыратын өзгермелі белгілердің сипатына қарай, арифметикалық орташа шама, геометриялық орташа, квадраттық орташа; гармониялық орташа, мода, медиана сынды шамалар қолданылады.

Әдістемелік нұсқау:

Құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау - әсіресе құбылыстың туындауына екінші факторлар әсер еткенде қажет болады, Яғни, осы құбылыстың туындауына қандай себепші құбылыстар әсер етуі мүмкін екендігін анықтау керек болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Статистикалық талдаудың ұғымы және маңызы

2. Құқықтық стаистикалық мәліметтерді талдаудың негізгі объектілері

3. Кешенді статикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану

4. Құбылыстар белгілерінің арасындағы байланыстың тығыздығын ашу және өлшеудің әдістері

5. Статистикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Общая теория статистики. Статистическая методология в изучении коммерческой деятельности: Учебник / Под ред. А.А. Спирина, О.Э. Башиной. М.: Финансы и статистика, 1994.

2. Статистический ежегодник Казахстана: Стат. сборник. Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 1998-2001.

3. Статистический словарь.. 2-е изд., перераб. и доп. / Гл. ред. М.А. Королев. М.: Финансы и статистика, 1898.

4. Судебная статистика: Преступность и судимость (современный анализ данных уголовной судебной статистики России 1923-1997 годов ) / Под ред. И.Н. Андрюшечкиной. М.: РИЮД, 1998.

7. Семинарлық сабақтардың жоспары

1-тақырып. Статистика ғылымының ұғымы, мақсаттары

Статистика ұғымы, пайда болу негіздері және мақсаттарын анықтау. Статистика пәні және міндеттері. Статистика — мемлекетті сипаттайтын онын ішінде мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағаланған еді.

 

2-тақырып. Статистика әдістері

Статистикалық әдістер- әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағы туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сәйкес сандық көрсеткіштерді алу үшін, міндетті түрде жүргізілетін осы саладағы ерекше қызмет жүйесі.

3-тақырып. Қазақстан Республикасында статистикалық жұмыстарды басқару және оның міндеттері

Статистикалық жұмыстар қоғамдағы маңызды әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды мемлекет тарапынан бақылауға алу мақсатында жүргізіледі. Мұндай, сандық жағын анықтау кажетті болып табылатын құбылыстар әр салалы, құрылымы мен оны сипаттайтын белгілер де әр түрлі көлемде болуына байланысты, олармен статистикалық жұмыстар жүргізу де күрделі болып келеді.

1. Өкілетті органның міндеттері.

2. Өкілетті органның құқықтары

3. Өкілетті талаптары.

 

4-тақырып. Құқықтық статистиканың ұғымы, міндеттері

Мемлекет — қоғамдық өмірдің тиісті салалары бойынша бағдарламалар, жоспарлар дайындайды немесе бағдарламалар дайындау кезінде сол салаға жататын құбылыстың сандық көрсеткіштерін ескереді.

Демек статистика, оның ішінде құқықтық статистика да мемлекеттік қызметтің бір түріне жатады.

Статистикалық зерттеуге алынатын құбылыстың сандық жағымен қатар, құқық қорғау органдары қызметі көрсеткішін сипаттайтау.

5-тақырып. Құқықтық статистиканың басқа ғылымдармен байланысы

Құқықтық статистиканың өзге ғылымдармен байланысы, ең алдымен осы ғылымның негізгі бастамалары болып табылатын, статистиканың жалпы теориясымен және тиісті құқық салаларымен, яғни мәселе қылмыстық-құқықтық статистика туралы болса, қылмыстық құқықпен, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құкықтарымен анықталады.

 

6-тақырып. Статистикалық бақылау

Статистикалық бақылауды жүргізу зерттеу жұмысының алғашқы сатысы бақылау жоспары арқылы жүзеге асырылады. Олар: бақылау объектісі, жиынтық бірлігі, бақылау бірлігі, бақылау уақыты, өлшем бірлігі, бақылау бағдарламасы, нұсқаулар және дайындық шаралары, бақылау құжаттары.

7-тақырып. Құқық қорғау органдарының есеп беру жүйесі

Есеп беру бұл құқық қорғау органдарының қызметінде бақылауды іске асырудың негізгі, әрі жауапты кезеңі болып табылады. Мағынасы тұрғысынан келгенде бұл жұмыс есеп беруші органдар қызметінін алғашқы нәтижесін білдіреді.

Алғашқы нәтижесі деп бағалану себебі, ол статистикада белгіленген талдау әдістемелеріне салу, тиісті есептер толық берілгеннен кейін жүргізіледі.

8-тақырып. Статистикалық бақылау құжаттарын жинақтау,