Адвокатура, 4 курс 8 страница

Орташа жылдық өсімше немесе азаю қарқыны пайыз түрінде алынады және ол салыстыру базасы үнемі өзгеріп отыратындықтан, ол орта геометриялық шаманың формуласымен есептеліп анықталады. Оның формуласы былай келтіріледі.

1993 жылдың көрсеткіші база ретінде алынғандықтан, оның есімі есептелмейді. База өзгермелі, яғни тізбекті түрде анықталады. Оның формуласы былай келтіріледі.

; мұнда n-орташа геометриялық шама есептелетін жылдардың санын білдіреді. Мұнда базалық жыл есептелмейді. Х1•Х2•Х3...Хп – жылдық өсу немесе азаю қарқындары. Демек,

= =93,6% Жылдардың орташа азаю қарқыны - 3,6% тең болады. Орташа жылдық өсу қарқыны да осы тәсілмен шығарылады. Тек ондай кезде - минустың орнына + плюс қойылады, яғни мысалы + 5,6 шықса, онда қатардағы базалық жылды есептемегенде, әр жыл сайын орташа 5,6%-ға өсу қаркыны болғанын білдіреді.

Статистикалық талдау және жалпылау сатысында қолданылатын негізгі әдіс жалпылаушы көрсеткіштер әдісі.

Жалпылаушы көрсеткіштерді абсолюттік, салыстырмалы және ортақ жама, индекстер құрайды.

Абсолюттік шамалар алғашқы деректерді қосқан кезде алынады. Олар жиынтықтың санын және зерттеліп отырған құбылыстың белгілі бір жерде және уақыттағы көлемін сипаттайды.

Салыстырмалы шамалар – екі абсолюттік көрсеткіштерді салыстыру жолымен алынған шамалар. Салыстырмалы шама бір шаманы өзге шамаға бөлуден түындайды, сондықтан салыстырмалы шамалар нысанындағы көрсеткіш абсолютті шамаларға қатысты туынды болып табылады.

Құқыққорғау органдарының талдау жұмысында келесі салыстырмалы шамалар жиі қолданылады:

1) белсенділіктің салыстырмалы шамалары;

2) жиынтық құрылымының салыстырмалы шамалары;

3) динамиканың салыстырмалы шамалары;

4) жоспарды орындаудың салыстырмалы шамалары;

5) салыстырудың салыстырмалы шамалары.

Белсенділіктің салыстырмалы шамасы (БСШ) – белгілі бір белгімен сипатталатын құбылыс шамасының, оның базасы болып табылатын ортаның көлеміне қатынасы, және ол өлшенетін белгі шамасымен оның таралу ортасының атауын қамтитын атаулы сандар арқылы көрініс табады.

БСШ-ны қылмыстық коэффициенті деп, қылмыс фактілерінің немесе оларды жасаған тұлғалар санының халық санына қатынасы ретінде анықталады.

Жиынтық құрылымының салыстырмалы шамалары – басым үлес немесе үлес деп аталатын және пайыздар немесе бөлшектер арқылы көрініс табатын бір, бөліктің тұтасқа қатынасы.

Орташа шама – сапалы біртектес жаппай қоғамдың құбылыстар мен үрдістердің сандық өзгермей белгілерінің сәйкес мөлшерін өрнектейтін жалпылаушы белгі.

Зерттеліп отырған жиынтық және ортақтандыратын өзгермелі белгілердің сипатына қарай, арифметикалық орташа шама, геометриялық орташа, квадраттық орташа; гармониялық орташа, мода, медиана сынды шамалар қолданылады.

Әдістемелік нұсқау:

Іріктелген бақылаудың статистикадағы қажеттілігі және маңызы. Іріктелген бақылаудың қатесін анықтау. Іріктеуге жататын жиынтықтың көлемін анықтау. Индекстердің ұғымы және жалпы сипаттамасы. Индекстердің түрлері. Динамикалық қатарлардың ұғымы және түрлері.

Бақылау сұрақтары:

1. Динамикалық сандық көрсеткіштердің ұғымы

2. Екі немесе одан да көп абсолюттік шамалар

3. Динамикалық қатарлардың ұғымы және түрлері

4. Динамикалық қатарлардың статистикалық сипаттамасы

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Общая теория статистики. Статистическая методология в изучении коммерческой деятельности: Учебник / Под ред. А.А. Спирина, О.Э. Башиной. М.: Финансы и статистика, 1994.

2. Статистический ежегодник Казахстана: Стат. сборник. Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 1998-2001.

3. Статистический словарь.. 2-е изд., перераб. и доп. / Гл. ред. М.А. Королев. М.: Финансы и статистика, 1898.

4. Судебная статистика: Преступность и судимость (современный анализ данных уголовной судебной статистики России 1923-1997 годов ) / Под ред. И.Н. Андрюшечкиной. М.: РИЮД, 1998.

14-тақырып. Құқықтық құбылыстарды статистикалық зерттеу

Жоспар:

1. Құбылыстардың өзара байланысының ұғымы және олардың түрлері Құбылыстар белгілерінің арасындағы байланыстың тығыздығын ашу

2. Құқықтық құбылыстарды статистикалық зерттеу

3. Құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау .

Құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау - әсіресе құбылыстың туындауына екінші факторлар әсер еткенде қажет болады, Яғни, осы құбылыстың туындауына қандай себепші құбылыстар әсер етуі мүмкін екендігін анықтау керек болады. Сондықтан қоғамдық ғылымдар, оның ішінде құқықтық ғылымдар да зерттеу объектісі ретінде қарастырылатын құбылыстарға нендей жағдайлардың (факторлық белгі) әсер етуі, келесі құбылысты немесе салдарды (нәтижелік белгі) тудыратынын анықтап жатады.

Себептілік пен салдардың арасындағы байланыс - бұл субъективтік емес, объективтік категория, яғни тікелей немесе жанама түрде әсер ете алатын уақиғаның туындауын, өмір сүруін білдіреді. Себепті салдарлы байланыс - қоғамдағы құбы-лыстардың көптігінің басты себебі болып табылады, өйткені қоғамда құбылыстың түрі көп десек, оның басты себепшісі, ол құбылыстардың өзара байланысы немесе көпшілік жағдайда себепке жататын құбылыстың сақталуынан қажетті болып табылатын бірнеше ұқсас құбылыстар өмір сүреді.

Құқықтық ғылымдардың ішінде қылмыстық құқық қоғамға қауіпті зардаптың туындауының (нәтиже) басты, тікелей себепшісі ретінде, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалуын (фактор) келтіреді. Қылмыстық құқық себепті салдарлы байланысты барынша тар, нақты түрде алады. Ал қылмыстылықты әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін ғылым - криминология -себепті салдарлы байланысты өз зерттеу тәсілінің бір құрамдас бөлігі ретінде алып, қылмыстылықтың өмір сүруін, басқа қоғамдық құбылыстармен байланыстырады. Яғни бір ғана құбылыстың түріне жататын қылмыстылықтың себебін бірнеше, әлеуметтік-қоғамдық, экономикалық құбылыс түрлерінен іздейді.

Себеп пен салдарға немесе фактор мен нәтижеге жататын құбылыстар барлық жағдайда бірге бір болып, тең дәрежеде өмір сүрмейді. Яғни салдарға жататын құбылыстың бірнеше себепті құбылыстары болуы мүмкін. Бұл жағдай керісінше де бола алады, яғни себептілікке жататын бір құбылыс бірнеше оның салдары болып табылатын жеке құбылыстарды тудыруы мүмкін.

Егер статистикалық зерттеулерге жататын құбылыстарды жекеше алсақ, онда себеп пен салдардың бірге бір, тең дәреже екенін байқауға болады. Мұндай байланысты әсіресе қылмыстық құқықтағы әрекет пен зардаптың арасындағы тікелей себепті байланыстан байқауға болады. Қылмыстық құқықта, жасалған іс-әрекеттің түрі мен қауіптілік деңгейіне қарай сондай зардап туындауы қажетті болып табылады. Себебі ондағы әрекет пен зардаптың арасындағы байланыс - қажетті, зардап тудырушы сипаттағы байланыс болып табылады. Мысалы кінәлі бөтеннің мүлкін қайтарусыз алғанда, меншік иесіне зардап келеді және ондай зардаптар туындауы үшін, (нәтиже) міндетті түрде меншікке қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасалуы керек болады (фактор). Статистикада мұндай себепті уақиғаның туындауына байланысты, міндетті түрде келесі уақиғаның туындауы, функционалдық байланысты білдіреді. Функционалдық байланыста екі құбылыстың немесе уакиғаның арасындағы зандылық анық көрінеді.

Іс-әрекет пен зардаптың арасындағы функционалдық байланысқа қылмыстық құқықта келтірілетін кездейсоқ байланысты жатқызуға болмайды. Себебі кездейсоқ байланыста іс-әрекет қоғамға қауіпті болып табылмайды, сондықтан себепті байланыс қажетті байланысқа жатпайды, нәтижесінде іс-әрекет жасаған адамда кінә да болмайды.

Қылмыстылықтың орын алуына (нәтиже) кейбір қоғамдық құбылыстар, тікелей себепші болмай, бірақ ықпал етуі мүмкін болғанда, олардың арасында да байланыс болады және мұндай байланыстар статистикада корреляциялық байланыс деп аталады. Демек криминологияда қарастырылатын қылмыстылықтың жасалуының себептері мен жағдайлары корреляциялық байланысқа жатады. Корреляииялық байланыс - екі немесе одан көп құбылыстардың арасында кең етек алған байланысты білдіреді. Мысалы халықтың арасындағы жұмыссыздық - көптеген меншікке қарсы қылмыстардың басты себебі болып табылуы мүмкін. Корреляциялық байланыс құбылысты міндетті түрде тудырушы байланысқа жатпайды. Мысалы, барлық жұмыссыз немесе әл-ауқаты төмен адамдар ұрлық, тонау қылмыстарын жасап жатқан жоқ. Корреляциялық байланыс жалпылай сипатта болып келеді. Мұны былай түсіну керек. Егер бір қылмыстың себебі кінәлінің жұмыссыздығы болса, ал екінші ұрлықтың себебі, есірткіге құмарлықтан ақша табу бола алады. Демек, корреляциялық байланыста себеп тудырушы құбылыстар көп болып келеді. Немесе олардың жиынтығын шамалап анықтауға да болады. Сондықтан корреляциялық байланысқа түсе алатын себепші уақиғалар міндетті емес, ықтималдық сипатта болады.

Нәтиженің болуына себеп болатын құбылыстарды қылмыстық-құқықтық статистикада анықтау оңай, ол үшін бір тектес топқа жататын қылмыстардың кейбіреулерінің жасалу себептеріне көңіл аударса жеткілікті. Мысалы, адамның мас күйінде болуы, міндетті түрде қылмысқа итермелейтін себеп деуге болмайды. Бірақ қылмыстылықтың елеулі бөлігін бұзақылық ниетпен жасалған қылмыстар құрайды. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 12189 адам мас күйінде қылмыс жасаған. Бұл барлық қылмыс жасаған адамдардың 12,2%-ын құрайды. Демек, адамның масаң жағдайда болуы қылмыстылыққа итермелеуші себеп ретінде, оның ішінде, қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстардың басты себебі ретінде тануға болады. Себебі қылмыскерлердің ішінде бұзақылық, тонау, қарақшылықтәрізді қылмыстар жасаған адамдардың ортасында қылмысты мас күйінде жасаған адамдардың үлес салмағы елеулі.

Корреляциялық байланыстар тікелей корреляциялық байланыс және кері корреляциялык, байланыс деп белінеді.

Тікелей корреляциялық байланыс - нәтижені білдіретін құбылыстың өмір сүруіне, пайда болуына әсер ете алатын екінші құбылыстың қоғамда сақталуын білдіреді. Мұндай байланыстар криминологияда қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын қарастыруда анықталады. Мысалы, жоғарыда айтқандай қоғамда кедейшілік, жұмыссыздық көп болса, соғұрлым меншікке қарсы қылмыстардың көп жасалуы зандылық болып табылады. Сол сияқты, спирттік ішімдікке немесе есірткі заттарға әуес адамдардың саны соғұрлым көп болса, соғұрлым қылмыстылық ол қоғамда басым болады.

Тікелей корреляциялык байланыстың басты ерекшелігі, ол себепші құбылыстың таралу дәрежесінде, яғни қаншалықты себепші құбылыстар көп болса, соншалықты шамада оның нәтижесін білдіретін құбылыстар да көп туындайды. Бұл байланыс түрі қашанда «+» плюс мағынада болады.

Кері корреляциялық байланыс - нәтижені білдіретін құбылысқа оған қарсы бағытталған құбылыстың әсер ету байланысын білдіреді. Мысалы қоғамда қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған шаралар басым, көп жұргізілсе, соғұрлым қылмыстылық аз жасалады. Мысалы, халықтың дінді ұстануға бет бұруы, әлеуметтік-экономикалық өрлеу, құқық қорғау органдарының қоғамды бақылауын күшейтуі, қылмыстылықтың азаюына себепші болады.

Кері корреляциялық байланыста екі құбылыстың мағынасы, көлемі бір-біріне кері пропорциялы болады және «—» минус мағынаны білдіреді.

Тікелей корреляциялық байланыста, кері корреляциялық байланыста тікелей сызықты және қисық сызықты нысанда бейнеленуі кездеседі. Бұлар бір белгінің екінші белгіге әсер ету нысанын білдіреді.

Тіке сызықты байланыссебепті білдіруші (факторлық белгі) құбылыстың көбеюіне қарай, салдарды білдіретін құбылыстың да кебеюін (тікелей корреляциялық байланысты) немесе азаюын (кері корреляциялық байланысты) көрсетеді.

Қисық сызықты байлаиыс- бір себепті білдіруші құбылыстың немесе белгінің нәтижені білдіретін құбылысқа үнемі бірдей бағытта әсер етпеуін немесе белгілі бір уақыттар өткенін кейін кері байланыста, бағытта болуын білдіреді. Мұндай жағдайларды еткен уақыттардан байқауға болады. Мысалы 1985 жылдан кейінгі Горбачевтың спирттік ішімдікке қарсы саясаты көптеген республикаларда, облыстарда жүзімдіктердің жой-ылуына, арақ-шарап заттарының бағасының әдейі көтерілуіне және белгіл бір уакыттарда (кешкі уақытта) ғана сатылуына әкелді. Бұл себепті (факторлық) құбылыс. Осы себептен бастапқы уақыттарда қылмысты мас күйінде жасау аз болғанмен, артынан қылмыстылықтың басқа түрінің көбеюіне, мысалы, спирттік ішімдіктерді қолдан жасап сату қылмысының көбеюіне әсер етті. Бұл нәтижені білдіретін құбылыстың бағыты. Яғни мұндай жағдайды сызықпен бейнелесек, ол бастапқыда ішімдікке тыйым салынуына байланысты азайып отырып, (бұл кері корреляциялық байланыстағы тіке сызықты білдіреді), бір-екі жыл өткеннен кейін, арақ өнімдерін қолдан жасап сату қылмысының көбеюіне (сызық мұндай кезде бұрылып ассиметриялы түр көрсетеді) қарай ұласты.

Статистикада корреляциялық байланыстың жұпты корреляция (парная корреляция) және көптік корреляция (множественная корреляция) деген түрлері келтіріледі.

Жұпты корреляцияфактор ретіндегі белгімен салдар ретіндегі белгінің арасындағы байланыстың зерттелуін білдіреді. Мұндай байланысты кейде бір факторлы деп те атайды.

Сондықтан кейде құбылыс белгілерінің арасындағы байланыстар көп факторлы да бола алады. Мұндай байланысты статистикада «көптік корреляция» деп атау қалыптасқан және ол көптеген факторды немесе себепті білдіретін белгілердің салдар белгісімен байланысын білдіреді.

Жұпты корреляция тек екі белгінің байланысын анықтауға бағытталғандықтан, оны есептеу тәсілі аса қиындық тудырмайды және құқықтық статистикада салдарды білдіретін құбылыспен байланысты құбылыстар жиі байқалатындықтан кеңінен қолданылады. Көптік корреляцияны құқықтық статистикада кеңінен қолдануға негіз бар. Өйткені қылмыстылықтың (салдар) таралуына жағдай жасайтын себептер біреу ғана емес. Сондықтан криминологиялық зерттеулердің қажеттілігін өтеу мақсатында бұл тәсілді кең қолдануға негіз бар.

Тегінде, құбылыстардың арасындағы байланыс пен оның түрі, құбылыстың өзін қарастыратын ғылымдарда келтіріледі. Кұқықтық статистикада да кей құбылыстардың арасындағы байланыс тығыздығы зерттеледі. Ол байланыстар құқық салаларымен, ал қылмыстылық бойынша криминологиямен белгіленеді. Ал статистика ол байланыстардың мөлшерін есептеп берумен айналысады.

 

Әдістемелік нұсқау:

Құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау - әсіресе құбылыстың туындауына екінші факторлар әсер еткенде қажет болады, Яғни, осы құбылыстың туындауына қандай себепші құбылыстар әсер етуі мүмкін екендігін анықтау керек болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Құбылыстардың өзара байланысының ұғымы және олардың түрлері

2. Тікелей коррекциялық байланыс

3. Кері коррекциялық байланыс

4. Тіке сызықты байланыс

5. Қисық сызықты байланыс

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Общая теория статистики. Статистическая методология в изучении коммерческой деятельности: Учебник / Под ред. А.А. Спирина, О.Э. Башиной. М.: Финансы и статистика, 1994.

2. Статистический ежегодник Казахстана: Стат. сборник. Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 1998-2001.

3. Статистический словарь.. 2-е изд., перераб. и доп. / Гл. ред. М.А. Королев. М.: Финансы и статистика, 1898.

4. Судебная статистика: Преступность и судимость (современный анализ данных уголовной судебной статистики России 1923-1997 годов ) / Под ред. И.Н. Андрюшечкиной. М.: РИЮД, 1998.

15-тақырып. Кешенді статикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану

Жоспар:

1. Статистикалық талдаудың ұғымы және маңызы

2. Құқықтық стаистикалық мәліметтерді талдаудың негізгі объектілері

3. Кешенді статикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану

 

Статистикалық жұмыстың соңғы сатысы – қорытылған мәліметтерді талдау болып табылады. Статистикалық деректерді талдау және жалпылау-статистикалық зерттеудің үшінші қорытынды сатысы. Статистикалық деректерді сараптау - алынған сандық деректерді (өз ара, басқа әлеуметтік экономикалық статистика салаларының деректерімен) салыстыру, зерттеу, оларды жалпылау, түсіндіру, ғылыми және тәжірибелі тұжырымдарды қалыптастыру үрдісі. Статистикалық зерттеудің осы сатысында біз сандық деректерді қайта құру арқылы зерттеліп отырған құбылыстың сапалық қасиеттері даму тенденциясы, заңдылықтары жөнінде деректер аламыз.

Статистикалық талдау – бұл бақылау және топтастыру, сондай-ақ есептеу нәтижесінде алынған сандық көрсеткіштерді басқа қажетті көрсеткіштермен салыстыру, олармен байланыс дәрежесін анықтау арқылы тиісті қорытындылар, баға беру болып табылады.

Статистикалық зерттеу жұмыстары қоғамдық құбылыстардың сандық бет-бейнесін ашу мақсатында қолданылуына байланысты, оның практикалық маңыздылығын білдіретін мынандай қызметтерін келтіруге болады: сипаттамалық, түсіндірушілік, болжамдық және тәжірибелік ұйымдастырушылық.

Статистикалық талдаудың сипаттамалық қызметін зерттеуге алынған құбылыстардың жағдайы, күйі, динамикасы тәрізді сандық тұрғыда сипаттауды білдіретін әдістемелердің қолданылуымен анықталады.

Статистикалық түсіндірме беру – зерттеу, есептеу жұмыстарының нәтижесінде алынған көрсеткіштердің өткен уақытпен немесе басқа аймақпен байланысы бар құбылыстармен салыстырғандағы ерекшеліктерін анықтау.

Құбылыстың өткен уақыттағы динамикасын және алдағы уақытта әсер етуші факторларды ескеріп, алдағы уақытта сол құбылыстың динамикасына болжам жауды – статистикалық болжам қызметі деп танимыз.

Статистикалық талдаудың келесі қызметі, бақылауға алынған құбылыстың мәліметтері, мемлекеттік тиісті органдарға қажетті шараларды қолданудың алғышарты болып табылады. Тәжірибеде статистикалық зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра шешім қабылдау, оның тәжірибелік-ұйымдастырушылқ қызметінің көрінісі.

Статистикалық жұмыстың соңғы сатысы-қорытылған мәліметтерді талдау болып табылады. Статистика пәні ғана емес, өзге ғылым салалары да өз зерттеу объектілерін талдаумен айналысады. Талдау –барлық ғылымда негізгі міндетті іске асыратын құрал ретінде қолданылады және әр ғылым саласында ерекшелігіне қарай әр түрлі тәсілде, сипаттамада жүргізіледі.

Әдетте, қоғамдық ғылымдарда талдау жүргізу үшін, зерттеуге жататын құбылысты жіктеу, өзге құбылыстардан ажырата отырып түсінік беру, белгілерін анықтау тәсілдері қолданылады.

Қорытылған статистикалық көрсеткіштер, статистиканың негізгі бастамасы болып табылатын ілімдер зерттейтін белгілерінің сипаттамасын білдіргенмен, талдау жүргізу қызметіне келгенде, ол ілімдермен ұқсас бағытта жүргізілмейді.

Талдау - кез келген танымның негізгі міндетінің атқарылуын білдіреді, яғни талдау жүргізу арқылы зерттеудің қорытындысын ғана шығарып бермей, сол қорытындыға жеткізер құрал ретінде де қолданылады. Қылмыстық құқық пәні өзінің міндетін іске асыру үшін, ерекше бөлімде қарастырылған жекелеген қылмыстық құрамдардың объективтік және субъективтік белгілерін анықтау арқылы құқықтық талдау жүргізіп, өзінің таным саласы ретіндегі міндетін атқарады. Криминология - өзінің басты міндеті ретінде, қылмыстылыққа әлеуметтік тұрғыдан талдау жүргізуді көздейді. Ол үшін қылмыстылықты әр түрлі демографиялық, әлеуметтік, құқықтық белгілерге қарай топтастырып алып, қылмыстылық түріне түсінік береді, құрылымың динамикасын т.б. анықтайды, мұнан кейін сол қылмыстылық түрін жасайтын адамдардың жеке басын зерт-теп, қылмыстылықтың жасалу себептері мен жағдайларын ашады және соңғы кезекте нақты қылмыстылық түрінен (мысалы кәмелетке толмағандар қылмыстылығынан) сақтандыру немесе оның алдын алу тәсілдерін қарастыру арқылы өзінің талдау қызметін іске асырады. Көріп отырғанымыздай, зерттеу объектісі ұқсас екі таным саласының талдау тәсілдері әр түрлі, яғни қылмыстық құқық қылмыстылықты құқықтық тұрғыдан талдаса, криминология оны әлеуметтік тұрғыдан алып талдаумен айналысады.

Құқықтық статистикада көпшілік жағдайда зерттеу объектісі ретінде, өзге құқықтық мағынадағы құбылыстарды емес, қылмыстылықты алады. Соған орай құқықтық статистика қылмыстылықты қандай тұрғыда, бағытта талдайды деген сұрақ туындайды. Статистика өзінің талдау міндетін өзге ғылымдармен салыстырғанда кең көлемде жүргізеді деуге болады. Мұндай тұжырымның дәлелі ретінде, құқықтық статистикада барлық құқық салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың немесе заңмен қор-ғалатын қоғамдық қатынастардың есепке алынуын, ол мәліметтер бойынша жан-жақты сұранысты қанағаттандыратын есептеулердің жүргізілуін, бір тектес немесе өзара байланысы бар құбылыстардың байланысы дәрежесінің анықталуын, сонымен қатар өзге ғылымдарда да қарастырылатын қоғамдық құбылыстардың құрамындағы әр түрлі зандылықтардың ашылуын келтіруге болады.