Адвокатура, 4 курс 6 страница

Статистикалық таблица – зертелген құбылыстарды жүйелеу, тиімді пайдаланудың сандық мінездемесі. Техникалық жағынан таблица горизонталды және вертикалды сызықтардың азара өтуін көрсетеді. Статистикалық таблицаның басты элементтері а) кіріспе; б)бастауыш; в) баяндауыш; г) жолдар; д) бағаналар.

Қарапайым, топтық, комбинациялық статистикалық таблицалар ажыратылады.

График – статистикалық шамаларды геометриялық сызықтар және фигуралар әрі географиялық карта – схемалардың көмегімен (диаграмма, картограмма, картодиаграмма) көрнекі өрнектеу. Графиктің атауы, нұсқаулары. Графиктік белгі (график негізі), график алаңы, кеңістіктік және масштабтық бағдар және шартты белгілері болады.

Әдістемелік нұсқау:

Статистикалық мәліметтерді топтастыру, жинақтау. Түрлері

Бақылау жұмысының негізінде, негізгі белгілеріне қарай басқа құбылыстардан ажыратылатын бір тектес құбылыстарды тіркеуге алу жатыр. Статистикалық жұмыстың бұл сатысының аяқталу кезінде бақылау жүргізілген құбылыстың орын алғандығын білдіретін оқиғалардың, оларды негізгі және қосымша тұрғыда сипаттайтын мәліметтердің қоры, жалпы саны белгілі болады және бұл мәлімет ол құбылыстьщ құрылымы туралы мағлұмат бермейтін шикі көрсеткіш болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Статистикалық құжаттарды жинақтау және топтастырудың ұғымы

2. Статистикалық топтастырудың түрлері

3. Статистикалық мәліметтерді жинақтау дегеніміз не?

4. Жинақтау түрлерін ата

5. Статистикалық топтастырудың түрлері

 

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

9-тақырып. Абсолютті және қатыстық шамалар

Жоспар:

1.Абсолютті және қатыстық шамалар ұғымына түсінік

2. Статистикалық бақылау және топтастыру жұмыстарының нәтижесінде зерттеу

 

Өткен тақырыптардан белгілі болғандай, статистикалық бақылау және топтастыру жұмыстарының нәтижесінде зерттеуге, есепке алынған құбылыс пен оның белгілері туралы жалпы сандық мәліметтер алынады. Яғни, нақты құбылыс пен оның сипаттамасынан шығатын белгілерінін, белгілі бір уақыт пен аумақтағы ең жоғарғы саны анықталады. Мұндай мәліметтер сапасы тұрғысынан бағалағанда алғашқы, жалпы мағлұмат беретін және сол құбылыстың шынында өмірде бар екендігін анықталған саны арқылы көрсететін ақпарат болып табылады. Бірақ ондай сандық мәліметтерге сүйеніп бірден құбылыстың қоғамға таралу денгейін, қарқынын, өзге құбылыстармен қатыстылық шамасын анықтай алмаймыз. Демек, бақылау мен топтастыру кезінде анықталған сандық мәліметтерді, қорытылмаған, дұрыс, жан-жақты ақпарат бере алмайтын жалаң мәлімет ретінде бағалауға болады.

Мұнан кейінгі уақыттарда статистикалық зерттеуге алынған құбылыстың, бұл бір-бірімен астарлас, байланысқан өмірде жеке дара пайда болып, өмір сүре алмайтындығын ескеріп, олардың байланыс деңгейін, бір-біріне деген қатыстылығын анықтау туралы немесе статистикада белгіленген жан-жақты талдауларға алу қажеттілігі туындайды.

Осы жағдайларды ескере отырып, екі түрлі мәліметті немесе сандық шаманы келтіруге болады. Біріншісі есептелінбеген, тек топтастырылған, алғашқы өңдеуден өткен сандық шамалар, екіншісі қорытылған немесе талдаулар жүргізілген сандық шамалар. Статистикада біріншісі келтірілген сандық шамалар абсолюттік шамалар, ал екінші талдаулар жүргізудің нәтижесінде пайда болған сандық шамалар, қорытылған шамалар деп аталады. Шамалар дегеніміздің өзі статистикалық зерттеуге алынған құбылыстың пайда болу уақыты мен орнына қарай есепке алудан туындайтын, қорытылған (есептелінген) немесе қорытуға, талдауға салынбаған сандық мәліметтер болып табылады.

Қарапайым мағынада абсолюттік шамалар — статистикалық бақылау және топтастырудың нәтижесінде пайда болған сандық көрсеткіштерді білдіреді деп түсіну керек. Демек, абсолюттік шамалар дегеніміз, зерттелуге алынған құбылыс пен оның белгілерінің жалпы жиынтығын, сомасын білдіретін және әлі ешқандай талдауға, есептеуге алынбаған сандық мәлімет болып табылады.Мысалы, тіркелген қылмыстардың белгілі болған қылмыскерлердің, сотталғандардың, қылмыстық істердің саны.

Абсолюттік шамалардың кейінгі жүргізілетін есептеулер алдында атқаратын міндеті, тек құбылыстың немесе онын белгілерінің пайда болған уақыты мен орнына қарай жалпы санымен қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай сандық шамалардан жиынтықтың өткен уақыттармен салыстырғандағы, біртектес жиынтықты білдіретін сандардың негізгі жиынтықтағы үлес салмағы немесе өзімен байланысты жиынтық-тармен арақатынас деңгейі, орташа қарқыны мәлім болмайды. Ондай мәселелерді анықтау — кейінгі статистикалық есептеу жұмыстарына жатады және бұл мәселені іске асыру математикада белгіленген есептеу тәсілдерін қолдана отырып жүргізіледі.

Абсолюттік шамалар атаулы шамалар болып табылады, өйткені мұндай әрбір сандық шама жиынтықтың мағынасын білдіретін құбылыстың немесе оның белгілері арқылы сандық шаманың атын да білдірігі тұрады, яғни, әртүрлі өлшем бірлігімен белгіленеді.

Статистикалық жиынтықтың санының мағынасы, атауы тиісті өлшем бірліктерімен анықталады. Өлшем бірліктері натуралдық және ақша сомасында болады.

Натуралдық өлшемдер әлеуметтік-құқықтық немесе криминологиялық зерттеулерде қолданылатын белгілердің атын білдіреді. Яғни тіркелген, ашылған, сот қарауына өткізілген, үкім шығарылған қылмыстар, қылмыс жасаған адамдар онын, ішінде демографиялық, құқықтық, әлеуметтік белгілердің атымен, мысалы, кәмелетке толмағандардың, әйелдердің рецидивтердің қылмыстары және т.б. осы тәріздес жиынтық аттарын білдіре отырып, олардың абсолюттік шамалары қылмыстардың саны, қылмыскерлердің саны, сот қарауында болған азаматтық істердің саны, шығарылған шешім, үкімдердің саны түрінде аталады.

Абсолюттік шамалар ақша сомасы түрінде келтірілген зардаптың көлемінің сомасы тәріздес анықталады. Сол сияқты, өзге салалық статистикаларда абсолюттік шамалар гектар, килограмм, тонна, пүт, метр, шақырым, куб түрінде немесе натуралдық өлшем ретінде уақиғаның санымен анықталады.

Бір ғана абсолюттік шаманы қолдана отырып, статистикалық талдау жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Сондай-ақ өзге ғылым, танымдарда да құбылыстың сандық мәліметін білдіретін бір ғана сандармен немесе абсолюттік шамамен ешқандай ғылыми дұрыс талдау жүргізуге мүмкін емес. Мысалы, 2001 жылдың 1 қыркүйегіндегі халық санының жағдайы бойынша, Қазақстан Республикасында 14821,1 мың халық, яғни 15 миллионға жуық халық тұрады десек, бұл мәлімет дұрыс дерек бере алмайды. Яғни, бұл шама еткен уақыттармен салыстырғанда қаншалықты өзгергенін, т.б. жағдайларын түсіндіріп тұрған жоқ. Егер бұл мәліметтің өзі әрі қарай қала мен ауылда тұратын халық санын, ұлттардың үлес салмағын білдіріп тұрса, құнды мәлімет болар еді. Абсолюттік шамаларға негізгі жиынтықты құрайтын, біртектес жиынтықтың сандық шамалары да жатады және мұндай шамалардың да жоғарыда келтірілген мысалдан артықшылығы бола бермейді. Мысалы, 2000 жылы Қазақстан Республикасында 1617 қасақана кісі өлтіру және оған оқталу, 1733 қасақана денсаулыкқа зиян келтіру, 1411 қасақана денсаулыққа орташа зиян келтіру, 1677 ұрып-соғу, 146 азаптау немесе 1155 әйелді зорлау қылмысы жасалды десек те, бұл сандардың бір-бірінен қанша пайызға аз-көптігі, өткен уакыттармен салыстырғандағы айырмашылығы мәлім емес, тек жалаңаш мәліметтер болып табылады.

Кез келген статистикалық зерттеуге алынған құбылысқа талдау жүргізу үшін, кем дегенде екі абсолюттік шама белгілі болу керек.

Қатыстық шамалардың статистикада алатын маңызы зор, өйткені олар қоғамдық құбылыстардың құрылымын және уакыт пен орнына қарай дамуын сипаттайды немесе салыстыру және талдау құралдары ретінде қолданылады. Мұндай амалдар құкықтық статистикада да жиі қолданылады.

Қатыстық шамалар құбылыс жиынтықтарының өзара байланыстары мен бір-біріне тәуелділігін ескере отырып тұтас ретте де, сондай-ақ олардың бөліктері түрінде де қарастыруға мүмкіншілік береді.

Қарапайым мағынада қатыстық шамалар бірнеше абсолюттік шамалардың бір-біріне байланысын, бірінсіз-бірі толық сипаттала алмайтынын немесе олардың өзара қатыстылығын анықтайды. Мысалы, жекелеген қылмыстар түрлерінің санын бір-бірімен салыстыру немесе сандық шаманы өткен уақыттармен, халық санымен, өзге жерлермен салыстыру. Мұндай мақсаттар бойынша абсолюттік шамалар есептеуге алынғанда, олар қорытылған көрсеткіштерді шығарады. Халықтың немесе зерттеушілердің құбылыстың сандық мәліметтері туралы талаптарыны, қажеттіліктерінің түрлеріне қарай, қатыстық шамаларды есептеу тәсілдерін қолдану арқылы алынған көрсеткіштер, одан әрі де есептеулерге, талдауларға алынуы мүмкін.

Демек, қатыстық шамалар дегеніміз, нақты жиынтықтың сандық мәліметін білдіретін екі абсолюттік шаманы бір-біріне қою, салыстыру арқылы алынған шамалар болып табылады.

Қатыстық шамалар бір абсолюттік шаманы екінші абсолюттік шамаға бөлу арқылы есептеледі. Ол абсолюттік шамалар әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Қатыстық шамалардың түрлеріне жататын шамаларды анықтау мақсатына сәйкес, қажетті абсолюттік шамалар колданылады. Мысалы, егер бір жиынтықтың құрамына жататын құбылыстардың (мысалы, қылмыстардың ҚК тараулары немесе жекелеген қылмыс түрлері) негізгі жиынтық ішінде алатын үлесін анықтау керек болса, онда жалпы қылмыстардың санымен сол жиынтықтың құрамынан шығатын белгілі бір қылмыстың саны белгілі болуы керек немесе құбылыстың өткен уақыттармен салыстырғандағы айырмашылығы, өзгерісі анықталу керек болса, онда өткен уақыттардың сандық шамалары белгілі болуы керек.

Қатыстық шамада немесе орта шамада болсын, сондай-ақ өзге де статистикада белгіленген талдауларды жүргізу үшін, қолданылмақшы абсолюттік шамалар бір-бірімен салыстыруға келетіндей болуы керек. Абсолюттік шамалар өзара салыстыруға, біріне-бірін қоюға келетіндей болуы үшін, ол абсолюттік шамалардың арасында қандай да бір байланыс, бір-біріне деген қатыстылық болуы тиіс. Ол байланыстар тікелей болмағанның өзінде, зерттеуге алынған құбылыстармен жақын немесе қамти алатындай болуы керек. Мысалы қылмыстылықтың халық арасына таралуын анықтау үшін, сол аймақтағы халық саны мен тіркелген қылмыстар, қылмыскерлер қолданылады. Себебі, қылмыскерлер саны осы халықтың арасынан шығады, сондай-ақ, аумақтар құбылыстың түріне қарай өзара байланысты және әрбір облыстың қылмыстылығын басқа облыстардың қылмыстылығымен салыстыруға болады.

Әдістемелік нұсқау:

Статистикалық мәліметтерді топтастыру, жинақтау. Түрлері

Бақылау жұмысының негізінде, негізгі белгілеріне қарай басқа құбылыстардан ажыратылатын бір тектес құбылыстарды тіркеуге алу жатыр. Статистикалық жұмыстың бұл сатысының аяқталу кезінде бақылау жүргізілген құбылыстың орын алғандығын білдіретін оқиғалардың, оларды негізгі және қосымша тұрғыда сипаттайтын мәліметтердің қоры, жалпы саны белгілі болады және бұл мәлімет ол құбылыстьщ құрылымы туралы мағлұмат бермейтін шикі көрсеткіш болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Абсолютті және қатыстық шамалар ұғымына түсінік

2. Статистикалық бақылау және топтастыру жұмыстарының нәтижесінде зерттеу

3.Статистикалық топтастырудың түрлері

4. Абсолюттік және қатыстық шамалардың арақатынасы

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

10-тақырып. Орта шамаларды құқықтық статистикада қолдану

Жоспар:

1. Құқықтық статистикадағы орта шамалар ұғымы

2. Орта шамаларды құқықтық статистикада қолдану

 

Қорытылған көрсеткіштердің келесі бір түрі орта шамалар болып табылады. Орта шамалар статистиканың барлық салаларында қолданылып, мағынасы жағынан әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды вариациялық белгілеріне қарай сандық жағы нан сипаттауды білдіреді.Қоғамдық құбылыстардың сандық жағына назар аудару кезінде кейде жиынтық бірліктерінің және жиынтықты құрайтын бірлік топтардың орташа алғандағы көрсеткішін анықтау туралы мақсат туындайды. Зерттеуге алынған жиынтық құрамы элементтерінің орташа көрсеткішін анықтау — статистикалық талдау жұмысының негізгі бір түрін білдіреді және талдау жұмысының аяқталуын білдірмейді Құбылыстың орташа таралуы немесе көлемі — бұл жұмыстан кейін де әрі қарай талдауларға қолданылады. Қоғамда, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметінде атқарылған жұмыстардың орташа деңгейін анықтау жиі кездесетін жәйт, мысалы тергеу органдарының қылмыстық істерді тергеу мерзімдерінің орташа көрсеткіші, әр тергеушіге келетін қылмыстық істердің орташа саны, тағайындалған жазалардың орташа мерзімі т.б. кейде анықтауға жататын мәліметтер болып табылады. Сонымен қатар, жалпы статистикада халықтың орташа жас шамасы, орташа айлық табысы, тауарлар түрлерін орташа бағасы, белгілі бір салалар бойынша жұмысшылардың орташа еңбек жүктемесі т.б. анықталады және қоғам тарапы-ман сұраныс тудырып жатады. Әртүрлі әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың орташа дамуы мен нақты бір уақыттардағы деңгейін көрсету - зерттеуге алынған құбылыстар бірліктерінің сандық деңгейін асырмай да кемітпей де көрсетіп беруге мүмкіншілік береді. Сонымен, орта шамалар дегеніміз бір вариациялық белгінің негізінде бір тектес құбылыс жиынтығының әдеттегі деңгейін анықтайтын қорытылған көрсеткіштер болып табылады.Яғни, орта шамалардың мақсаты құбылыстарды белгілі бір белгілеріне қарай орташа алғандағы сандық деңгейінің мәліметін шығаруды білдіреді. Мұндай кездерде жиынтық бірліктерінде орын алған әртүрлі сандық белгілердің ауытқулары жойылып, сол вариациялық белгінің құбылысқа тән деңгейі анықталады. Жиынтық бірліктерінде вариациялық белгілердің әртүрлі сандық көрсеткішпен сипатталуы занды, қажетті жәйт. Мысалы, бір мекемедегі жұмысшылардың айлық табысы, қылмыскерлердің жасы, сотталған адамдарға белгіленген жаза мерзімдері бірдей бола бермейді. Егер жиынтық бірліктерінде аталған белгілер бірдей санмен анықталатын болса, онда ол белгінің орташа шамасын анықтау ғана емес, тіптен статистикалық зерттеуге алуға мүмкін болмаған болар еді. Себебі, жиынтықтың барлық бірліктерінде ол белгі бірдей санмен анықталса, ол сан орташа көрсеткішін емес қарапайым деңгейін, табиғи жаратылысын білдіреді.Орташа шамаларды қолданудың негізі, орташаланатын белгінің жиынтық бірліктерінде сапалық тұрғыдан бір тектілігі болып табылады. Бір тектілік — жиынтықты сипаттайтын белгілердің ішіндегі есептеуге алынған белгінің барлық жиынтық бірліктерінде кездесуін білдіреді. Келесі негізі ол белгінің барлық бірліктерде немесе олардың сапалық топтарында әр түрлі сандық сипатта кездесуі болып саналады. Әр түрлілік немесе әр түрлі сандық немесе сапалық дәрежеде көрсетілу, ол вариациялықты білдіреді. Бір ескерте кететін жәйт, ол қатыстық шамаларда жиынтық сапалық белгілері бойынша алынса, орта шамаларда жиынтық сандық белгілері бойынша алынады. Қатыстық шамаларда абсолюттік шамалар бір-бірі үшін вариациялық белгілер болып табылмайды. Ол шамада жиынтық тұтас алына отырып, басқа жиынтықпен салыстырылады.

Әдістемелік нұсқау:

Статистикалық мәліметтерді топтастыру, жинақтау. Түрлері

Бақылау жұмысының негізінде, негізгі белгілеріне қарай басқа құбылыстардан ажыратылатын бір тектес құбылыстарды тіркеуге алу жатыр. Статистикалық жұмыстың бұл сатысының аяқталу кезінде бақылау жүргізілген құбылыстың орын алғандығын білдіретін оқиғалардың, оларды негізгі және қосымша тұрғыда сипаттайтын мәліметтердің қоры, жалпы саны белгілі болады және бұл мәлімет ол құбылыстьщ құрылымы туралы мағлұмат бермейтін шикі көрсеткіш болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

Статистикалық мәліметтерді жинақтау дегеніміз не?

Жинақтау түрлерін ата

Статистикалық топтастырудың түрлері

Абсолюттік және қатыстық шамалардың ұғымы

Орта шамалар ұғымы

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

11-тақырып. Іріктелген бақылау және оны құқықтық статистикада қолдану

Жоспар:

1. Іріктелген бақылаудың статистикадағы қажеттілігі және маңызы

2. Іріктелген бақылауды қолдану

3. Іріктелген бақылау және оны құқықтық статистикада қолдану

 

Статистикалық бақылаудың бұл түрінің жеке тақырып түрінде қарастырылу және кейінгі тақырыптарда қарастырылу себебі, ол бақылаудың осы түрі сипаттамасының көлемді болуына, соған сәйкес жеке қарастыруды қажет етуіне байланысты. Іріктелген бақылаудың жалпы түсінігі статистикалық бақылау тарауында қарастырылды. Бірақ, іріктелген бақылаудың ол тақырыпта емес, жеке тақырып түрінде және орта шамалардан кейін қарастырылу себебі, ол іріктелген бақылауды жүргізуде және оның көрсеткіштерін есептеп анықтауда, орта шамаларды есептеу тәсілдерінің қолданылуына байланысты болып табылады. Іріктелген бақылаудың қорытынды көрсеткіштерін анықтау үшін орта шамаларды анықтау тәсілдері қолданылатын болғандықтан, орта шаманы білмей тұрып, іріктелген бақылаудың көрсеткіштерін есептеу қиындық тудырады.

Іріктелген бақылау-зерттеуге жататын жиынтықты толық көлемде емес, оның аз белігін бақылауға алу арқылы, сол жиынтықтың сандық шағындағы заңдылықтарды, объективтік шындықты ашып беруді көздейді. Әдетте статистикалық зерттеулердің мәліметтері жаппай бақылаудың нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйенеді, бірақ зерттеушіде жеткілікті мүмкіндіктер болмағанда немесе уақыт, қаражат тапшылығы болғанда іріктелген бақылауды өткізе отырып, оның мәліметтеріне сүйенуге қажеттілік туындайды. Демек, іріктелген бақылау бас (генеральный) жиынтықты толық зерттеуді, толық қамтуды көздемейді.

Іріктелген бақылауды қолданудың басты себебі, ол анықталуға жататын мәлімет бойынша ресми статистикалық мәліметтің арнайы дайындалмауы болып табылады. Мұндай жағдай құқықтық статистикада да кездеседі. Құқық қорғау немесе әділет органдарының құқықтық мағынадағы құбылыстарға есеп жүргізуі және соның нәтижесінде мәліметтер дайындауы, жиынтықтың барлық белгілері бойынша жүргізіле бермейді. Яғни, қажетті мәліметтің тапшылығы - зерттеушінің статистикалық бақылауды жеке жүргізуіне себепші болады. Демек, іріктелген бақылау дегеніміз, статистикалық зерттеуге жиынтықтың барлық бірліктерін қамтымай, оның белгілі бір бөліктерін ғана қойылатын талаптарға сай таңдап алып, соның нәтижесінде бас жиынтықтың көрсеткішіне сәйкес келетін мәліметті анықтау болып табылады.

Іріктелген бақылауды жүргізу, ол жеке адамдардың ғылыми жұмыстарда зерттеуді дәлелдеуі, негіздеуі үшін ғана емес, сонымен бірге бақылаудың бұл түрі әр түрлі салалардағы қызметтерде де, тұтастай мекеме жұмыстарында қолданылады.

Іріктелген бақылаудың ең қарапайым түрлері өндірістік бақылауда кездеседі. Мысалы, шығарылған өнімнің тұтынушыларға жарамдылығын анықтау үшін шыққан өнімнің барлығын емес, оның тек ішінара кейбір бөліктерін тексеру жеткілікті. Осы тәріздес статистикалық қызметпен арнайы айналысатын органдар үнемі бақылауды қажет етпейтін немесе толык бақылау жүргізу қиындық туғызатын құбылыстарға немесе оның белгілі бір белгілеріне, статистикада белгіленген қажетті талаптарды ескере отырып іріктелген бақылау өткізу арқылы қажетті мәліметті анықтауға мүмкіншілігі бар. Іріктелген бақылауды жеке адамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарда да қолдануға мүмкіншілігі бар. Мысалы, қажетті жиынтық туралы арнайы мәлімет дайындалмаса немесе жиынтықтың белгілі бір белгілері бойынша арнайы статистикалық көрсеткіштер болмағанда, жеке зерттеушілер іріктелген бақылауды өз бетінше жүргізе алады.

Әр түрлі құқық салаларына жататын зерттеу әдебиеттерінде, ғалымдардың іріктелген бақылау мәліметтеріне сүйенуі жиі кездеседі. Мысалы зерттеушіге нақты бір қылмыс түрінін жалпы саны белгілі болғанмен, статистикалық мәліметте арнайы қамтылмауына байланысты ол адамға қажетті сол қылмыс бойынша қылмыстың ниеттерінің түрлері бойынша деректер болмауы мүмкін. Мұндай кезде зерттеуші осы қылмыстың түрлеріне жататын қылмыстық істердің бірнешеуін қарау арқылы немесе қылмыс жасаған адамға арналған статистикалық бастапқы есепке алу құжатының (карточкалар) бірнешеуін тексере отырып, қажетті қылмыстық ниеттің кездесу денгейін анықтай алады.