Адвокатура, 4 курс 4 страница
1) Зерттеліп отырған құбылыс жөніндегі алғашқы ақпарат дәл және толық болуы керек.
2) Бақылауға алынатын фактілер ғылыми тәжірибелік құндылығы болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және құқықтық өмірінің маңызды құбылыстары мен үрдістерін өрнектеуі тиіс.
3) Статистикалық деректердің зерттеліп отырған құбылыстар мен ұрдістерге сәйкестігін олардың сапасын жан – жақты терең бақылау арқылы қамтамасыз ету.
4) Статистикалық бақылауды теориялық негіздеу әрі ғылыми ұйымдастыру.
Статистикалық бақылауды ұйымдастыру: 1) бақылаудың мақсаты мен міндеттерінің анықталуын; 2) бақылау нысанасын таңдауды; 3) бақылау, жиынтық, өлшеуім бірліктерін бекіту; 4) статисткиалық бақылаудың нақты бағдарламасын құрастыруды талап-етеді.
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы бақылау үрдісінде тіркеуге алынуға жататын нақты мәселелердің ғылыми негізделген тізімінен тұрады.
Статистикалық бақылаудың бағдарламасына келесідей нақты талаптар қойылады: 1) бағдарлама сұрақтары зерттеліп отырған құбылыстық нақты мәндік белгілерін ашуы керек, және де нақты әрі қосмағыналы емес болуы керек; 2) бағдарламаның логикалық тұрғыда дұрыс құрастырылған болуы керек; 3) бағдарламаға жиналған мәліметтерді тексеріп, оны нақтылау үшін қадағалау сипатындағы мақсатты сұрақтарды енгізу керек.
Статистикалық бақылаудың ұйымдасқан нысандарына мыналар жатады: ресми статистикалық есеп беру; арнайы ұйымдасқан бақылау; регистрлер және мониторинг.
Статистикалық бақылаудың түрлерге бөлінуінің негізіне 2 жік жатқызылады: 1) фактілерді уақыт аралағында үздіксіз есепке алу, 2) бірлік жиынтығының толықтығы.
Бірінші жігіне қарай статистикалық бақылау: ағымдағы, периодикалық және біруақыттағы болып бөлінеді.
Жиынтықты зертеудегі бірліктің қамтылуына байланысты, статистикалық бақылау бүтіндей және бүтіндей емес болып бөленеді. Бүтіндей емес бақылаудың әдістеріне: негізгі массив әдістері, таңдамалы әдіс және монографиялық сипаттау әдісі жатады.
Статистикалық бақылаудың маңызды тәсілдері болып:1) тікелей бақылау; 2) фактілерді құжатты тіркеу; 3) сұрау.
Зерттеліп отырған шамалардың есептелген мәні мен нақты мәнінің арасындағы алшақтық бақылау қатесі деп аталады.
Пайда болу себептеріне байланысты бақылауда үш түрлі қателер болады а) өлшеу қатесі; б) репрезентативті қате; в) тіркеу қатесі.
Қоғамды жан-жақты сандық мәліметтермен қамтамасыз ету және әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағындағы зандылықтарды ашу үшін, ең алдымен қажетті құбылысқа жаппай бақылау жүргізу керек. Статистиканың осындай қоғам, мемлекет алдындағы міндетін іске асыру үшін, бақылау жүргізу жұмысына белгілі бір міндеттер, талаптар қойылады. Басқаша айтқанда, статистикалық зерттеу жұмысының дұрыс, әрі сапалы, өмір шындығына сәйкес келетіндей сандық мәлімет беруі, ол құбылысты бақылау жұмысының дұрыс жүргізілуіне байланысты болып табылады. Статистикалық бақылау әдісінің мағынасы, саны көп құбылыстарды, уақиғаларды сандық жағынан зерттеуге алу үшін, ол құбылыстар туралы қажетті мәліметтер жинауды білдіреді. қоғамдық құбылысты бақылау кезінде, сол құбылысқа жататын уақиғалар қаншалықты толық тіркелсе, статистика ол құбылыстың сандық жағындағы өмір шындығын соншалықты дәл анықтайды. Статистиканың өзі бастапқыда нақты қоғамдық құбылыстарды барынша толық қамтып ол туралы мемлекетке мәлімет беру мақсатында пайда болған таным. Бұл талап қазіргі статистикада да қолданылады және кейінгі сатыларда жүргізілетін статистикалық зерттеулер жұмысының дұрыстығына кепілдік береді.
Статистикалық зерттеу жұмысы ұзақ, белгілі бір әдістердің кезектілікпен қолдануын қажет ететін жұмыс. Бақылау - сол жұмыстардың, әдістердің алғашқысы болып табылады. Сондықтан, статистикалық бақылаудың мазмұны мен ол жұмыстың сапалы атқарылуы, жиналған мәліметтерді әр түрлі елеулі белгілері бойынша топтастыру, өндеу және талдау кезендерінің ғылымилығына үлкен әсер етеді. Сондықтан, статистикалық бақылау — бұл зерттелуге жататын әлеуметтік-қоғамдық құбы-лыстардың жиынтық бірліктерін елеулі белгілеріне қарай тіркеуге алуды білдіретін және жоспарланған, ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған зерттеу жұмысының алғашқы сатысы болып табылады.Статистикалық бақылау әдісі, құбылыстарды тіркеуге алу арқылы іске асырылады. Әрбір тіркеуге алу жұмысы жиынтық бірлігінің бақылауға алынған, мәлім болғанын білдіреді. Тіркеуге алу-құқықтық статистикада құқықтық реттелуге жататын құбылыстардың құқықтық қорғау органдарына мәлім болып қана коймай, оған іс ашылып, қажетті статистикалық карточкалардың толтырылуын білдіреді. Демек, «тіркеуге алу» ұғымы бақылау жұмысының жұргізілгенін білдіреді және оны іске асыратын мекеме, ұйымның қызметі болып табылады.
«Елеулі белгілер» деген ұғым бұрынғы тақырыптарда қарастырылады. Кұбылыстың жиынтық бірліктерін сипаттайтын белгілердің қатарын шектеулі деп бағалауға болмайды. Статистикалық зерттеулердің мәліметтерін пайдаланатын ғылымдар-дың сұранысының артуына байланысты, құбылыс бірліктерін сипаттайтын белгілердің қатары да үнемі артуда. Құбылысты тіркеуге алу кезінде көніл бөлінетін белгілердің елеулілігі, ол жиналған мәліметтерді топтастыру құралы ретінде қолданылуымен анықталады. Статистикалық бақылауда құбылыстың елеулі белгілері қоса бақылауға алынбаса, онда жиналған мәліметтерді топтастыру да мүмкін болмайды. Сондықтан, ба-қылау жүргізу кезінде құбылысты тікелей немесе қосымша тұрғыдан сипаттайтын белгілердің қоса бақылануы, ол статистикалық әдістердің әрі қарай жалғасуын, түбінде жан-жақты сандық мәліметті білдіретін, көрсеткішті дайындаудың негізгі кілті, бастамасы болып табылады. Себебі статистикалық зерттеу жұмысы осы ғылымда белгіленген әдістердің, сатылардың кезектілікпен қолданылуы арқылы іске асырылады және бұл кезектілікпен орындалатын жұмыстардың бір-бірімен байланыстылығы, кейінгі қолданылатын әдістің үнемі алдыңғы әдіске бағынышты болуымен айқындалады. Яғни, құбылысқа жаппай бақылау жүргізбей отырып, біз ешқандай құбылысты топтастыра алмаймыз немесе топтастыру болмаған жерде статистикалық арнайы талдау әдістемелері де жүргізілмейді.
Жаппай бақылау - қажетті құбылысты пайда болу уақыты мен орнына қарай тоқтаусыз, үнемі, түгел тіркеуге алуды білдірсе, статистикалық бақылау жаппай көлемде де немесе зерттеу жұмысының дұрыстығы үшін, жеткілікті ғана көлемде жүргізіледі. Демек, жаппай бақылау деген ұғымға қарағанда статистикалық бақылау деген ұғым кеңірек қолданылады. Жаппай бақылау - статистикалық бақылаудың бір түрі және негізгі түрі. Салалық статистикалар, оның ішінде құқықтық статистикада, бақылауды жаппай бақылау нысанында жүргізеді, себебі салалық статистикалардың басты мақсаты, қоғамды толық сандық мәліметпен қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан құқықтық медициналық демографиялық т.б. статистикалар тиісті құбылысты пайда болу уақытына қарай, 100 % көлемінде жаппай бақылауға алады.
Статистикалық бақылау жоспарлы жұмыстың қолданылуын талап етеді. Бақылау жоспары жасалынбай, статистикалық бақылау жұмысьг басталмайды және бұл жоспарды бақылау жұмысын ұйымдастыратын мекемелер дайындайды.
Бақылау жоспарында қарастырылып отырған әдістің толық мазмұны яғни бақылаудың уақыты, орны, заты, құжаттары, онымен айналысатын мекемелер т.б. анықгалады. Сол себептен бақылау жоспарынын жасалуын, статистикалық бақылау әдісінің бастапқы кезеңін құрайды дейміз және бакылау қызметі жоспардың толық сақталуын қажет етеді.
Бақылау жоспарының элементтеріне немесе құрамына мыналар жатады.
1. Бақылау объектісі;
2. Жиынтық бірлігі;
3. Бақылау бірлігі;
4. Бақылау уақыты және орны;
5. Өлшем бірлігі;
6. Бақылау бағдарламасы;
7. Нұсқаулар және дайындық шаралары;
8. Бақылау құжаттары.
Бұл бақылау жоспарының құрамдары келесі бөлімдерде жеке-жеке қарастырылады.
Статистикалықбақылау, мағынасы бойынша ғылыми жарақталған, әрі өзге ғылымдардың қажеттілігін өтей алатын қызмет қапа емес, ол жаппай құбылыстардың, уақиғалардың тиісті саласы бойынша мемлекеттік қызметті атқаратын мекемелердің негізгі жұмысын немесе үнемі қадағалауын білдіреді. Сондықтан, статистикалық бақылау - тиісті мекемелердің, органдардың өз саласына жататын құбылыстарға қадағалаушылық қызметін де білдіреді. Адамдардың денсаулығын қорғау, оған қажетті көмек көрсетуді іске асыру үшін, арнайы медициналық мекемелер жұмыс істеп, осы салаға жататын құбылыстарға байланысты мемлекеттік шараларды іске асырады, сонымен бірге мұндай құбылыстарды сандық жағынан тіркеуге алып бақылау жүргізеді. Сондай-ақ қоғам мүддесіне қарсы бағытталған құбылыстын, түрі құқық бұзушылыққа да мемлекеттік арнайы бақылау шаралар белгіленіп, осы саладағы құбылыстарды қадағалаушылық ролін арнайы органдар іске асырып қана қоймай, олардың таралуын, қарқының т.б. анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау жүргізіледі. Бақылаудың нәтижесі немесе жалпы айтқанда статистикалық зерттеудің сапасы нақты материалдарға негізделгенде арта түседі.
ІІ. Статистикалық бақылау – алдын – ала дайындалған бақылау жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бақылау жоспары – бақылаудың басты мақсаты анықталғаннан кейін жасалады.
Бақылау жұмысының бір міндеті статистикалық зерттеудің кейінгі сатылары үшін толық, әрі қажетті материалдарды жинақтау болғандықтан, бұл кезеңде зерттеуге жататын құбылыстың түрі анықталып қана қоймай, ол толық іске асырылуы үшін, қажетті жағдайлардың барлығы анықталуға жатады.
Бақылау объектісі дегеніміз, зерттеуге жататын қоғамдық құбылыстардың, уақиғалардың жиынтығы болып табылады. Яғни, біртектес қоғамдық құбылыстардың жаппай бақылауға алынуын білдіреді.
Бақылау объектісін анықтау мәселесі – бұл тиісті қоғамдық өмірдің саласы бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерінің әрекеті.
Құқықтық ғылымдардың кейбір түрлері құқық бұзушылықтарды қарастырғандықтан, онымен күрес жүргізумен айналысатындықтан, құқықтық статистиканың да бақылау объектілері құқық бұзушылықты қарастыратын негізгі құқық салаларына байланысты анықталады. Демек, құқықтық статистикада бақылау объектісі ретінде қылмыстық құқықтық, азаматтық құқықтық және әкімшілік құқықтық қарастырылуға жататын құбылыстар және оларды сипаттайтын элементтер алынады.
1. Қылмыстық - құқықтық статистиканың бақылау объектілеріқылмыстаржиынтығының негізгі элементтерінқамти отырып, негізінен сол элементтер бағытында статистикалық мәліметтерді беруді көздейді. Бұл элменттер қылмыстарды жиынтық күйінде алғандағы жалпы белгілер ретінде ғана бағаланбай,сонымен қатар әрбір жеке жасалған қылмыстардың негізгі назар аударылатын тұстары болып табылады.Қылмыстық статистиканың бақылау объектілері әрбір қылмысты сипаттайтын елеулі белгілерді ғана емес, сондай-ақ, ол қылмысты бүтіндей ала отырып әлеуметтік тұрғыдан зерттеуге қажетті құрамдас бөліктері ретінде алады. Мұндай, қылмыстылықты бүтіндей немесе жекеше сипаттай алатын элементтер: 1. қылмыстар; 2. қылмыскерлер; 3) оларға тағайындалатын жауапкершіліктер. Қылмыстық құқықтық статистика – белгілі бір территорияда белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың, ІІМ, прокуратура, сот, қылмыстық –атқару органдары мен мекемелерінің қылмыстылық бойынша атқарған қызметінің сандық жағын зерттейді. Қылмыстық жауапкершілікке тартуды өзінің қызмет объектісі ретінде қарастыратын қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және қылмыстық-атқару құқығының нормаларына қарай қылмыстық әрекет жасалған уақыттан бастап, аталған органдардың қызметі бірнеше сатылардан өтеді: қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу жүргізу, қылмыстық істі сотқа өткізу, істі сотта қарау, тағайындалған жазаны атқару, тергеу, аталған органдардың қызметіне прокурорлық қадағалау жүргізу.
Қылмыстық құқықтық статистиканың көрсеткіштері қылмыстылықтың жағдайын және тергеу, сот, жазаны атқару органдарының қызметін сандық жағынан сипаттайды.
2. Құқықтық реттелуге жататын қоғамдық қатынастардың бір саласы, азаматтық – құқықтық қатынастар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастар қоғам мүшелерінің арасында орын алған, қоғамның қозғалысын, өмір тіршілігін білдіреді. Себебі, азаматтық – құқықтық тәртіпте мүліктік және мүліктік емес бүкіл қоғамдық қатынсатар реттеледі. Ол қоғамдық қатынастар әр салалы – оны неке, отбасы, тұрғын үй, еңбек, келісім-шарт және басқа да қатынастар құрайды. Азаматтық құқықтық статистика-азаматтық құқық қатынастарының, азаматтық сот ісін жүргізу және азаматтық құқықтық жүйедегі орындаушылық қызмет жағдайы туралы мемлекеттік құқықтық статистиканың саласы.
Азаматтық құқықтық статистиканың объектісіне біріншіден азаматтық құқық бұзушылық және осы саладағы қызметті жүзеге асыратын сот және өзге органдырдың қызметінің сандық жағын жатқызамыз.
Азаматтық құқықтық статистика екі бөлімнен тұрады:
1.Азаматтық сот өндірісінің статистикасы – ол соттың қарауында болған азаматтық қатынастар бойынша барлық инстанциядағы соттардың қызметін бейнелейді. Мұндай статистикалық мәліметтер азаматтық істің сотта қаралуы, сот шешімінің шығарылуы, істің апелляциялық және қадағалау инстанциясында қаралуын құрайтын құқықтық құбылыстардың сандық жағынан тұрады.
2.Сот шешімінің атқарылу статистикасы – сот шешімін жүзеге асырумен байланысты қызметтің сандық жағымен өрнектеледі.
3. Әкімшілік – құқықтық статистика -әкімшілік заң арқылы құқық бұзушылық деп танылған іс-әрекеттерге және оны қарастыратын органдардың қызметіне сандық жағынан бақылау жасайды.
Бақылау жоспарында анықталуға жататын келесі элемент, ол бақылау бірліктері немесе есеп беру бірліктері болып табылады. Бақылау бірліктері ретінде, қажетті статистикалық мәліметтер жиналатын төменгі топтағы мекеме, ұйым, кәсіпорындар алынады.
Статистикалық жиынтықты жиынтық бірліктері құрайды. Жиынтық бірліктері дегеніміз, пайда болу уақыты мен орнына және негізгі белгілеріне қарай белгілі бір топқа жататын жеке қоғамдық құбылыстар, уақиғалар немесе олардың элементтері болып табылады. Әкімшілік құқықтық статистика - әкімшілік құқық бұзушылық және ол жөніндегі істерді жүргізу жағдайы туралы мемлекеттік құқытық статистиканың саласы. Ол әр саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтың және әкімшілік жауапкершілікті жүктейтін органдар мен мекемелердің қызметінің сандық сипатын анықтайды.
Әкімшілік құқықтық статистика бұл саладағы құқық бұзушылықтардың түрлері, келтірілген шығындардың көлемі, белгіленген әкімшілік шараларын, әкімшілік құқық бұзушылықты қарастырған органның қызметінің сандық көрсеткіштерін береді.
Әдістемелік нұсқау:
Статистикалық бақылаудың ұғымы және міндеттері. Бақылау жоспары және оның құрамы. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру және оның негізгі құрамдары. Құқық қорғау органдарының есеп беруі және оның жүйесі
Бақылау сұрақтары:
- Статистикалық бақылаудың ұғымы
- Статистикалық бақылаудың міндеттері
- Бақылау жоспарының элементтерін ата?
- Статистикалық бақылаудың міндеті
- Бақылау жоспары және оның құрамы
- Бақылау объектісі дегеніміз не?
- Қылмыстық –құқықтық статистиканың бақылау объектілеріне анықтама
Негізгі және қосымша әдебиеттер:
1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.
2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004
3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999
7-тақырып. Құқық қорғау органдарының есеп беру жүйесі
Жоспар:
1. Құқық қорғау органдарының есеп беру жүйесіне түсінік
2. Статистикада белгіленген есептеу, талдау жұмыстарынын іске асыру
3. ІІМ органдары бойынша мынандай есеп беру құжаттары
4. Қылмыс жасаған адамдар туралы есеп
Статистикалық бақылауды ұйымдастыру мәселелері – бақылауды іске асыру амалдарын және статистикалық жиынтықты шығарудың негізгі жолдарын анықтауды білдіреді.
Бақылау нысаны дегеніміз – алғашқы мәліметтерді дайындау үшін. Арнайы мамандарымен жүргізілген, жекеше сипатталатын қызмет түрі болып табылады.
Есеп беру - бұл құқық қорғау органдарының қызметінде бақылауды іске асырудың негізгі, әрі жауапты кезеңі болып табылады. Мағынасы тұрғысынан келгенде бұл жұмыс есеп беруші органдар қызметінін алғашқы нәтижесін білдіреді. Алғашқы нәтижесі деп бағалану себебі, ол статистикада белгіленген талдау әдістемелеріне салу, тиісті есептер толық берілгеннен кейін жүргізіледі.
Есеп беру - уақыты бойынша статистикалық жұмыстың аяқталу кезеңін, яғни есеп қабылдайтын органдарға бақылауға алынған және топтастырылған мәліметтерді өткізуді білдіреді. Берілетін есептер бақылауға жататын құбылыстарды толық қамтыған болуы керек және әрбір мекеменің есебі, өздерінің ең жоғарғы ведомствосымен белгіленген ереже тәртібіне сай өткізілуі керек. Есеп мәліметтері бастапқы есепке алу құжаттарында қарастырылған немесе бақылау бағдарламасында көрсетілген белгілер бойынша топтастырыла жүргізілгенмен, бірақ талданбаған, жалаң мәліметтерді білдіреді. Ол мәліметтерде құбылыстың бұрынғы уақыттармен салыстырғандағы айырмашылығы, басқа жерлердегі осы тәріздес мәліметтермен ара қатынасы т.б. анық болмайды.
Құқық қорғау және әділет органдарының есеп беруі мемлекеттік органдардың қызметін сипаттайтындықан және өздерінен жоғары тұрған ведомствоға өткізілетіндіктен, міндетті түрде құжатты түрде тапсырылады. Есеп беру құжаттары да есепке алу құжаттары тәрізді арнайы дайындалған, алынуға тиісті мәліметтерге арнайы бөлім қарастыратын формалар түрінде болады.
Статистикалық бақылаудың негізгі нысаны болып саналатын есеп беру ІІМ, Прокуратура, Сот және басқа да әділет органдарына жататын мекемелердің қылмыстылық, азаматтық қатынастар туралы және бұл мәселелерді шешу мақсатындағы аталған органдар қызметінің өзара байланысын, жұмыстарының сапасын ашуға жағдай жасайды.
Есеп беру - статистикада белгіленген есептеу, талдау жұмыстарының іске асырылу мүмкіндігін жақындатады. Себебі бұл процестің негізгі ерекшелігі, ол алғашқы есепке алу құжаттарында жиынтық бірліктеріне, яғни бір қылмысқа, қылмыскерге және қылмыстық іске көңіл бөлінсе, ал есеп беруде олардың пайда болу уақыты және орны ескеріле отырып, жиынтығына көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бұл кезеңде құқық қорғау органдарының қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес орындаған жұмыстарының толық мазмұны немесе жиынтығын білдіретін сандық мәліметтер шығады. Сондықтан К.Р Бас прокуратурасының, Әділет Министрлігінің кейбір есептері, құқықтық статистикаға қажетті болып саналатын қылмыстылықтың себептері мен оған әсер еткен жағдайларды ашу, соттылықты талдау тәрізді т.б. мәселелерді анықтауға жол ашады және құқықтық, әлеуметтік, демографиялық, криминологиялық бағыттардағы қылмыстылыққа байланысты ғылыми теориялық зерттеулерге қажетті мәліметтер бере алады.
Қылмыстылық туралы статистикалық есеп беруді ІІМ, ТІІБ, КПБ информациялық орталықтарының тіркеу-есепке алу бөлімдері жүргізеді. Бұл орган — бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған қылмыстар, қылмыс жасаған адамдар, оның ішінде тер-геу органдарының қылмыстық іс жүргізу Кодексіне сәйкес орындаған әрекеттерінің жиынтығын анықтап, ол мәліметтерді Бас Прокуратураның құқықтық статистика орталығына тапсырады. Бұл әрине есеп беруді білдіреді және әрбір жеке тапсырылуға жататын құқықтық құбылыс бойынша жеке-жеке формаларды жүргізіледі.