Адвокатура, 4 курс 1 страница

әдебиеттер Бары Ескерту
р/ атауы кітапханада кафедрада Студенттердің қамтылуы Электрондық версиясы  
Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004    
Савюк Л.К. Правовая статистика: Учебник. М.: Юристъ, 1999.      
Статистический ежегодник Казахстана: Стат. сборник. Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 1998-2001.      
Судебная статистика: Преступность и судимость (современный анализ данных уголовной судебной статистики России 1923-1997 годов ) / Под ред. И.Н. Андрюшечкиной. М.: РИЮД, 1998.      
Остроумов С.С. Советская судебная статистика. М.: Наука, 1999      
ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» Заңы      

5. «Құқықтық статистика негіздері» пәні бойынша дәріс кешені

Дәрістер кешені (дәріс сабағының тезистері, көрсетіліс және үлестіру материалдары, әдебиеттер тізімі)

Дәріс тезистерi және оларға дайындалуға арналған әдiстемелiк нұсқаулар

1- Тақырып. Статистика ғылымының ұғымы, мақсаттары

Жоспар:

Статистиканың ұғымы және оның салалары

Статистика пәні және міндеттері

 

Қазіргі кезде статистика белгілі бір қоғамдық құбылыстың сандық жағын білдіретін таным саласы ретінде қолданылады. Статистиканың мұндай мағынада қолданылуын, ерте уақыттармен байланыстыруға болады. Ерте кездердің өзінде-ақ, көптеген патшалықтарда нақты құбылыстардың санын білу туралы қажеттілік болған. Алғашқы уақыттарда статистика ретінде мемлекеттің жағдайы, яғни мемлекет туралы зерттеу жұмысы алынса, кейінгі уақыттарда, қоғамда кен таралған құбылыстардың санын жинақтау ретінде қолданылды. Ал қазіргі уақытта статистика-қоғамға жаппай таралған, саны көп құбылыстарды зерттейтін жеке ғылым саласы ретінде бағаланады.

Кез келген мемлекет өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде, өз аумағындағы барлық қозғалысты, өмір тіршілігін бақылап отыруды көздейді. Ол бакылау - сол мемлекет қоғамындағы барлық салаларға таралады. Нәтижесінде, мемлекет мүддесіне сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін кейбір жағдайлардың беті ашылады. Мысалы, бұрынғы уакыттармен салыстырғанда қылмыстылықтың көп тіркелуі, мемлекетке бұл орайда тиісті шараларды қолдануға негіз болады.

Статистика — тек қана коғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным болып табылады. Қоғамдык құбылыстар ретінде, белгілі бір уақыттарда пайда болатын және белгілі бір уакыттарға дейін өмір сүре алатын болмыстарды түсінуіміз керек. Қоғамдық құбылыстар қоғамдағы қозғалысты білдіретін, ал кейбір түрлері бойынша қоғамды дамытуға немесе әлсіретуге себепші болатын болмыстардан құралады. Қоғамдық құбылыстарға халықтың өсуі немесе олардың арасындағы өлімнің деңгейі, өрт, көлік апаттары, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі т.б. жатады. Міне осы тәріздес қоғамдық құбылыстардың ішіндегі елеулі, маңызды деген түрлерінің саны мемлекетті немесе халықты қызықтыруы мүмкін. Қоғамдық кұбылыстар тек белгілі бір коғамдық ортада, яғни қоғам бар жерде ғана кездесе алады. Қоғам болу үшін, ол жерде оны қоз-ғалысқа итермелейтін коғам мүшелері яғни жан-жақты болып көріне алатын адамдар немесе субъектілер тобы болуы керек. Қоғамдық орта жоқ жерде қоғамдық құбылыстар пайда бола алмайды. Әйтсе де, статистиканы адамның қатысуы болған жерлерде ғана қолданылады екен деп түсінуге болмайды. Статистика - табиғат көзінің бір түрі деп санауға болатын жан-жануарлардың да сандық жағын өз зерттеуінің объектісі ретінде ала алады. Сонымен, статистика - ең алдымен қоғамдық құбылыстарды, оның сандық жағын зерттейді деп түсіну керек. Егер белгілі бір құбылыс қоғамдық кұбылыс ретінде бағаланбаса немесе қоғамдық құбылыстың қатарына жатпаса, ондай құбылыстар статистиканың зерттеу объектісіне жатпайды.

Статистика — қоғамдық құбылыстың мағынасын, мәнін, яғни түсінігін зерттейтін таным саласы емес. Кез келген қоғамдық кұбылыстың түсінігін, мәнін, мазмұнын ашуға, оны зерттеуге болады. Бірақ бұл статистикада емес, сол құбылыстың түрін арнайы зерттейтін ғылымда жүргізілетін жұмыс. Мысалы, экономикалық құбылыстардың түрлері, олардын түсінігі, экономика немесе соған ұқсас таным түрлерінде ашылады. Немесе қылмыс деген ұғымның не екенін, оның түсінігін, қылмыстың түрлерін қылмыстық құқық ашады. Яғни статистика қоғамдық құбылыстар түрлерінің мағынасын ашумен айналыс, бірден дайын түсінікті қолданады. Статистика қоғамдык құбылыстардың сандық жағын зерттейді дедік. Әрбір қоғамдық құбылыс белгілі бір уақытта белгілі бір аумақта өз себептеріне қарай пайда болатындықтан, олардың саны болады. Мысалы, перзентханада бір адам дүниеге келді десек, бұл құбылыстың саны біреу, ал бір күнде он сәби дүниеге келсе, ол мекемедегі осы құбылыстың саны 10 болады. Статистика осындай құбылыстардың санын ала отырып, оларды осы ғылымда белгіленген әр түрлі есептеу тәсілдеріне алады. Әр түрлі есептеу тәсілдеріне алу дегеніміз, статистиканың қызмет, көрінісі болып саналатын, қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу болып табылады. Қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу — статистиканың өзіне ғана тән, тек осы ғылым саласында ғана кездесе алатын негізгі қызметі деп түсіну керек.

Статистика — қоғамдық құбылыстардың сандық жағын белгілі бір уақытқа және кеңістікке (аумаққа) қарай зерттейді дедік. Бұл сөздің мағынасын мынандай қарапайым мағынада түсіну керек. Зерттеуге алынатын құбылыстың түрі қоғамдық құбылысқа жататындықтан, ол құбылыстар белгілі бір уақытта және кеңістікте ғана пайда бола алады. Кез келген пайда болған құбылыс белгілі бір уақыттың, яғни белгілі бір жылдың, айдың, күннің еншісіне жатады. Мысалы, өрт уақиғасы болғанда, ол нақты бір күндері ғана пайда бола алады. Сол болған өрт уақиғасы кейінгі статистикалык мәліметтерде белгілі бір айдын, жылдың көрсеткішіне кіреді. Сондай-ақ кез келген қоғамдық құбылыс белгілі бір аумақта ғана жасалады. Жоғарыда келтіріп отырған өрт уақиғасы аумағы бойынша белгілі бір облыстың, ауданның жерінде ғана бола алады және сол жердегі осындай уақиғаның санын білдіреді. Кұбылыстар жер үстінде ғана емес, аспанда, жер астында жасалсын, бәрібір ол жердің ауа кеңістігі, жер асты белгілі бір мемлекеттің аумағына жатады. Яғни, пайда болған уақиғаның міндетті түрде саны болса, оның пайда болу уақыты мен аумағы да міндетті түрде болады. Статистикада сан, сапасыз болуы мүмкін емес, олар бір медальдің екі жағы іспеттес. Егер бір заттын бір жағы болса, оның екінші жағы да міндетті түрде болады, сол тәрізді қоғамдық кұбылыстардың пайда болу уақыты болса, ол тек нақты бір аумақта ғана пайда бола алады. Бұл екі ұғымды да бір медальдың екі жағына теңестіруге болады. Яғни бұл ұғымдар бірінсіз бірі кездеспейді.

Статистикалық есепке, зерттеуге алынатын құбылыстардың саны қашан да көптеп кездеседі. Себебі ол құбылыстар, сол қоғам үшін үйреншікті, кен таралған, кездесуге мүмкіншілігі бар құбылыстар болып саналады. Егер ол құбылыстың сол ортада пайда болуға мүмкіншілігі елеулі болса, онда ол құбылыстың саны ай, жыл сонында жүздеп, мыңдап саналады.

Статистика дегеніміз қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын (сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді қолдану арқылы зерттеп олардың сандық жағын бейнелейтін және сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы болып табылады.

Статистика салаларға бөлінеді. Әлеуметтік-қоғамдық кұбылыстар адамзаттың әр түрлі қажеттіліктерін камтамасыз ету мақсатында пайда болды. Мұндай қоғамдық кұбылыстардын қарапайым саласы халықтың өз отбасынан керінсе, оның жоғарғы денгейі, адам мен мемлекеттің ортақ мүдделерін, қажеттіліктерін білдіретін және қоғамның жұмыс істеуін көрсететін салаларға дейін көрінеді. Мемлекет бұл қоғамдық құбылыстар салаларының айрықша түрлеріне мән беріп, олардың сандық сипаттамасын анықтау барысында жұмыстар жүргізеді. Себебі, қоғамдык құбылыстардың айрықша түрлері қоғам мен мемлекеттің өмір сүруіне, дамуына әсер ете алатын жағдайлар деп танылады. Қоғамның ор салалығына байланысты салалық статистикалар пайда болып, олардың негізгі міндеті, өз салалары бойынша халық пен мемлекетті қажетті сандық мәліметтермен қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, әр түрлі статистика салаларын келтіруге болды. Мысалы демографиялық, денсаулық сақтау, өрт, көлік, әскери, ауыл шаруашылығы статистикалары. Кейбір қоғамдық құбылыстардың мағынасы өзара ұқсас болған жағдайда оларды бір статистика саласына жатқызуға болады. Бірақ мұндай кезде өзара ұқсас құбылыстар мағынасы, қызметі, ролі бойынша бәрібір ерекшеленіп, нақты салалық статистиканың жүйесін кұрайды. Мысалы экономикалық қызметтің әр алуан нысанда іске асырылуына байланысты, экономикалық статистикаға жататын, бірақ жекеше де алатын бірнеше статистиканың түрлерін келтіруге болады.

Бұл статистика салаларының бір бірінен айырмашылығы, олардың зерттеу объектісінің түрінде. Мысалы, демографиялық статистика халықтың тууы мен қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ көші-қон бойынша келген және басқа елге кеткен адамдардың сандық мәліметін жүргізсе, ал әскери статистика тек әскери салада ғана кездесе алатын уақиғаларды (мысалы әскерге шақырылым жүргізу кезіндегі денсаулығы жарамды адамдардың саны туралы мәліметтер) тіркеуге алады және оның мәліметтеріне қарай тиісті жоспарлар, шаралар белгілейді.

Салалық статистикалардың барлығы да статистиканың жалпы теориясында қарастырылған қағидаларды, құралдарды және есептеу тәсілдерін басшылыққа алып міндеттерін орындайды.

ІІ. Статистика пәні және міндеттері

Әрбір таным саласының зерттейтін объектісі және оларды зерттеу әдістері мен құралдары болады. Танымдар өзара осы зерттеу объектісіне, міндеттеріне, қағидаларына қарай ажыратылады. Әрбір ғылымның пәні осы аталған жағдайларға қарай өзіндік ерекшеліктерге ие болып, нәтижесінде жеке дара өмір сүру мүмкіншілігіне ие болады. Бұл ғылымды да қарастыру алдында, оның зерттеу объектісін және тиісті зертеуін іске асыру үшін қандай әдістер қолданылатынын анықтау керек.

Статистика пәнінің ұғымына қатысты кейбір жағдайлар, яғни сан мен сапаның түсінігі олардың бұл пәндегі өзара бір біріне деген қатыстылығы, зерттеу жүргізудегі нақты уақыт пен аумақтың қажеттілігі, қоғамдық құбылыстардың көптігі немесе жаппай кездесуі тәрізді ұғымдар қарастырылады.

Статистика пәні құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте пайда болуына қарай есепке алуда оларды толық көлемде, яғни сол құбылыс түріне жататын барлық уақиғаларды қамтуды мақсат етеді. Мұндай жаппай қамту – статистикалық зерттеулердің нәтижелі, дұрыс жүргізілуіне байланысты ғана емес, ол бұл пәннің өз ғылымын, қоғам қажеттілігі алдындағы міндетін дұрыс атқаруына байланысты.Статистика пәні қоғамдық құбылыстарды, процестерді сандық жағы бойынша бір жиынтыққа алғанда, кейінгі өзінің зерттеуін мәнді, мағыналы, дұрыс орындау үшін, олардың әр түрлі белгілерін қамти отырып алады.Ол белгілер құбылыс үшін ерекше мағыналы, яғни сол құбылыс түріне ғана тән белгілер бола алады, сонымен қатар сол құбылысқа тікелей тән болмаса да оны қосымша тұрғыда сипаттайтын белгілер болады.Мысалы: демографиялық статистикада адамның ұлты, жынысы, денсаулығы; құқықтық статистикада жасалған құқық бұзушылықтың түрі, кінә нысаны, адамның жасы, мамандығы т.б. белгілер.

Статистика пәні әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың жалпы саны, олардың құрылысы туралы мәліметтерді ашып беруді ғана көздемейді, сондай-ақ – алғашқы қарағанда тек кездейсоқтық ретінде бағалауға болатын құбылыстардың сандық жағының кездейсоқтық емес, заңдылық ерекнін немесе ол сандық мәліметтердің көлемі дұрысқа келетінін анықтайтын және кейбір қоғамдық құбылыстардың даму қарқыны мен заңдылығын ашып көрсете алатын пән.

Статистика пәні дегеніміз – біртектес әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір уақытқа және орнына қарай арнайы құралдармен, әдістермен сандық жағынан зерттейтін және зерттеуге алынған құбылыстардың құрылымын ашатын, көрсеткіштерін талдайтын, олардың сандық жағындағы заңдылықтарды, шындықты ашатын қоғамдық ғылымдардың бір саласы болып табылады.

Статистиканың мақсаты- әлеуметтік қоғамдық құбылыстардың сандық жағын нақты уақытына және аумағына қарай тіркеуге алып, ол мәліметтермен халықты қамтамасыз ету және зерттеуге алынған құбылыстардың сандық жағындағы тиісті заңдылықтарды ашып беру болып табылады.

«Статистика» термині «жағдай», «күйі», «мемлекет» деген мағынаны бірдіретін латынның «status» сөзінен туындайды.

Статистика белгілі бір қоғамдық құбылыстарды есепке алу ретінде көне заманда пайда болған. Ұзақ уақыт бойы статистика (жүйелі емес) уақыт аралығында әскери және қартылық қажеттіліктен жүргізілді және көбіне ол статистикалық бақылау (тұрғындар, мүлік, жер иелігі. кіріс санын сипаттайтын деректерді жинау) және оларды жүйелеу операцияларынан тұрды.

Қазіргі кездегі «статистика» терминін түсіну 3 мәнге ие болады.

1. Статистика қоғамдағы және табиғаттағы көпшілік құбылыстар мен үрдістер жөніндегі мәліметтердің жиынтығы ретінде (тұрғындар статистикасы, ажырасу статистикасы, сауда статистикасы және т. б. ).

2. Статистика – сандық ақпаратты жинау, өндеу және жария ету бойынша тәжірибелі қызмет түрі.

3. Статистика білім саласы және оған сәйкес оқыту пәні ретінде.

Статистика жаппай құбылыстар мен үрдістердің сандық жағын сапалық ерекшеліктері және олардың нақты шартты орны мен уақытында даму заңдылықтарын ашу мақсатында зерттейтін өз бетінше ғылым.

Статистика пәнінің ерекшеліктері:

Біріншіден, статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан өзгешелігі, ол жеке фактілер емес, жаппай құбылыстар мен үрдістерді зерттейді. Жаппай құбылыс дегеніміз кейбір қатысында көптеген бір тектес элементтерден тұратын, сандық сипаттамасы бір-бірінен тәуелсіз құбылыс; жаппай құбылыстар үшін құбылысты бір тұтас қылып құрайтын жеке элементтер өз бетінше түрлі шамада болатын бір аттас белгілерге ие болады.

Екіншіден математикаға қарағанда статистика жаппай құбылыстардың сондық жағын нақты уақыт және кеңістік аралағында зерттейді.

Үшіншіден статистика жаппай құбылыстардың сандық жағын оның сапалық жағымен үзбей байланыста зерттейді.

Статистика зерттейтін жаппай қоғамдық құбылыстар саны кең, осыдан статистика ғылымының үш деңгейін көреміз. Бірінші деңгейде статистикалық ғылымның түсініктерін қалыптастыратын жаппай құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің жалпы ережелері мен қағидаларын сандайтын статистиканың жалпы теориясы тұр.

Екінші деңгейде статистиканың екі үлкен жалпылаушы салалары экономикалы және элеуметтік түрлері бөлінеді.

Үшінші деңгейде экономикалы және әлеуметтік статистика салаларға бөлінеді:

-экономикалық статистиканың салалары - өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, колік, байланыс еңбек, табиғи ресурстар (қорла), қоршаған ортаны қорғау және т. б.

-әлеуметтік статистиканың салалары-құқықтық статистика, демографиялық статистика, саясат статистикасы, ғылыми, мәдениет статистикасы және т. б.

Әдістемелік нұсқау

Статистика — тек қана коғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным болып табылады. Қоғамдык құбылыстар ретінде, белгілі бір уақыттарда пайда болатын және белгілі бір уакыттарға дейін өмір сүре алатын болмыстарды түсінуіміз керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Статистиканың ұғымымен таныстырыңыз

2. Статистика дегеніміз не?

3. Статистиканың жалпы теориясын және салалық статистикаларды атаңыз?

4. Статистика пәнінің ұғымын атаңыз

5. Статистиканың мақсаты

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

2-тақырып. Статистика әдістері

Жоспар:

1. Статистика әдістері ұғымына түсінік

2. Статисикалық әдістер және оның әдістемелері

Статистикалық әдістердің мазмұнында, мағынасында өзге де ғылым салаларындағы мағына тәрізді, зерттеуге алынатын құбылыстың өзіндегі шындық оның нақтылығы жатыр. Яғни статистика өзінің түпкілікті мақсатына жету үшін, қолданатын әдістерінде сол зерттеу объектісінің өзінде бар, қашанда анық көріне алатын, шындықты білдіретін жағдайлар жатыр. Зерттеу әдісінің бұлай белгіленуі, зерттеудің нәтижесіне дұрыс жетуге жағдай жасай алады.

Мысалы, белгілі бір коғамдық құбылыс құрылымының сандық жағын ашып беру үшін, әрине ол кұбылысты алдымен жинауға, бақылауға тура келеді. Бақылау қашанда сол зерттелетін құбылысты барынша толық қамтуды мақсат етеді. Себебі біріншіден, бақылауда қамтылмай қалған бөліктер болса, олар екінші бір жиынтыққа жата алмайды. Олардың ортақ белгілері, яғни пайда болу уақыты, аумағы, құбылыстың сапалық белгілерінің бір тектілігі бір жиынтыққа жатқызылуын талап етеді. Екіншіден, бақылау толық көлемді қамтығанда ғана, ол сол құбылыстың сандық жағы туралы өмір шындығын көрсете алады. Бұл статистиканың негізгі міндеті болып табылады. Сондай-ақ қоғамдық құбылысты бақылау толық жүргізілгенде, оның сандық жағындағы заңдылықтар барынша анық, нақтылана байқалады.

Әлеуметтік-қоғамдық құбылыстың белгілі бір уақыттағы және аумақтағы құрылымын анықтау үшін, сол зерттеуге алынған құбылыстың өзінде болатын белгілерді анықтау керек болады. Ол белгілер түрі, көлемі т.б. ерекшеліктері бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, халық санағын жүргізгенде әрбір адамның жынысына, ұлтына, жасына, еңбекке тартылғандығына көңіл бөліп, оларды тиісті құжаттарда көрсетуге болады. Мұндай белгілер жиынтыққа жататын әрбір жеке адамда міндетті түрде болады. Халық санағын жүргізгеннен кейін, халықты жасына, жынысына, ұлтына қарай топтастыруға болады. Бұл жиынтықтың құрылымын білдіреді. Ал жиынтық құры-лымының шын мәнінде бар екенін аталған белгілерден байқауға болады. Әрбір адамның жынысы, ұлты, кәсібі міндетті түрде болады.

Құбылысты жаппай бақылағаннан кейін ғана топтастыруды жүргізуге болады және топтастыру жұмысында тек өмірде бар белгілер ескерілетінін жоғарыдағы мысалдан байқадық. Осындай жұмыстар, әдістер орындалғаннан кейін ғана, ол сандық мәліметтерді, әрі қарай әртүрлі жағдайларды анықтау мақсатында математикалық есептеулерге салуға болады. Мысалы, әрбір мың адамға шаққанда қанша жұмыссыз адамнан келетінін, әйелдер мен ер адамның бір бірінен қанша есе аз немесе көп екенін анықтау.

Демек, статистиканың әдістері дегеніміз, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағы туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сәйкес сандық көрсеткіштерді алу үшін, міндетті түрде жүргізілетін осы саладағы ерекше қызмет жүйесі болып табылады.

Жоғарыда келтірілген мысалдан статистикалық зерттеу жұмыстары үш түрлі жүйеден құралатынын аңғаруға болады.

Олар. 1. Жаппай бақылау.

2. Мәліметтерді жинақтау және топтастыру.

3. Топтастырылған немесе өңделген мәліметтердің көрсеткіштеріне талдау жүргізу.

Бұл әдістердің толық түсінігі, оларды іске асыру үшін орынлалатын жұмыстардың түрлері, қойылатын талаптар т.б. маңызды мәселелері алдағы тарауларда жеке-жеке қарастырылады.

Кез келген әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағын статистикада белгіленген талаптарға сай зерттегенде бұл әдістердің ешқайсысын қалдырып кетуге болмайды. Аталған әдістерді қалдырып кету-зерттеудің сапалы нәтижесіне жеткізе алмайды, яғни бір әдісті қолданбай тұрып, келесі әдісті қолдау мүмкін емес. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2000 жылы 150720 қылмыс тіркелсе, бұл санды әртүрлі белгілер қолданып топтастырмай тұрып, әрі қарай жан-жақты талдауға ала алмаймыз. Бұл санды тек өткен жылдардағы қылмыстылықтың жалпы санымен ғана салыстыруға болады. Бірақ осы 150790 қылмыстың өзінде құқықтық-әлеуметтік, демографиялық белгілерге қарай, көптеген ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктерді анықтау үшін алдымен сол белгілерге қарай топтастыру керек. Одан кейін ғана әр түрлі талдау әдістерін қолда-нып, мұндағы жекелеген қылмыстар түрлерінін осы жиынтықтағы үлес салмағын қылмыстылықтың коэффициенттерін т.б. мәліметтерді ашуға болады. Яғни статистикалық әдістер барлық уақытта белгіленген кезектілік тәртібімен қолданылады, және сонда ғана нәтижелі, сапалы, дұрыс ұйымдастырылған жұмысты білдіреді.