Курс саясаты мен процедурасы.

Курс саясаты оқу үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету қажет және барлық студенттер үшін міндетті. Студент пәнді оқыту процесі кезінде әкімшілік талаптарын орындауға міндетті.

Студентке қойылатын талаптар:

Курс бойынша оң нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты жұмыс жасау қажет. Бұл курс бойынша бағаның семестр ағымында қалыптасатындығын көрсетеді. Ең жоғары балл қойылған сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берілген жағдайда, жазбаша жұмыс уақытында және толық көлемде ұқыпты орындалған жағдайда беріледі.

Сабаққа қатыс.

Студент сабаққа қатысуыңа міндетті. Сабаққа қатыспау оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген пәндер көлемінде орны толық толтырылады. Курстың үштен біріне дәлелсіз қатыспаған студент оқудан шығарылады.

Аудиториядағы тәртіп:

Студент сабақ үрдісіне кешікпеу қажет;

Студент дәріс курсында берілген тақырыптарды толық меңгеруі керек;

Студент берілген тақырыптарды уақытында орындап тапсыруы керек;

Жазылған конспекті және қосымша әдебиеттер бойынша жауап беру;

Оқылған материалдар бойынша өз ойының болуы және оны түсінікті етіп жеткізу;

Сабаққа белсенді қатысу

Сабаққа белсенді қатысу міндетті және практикалық сабақ барысында ауызша жауап беру арқылы орындалады. Уақытында ауызша жауап бермеген студент жауабы кейін қабылданбайды. Студент жауабы негізінде аралық аттестацияға әсер ететін баға шығарылады.

 

Аралық бақылау (коллоквиум, тест)

Аралық бақылау тапсырмаларын орындау міндетті болып есептеледі. Олар 1-ші аттестацияның алдында коллоквиум формасында, 2-ші аттестацияның алдында сауалнама формасында студентпен тапсырылады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы жеке-жеке бағаланады және аралық аттестацияға әсер етеді.

СӨЖ (реферат)

Жазбаша формада тапсырылады және оқытушымен жасақталған кестеге сәйкес 8-15 апта аралығында тапсырылады. Студенттің білімін бақылау рефератты қалған студенттер алдында қорғау арқылы жүзеге асырылады.

МАЗМҰНЫ

 

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер

1.2 Пән туралы мәліметтер

1.3 Пререквизиттер

1.4 Постреквизиттер

1.5 Пәнді оқыту мақсаты

1.6 Курстың тақырыптық жоспары

1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі

1.8 Әдебиеттер тізімі

1.9 Баға жөнінде ақпараттар

2.0 Курстық саясаты мен процедурасы

 

4. Пәннің оқу әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі