Семинар 15.

Тақырып: Егемен Қазақстанның саяси мәселелері. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.

  1. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде.
  2. Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың мәселелері.
  3. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: мәселелері мен қиыншылықтары. ҚР-да плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары.

 

8. ПӘННІҢ ОҚЫТЫЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ.

 

«Саясаттану» - барлық бағыттағы мамандықтар бойынша оқитын студенттерге арналған жалпыміндетті, теориялық-қолданбалы пән болып табылады.

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өнер саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасынды ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы саяси мәдниетін қалыптасутыруға бағытталған, олардың Қазақтан Респуликасы алдында міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тегізеді. Курстың міндеттері студентерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәбиелеу.

Пәнді меңгеру процесі саясат пен саяси құбылыстар теориясының толық жүйесіне қол жеткізуді және аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарды қамтиды. Пәнді оқып-үйрену дәрістік курсты дәйекті түрде меңгеруді, тәжірибелік сабақтарға және өзіндік жұмыстарға творчестволық тұрғыдан қарауды талап етеді. Дәрістік курста пәннің басты тақырыптары қарастырылады, курстың маңызды мәселелеріне талдау жасалады. Практикалық сабақтарда студенттер алған білімдері мен творчестволық және өзіндік жұмыстарының нәтижесінде семинарға берілген мәселелер мен сұрақтарға жауап беруге, білімдерін қолдануға тырысады. Бұл студенттің пікірталастарға белсене қатысуы, талқыланатын мәселелерге баса назар аудара отырып меңгеру, қажетті деректерді творчестволық тұрғыдан және үлкен мән бере зерделеу нәтижесінде мүмкін болады. Материалдардың бір бөлігін студенттің өз бетімен меңгеруі қажет екендігін атап айтамыз. Пәннің ұғымдық аппаратына ерекше көңіл аудару қажет. Материалды зерделей отырып, әр тақырыптың басты ұғымдары мен терминдерін анықтап, түсіну қажет.

Оқытудың белсенді нысандарының бірі дәрістік курс болып табылады. Мұнда мына мәселелерге көңіл аудару қажет.

Біріншіден, оқытушының дәрісі пәннің авторлық курсы болып табылады, сондықтан ол белгілі бір оқулықтың немесе оқу құралының материалын сол күйінде қайталап айту емес. Өз педагогикалық және ғылыми тәжірибесіне сүйенген дәріскер пәнді зерделеуде мәселені қоя білу тұрғысынан келіп, пәннің барынша маңызды және басты сұрақтарын ұсынады.

Екіншіден, дәрістер мен семинарлардың тақырыптары байланыстырылып ұсынылады. Бұл студенттің семинар сабақтарына творчестволық тұрғыдан дайындалып, лекциядағы және студенттік аудиториядағы пікірталас сұрақтарын нақтырақ меңгеруге ықпал етеді.

Үшіншіден, студентке дәрістегі барлық оқылған материалдарды түгелдей қалдырмай жазып отыруға ұмтылу қажет емес. Конспект жасай білу дағдысын меңгеру дәріскердің мәтініндегі негізгі идеяларды, ережелерді, жинақтау мен қорытындыларды бөліп ала білуді қажет етеді. Дәрістегі жазбаларды кейін өзіндік жұмыс барысында деректер мен әдебиеттерден алған қосымша материалдармен толықтырып отыру қажет, оларды семинар сабақтары және одан кейінгі зерделеу барысында пайдалану студенттің өзіндік творче стволық жұмысына ынталандыруы тиіс.

Төртіншіден, барынша творчестволық табысты дәріс болып дәріскер мен аудитория арасында байланыс орнатылған дәріс саналады. Осыған байланысты ұсынылып отырған материалға студенттердің қатынасы ретінде, мысалы, оқытушыға жазбаша және ауызша түрде қойылған сұрақтарды айтуға болады. Мұнда жазбаша түрдегі сұрақтарды студенттер дәріс барысында берулеріне болатындығын, ал ауызша сұрақтар мен ескертулерді сабақ барысына кедергі жасамау үшін сабақтың басында немесе сабақтың соңында берулеріне болатындығын ескертеміз.

Бесіншіден, дәріскер ұсынған пікір студенттерді мәселе бойынша ой салып, өз пікірінің қалыптасуына ынталандыруы тиіс. Студент оқытушы ұсынған сұрақтың қойылуымен келіспейтін жағдайлар да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ғылыми пікірталас белгілі бір аргументтерге сүйенген көзқарастар мен позициялардың болуын қажет етеді.

Тәжірибелік (семинар) сабақтары – «Саясаттану» пәні курсы бойынша оқу процесінің маңызды нысандарының бірі. Семинарға түйінді, барынша маңызды және күрделі сұрақтар шығарылады, оларды білмей саясаттану теориясында белгілі бір бағыт-бағдар ұстау мүмкін емес.

Курсты меңгерудің басты шарты студенттердің белсенді өзіндік жұмыстары және әрбір семинар сабағына мұқият дайыналу болып табылады. Осылайша ғана творчестволық жұмыс жасау дағдылары меңгеріледі және алынған білімдер бекітіледі. Семинардың формалары – пікірталастар, талқылау, дөңгелек үстел және т.б. – бұлар студенттердің білім дәрежесіне және дайындығына байланысты оқытушының таңдауымен анықталады. Кейбір тақырыптарды зерделеу нысандары бойынша студенттер өз ұсыныстарын да ұсына алады.

Жоғарғы оқу орындарында семинардың өткізілуі тек қана сұрақ-жауап әдісін ғана емес, сонымен бірге студенттің барынша өзекті, маңызды мәселелерді өз бетімен және творчестволық тұрғыдан талқылауын, студенттердің өз бетінше ойлау қабілетін дамытуды, ақпаратттарды талдап, қорытуын ұсынады.

Дәрістік курсты, пән бойынша оқулықтардың негізгі ережелерін және терминдерді білу оқытушы мен студенттің семинардағы табысты қарым-қатынас жасауының қажетті шарты болып табылады.

СОӨЖ – оқу жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады және алған білімдері мен дағдыларын бекіту мен тереңдету, жаңа білімдерді іздеу мен меңгеруді, сонымен қатар оқу тапсырмаларын орындауды, емтихандарға дайындалуды мақсат етеді. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) оқу сабақтарының бір түрі болып табылады және оқу сабақтарының басқа түрлерімен логикалық өзара байланыста болуы тиіс.

СОӨЖ-на ұсынылатын материал мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

- берілген тақырып бойынша қажетті әдебиеттердің, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік материалдардың жеткілікті мөлшерде болуы мұндай сабақтардың табысты жүргізілуінің маңызды және міндетті шарты болып табылады;

- дәрісте алған білімдерді тереңдететін білімдер мен мәліметтерді қамтуы тиіс;

- мүмкіндігінше жаңа ұғымдар енгізбей, меңгерілген ұғымдар мен анықтамаларды кеңейтуі тиіс;

- күрделі, әлі толық шешілмеген сұрақтарды қамтуы тиіс;

- тереңдетілген, дәйекті жұмысты және ойлануды талап етуі тиіс.

СОӨЖ-ын өткізу нысандары: берілген тапсырмалар бойынша оқу материалын қарастыру, олардың әрқайсысын қысқаша түрде талқылау және қорытындыларды шығару.

Студенттің өзіндік жұмысы – бұл аудиториялық сабақтар мен аудиториядан тыс уақыттағы студенттің жеке танымдық қызметі. Өзіндік жұмыс негізгі және қосымша оқу материалын нәтижелі меңгеруге ықпал етеді. Бұл жұмыстың қажеттілігі кейбір тақырыптарды белгілі бір сағат санымен шектеумен байланысты емес, негізінен студентті өз бетімен ізденуге, алған білімдерін творчестволық тұрғыдан ұғынуға үйрету қажеттігімен байланысты. Реферат жұмысы – студенттің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады. Жоғарғы оқу орнында реферат жұмысын жазу теориялық білімді терең меңгеріп, берілген тапсырманы жан-жақты талдап зерделеуге бағытталған. Реферат жазу – студентке ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, қажетті мағлұматтарды жинақтауға, материалдарды іріктеуге, кәсіби ойлауға, ғылыми-ізденушілік жұмыстың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.

 

9. ТИПТІК ЕСЕПТЕУЛЕР, ЕСЕПТЕУ-ГРАФИКАЛЫҚ, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР, КУРСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ (ЖҰМЫС) ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР.

Оқу жоспарында бұл пәннен зертханалық жұмыстар, курстық жобалар қарастырылмаған.

10. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР: үй тапсырмалар жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, ағымдағы жұмыс түрлерін орындау тапсырмалары, рефераттар мен әдебиеттер, еңбек көлемі көрсетілген басқа да үй тапсырмалары.

 

Студенттің өзіндік жұмысы – бұл аудиториялық сабақтар мен аудиториядан тыс уақыттағы студенттің жеке танымдық қызметі. Өзіндік жұмыс негізгі және қосымша оқу материалын нәтижелі меңгеруге ықпал етеді. Бұл жұмыстың қажеттілігі кейбір тақырыптарды белгілі бір сағат санымен шектеумен байланысты емес, негізінен студентті өз бетімен ізденуге, алған білімдерін творчестволық тұрғыдан ұғынуға үйрету қажеттігімен байланысты.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – оқытудың кредиттік жүйесінің аудиториялық сабақ түріндегі оқу жұмысының нысандарының бірі. СОӨЖ екі функцияны атқарады: кеңесшілік және бақылаушы. СОӨЖ – бұл студент пен оқытушының біріккен жұмысы, ол диалог түрінде жүргізіледі, мысалы, тренинг, пікірталас, іскерлік және дидактикалық ойындар, таныстыру, кейс құрастыру, жеке және топтық жобаларды жасау және т.б.

СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫН МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СОӨЖ 1.Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер. Қазақстандағы саяси ойдың тарихы. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. (1-3-ші тақырыптар бойынша).

Сабақтың мақсаты: тақырыптар бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.

Өткізу нысаны: әр тапсырманы жазбаша және ауызша тапсыру (3-аптада тапсыру).

Сөздік құрастырыңыз: Саясаттану (қандай сөздерден құралған және мағынасы қандай), саяси утопия, саяси стратегия, саяси тактика; саяси ойлар, радикализм, меритократия, полития; саясат, ішкі саясат, сыртқы саясат, саяси қызмет, стагнация, агрессия, статус, милитаризм, аннексия, «политикс», авантюризм, Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы, адам құқықтары, протекционизм, мораль, салыстырмалы саясаттану.

Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау барысында саясаттану терминінің шығуына, оның қандай мағына білдіретіндігіне және саяси ойлар, салыстырмалы саясаттану ұғымдарының мағыналарын анықтау қажет, берілген ұғымдардың анықтамаларын жазып шығу қажет.

Әдебиеттер: 1-тақырып: [1, 71-79 бб.; 5; 9, 1-тарау, §§1, 5-19 бб.; 13, 1-тарау, §§5-6, 20-29 бб.; 14; 15, 5-11, 19-24 бб.; 16, 5-13 бб.; 19, 1-тарау, 5-26 бб.; 31, 2-тарау, §§1-4, 24-45 бб.; 34; 35, 4-11 бб.; 41].

2-тақырып: [5-8; 9, 2-тарау, §§1-6, 19-44 бб.; 11; 13, 2-тарау, §§1-5, 30-75 бб., 3-тарау, §§1-4, 76-127 бб.; 14; 15, 25-56 бб.; 16, 13-26 бб.; 19, 1-тарау, 26-52 бб.; 20-22; 34; 36; 37; 46; 47; 52; 54; 55].

3-тақырып: [1, 104-123 бб.; 5; 11; 13, 1-тарау, §§1-4, 7-19 бб.; 15, 11-19 бб.; 19, 1-тарау, 5-26 бб.; 20-22; 31, 1-тарау, §§1-3, 7-23 бб., 3-тарау, §§1-3, 48-64, 4-тарау, §§1-2, 65-83, 5-тарау, §§1-2, 83-102 бб.; 34; 35, 4-9 бб.].

 

СОӨЖ 2.Билік саяси құбылыс ретінде. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты (4-5-ші тақырыптар бойынша).

Сабақтың мақсаты: тақырыптар бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.

Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша және жазбаша тапсыру (5-аптада тапсыру).

Сөздік құрастырыңыз: билік, саяси билік, мемлекеттік билік, автаркия, геронтократия, анархия, узурпация, теократия, аристократия, деспотизм, охлократия, этатизм, плутократия, олигархия, тирания, элитаризм, технократия, бюрократия; саясаттанудағы ұлтты түсіндірудің екі бағыты бойынша ұлттың анықтамалары, геноцид, эмансипация, антисемитизм, экспанисонизм, дискриминация, шовинизм, депортация, сегрегация, апартеид, босқындар, бипатридтер, апатридтер, нәсіл, ассмиляция, фундаментализм, сионизм, сегрегация, ксенофобия.

Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау барысында билік, саяси билік, мемлекеттік билік, ұғымдарының мағыналарын, саясаттанудағы ұлтты түсіндірудің екі бағытын, анықтамаларына көңіл аудару қажет, саяси биліктің эволюциялық түрлері ретінде және ұлт мәселесіне қатысты берілген терминдердің мағыналарын жазып шығу қажет.

Әдебиеттер: 4-тақырып: [5; 9, 3-тарау, §§1-4, 45-60 бб.; 11; 13, 5-тарау, §§1-4, 166-182 бб., 6-тарау, §§1-3, 183-200 бб.; 14; 15, 57-64 бб.; 16, 26-33 бб.; 19, 3-тарау, 127-139 бб.; 20-22; 31, 6-тарау, §§1-3, 103-120 бб.; 34; 35, 12-18 бб.].

5-тақырып: [9, 10-тарау, §§3-4, 146-153 бб.; 11; 13, 16-тарау, §§1-4, 395-416 бб.; 14; 19, 2-тарау, 94-108 бб.; 34; 35, 33-38 бб.; 38; 42; 48; 49; 56].

СОӨЖ 3.Қоғамның саяси жүйесі. Мемлекет және азаматтық қоғам (6-7-ші тақырыптар бойынша).

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.

Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша және жазбаша тапсыру (7-аптада тапсыру).

Сөздік құрастырыңыз: саяси жүйе, саяси тұрақтылық, авторитаризм, тоталитаризм; мемлекет, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, әлеуметтік мемлекет, автономия, «политея», протекторат.

Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау барысында саяси жүйе және оның қазіргі заманғы негізгі түрлеріне, мемлекет, құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет ұғымдарының анықтамаларына көңіл аудару қажет, тақырыпқа қатысты берілген терминдердің мағыналарын жазып шығу қажет.

Әдебиеттер: 6-тақырып: [5; 9, 4-тарау, §§1-3, 64-72 бб.; 11; 13, 7-тарау, §§1-3, 201-212 б.; 14; 15, 72-87 бб.; 16, 46-54 бб.; 19, 3-тарау, 139-156 бб.; 20-22; 31, 10-тарау, §§1-4, 182-199 бб.; 34; 35, 49-55 бб.].

7-тақырып: [5; 9, 6-тарау, §§1-2, 4, 84-88, 91-94 бб.; 11; 13, 8-тарау, §§1-4, 220-239 б.; 14; 15, 8-95 бб.; 16, 54-62 бб.; 17; 19, 3-тарау, 163-173 бб.; 20-22; 29; 31, 14-тарау, §§1-3, 251-270 бб.; 34; 35, 60-68 бб.].

 

СОӨЖ 4. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Саяси режимдер. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғыру. Саяси үдеріс және саяси қызмет. Саяси сана және саяси мәдениет (8-10-ші тақырыптар бойынша).

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.

Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша және жазбаша тапсыру (10-аптада тапсыру).

Сөздік құрастырыңыз: саяси партия, қоғамдық-саяси қозғалыс, саяси режим, оппозиция, пацифизм, лоббизм; демократия, саяси процесс, саяси қызмет, толеранттық, саяси плюрализм, референдум, прогресс; саяси сана, саяси идеология, саяси мәдениет, волюнтаризм, дилетантизм, конформизм.

Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау барысында саяси партия, қоғамдық-саяси қозғалыс, саяси режим, демократия, саяси сана, саяси идеология, саяси мәдениет ұғымдарының мағыналарын анықтау қажет, тақырыптарға қатысты берілген терминдердің мағыналарын жазып шығу қажет.

Әдебиеттер: 8-тақырып: [5; 9, 3-тарау, 61-63 бб., 7-тарау, §§1-4, 94-116 бб.; 11; 13, 7-тарау, §§4, 212-219 бб., 10-тарау, §§1-4, 258-279 бб.; 14; 15, 65-70, 97-119 бб.; 16, 62-76 бб.; 19, 3-тарау, 156-163 бб., 174-184 бб.; 20-22; 29; 31, 15-тарау, §§1-3, 270-289 бб.; 34; 35, 69-76 бб.; 51].

9-тақырып: [5; 9, 5-тарау,72-84 бб., 9-тарау, §§1, 129-132 бб., 14-тарау, §§1-6, 191-212 бб.; 11; 13, 9-тарау, §§1-4, 240-257 бб., 15-тарау, §§1-4, 370-394 бб.; 14; 15, 121-136 бб.; 16, 33-46 бб.; 19, 3-тарау, 174-184 бб.; 20-22; 29; 30; 31, 10-тарау, §§1-4, 182-199 бб., 11-тарау, §§1-2, 200-214 бб., 12-тарау, §§1-4, 214-232 бб., 13-тарау, §§1-2, 232-250 бб., 21-тарау, §§1-3, 383-401 бб.; 23-тарау, §§1-3, 424-436 бб.; 34; 35, 77-81, 95-97 бб.; 44; 50; 53].

10-тақырып: [5; 9, 11-тарау, §§1-2, 153-167 бб., 12-тарау, §§1-6, 167-182 бб.; 11; 12; 13, 11-тарау, §§1-4, 280-305 бб., 13-тарау, §§1-4, 330-347 бб., 14-тарау, §§1-4, 348-369 бб.; 15, 137-169 бб.; 20-22; 29; 31, 16-тарау, §§1-3, 290-310 бб., 17-тарау, §§1-3, 310-327 бб., 18-тарау, §§1-3, 328-345 бб.; 34; 35, 82-94 бб.; 51].

 

СОӨЖ 5.Саяси элита және саяси көшбасшылық. Саяси технологиялар. Саяси жанжалдар (11-12-ші тақырыптар бойынша).

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.

Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша және жазбаша тапсыру (12-аптада тапсыру).

Сөздік құрастырыңыз: саяси элита, саяси көшбасшылық, импичмент, инаугурация, популизм; саяси технологиялар,компромисс, консенсус, экстремизм.

Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау барысында саяси саяси және саяси көшбасшылық, саяси технология құбылыстарының анықтамаларына көңіл аудару қажет, тақырыпқа қатысты берілген терминдердің мағыналарын жазып шығу қажет.

Әдебиеттер: 11-тақырып: [5; 9, 8-тарау, §§1-4, 117-129 бб.; 11; 12; 19, 78-81 бб.; 20-22; 29; 31, 8-тарау, §§1-3, 142-162 бб., 9-тарау, §§1-3, 162-181 бб.; 34; 35, 39-48 бб.; 45].

12-тақырып: [3, 64-82, 81-104 бб.; 5; 9, 6-тарау, §§3, 88-91 бб., 13-тарау, §§1-3, 183-191 бб.; 11; 13, 12-тарау, §§4, 326-329 бб.; 20-22; 29; 31, 20-тарау, §§1-2, 366-383 бб., 22-тарау, §§1-4, 402-424 бб., 23-тарау, §§3, 436-443 бб.; 34; 35, 97-101 бб.; 57].

 

СОӨЖ 6.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер. Саяси болжамдау. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері (13-15-ші тақырыптар бойынша).

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды студенттің орындауын бақылау және қандай мәселелерге назар аудару қажеттігі жөнінде кеңес беру, күрделі сұрақтарды түсіндіру.

Өткізу нысаны: әр тапсырманы ауызша және жазбаша тапсыру (14-аптада тапсыру).

Сөздік құрастырыңыз: халықаралық қатынастар, әлемдік саясат, сыртқы саясат, адамзаттың ғаламдық мәселелері, геосаясат; саяси болжамдау, футурология.

Оқу-әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау барысында халықаралық қатынастар, әлемдік саясат, сыртқы саясат, адамзаттың ғаламдық мәселелері, геосаясат, саяси болжамдау терминдерінің мағыналарын жазып шығу қажет.

Әдебиеттер:13-тақырып:[5; 9, 15-тарау, §§1-3, 212-231 бб.; 11; 13, 18-тарау, §§1-4, 436-455 бб.; 15, 169-180 бб.; 19, 184-195 бб.; 20-22; 29; 34; 35, 102-111 бб.].

14-тақырып: [13, 19-тарау, §§1-3, 456-474 бб.; 34; 39; 40].

15-тақырып: [5; 10; 11; 15, 181-192 бб.; 17; 18; 23-28; 34; 40].

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) реферат, кейс, кроссворд шешу, жазба жұмыстарын орындау және т.б. үй тапсырмаларын орындауды қамтиды.

Рефератты дайындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Жоғарғы оқу орнында реферат жұмысын жазу теориялық білімді терең меңгеріп, берілген тапсырманы жан-жақты талдап зерделеуге бағытталған. Реферат жазу – студентке ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, қажетті мағлұматтарды жинақтауға, материалдарды іріктеуге, кәсіби ойлауға, ғылыми-ізденушілік жұмыстың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.

Реферат – студенттің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады.

Реферат жұмысын дайындауды жоспар құрудан бастау қажет. Жұмыс барысында сізге қандай мәселелерді, қандай жүйелілікпен қарастыру қажет, соны анықтап алыңыз. Бұл рефераттың нақты жоспарын құруға көмектеседі.

Рефератты дайындаудағы маңызды кезең – таңдап алынған тақырып бойынша әдебиеттерді зерделеу. Дайындық барысында түрлі әдебиеттер қолданылады: хрестоматия, ғылыми еңбектер, журналдардағы, орталық және жергілікті газеттердегі басылымдар. Пәндік каталогтан тақырыбыңыз бойынша негізгі әдебиеттерді: құжаттық жинақтар, кейбір авторлардың жұмыстары, оның ішінде монографиялық зерттеулерді анықтап алыңыз. Алфавиттік каталог бойынша осы авторлардың басқа да еңбектерінің атауларымен танысыңыз, олардың кейбіреулері сізге керек болуы мүмкін. Таңдап алған кітаптарыңызды оқи отырып, авторлардың жасаған сілтемелеріне назар аударыңыз, себебі олар сізге тақырыппен толығырақ танысқан кезде қажет болуы мүмкін. Керек деген материалдарды кейін жүйелеп, өңдеу барысында ыңғайлы болу үшін арнайы беттерге, карточкаларға көшіріп жазып алыңыз.

Реферат жұмысының жазылуы және рәсімделуі. Реферат А4 форматындағы ақ бет қағаздарға жазылады. Реферат жұмысы 10-15 бет көлемінде болып, компьютермен теріледі. Мәтін сол жақтан жиек қалдырылып, қағаздың бір жағында14 шрифтпен, бір интервалмен жазылады. Жұмыстың әр бетінің жиектері: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см, жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2,5 см. Жұмыстың әр беті нөмірленеді. Нөмір беттің төменгі жағының ортасына қойылады. Рефераттың құрылымы мынадай ретпен орналастырылады:

  1. Титулды (сыртқы немесе алғашқы) беті;
  2. Мазмұны (жоспары);
  3. Негізгі бөлім (рефератты мәтіндік баяндау, жоспарда көрсетілген тараулар мен параграфтар (егер бар болса) ретімен;
  4. Әдебиеттер тізімі (авторлардың аты-жөні алфавиттік рет бойынша);
  5. Қосымшалар (жұмыста пайданылған таблица, сызбалар, деректер және т.б.).

Реферат титулды (алғашқы немесе сыртқы беті) бетпен ашылады (1-ші бет), онда министрліктің, оқу орнының атауы, институттың аты, реферат жұмысына жетекшілік жасайтын кафедраның аты, студенттің оқу тобы, жұмыстың тақырыбы, қай пәннен жазылғандығы, студенттің фамилиясы, аты-жөні, ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, атағы, фамилиясы, аты-жөні, реферат жазылған қала мен жылы жазылады.

Титулды беттен кейін рефераттың мазмұны (жоспары – 2-ші бет) жазылады, онда кіріспе, әр тараудың аты, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалар (егер бар болса) көрсетіледі.

Келесі беттерге кіріспе (3-4 бет) жазылады. Кіріспеде жұмыстың маңызы, өзектілігі, қойылған міндеттері, тақырып бойынша әдебиеттерге қысқаша шолу көрсетіледі. Кіріспе жұмыстың 10 пайызын қамтуы тиіс (егер жұмыс 20 беттен тұрса, онда кіріспе 2 бетті құрайды). Кіріспе деген сөздің өзі, тараулар мен параграфтардың аттары (1.1, 1.2, 2.1 т.б), қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалар деген сөздердің барлығы қызыл жолдан бастап жазылады.

Негізгі бөлім 5-ші беттен бастап жазылады. Негізгі бөлім (2-4 тараудан тұрады), әр тарау жаңа беттен басталуы тиіс, мәтіннің басында тарау және оның аты көрсетілуі тиіс. Тараудың аты мен мәтіннің арасында 1 интервал қалдырылады. Тақырыптың мазмұнын ашуда мәтінде логикалық, жүйелі түрде жазу қажет. Авторлардың пікірлерін келтіргенде, оларды тырнақшаға алып, олардың үстіне реттік нөмірлері қойылады, ал төменгі жағына олар сілтемелер түрінде келтірілуі тиіс: автордың фамилиясы, аты-жөні, еңбегінің аты, шыққан жылы, пікірінің алынған беті. Тараудың соңғы бетіндегі мәтін беттің жартысына жетуі немесе одан асуы тиіс, сонда ғана ол бетке есептеледі, ал егер бұл талап орындалмаса, ол бет есепке алынбайды.

Қорытындыда студент әр тарау бойынша жалпы қорытынды пікірлерін жазуы тиіс. Қорытындының көлемі жұмыстың 5 пайызын (1 бет) құрайды.

Әдебиеттер тізімін (библиографияны) жасақтауда реферат жұмысын жазу барысында пайдаланған деректер мен еңбектер көрсетіледі. Әдебиеттер авторлардың аты-жөнінің және кітаптың атауының (егер авторы болмай, кітап редакциямен шығарылған болса) алфавиттік реті бойынша беріледі. Библиография рефератты жазу барысында пайданылған әдебиеттерді ғана қамтуы тиіс.

Қосымшалар (тақырыптың мазмұнына сай кестелер, сызбалар, деректер, таблицалар, диаграмма және т.б.) жұмыстың ең соңғы беттеріне жалғанады. Ол беттер нөмірленбейді. Келтірілген қосымшалардың астына олардың атауы және қандай деректен алынғандығы жазылады.

Реферат жазуда қолданылған барлық материал мазмұнына сәйкес болуы тиіс, тақырыпқа қатысы жоқ артық мәліметтер мен материалдарды жазу қажет емес.

Реферат жұмысын орындаудың соңғы кезеңі оны қорғап, ауызша тапсыру болып табылады.

 

Реферат жұмыстарының тақырыптары.

Реферат жұмысының тақырыптары он нұсқаға бөлінген. Нұсқаның номері сынақ кітапшасының соңғы номеріне сәйкес келуі және әр нұсқа бойынша берілген бес тақырыптың біреуі ғана таңдалуы тиіс. Топ бойынша таңдалған тақырыпты екінші студент қайталамауы тиіс. Реферат жұмысы 15-20 бет көлемінде болып, А4 форматында орындалып, ауызша қорғалуы тиіс.

 

1-нұсқаның тақырыптары:

  1. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
  2. Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар: Әл-Фараби, Низами, Ә.Науаи.
  3. Қазақстанда саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы.
  4. Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың ролі.
  5. Салыстырмалы саясаттану.

 

2-нұсқаның тақырыптары:

  1. Саясат өнер ретінде.
  2. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғары формасы ретінде.
  3. Саяси биліктің легитимдік типтері.
  4. Қазақстандағы оппозицияның дамуы.
  5. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлімі ретінде.

 

3-нұсқаның тақырыптары:

  1. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде.
  2. Қазақстан көп конфессиялы қоғам ретінде.
  3. Қазақстандық конфессияаралық келісім тәжірибесі.
  4. Қазіргі заманғы саяси жүйелер.
  5. Саяси жүйе институттары. ҚР-сының саяси жүйесін реформалау мәселелері.

 

4-нұсқаның тақырыптары:

  1. Мемлекеттің мәні және оның шығуы.
  2. Мемлекеттің белгілері, оның функциялары мен мақсаттары.
  3. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы.
  4. Қазіргі мемлекет және оның ерекше белгілері.
  5. Құқықтық мемлекет және оның негізгі белгілері.

 

5-нұсқаның тақырыптары:

  1. Азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
  2. Әлеуметтік мемлекеттің функциялары.
  3. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.
  4. Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.
  5. Қысымшы топтар. Лоббизм саяси феномен ретінде.

 

6-нұсқаның тақырыптары:

  1. Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері.
  2. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар.
  3. Партиялардың типологиясы.
  4. Партияларды типтеудің өлшемдері (критерийлері).
  5. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық жүйелер.

 

7-нұсқаның тақырыптары:

  1. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен ролі.
  2. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері.
  3. Қазіргі заманғы Қазақстандағы көппартиялықтың жағдайы мен даму болашағы.
  4. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері.
  5. Тоталитарлық режимнің саяси тәжірибесі.

 

8-нұсқаның тақырыптары:

  1. Авторитаризм саяси режим формасы ретінде.
  2. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.
  3. Саяси жаңалау ұғымы. Қазақстандағы демократияландыру мен саяси жаңалау мәселелері.
  4. Саяси мәдениет тұжырымдамалары.
  5. Саяси әлеуметтену ұғымы. Қазіргі Қазақстан Републикасындағы саяси мәдениеттің ерекшеліктері және саяси әлеуметтену мәселелері.

 

9-нұсқаның тақырыптары:

  1. Қазіргі элита теориялары.
  2. Бюрократизм саяси феномен ретінде.
  3. Элиталар мен көшбасшылар саясаттың субъектілері ретінде.
  4. Қазіргі заманғы Қазақстандағы элитаның дамуы мен қалыптасуының негізгі үрдісі.
  5. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде.

 

10-нұсқаның тақырыптары:

  1. Қазақстандағы сайлау жүйесінің ерекшеліктері.
  2. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, ескерту және шешу тәсілдері.
  3. Адамзаттың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси дамуының болжамы.
  4. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективтік негізі және негізгі міндеттері.
  5. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңіндегі саяси жаңғыудың ерекшеліктері.

 

Рефераттың титулды бетінің үлгісі

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті

 

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

 

Саясаттану пәнінен