КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК 15 страница
Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып табылады. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес, тұтас қоғам мен азаматтарға қызмет етеді. Ол мемлекеттік қор есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті болдырмауға әрекет етеді. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындады. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де кіреді. Бұл шараларды әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтардың нақты бір категориялардың мүддесі үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді.
Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл-күйдің болуына жол бермейді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының екінші бөлімінде азаматтың құқығы, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті емес, алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы «бүкіл халықтың игілін көздейтін экономикалық даму» үйлестіріледі.
Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрілігі негізінен дығхаттамалық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін.
Қазақстанның сыртқы саясаты – мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің саласы, ол егеменділікті нығайтуға, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуге бағытталған. 1991 жылдан бастап егеменді Қазақстан өзін әлемдік саяси және экономикалық кеңістікте белсенді әрекет ететін халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде жариялады. 1990 жылы Қазақстанның егемендік алуы мен 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болуы және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі нәтижесінде мемлекеттің егеменділігі, тәуелсіздігі халықаралық-құқықтық жағынан мойындалды. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағыты ұлттық мүдделерге негізделген.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, саяси құралдарға сүйенген дипломатияны қолдануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстардың негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің даталарын атаңыз.
- ҚР – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде дегенді қалай түсінесіз?
- Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдерінің қандай мәселелері мен қиыншылықтары бар?
- Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:[№5; №10; №11; №15, 181-192 бб.; №17; №18; №23-28; №34; №40].
Көрнекі және үлестірмелі материалдар.
1-схема. Саясаттану құрылымы.
|
|
|
2-схема. Биліктің құрылымы.
3-схема. Саяси жүйенің қызмет етуі (Д.Истон бойынша).
4-схема. Саяси жүйенің қызметтері.
5-схема. Мемлекеттің белгілері.
|
6-схема. Мемлекеттің қызметтері.
|
|
|
| |||
7-схема. Мемлекеттің типологиясы.
|
К л а с с и ф и к а ц и я л а у ү ш і н н е г і з д е р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8-схема. Саясаттың субъектілері.
Саясат субъектілері (биліктің субъектілері) | ||
Қажеттіліктері мен мүдделері бар, оларды жүзеге асыру құралдарын анықтауға қабілетті, саяси билікті жүзеге асыру процесіне әсер ете алатын саяси өмірге қатысушылар | ||
түрлері |
Тікелей қатысатындар мемлекет, партиялар, саяси жетекшілер және қоғамдық қозғалыстар |
Жанама қатысатындар ірі әлеуметтік топтар, қоғамдастықтар, түрлі мүдделер топтары |
Саясатқа қатысудың қозғаушы күші - әлеуметттік мүдде | ||
Саясат субъектілерінің өз әлеуметтік жағдайларын, өмірлік жағдайларын сақтау немесе жақсартуға ұмтылуы. Әлеуметтік мүдде – саяси құралдар арқылы жүзеге асырылса, онда ол саяси мүддеге айналады. | ||
9-схема. Ұлтаралық қатынастардың саяси аспектілері.
|
|
|
|
|
Ұлтаралық қатынастардың саяси аспектілері |
|
|
|
|
10-схема. Саяси мәдениет үлгілері.
90 80 70 60 50 40 30 20 10 0 | Белсенділер | Белсенділер | Белсенділер | Белсенділер | |
Бодандар | Бодандар | Бодандар | |||
Бодандар | Патриархалдар | ||||
Патриархалдар | |||||
Патриархалдар | Патриархалдар |
11-схема. Саяси әлеуметтену процесі және институттар.
Қарым-қатынас | Кезеңдері | Бұқаралық ақпарат құралдары | |
Семъя | Туысқандары | Балалық | Тіл |
Мектеп | Таныстар | Баспасөз | |
Институт (жоғарғы оқу орны) | Мүдделері бойынша топтар | Жастық | Теледидар |
Қызмет ету мекемесі | Қызметтер | Есею | Интернет |
12-схема. Саяси мәдениеттің құрылымы.
Саяси мәдениеттің құрылымы |
Саяси сана мәдениеті | Саяси мінез-құлық мәдениет | Саяси институттар қызметі мәдениеті |
Саяси түсініктер мен |
Саяси құндылық- тар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, нормалар |
Саяси қатысу мәдениеті |
Саяси іс-әрекет мәденитеті |
Электораттық процесс мәдениеті |
Саяси шешімдер қабылдау және жүзеге асыру мәдениеті |
Саяси қондырғылар |
Әлеуметтік- саяси жанжалдарды қабылдау және реттеу мәдениеті |
13-схема. Геосаяси зерттеулер құрылымы.
14-схема. Геосаяси кеңістік құрылымы.
15-схема. Саяси жанжал.
|
16-схема. Саяси жанжалды шешудің шарттары.
7. ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ.