КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК 12 страница

Әлеуметтік жанжалдар құбылыс ретінде адамзат тарихының барлық кезеңіне тән болып келеді. Соғыстар мен революциялар, шерулер мен ереуілдер, митингілер мен парламентегі саяси күрес – бұлар жанжал көрініс беруі мүмкін формалардың толық емес тізімі. Олардың қоғам үшін салдарлары әртүрлі. Біреулері империяның күйреуіне, мемлекеттік тәуелсіздіктен айырылуға әкелсе, ал екіншілері – қоғамның прогрессивті дамуына әсер етіп, оның барынша демократиялы және әділетті болуына ықпал етеді. Қазіргі заманғы демократиялық қоғам көптеген жанжалдардың болуына мүмкіндік береді және олады шешу арқылы дамиды. Басқаша айтқанда, жанжал – қоғамдағы әлеуметтік топтар мен индивидтердің ынтымақтастық, кооперация сияқты өзара әрекеттерінің табиғи формасының түрі. Жанжалдың табиғилығы туралы идеяны ХІХ ғасырдыңортасында неміс әлеуметтанушысы Г.Зиммель айтты және ол ғылыми айналымға «әлеуметтік жанжал» ұғымын енгізді. Ол жанжалдың қызметін атап көрсетіп, жанжал арқылы қоғамдағы атмосфера тазарады деп есептеді.

Қоғамның ішкі қайшылықтығы мен жанжалдығын негіздеу ХІХ ғасырға жатады. Бұл кезеңде жанжал туралы алғашқы теориялар пайда болды. Қазіргі заманда жанжалдың табиғаты мен формалары туралы түрлі көзқарастар бар, тұтас мектептер мен бағыттар пайда болды. Өзінің даму тарихында адамзат жанжалды бейбіт түрде шешудің біраз тәжірибесін жинақтады. Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана ғылыми зерттеудің дербес саласы – конфликтология пайда болды, оның маңыздщы бейбіт түрде реттеу мен шешу мәселелері болып табылады.

Жанжал деп түрлі бағыттағы екі немесе одаг да көп күштердің қарама-қарсы іс-әрекеттері жағдайында өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатындағы қақтығысын айтады.

Жанжалды зерттеуде екі негізгі бағытты көрсетуге болады:

· жанжалды бұзушы элемент, «әлеуметтік бәле», қоғамдық жүйені бұзатын элемент ретінде қарастыру;

· Георг Зиммельден басталатын келесі бағыт бойынша, жанжал бұл құрылымдық құбылыс, дамудың бір формасы ретінде қарастырылады.

Осы екінші бағыт шеңберінде американдық конфликтологтар Льюис Козер мен Кеннет Боулдингтің (еңбегі «Жанжал және қрғау. Жалпы теория») және неміс саясаттанушысы Ральф Дарендорфтың («Индустриалдық қоғамдағы әлеуметтік таптар мен таптық жанжалдар») теориялары кеңінен танымал болды.

Жанжалдың «жағымды қызметі» туралы концепция Л.Козердің «Әлеуметтік жанжалдың функциялары», «Жанжалдың аяқталуы» және т.б. еңбектерінде дамытылды. Бұл концепциясын Л.Козер құрылымдық функционализмнің классикалық теорияларына қарама-қарсы немесе толықтыру ретінде құрды. Құрылымдық функционализм әлеуметтік жанжалды қоғамның жетілмегендігінің немесе «бұзылуының» белгісі деп білсе, ал Козер қоғамдық тәотіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жанжалдың жағымды ролін негіздеуге тырысты.

Л.Козердің пайымдауы бойынша, жанжалсыз әлеуметтік топ болмайды және жанжалдар қоғамдық жүйенің жұмыс істеуі мен ауысуы үшін жағымды маңыз алады. Оның айтуынша, жанжал, бұл құндылықтар, белгілі бір статус үшін, билік және ресурстар үшін күрес, бұл күрестегі қарсыластардың мақсаты бір-бірін бейтараптандыру, нұқсан келтіру және жоюболып табылады. Ғалым жанжалдың екі түрін көрсетті антагонистік және антагонистік емес.

Жанжалдың жағмдылығының маңызды шарты – оның басқаралуы, бұл күрестің одан әрі ушықпауына мүмкіндік береді, оның субъектісінің санын және дау-дамай, тартыстың негізгі мәселесін шектеуге мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер қайшылықтар уақытында шешілмей, оған мән берілмесе, олар жасырын (латентті) деңгейге өтіп, қайшылықтарды бейбіт түрде шешу мүмкіндігі жойылады. Ерте ме, кеш пе жанжал көрініс береді, бірақ енді ол қиратушы, қауіпті формада көрінеді. Жанжалдың жағымды қызметі, ол билік орындарына жинақталып қалған мәселелер жөнінде белгі береді, осы мәселелерді шешу арқылы қоғамның дамуын ынталандырады, жаңа заңдардың қабылдануына, жаңа институттардың құрылуына әкеледі, бытырап жүрген индивидтерді шоғырландырады, тұрақты мүдделер топтарын қалыптастырады. Сондықтан биліктің тұрақсыздығы және қоғамның бытыраңқылығы жанжалдың пайда болуынан емес, саяси қайшылықтарды реттей алмаудан немесе оларға көңіл аудармаудан туады.

· Қоғамдық топтар қатысқан барлық жанжалдар әлеуметтік жанжалдар болып табылады.

Саяси жанжал - әлеуметтік жанжалдың ерекше формасы болып табылады. Саяси жанжал – билік өкілеттілігін бөлуге, үстемдік және басқаруға қатысты жанжал. Саяси жанжал – қарама-қарсы мүдделердің, құндылықтардың, көзқарастардың негізінде туған саяси субъектілердің қақтығысы, күресі (15-схема).

Әлеуметтік жанжалдардың көпшілігі билік қатынастары саласында өз жалғасын табады, яғни пайда болған қайшылықтарды шешу үшін саяси шешімдерді жиі қабылдау қажет болады.

Саяси жанжал ұғымы бір субъектілердің екіншілермен саяси қатынастар саласындағы ықпал үшін, жалпыға маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндіктің болуы, үшін ресурстарды иелену, өз мүдделерінің монополиясы және оны қоғамдық қажеттілік деп мойындату үшін, бір сөзбен айтқанда, билік және саяси үстемдік үшін күресті қамтиды.

Саяси мемелкеттік билік, оны иелену, билік институттарының құрылымы, әлеуметтік топтардың саяси статусы, саяси билік пен жалпы саяси қоғамның базасы болып табылатын құндылықтар мен символдар – міне, осының барлығы саяси жанжалдардың объектісі мен тақырыбы болып табылады.

Тұтас жүйе ретінде саяси қоғам мен саяси статустардың иерархиясы арқылы көрінетін оған кірген индивидтер мен топтардың теңсіздігі – бұлар саяси жанжалдың көзі мен негізі болып табылады.

Жанжал кезінде әр жақ өз мүддесін басқа топтар үшін де жалпыға бірдей және міндетті деп жариялайды. Міне жанжал кезіндегі әр жақтың позициясы мен іс-әрекеттің қарама-қарсылығы осыдан шығады.

Саяси жанжалдың ерекшелігі, оған қатысушылар ұйымдасқан түрде әрекет жасайды. Жанжалдасушы жақтар ретінде саяси партиялар, ұйымдасқан қысымшы топтар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік билік инститтуры, парламенттік фракциялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар және мемлекет көрінеді. Саясатта жанжалдық қарсы тұру көбінесе қарама-қарсылық түрінде көрінеді. Оппозиция өзінің қызметіне байланысты сынау, ресми үкіметтік бағытпен күрес, балама жобалар ұсыну жұмыстарын жүргізеді. Оппозицияның түпкі мақсаты – мемлекеттік билік жүйесінде үстем позицияға жету.

Әлеуметтік жанжалдардың шығу көздері, себептері туралы мәселеге бір жақты жауап беру мүмкін емес. Жанжалдың әрбір түрінің, деңгейінің өз себептері болады. Әрбір жанжалдың себептерін, шығуын анықтауда мынадай жағдайларға: экономикалық, саяси мүдделерге, әлеуметтік мәртебеге, идеологиялық, ұлттық, діни, жас ерекшелігі т.б. факторларға көңіл бөлу керек.

Қоғамдағы жанжалдың негізгі көздеріне қоғамның жіктелуі, оның әлеуметтік және ұлттық топтарға, бірлестіктерге, таптарға бөлінуі жатады.

Саяси жүйенің негізгі институты ретінде мемлекетті қамтитын жанжалды сипттау үшін саясаттануда «саяси дағдарыс» (грекше «krisis» - шешім, бетбұру шегі, нәтиже деген мағынада).

Саяси дағдарыс – қоғамда бар жанжалдардың тереңдеуі, асқынуы және саяси шиеленістің бірден күшеюі арқылы көрінетін саяси жүйенің жағдайы.

Халықаралық жанжалдар мен қайшылықтарға байланысты сыртқы саяси дағдарыстарды және ішкі саяси дағдарыстарды (үкіметтік, парламенттік, конституциялық және т.б.) көрсетуге болады.

Сыртқы саяси дағдарыс немесе халықаралық дағдарыс, мемлекеттің бір немесе бірнеше мемлекеттермен қайшылықтарының күшейіп, қатынастары жүйесінің бұзылуы және қайшылықтардың ашық жанжалға ұласу қаупі. Егер дағдарыс келіссөздер мен өзара келісімдер арқылы шешілмесе, онда ол соғысқа ұласуы мүмкін.

Үкіметтік дағдарыс – жиі кездесетін құбылыс, үкіметтің беделінің түсуі, оның жарлықтарын атқарушы органдардың орындалмауы. Егер үкімет елдегі жағдайды бақылай алмаса, онда парламент – оны қолдаудан бас тартып, министрлер кабинетін қызметтен босатуы мүмкін. Үкіметтік дағдарыс жетекшіні ауыстыру, басқару формасын өзгерту және т.б. арқылы шешіледі.

Парламенттік дағдарыс – бұл парламенттің шешімі ел азаматтарының көпшілігінің еркімен сәйкес келмеген жағдайдағы заң шығарушы билік органындағы күштердің ара салмағының өзгеруі. Парламенттік дағдарыс парламенттегі қарама-қарсы тұрушы фракциялардың күштері шамамен тең болып, бұл шешім қабылдауға кедергі болып, заң шығарушы биліктің жұмысын істен шығарған жағдайда пайда болуы мүмкін. Бұл дағдарыс сайлаудың белгіленуі арқылы шешіледі.

Конституциялық дағдарыс елдің негізгі заңының (Конституцияның) өз легитимдігін жоғалтуына байланысты оның құзырының тоқтатылуымен байланысты. Бұл дағдарыс бұрынғы Конституцияның қайта қаралып, жаңаруы, жаңа заңның қабылдануы арқылы шешіледі.

Әлеуметтік-саяси немесе жалпыұлттық дағдарыс әлеуметтік-саяси процестің дамуындағы бетбұрыс кезең, ол міндетті түрде билеуші элитаның немесе үстем әлеуметтік топтың алмасуына әкелмеуі мүмкін. Бұл дағдарыстан шығу өмір сүріп тұрған әлеуметтік-саяси күштердің ара қатынасын бұзбай-ақ билеуші топтың ішінде кейбір өзгірстер жүргізу және саяси бағытқа өзгерістер енгізу арқылы мүмкін болады. Егер дағдарыстан шығу жолы табылмаса, онда ол революциялық ахуалға ұласуы мүмкін.

Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (PR). Ақапарттық нарықта саяси субъектілер алдарына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін әр алуан тәсілдер мен техникаларды пайдаланады. Сонымен субъектілер өздерінің серіктестерімен, сондай-ақ контрагенттермен де қажетті қарым-қатынас орнатуға қолданатын аталған әдістер мен тәсілдердің сипаты мен өзіндік ерекшеліктері ең алдымен саяси өмір саласында қалыптасқан белгілі бір ақпараттық-коммуникативтік жүйе арқылы анықталады.

Ақпараттық-коммуникативтік жүйелер шеңберінде коммуникаторлар мен реципиенттер әр түрлі ішкі міндеттерді де шешеді, әр түрлі ішкі іс-қимыл шараларын да орындайды, олар өз кезегінде аталған міндеттер мен іс-шаралардың ақпараттық ахуалына да ықпал етеді.

Ақпараттық технологиялардың сапасына мәліметтерді жинау әдістемесі де, мысалы, нақты әлеуметтік зерттеулер, әлеуметтік эксперименттер, ықтималды статистикалық іс-шаралар және т.б. сондай-ақ технологиялық құралдар, атап айтқанда, қолмен, автоматты түрде есепке алу, электрондық әдістер және т.б. ықпал етеді.

Қазіргі қоғамда ақпаратқа иелік ету аса маңызды билік көзі болып табылады. Ақпараттық билік кей жағдайларда дербес маңызға ие бола отырып, қоғам өмірінің барлық саласына батыл енуде.

Ақпараттың қоғамның саяси өміріндегі ролі мен орны саясаттың шешуші, анағұрлым ауқымды және айқындаушы көрінісі болып табылатын билікпен қарым-қатынасы арқылы анықталады. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процестерге, шешімдерді әзірлеп, қабылдау істеріне, билік беделін қалыптастыруға, саясатқа және саясаткерлерге ықпал ету күші барған сайын арта түсуде. Мемлекет билік көзі, оны иеленуші және жүзеге асырушы болып табылады. Ақпаратты алу, талдау, беру және оны тиімді пайдалану – биліктің жұмыс істеуінің маңызды шарты.

Ақпараттық технологиялар – ғылыми және инженерлік білімдердің, сондай-ақ ақпаратты құру, жинау, беру, сақтау және өңдеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жүйесі.

Имиджді қалыптастыру технологиясы саяси өмірдегі нендей бір саяси іс-қимылға немесе оқиғаға негізделеді. Бұл жағдайлар жұртшылықтың оң ниет танытуына алғы шарт жасайды, мысалы, көшбасшылардың халық үшін игілікті істер істеуі, өмірбаянының жағымды жақтары, қоғамдық пікірде жұртшылық қолдауына ие болған оның тоқтамды ойлары және т.б.

Имиджді қалыптастыру процесі саяси (электораттық) нарық пен оның сигментациясын зерттеуді (белгілі бір сайлаушылар топтары сұраныстарының, құндылықтары мен басқа да сипаттамаларының ерекшеліктерін бөліп көрсету және оған жан-жақты сипаттама беру); имидждің белгіленген өлшемдерін қалыптастыруды, имиджге түзетулер енгізіп, оның мәртебесін көтеруді; нарықта имиджді ұсыну мен сатуды (жарнама арқылы); бәсекелестердің «бітірген істеріне» (бәсекелестердің іс-қимылын қадағалап, соған сәйкес әрекет ету), жарнамаға қарсы және өарсы жарнама жасау (бәсекелестерге қатысты) әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған түрлі ақпараттық технологияларды пайдалануды көздейді.

Имиджді жасау және оны ұдайы қолдап отыру тұрақты түрде жүзеге асырылатын процесс. Ол саяси көшбасшы саяси нарықта қанша уақыт болса, сонша уақыт тоқтаусыз жүріп жатады.

Имиджді қалыптастыру технологиясының аса маңызды әдісі және дербес бағыты, саяси жарнама ақпараттық технологиялардың бір түрі болып табылады. Ақпараттық технологияның бір түрі саналатын саяси жарнаманың маркетингтік үлгісіне тән белгі – мұнда жарнама берушінің азаматтарды тіпті де ақпараттандыруға емес. Олардың пікірлеріне мүдделі екендігін көрсетеді.

Сайлау жүйесі. ҚР-сының сайлау жүйесі.Бүгінде сайлау технологиялары – мұқият талдап жасалынған және дүние жүзінде наұты қолданылатын саяси технологиялардың бір түрі. Іс жүзінде тоқтаусыз жүріп жататын белгілі бір деңгейдегі билік органдарына сайлаулар өткізу процесі оларға дайындық жасау немесе өткен сайлаулардың нәтижелерін зерделеп, ой елегінен өткізу сайлау науқандарын ғылыми жағынан қамтамасыз ету және оны өткізу жөніндегі қызмет түріне деген тұрақты сұраныстар нарығын қалыптастырады.

Сайлау - демократияның ерекше белгісі, атрибуты ғана емес, сонымен бірге оның өзегі, қажетті шарты, халық еркініңі көріну әдісі. Сайлау жүйесі - қоғамның саяси жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Сайлау жүйесі бір жағынан билік органдарын қалыптастырудың ережесін орнатуды, ал екінші жағынан - электораттық процеске тікелей ықпал етеді. Ақырында, сайлау жүйесі партиялық жүйе конфигурациясын анықтайтын факторлардың бірі болып табылады. Сайлауды зерттеу псефология деп аталған ерекше ғылыми бағыттың пайда болуына әкелді.

«Сайлау жүйесі» ұғымы екі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғанда сайлау жүйесі дегеніміз - заң нормаларында бектілген, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-тәжірибесінде қалыптасқан өкілеттілік мекемелерге немесе жеке дара басқарушы өкілді (мысалы, ел президентін) сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі.Басқаша айтқанда, сайлауға қатысты барлық процестер мен ережелер. Тар мағынада алғанда, сайлау жүйесі, бұл - сайлаушылар дауысын есепке алу мен санау тәртібі.

Сайлау жүйесі кез келген жүйе сияқты, құрылымдық компоненттерден тұрады, сайлау жүйесінің негізгі элементтері:

· сайлау құқығы - теориялық-заңдық компонент;

· сайлау процедурасы (немесе сайлау процесі) - тәжірибелік-ұйымдастырушылық қомпонент.

Сайлау құқығы - азаматтардың сайлауға қатысуын, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді, сайлаушылар мен сйланбалы немесе қызмет адамдарын арасындағы өзара қатынастарды, сонымен біргі сайлаушылар сенімін ақтамаған өкілдерді қайтарып алу тәртібін реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

«Сайлау құқығы» термині тар мағынасында алғанда азаматтың сайлауға қатысу құқығы ретінде қолданылады.

Сайлау жүйесінің басты компоненті сайлау болып табылады. Сайлау - азаматтардың саяси еркінің белгілі бір ережелер бойынша көрінуіарқылы билік және басқару органдарын қалыптастыру әдісі.Сайлау нәтижесінде сайланған үміткерлер билік өкілеттілігіне ие болады.

Сайлау әрқашанда дауыс берумен байланысты. Алайда сайлау және дауыс беру ұғымдарының арасындағы жақындыққа қарамастан, олардың айырмашылқтары да бар. Сайлау ден негізінде конституция және басқа да заңдарда бектілген мемлкеттік органдар құрамына сайлау процесі түсініледі. Ал дауыс беру барлық уақытта сайлаумен байланысты емес. Дауыс беру тікелей демократияның түрлі формаларында: референдумда, сауалнамада, жиналыстарда ұжымдық шешеімдер қабылдау т.б. қолданылады.

Сайлау - саяси және қоғамдық өмірде жиі кездесетін құбылыс, себебі ол басқарудың түрлі институттары мен деңгейлеріне тараған: парламент, президент, өкілдік орындарын, федереация субъектілерінің атқарушы органдарын, жергілікті билік органдарын сайлау т.б. Сонымен бірге сайлау демократиялық ұйымдарда - партияларда, кәсіподқатрада, ерікті бірлестіктерде, кооперативтерде, акционерлік қоғамдарда қолданылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Саяси технологиялар деген не, оны қалыптастырудың қандай әдістері бар?
  2. Саяси шешім қабылдау деген не және оның әдістері қандай?
  3. Жанжалдың мәні неде? Жанжалдың қандай түрлерін білесіз?
  4. Саяси жанжалдың ерекшелігі неде, оның қоғамдағы ролі қандай?
  5. Саяси дағдарыс деген не? Оның түрлерін атаңыз.
  6. Жанжалдың даму кезеңдерін, шешу жолдарын көрсетіңіз.
  7. Ақпараттық технологиялар деген не?
  8. Сайлау жүйесі деп нені айтады?
  9. Сайлау және сайлау құқығы деген не?
  10. Сайлау құқығының демократиялық принциптерін атаңыз.
  11. Сайлауды демократиялық ұйымдастырудың жалпы принциптері қандай?
  12. Сайлау процесі қандай кезеңдерді қамтиды?
  13. Саяси маркетинг, саяси менеджмент деген не?
  14. Сайлау жүйесінің қандай түрлерін білесіз, олар немен ерекшеленеді?
  15. Мажоритарлық сайлау жүйесінің қандай түрлері бар және олардың ерекшеліктері неде?

Ұсынылатын әдебиеттер: [№3, 64-82, 81-104 бб.; №5; №9, 6-тарау, §§3, 88-91 бб., 13-тарау, §§1-3, 183-191 бб.; №11; №13, 12-тарау, §§4, 326-329 бб.; №20-22; №29; №31, 20-тарау, §§1-2, 366-383 бб., 22-тарау, §§1-4, 402-424 бб., 23-тарау, §§3, 436-443 бб.; №34; №35, 97-101 бб.; № 57].

Дәріс 13. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.

Дәріс мақсаты:саяси ойлар тарихындағы халықаралық қатынастар түсігіне, теорияларына тоқтала отырып, оның зерттеу оъектісін, пәнін қарастыру. Әлемдік саясат, сыртқы саясат және геосаясат, ұлттық мүдде сияқты құбылыстарға талдау жасап, Қазақстан Республикасының халықаралық саясатқа араласуын қарастыру.

Басты ұғымдар:сыртқы саясат, әлемдік саясат, халықаралық субъектілер, халықаралық қақтығыстар, халықаралық қатынастар, геосаясат, ұлттық мүдде, халықаралық қауіпсіздік.

  1. Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі.
  2. Халықаралық қатынастар субъектілері. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.
  3. Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері. Халықаралық қақтығыстар.
  4. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.

Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі. Саясаттың көп қырлы, ерекше құбылыс болғандықтан, оны тек бір ғана қоғамдық қатынас немесе жеке адамдардың қатынасы деңгейінде қарастыру оның ерекшелігін ашпайды.

Тар мағынада алғанда, халықаралық қатынастар деп мемлекетаралық немесе үкіметаралық қатынастарды айтады. Кеңінен тараған түсінік бойынша, халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекетік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, шаруашылық-экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да өзара байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың (әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы) өзара қатынастарының жиынтығын айтады.

Халықаралық қатынастардың даму тарихы ұзақ тарихи жолдан өтті. Халықаралық қатынас мемлекеттердің, алғашқы этностардың пайда болуынан басталады Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін халықаралық қатынастар кез келген мемлекеттің саясатында маңызды роль атқарып келеді. Мемлекеттің пайда болуымен саяси қатынастар ішкі және сыртқы (халықаралық) деп жіктеле бастады. Мемлекеттік шекараның анықталуымен «мемелекеттік тұтастық», «егеменділік» сияқты ұғымдар бекітілді.

Халықаралық қатынастардың саяси теориялық тұрғыдан қарастырыла бастауы «соғыс пен бейбітшілік» мәселелерінің шығуымен байланысты болды. Мәселені теориялық тұрғыдан зерттеуге Цицерон, Августин, Гроций Н.Макиавелли, Т.Гоббс үлес қосты. Бүгінгі күні халықаралық қатынастардың табиғаты мен заңдылықтары туралы бірыңғай теория жоқ. Олардың кең таралған негізгі теориялары: либерализм немесе идеализм, саяси реализм, неомарксизм.

Халықаралық қатынастар субъектілері. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат. Әлемдік қоғамдастықтың (мемлекеттердің бірігуі) пен халықаралық құқықтың негізгі субъектілері – ең алдымен мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болып табылады. Халықаралық қатынастар жүйесі – екі немесе одан да көп мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттер.

Мемлекеттен басқа халықаралық байланыстардың басқа да қатысушылары - әкімшілік бірлестіктердің (облыс, өлке, аймақ), қоғамдық ұйымдардың, фирмалардың, жеке тұлғалардың (индивидтер) да қызметтеріне ықпал етіп, бақылап отырады. Халықаралық қатынастардың өзгеше мемлекеттік субектілері – Ватикан, еркін қала және т.б. да түрлері бар.