КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК 4 страница

- қоғамды құрайтын ұжымдық субъектілердің жалпы мақсатын анықтау, оны жүзеге асыру үшін бұқараны ұйымдастыру және ресурстарды жұмылдыру;

- тапшы барлығына міндетті құндылықтар мен игіліктерді авторитарлы түрде бөлу;

- топтық жанжалдарды болдыртпау және оларды реттеу;

- күрделі әлеуметтік субъектілерді байланыстыру (байланыстық функциясы).

Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынадай түрлерібар: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени, ғылыми-техникалық, әскери, экологиялық, демографиялық, аграрлық, қаржы, инвестициялық, кадр т.б.

Мемлекеттік саясаттың басты екі түрі: ішкі саясат және сыртқы саясат. Ішкі саясат – мемлекеттің өмір сүріп тұрған әлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға немесе оны реформалауға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми-техникалық және т.б. әрекеттіерінің жиынтығы.

Сыртқы саясат – бір мемлекеттің халықаралық аренада өз мүдделерін көздей отырып жүргізген іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Саясатты сонымен бірге өнер деп қарастыру қажет, себебі саясаттың объектісі де, субъектісі де адам, белгілі бір міндеттер атқаратын олардың бірлестіктері болып табылады. Саясаттың объектісі қоғам болып табылады. Саясаттың субъектісі – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партия, жеке адам. Саясаттың субъектісі деп саясаттың объектісіне бағытталған белсенді іс-әрекетті жасаушыны айтады (іс-әрекетке қабілетті, белсенді іс-қимыл жасайтын адам, топ т.б.). Мұндай қабілеттерге ие болатын жаратылыс, ол тек қана адам. Саясаттың объектісі деп саясат субъектісінің іс-әрекеті бағытталған саяси нақтылықтың, жүйенің бір бөлігін айтады. Субъект пен объект өзара байланысты, орындары алмасуы мүмкін. Саясаттың субъектісі ретінде ең алдымен өз еркімен саналы түрде, еркін әрекет ете алатын саяси процесстерге қатысушыларды айтуға болады. Саясат субъектілерін үш топқа жіктеуге болады:

1. Әлеуметтік және ұлттықсубъектілері - әлеуметтік қоғамдастықтар, таптар, топтар, элиталар, индивидтер, ұлттар, халықтар т.б.;

2. Саяси биліктің институционалдық субъектілері – мемлекет және оның органдары, саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар, қозғалыстар;

3. Функционалдық саяси субъектілер – оппозиция, лобби, бұқаралық ақпарат құралдары т.б.

Саясаттың қозғаушы күші, яғни адамдарды саяси іс-әрекетке итермелейтін – бұл адамдардың мүдделері болып табылады.

Демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың басты субъектісі – адам болып табылады.

Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясат өзінің мәні жағынан белгілі бір мақсатқа бағытталғанқызмет, іс-әрекет болып табылады. Бұл саясаттың белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін пайда болатындығын білдіреді. Саясаттың және кез келген басқа да қызметтің басты компоненттері - мақсат, әдіс, нәтиже. Мақсат дегеніміз адамның ойында жасалған мінсіз нәтиже, ол үшін қызмет (әрекет) жасалады, қызметтің ішкі қозғаушы себебі.

Саясаттың құралдары – мақсаттарды, мінсіз себептерді (ойлағандарын) нақты іс-қимылдарға айналдыруда қолданылатын құралдар, инструменттер. Саясаттағы «құралдар» мен «әдістер» жақын ұғымдар. Құралдар – саясаттың субъектілерінің объектіге ықпал етуінің нақты факторлары: үгіт-насихат науқандары, ереуілдер, қарулы іс-әрекеттер, электорат үшін күрес және т.б. Саясаттың әдістері оның құралдарының ықпал ету әдістері болып табылады, оларға ең алдымен күштеу және бейбіт түрдегі әдістер, яғни мәжбүрлеу және сендіре білу жатады.

Мақсат пен құралдардың саясаттың нәтижелері мен адамгершілік тұрғыдан бағалануы бұрынғы кезеңдерден бері қызу айтыстардың мәселесі болып келеді. Осыған байланысты үш көзқарас бар: 1) саясаттың адамгершіліктік сипаты оның мақсатымен анықталады; 2) саясаттың адамгершілік сипатына қолданылатын құралдары басым ықпал етеді; 3) саясатқа адамгершілік сипат беруде мақсат та, құралдар да бірдей маңызды, олар нақты бір жағдайларға байланысты бір-бірімен сәйкестендірілген болуы керек.

Бірінші көзқарасты, «мақсатқа басымдылық» берген жағдайдың белгілі жақтаушылары Н.Макиавелли (көбінесе теоретик ретінде) және Ленин (көбінесе практик ретінде) болды. Олардың екеуі де саясатта игілікті (благородная) мақсаттарға жету үшін адамгершілікке жатпайтын құралдарды қолдануды жақтады. «Мақсат әдісті ақтайды» деген тезис иезуиттерде (16 ғ. Парижде пайда болған католиктік орден) теориялық жағынан негізделді және іс жүзіне де асырылды (өз сенімін енгізу үшін кез келген құралды – қатаң орталықтан басқару, темірдей тәртіп, өзара шпионаж, өтірік айту, қастандық жасау, өлтіру, уәдені бұзу т.б. қолданған). Олардың пікірінше, ұлы мақсатқа жету үшін қандай әрекет болса да, ол моралдық әрекет болып саналады. Иезуиттер орденінің теоретиктері кез келген қылмысты діни-адамгершілік мақсат деп ақтауға негізделген иезуиттік моральдың тұтас жүйесін құрастырған.

Салыстырмалы саясаттану – саяси білімдер мен зерттеулердің арнайы тармағы болып табылатын, саясаттанудың жеке бөлімі ретінде қалыптасқан саяси ойдың бір бағыты. Салыстырмалы саясаттану өз атауын зерттеу объектісіне байланысты емес, зерттеу әдісінің түріне байланысты алған.

Қазіргі заманғы саяси теория белгілі бір дәрежеде түрлі саяси жүйелерді, саяси режимдерді, саяси институттарды, билікті және саяси процестерден бастап елдің саяси мәдениетіне дейінгі саяси ғылымның маңызды категорияларын салыстыратын салыстырмалы саясаттанудың нәтижелеріне сүйенеді. Салыстырмалы саясаттану, ең алдымен, саяси ғылымның терең зерттеулері үшін қажет, оның көмегімен қазіргі заманғы біз өмір сүріп отырған біртұтас және қарама-қайшылықты әлемдегі саяси процестердің, саяси өмірдің, саяси жүйелердің, түрлі аймақтар мен континенттердің жалпы белгілері мен ерекшеліктеріне талдау жасалады. Салыстырмалы саясаттану қоғамның саяси өмірін экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларымен тығыз байланыста зерттейді.

Салыстырмалы саясаттану түрлі мемлекеттер мен жаңа өркениеттердің қалыптасуына, орталығы адам болып табылатын демократиялық және гуманистік қоғамға тән жалпыадамзаттық құндылықтармен танысуға мүмкіндік береді. Салыстырмалы саясаттану салыстырмалы талдау арқылы Батыстың барынша дамыған елдерінің постиндустриялық ақпараттық және технологиялық қоғамының саяси өмірінде қол жеткен барлық құндылықтарды қолдануға және осы тәжірибені біздің еліміздегі демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолындағы қазақстан қоғамын реформалау процесінде пайдалануға мүмкіндік береді. Салыстырмалы әдісті қолдану зерттеушінің ой-өрісін кеңейтеді, басқа елдер мен халықтардың тәжірибесін табысты түрде пайдалануға ықпал етеді, басқалардың қателіктерін қайталамауға үйретеді, мемлекеттік құрылыста «жаңалық ойлап табу» («велосипед ойлап табу») қажеттілігінен құтқарады. Елдің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шығармашылықпен бұл әдісті қолдану қоғам мен мемлекетті реформалау жағдайында қазіргі заманғы қазақстандық саясаттану үшін өзекті болып табылады.

Салыстырмалы саясаттанудың дамуында үш кезеңді атап көрсетуге болады: 1-кезең – ежелгі дәуірден – І-дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезең; 2-кезең – І-дүниежүзілік соғыстан ІІ-дүниежүзілік соғысқа дейін; 3-кезең – ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін басталады.

1-кезең. Саясаттанулық зерттеулерде салыстырмалы әдісті қолдану антикалық заманнан басталған. Бұл әдісті философтар, тарихшылар қолданған. Аристотель – салыстырмалы саясаттанудың негізін салушы. Полибий, Цицерон, Н.Макиавелли, Жан Боден, Ш.Монтескье салыстырмалы саясаттанудың дамуына үлес қосты. ХVІІІ – ХІХ ғасырларда салыстыру әдісін философтар Гердер, Гегель, О.Конт, Руссо өз еңбектерінде, Маркс, Энгельс теорияларында, мемлекеттік басқару жүйесін зерттеуде қолданған.

Қазіргі заманғы салыстырмалы саясаттану пән ретінде саяси ғылымның шеңберінде ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында қалыптаса бастайды.

«Салыстырмалы саясаттану» (comparative politics) ұғымын ғылыми айналымға енгізген және оның зерттеу бағыттары мен өлшемдерін анықтаған ХІХ ғасырдағы британ тарихшысы, Оксфорд университетінің профессоры Эдвард Фримен (1823 – 1892). Ол «Салыстырмалы саясаттану» (1873) атты еңбегінде «Тарих – бұл өткендегі саясат, ал саясат – бүгінгі тарих» деген өзінің белгілі тезисін келтіреді. Сонымен бірге онда салыстыру ұқсастықтың үш типіне байланысты болады: тікелей қабылдау; дәл сондай өмір сүру жағдайларының (қоршаған ортаның) болуы; генетикалық бірдейлік (шығу тегінің ұқсастығы).

Салыстырмалы саясаттанудың дамуындағы 2-кезең – І дүниежүзілік соғыстан ІІ-дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықты қамтиды. Жаңа саяси нақтылықтар – кеңес қоғамының, фашистік, нацистік режимдердің пайда болуы оларды демократиямен салыстыру міндеттерін туғызды. Ғалымдар Латын Америкасы, Қиыр Шығыс елдерін зерттей бастады. ХХ ғасырдың 30-жылдары Файнер, К.Дж.Фридрих, Е.М.Спайт зерттеулері пайда болды. Формальды (ерекшеліктерін анықтау үшін саяси жүйелерді тұтас алып зерттеу), аймақтық, институциональдық, белгілі бір жағдайларға қатысты зерттеулер пайда болды. Тарихи және эмпирикалық әдістемелер қолданылды. Салыстырмалы талдау теориялық концепциялардың, ең алдымен, 30-жылдардағы саясаттанудағы ғылыми революциямен байланыстырылған бихевиоризмнің ықпалымен дамытылып, байытылды. Психологтардан кейін әлеуметтік бихевиористер де формальды немесе формальды емес топтардағы нақты мінез-құлықтарды (байқау жүргізілген) зерттей бастады. Ч.Мерриам, Г.Лассуэл (Чикаго мектебі) саяси өмірді, билік процесін индивидтің мінез-құлқы арқылы зерттеді. Негізгі зерттеу құралы – байқау – тікелей, жанама, табиғи және жасанды, эксперимент бола бастайды. Саясаттың психологиялық аспектілерін – ерікті, құштарлықты, билікті көксеуді, күш қолдануды, қайғыруды зерттеуге, сандық әдістерді, зертханалық экспериментті, ойындар теориясын, статистикалық мәліметтерді қолдануға бағдар алынды. Бұл әдістерді пайдалану зерттеулерге қолданбалы сипат берді (Г.Лассуэл, Б.Берлсон, П.Лазарсфельд, У.Мак-Фи еңбектері).

Салыстырмалы саясаттанудың дамуындағы 3-кезең – ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін басталады. АҚШ-тағы бихевиористік зерттеулермен, әлеуметтанудағы, антропологиядағы, психологиядағы (тұлға, мәдениет теориясы) табыстармен, батыстық емес саяси жүйелер бойынша мәліметтердің көбеюімен байланысты компаративистердің жас ұрпағы батыс әлемінің шеңберінен шықты. Батыстық және батыстық емес қоғамдар, тұрпайы және қазіргі заманғы жүйелер салыстыра зерттелді.

Салыстырмалы саясаттанудың объектісідепәлеуметтік контекспен байланыста қарастырылатын өзгерістер жағдайындағы саяси процестердің жиынтығын атауға болады.

Зерттеу құралдарымен бірге зерттеу объектісі салыстырмалы саясаттанудың пәнін анықтауға мүмкіндік береді, ол саяси өмірдің заңдылықтарын және оларды түрлі әлеуметтік контекстерде – елдерде, аймақтарда, қоғамдық өмірдің салаларында, оның белгілі бір тармақтарында қолдану механизмдерін танып-білуге, нақтылауға бағытталған. Кез келген ғылым сияқты компаравистиканың да өзінің категориялары бар, олар бір-бірімен сатылық байланысқан ұғымдардың жиынтығын құрайды. Салыстырмалы саясаттану саяси ғылымның, жалпы әлеуметтанудың, ғылымның басқа да салаларының бүкіл ұғымдық арсеналына сүйенеді және сонымен бірге салыстырмалы зерттеулер барысында пайда болған ерекше ұғымдарды шығарады. Салыстырмалы саясаттанудың басты ұғымы – билік, демократиялық процесс, сайлау және сайлау жүйелері. Ұғымдардың келесі қатары - әлеуметтану мен жалпы саясаттанудан алынған категориялар. Америкоцентризм, евроцентризм, мінсіз тип – ұғымды ғылыми айналымға М.Вебер енгізген. Өтпелі кезең, полиархия, саяси плюрализм, қауымдастық демократиясы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Саясаттануда саясаттың түсіндірмелерінің қандай топтары бар?
  2. Саясаттың әлеуметтанулық анықтамалары саясатты қалай анықтайды?
  3. Саясаттың субстанциялық анықтамаларының ерекшеліктері қандай?
  4. Саясаттың ғылыми құрастырылған анықтамаларында саясат қалай анықталады?
  5. Саясаттың құрамдас бөліктері қандай?
  6. Саясаттың элементтеріне не жатады?
  7. Саясаттың өмір сүруінің деңгейлері мен функциялары қандай?
  8. Саясаттың қандай түрлері бар, ішкі және сыртқы саясат деген не, олардың арасында қандай байланыс бар?
  9. Саясаттың объектіс мен субъектісіне не жатады?
  10. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар деген не?
  11. Мақсат пен құралдардың саясаттың нәтижелері мен адамгершілік тұрғыдан бағалануы туралы саясаттануда қандай көзқарастар бар?
  12. Салыстырмалы саясаттанудың даму кезеңдерін көрсетіңіз.
  13. «Салыстырмалы саясаттану» ұғымын ғылыми айналымға енгізген кім?
  14. Салыстырмалы саясаттанудың зерттеу объектісі мен пәні қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер: [№1, 104-123 бб.; №5; №11; №13, 1-тарау, §§1-4, 7-19 бб.; №15, 11-19 бб.; №19, 1-тарау, 5-26 бб.; №20-22; №31, 1-тарау, §§1-3, 7-23 бб., 3-тарау, §§1-3, 48-64, 4-тарау, §§1-2, 65-83, 5-тарау, §§1-2, 83-102 бб.; №34; №35, 4-9 бб.]

 

Дәріс 4. Билік саяси құбылыс ретінде.

Дәріс мақсаты:Биліктің қоғамдық құбылыс ретінде шығуын, мәнін, құрылымын қарастырып, саяси ғылымдағы анықтамаларына, негізгі концепцияларға тоқталу. Билікті қатынас ретінде қарастыра отырып, оның субъектісін, объектісін көрсетіп, саяси және мемлекеттік билікті қарастыру, саясаттанудағы биліктің бөлінуі мәселесіне тоқталып, саяси биліктің легитимдігі, жариялылығын, типтерін, басқару бойынша формаларын, жүргізу әдістерін көрсету.

Басты ұғымдар:билік, кратология, билікті жүргізу әдістері, биліктің құрылымы, саяси билік, мемлекеттік билік, биліктің түрлері, биліктің фетишизмі, биліктің бөлінуі, биліктің легитимдігі, биліктің жариялылығы, биліктің ұсынылуы.

  1. Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары.
  2. Саяси және мемлекеттік билік. Саяси биліктің түрлері.
  3. Биліктің құрылымы. Биліктің летимдігінің типтері.

 

1.Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары. Билік – саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады. Билік – адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам бар жерде билік бар, билік бар жерде қоғам бар. Билік жүргізу үшін сол билікке мойын ұсынатын қоғам қажет. Қоғамның бүкіл саяси өмірі осы билік айналасында өтеді.

Биліктің қажеттілігін ертедегі грек ойшылдарынан бастап айта бастаған болатын. Ежелгі заман ойшылы – Аристотель айтуы бойынша, билік ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін қажет, ол қоғамның тұтастығын, бірлігін сақтау үшін керек деп көрсетті. Кез келген қоғам белгілі бір тұрақтылық болмаса өмір сүре алмайды, осы тұрақтылықты қамтамасыз ететін нәрсе – бұл билік.

Билік – қоғамдық құбылыс, ол адамзат қоғамымен бірге пайда болды. Саяси биліктің пайда болуын саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Кез келген қоғамда түрлі мүдделер (жеке дара, топтық мүдделер) болады, оларды әлеуметтік қоғамдастық реттеп, ұйымдастырып отыруы қажет. Мүдделер арасында қайшылықтар пайда болып, олар қақтығысқанда әлеуметтік шиеленіс күшейеді, сондықтан оларды реттеу қажет. Қоғам өмірін, ондағы топтар, жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін механизм – билік қатынастары болып табылады. Биліктің мәні - өз еркін басқаларға (зорлықпен міндеттеу) жүргізе алу қабілеті.

Саясаттануда билік теориясы негізгі орын алады, ол саясатпен тығыз байланысты. Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Саяси ғылымда билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саланы кратология («kratos» -билік, «logos» - ілім, ғылым) деп атайды. Саясаттануда билік, оның ішінде саяси билік туралы түрлі түсініктер, концепциялар, анықтамалар бар. Биліктің жиі кездесетін анықтамалары: телеологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталистік (құралдық), күштеу, еріктік, билік ықпал ретінде, конфликтік. Саясаттануда биліктің мәні туралы мынадай концепциялар бар: жүйелік концепциясы, реляционистік теориялар.

Билік – ең алдымен оның объектісі мен субъектісі бар болған жағдайда жасалынатын адамдар арасындағы қарым-қатынас. Биліктің субъектісі белсенді, бағыттаушы бастама. Биліктің субъектісі индивид, ұйым, әлеуметтік қоғамдастық, топтар, мемлекет т.б. бола алады.Биліктің объектісі - жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар, қауымдастықтар, таптар т.б., яғни саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар. Билік мына функцияларды атқарады: үстемдік, басшылық, басқару, ұйымдастыру, бақылау.

2.Саяси және мемлекеттік билік. Саяси биліктің түрлері. Билік ұғымы түрлі мағынада қолданылады. Мысалы, ата-аналар билігі, экономикалық, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік т.б. Биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік деп – жеке адамның, топтың, таптың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу қабілеті.Саяси билік негізінен екі формада өмір сүреді: ресми немесе жария билік және ресми емес немесе жария емес билік – ықпалды топ, адамдардың, қысымшы топтардың билігі. Саяси билік мемлекеттік және қоғамдық деп бөлінеді. Саяси биліктің ең жоғарғысы, ең толық дамыған түрі, оның өзегі – мемлекеттік билік. Мемлекеттік билікке – белгілі бір аумақтағы барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО) сияқты саяси жүйенің басқа да элементтері арқылы да көрінеді.

Билікті жіктеу түрлері – қызмет атқару саласы бойынша: саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, заңдық, зайырлы, діни билік; субъектісі бойынша: парламенттік, үкіметтік, соттық, таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билігі; төтенше құзырларының көлемі бойынша: мемлекеттік, халықаралық, отбасылық билік және т.б.; басқару режимі бойынша: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық т.б.; әлеуметтік түрі бойынша: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік билік және т.б.; ресурстаы бойынша: экономикалық, әлеуметтік, рухани-хабарламалық; функциясына қарай – заң шығарушы, атқарушы, сот.

Саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға басқаның табынуын саясаттануда билік фетишизмі дейді. Биліктің алғашқы субъектісі, көзі – халық болып табылады. Ол билік функциясын тікелей жүзеге асыра отырып кейбір қызметтерінің бір бөлігін өзінің ресми өкілі – мемлекетке ұсынады (береді). Өз кезегінде мемлекет билік өкілеттілігін иеленушілер арасында бөледі. Бұл биліктің бөлінуі деп аталады. Биліктің бөлінуі идеясы европалық саяси ойлар тарихында Жаңа дәуірде (Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо) пайда боды. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот өкілеттеріне бөліну принциптері ХІІ –ХVІІІ ғғ. пайда болды. Сонымен бірге үш өкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Бірақ, биліктің бөлінуін оның бір-біріне мүлдем тәуелсіз, автономиялық органдардың қолына бөліп берілуі және биліктің біртұтастығының бұзылуы деп түсінілмеуі керек. Биліктің бұл тармақтары бір-бірін бақылап, тежеп отыруы қажет. Биліктің бөлінуі екі тұрғыдан жүргізіледі: горизанталь және вертикаль бойынша.

3.Биліктің эволюциялық типтері. Билік формалары мен басқару түрлері. Саясаттанудағы негізгі әрі күрделі мәселелердің бірі – саяси билікті жүргізу түрі мәселесі. Билікті ұйымдастыру түрінің бірі – абсолютизм– монархтардың қолындағы мұраға қалдыратын шексіз билік. Авторитаризм– бір адамның немесе топтың шексіз билігі. Ондай билікте тиран, деспот, фюрер, көсем немесе халық бұқарасы сайлаған, құқықтарды аяққа басатын топ елді билейді. Деспотизм – бір адамның қатал самодержавиялық шексіз және дара биліктің түрі. Охлократия – гректің тобыр сөзінен – тобыр билігі деген мағынада. Плутократия (гректің «плутос»-байлық, «кратос»-билік) – саяси билік бай, ауқатты топтың қолында болатын мемлекеттік құрылыс. Тирания – мұнда билік күшке, зорлыққа, деспотқа негізделеді. Тоталитаризм (латын тілінен «тоталис» - толық, тұтас) - қоғам өмірінің барлық жақтарына толық бақылау жасау әдісіне негізделген биліктің түрі. Этатизм(француздың «этат» мемлекет сөзінен) – мұнда мемлекет қоғамдық дамудың ең жоғарғы нәтижесі және мақсаты болып есептеледі. Элитаризм – қоғамды ерекше пұрсатты жағдайындағы адамдар тобына, элитаға бөлудің қажеттігін негіздейтін концепция (билік түрі). Либерализм– парламенттік құрылымды, буржуазиялық бостандықты жақтайтын буржуазиялық идеологиялық, қоғамдық-саяси ағым. Бюрократия – билікті жүзеге асырудың ерекше формасы, ерекше пұрсатты кастаның билігі және оның көпшілікке тәуелсіз болуы. Демократия – халық билігіне негізделген саяси билік.