КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК 1 страница

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті

 

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

 

Мамандығы:

5В071300-Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 5В070600 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандықтары

 

«Саясаттану»

 

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

 

 

АҚТАУ 2014

1. Оқитын пәннің сипаттамасы

Саясаттану – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылымдық бөлімі – ЮНЕСКО міндетті түрде оқылатын пәндер тізіміне енгізіп бекіткен әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясаттану ұғымдарды түсіндіруде басқа ғылымдардың зерттеу жетістіктерін қолданады және бұл ғылымдарға өзінің теориялық және тәжірибелік зерттеулері арқылы кері ықпал етеді. Тарих, философия, құқықтану, әлеуметтану және басқа да пәндермен бірге саясаттану болашақ мамандардың дүниетанымдық мәдениетін қалыптастыру процесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Саясат қазіргі қоғамның піршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмұны сонымен қатар, билік, мемлекетаралық қатынас мәселелерінен де тұрады.

Саясаттану – саясат туралы, оның жеке адам және қоғаммен қарым-қатынасы, оның субстанционалдық институционалдық қызметтік көрінісі, саяси процестердің «технологиясы» туралы шоғырланған ғылым.

Саясат теориясы антикалық дәуірден бастап, бүкіл өркениет тарихы бойы дамыса да қоғамдық білім саласы ретін саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптасты. Қарқынды дамушы ғылым ретіндегі саясаттанудың маңызы бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі идеялардың өзіндік катализаторы іспетті ерекше артып отыр.

Саясаттануға студенттердің азаматтық санасын тәрбиелеу, оларды демократиялық құндылықтарға жақындастыру міндеттері жүктелген. Саясаттануды оқып-үйрену барысында алған білімдері жастарға қоғамның саяси саласында болып жатқан процестерді түсініп, қоғамның саяси өміріндегі өз орнын анықтауға көмектесуі тиіс.

Қазақстанда, басқа да ТМД елдеріндегідей, саясаттану тоталитарлық жүйе күйрегеннен кейін және тәуелсіздік алғаннан соң барып, дами бастады. Сол кезден бастап ол жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енді.

«Саясаттану» курсы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының барлық бағыттағы мамандықтарының 1-2 курс студенттеріне жүргізіледі, курсты оқыту 1 семестрге арналған. «Саясаттану» - жалпыміндетті пән болып табылады. Студенттердің меңгерген білімдері семинар, СОӨЖ сабақтарындағы ауызша жауаптары, жазба жұмыстары арқылы қадағаланады. Семестр соңында компьютердегі тест түрінде емтихан тапсырылады.

Пәнді зерделеуге 90 сағат (2 кредит) берілген, оның ішінде барлық аудиториялық сағаттар – 30 сағат (дәріс – 15 сағат, семинар сабағы – 15 сағат); студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 6 сағат; студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 54 сағат.

 

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

 

«Саясаттану» пәнін оқытудың мақсаты – заманауи мемлекеттің тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылатын азаматтық саяси мәдениетті қоғамда өркениетті ынтымақтастықта тұрудың өнері ретінде саналы түрде қалыптастыру.

Курстың міндеті – студенттердің бойында саясаттың негізі мен демократиялық мемлекеттің құрылымы туралы ілімдерді қалыптастыру, қазақстан мен әлемде жүріп жатқансаяси процестерді ұғыну мен еркін бағдарлай алуға үйрету.

Курсты оқып игеру нәтижесінде студент мынаны білуі қажет:

- саясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін;

- саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен қызметтерін;

- саяси үдерістердің мәнін және олардағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін;

- шынайы саяси үдерістерді білікті талдай алуды;

- Қазақстан Республикасындағы жаңа, өркениетті, гуманды қатынастарды қалыптастыруға белсене қатысу.

Саяситтануды оқып білу келесі оқу пәндерінен алынған білімдерге сүйенуі қажет: философия, әлеуметтану, экономия теориясы, құқық негіздері, тарих және дінтану, мәдениеттану, психология сияқты оқу пәндерімен қатар өтілуі қажет.

3. Пәннің қысқаша мазмұны

Саяси ғылымның құрылымының құрамалық элементтері жүйеленді және ол ЮНЕСКО бастамасымен 1948 жылы ұйымдастырылған саяси ғылым мәселелері бойынша халықаралық коллоквиумда жарияланды. Саяси ғылым элементтерінің төрт блогы, бөлімі бар.

1. Саяси теория: саяси теория және идеялар тарихы.

2. Саяси институттар: а) конституция; б) орталық басқару; в) аймақтық және жергілікті басқару; г) жария әкімшілік; д) басқарудың экономикалық және әлеуметтік қызметтері; е) саяси институттарды салыстырмалы зерттеу.

3. Партиялар, топтар және қоғамдық пікір: а) саяси партиялар; б) топтар мен бірлестіктер; в) азаматтардың басқаруға және әкімшілікке қатысуы; г) қоғамдық пікір.

4. Халықаралық қатынастар: а) халықаралық саясат; б) саясат және халықаралық ұйымдар; в) халықаралық құқық.

 

4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы

4.1. Дәрістік сабақтар

№№ р/с Cабақтың тақырыптары Көлемі, сағаты
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер. Қазақстандағы саяси ойдың тарихы.
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.
Билік саяси құбылыс ретінде.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты
Қоғамның саяси жүйесі.
Мемлекет және азаматтық қоғам.
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Саяси режимдер.
Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғыру. Саяси үдеріс және саяси қызмет.
Саяси сана және саяси мәдениет.
Саяси элита және саяси көшбасшылық.
Саяси технологиялар. Саяси жанжалдар.
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер.
Саяси болжамдау.
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.
БАРЛЫҒЫ:

4.2. Тәжірибелік сабақтар

№№ р/с Cабақтың тақырыптары Көлемі, сағаты
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер. Қазақстандағы саяси ойдың тарихы.
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.
Билік саяси құбылыс ретінде.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты
Қоғамның саяси жүйесі.
Мемлекет және азаматтық қоғам.
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Саяси режимдер.
Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғыру. Саяси үдеріс және саяси қызмет.
Саяси сана және саяси мәдениет.
Саяси элита және саяси көшбасшылық.
Саяси технологиялар. Саяси жанжалдар.
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер.
Саяси болжамдау.
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.
БАРЛЫҒЫ:

4.3. Зертханалық сабақтар

Жұмыстық оқу жоспарында бұл пәннен зертханалық сабақтар қарастырылмаған.

5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары

Өзіндік жұмыстардың барлығы да (СОӨЖ және СӨЖ) әр апта сайын орындалады және кесте бойынша белгіленген уақытта тапсырылады және олар теориялық материалды дербес түрде оқып-үйрену болып табылады. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын оқу семестрінің басында оқытушы береді.

СОӨЖ тапсырмаларын орындау кезінде студенттен берілген сұрақтың нақты әрі дәл жауабын іздеп табу және оны міндетті түрде ауызша қорғай ала білу талап етіледі. СӨЖ тапсырмаларын бақылау нысаны материалдың жеңіл және күрделілік деңгейін ескере отырып белгіленеді, көбіне жазбаша нысанда тапсыру талап етіледі. Өзіндік жұмыстың екі түрі де оқытушы белгілеген мерзімнен кешіктірілмей тапсырылуы тиісті. Бағалау кезінде жұмыстың толық, ұқыпты орындалуына, сапасына мән беріледі.

 

6. Кеңес беру уақыты

Кеңес беру уақыты оқытушы мен оқу тобы студенттерінің сабақ кестесіндегі бос уақыттарға байланысты бірлесе отырып анықталады. Өткізілетін жері: «Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті, 11-шағын аудан, 2-7-аудитория.

 

7. Білім алушының білімін тексеру кестесі

Студенттің білімін бағалау семинар сабақтары, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау және екі аралық бақылауды тапсыру кезінде жүзеге асырылады.

 

8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары

 

Семестр бойы студент әр аптада дәріс сабағынан 50-100 балл, семинар сабағынан 50-100 балл, СОӨЖ (СӨЖ) сабағынан 50-100 балл жинауы тиіс, сонымен бірге сабақтарға мұқият дайындалып, белсенділік көрсетіп, 2 аралық бақылаудың әрқайсысынан 50-ден 100-ге дейін балл жинауы тиіс. 1-аралық бақылау бойынша 50-100 балл, 2-аралық бақылау бойынша 50-100 балл ауызша берген жауаптарына қойылады.

1-аралық бақылаудың балы, 1-7-семинар, 1-7-СОӨЖ сабақтарының, СӨЖ тапсырмаларының нәтижесін; 2-аралық бақылаудың балы 8-15-семинар мен 8-15-СОӨЖ сабақтарының және СӨЖ-н орындағандағы көрсеткіштерін басшылыққа ала отырып есептеледі.

Семестр барысындағы белсенді шығармашылық жұмысы үшiн студент 50-100 балл (50%-тен жоғары) жинаса, ол емтиханға жiберiлiп, жақсы бағаға үмiттене алады. Емтиханға жіберілу үшін студент міндетті түрде 50 %-дан жоғары балл жинауы керек.

Пән бойынша қорытынды баға компьютерлік тест түрінде қабылданатын емтихан арқылы анықталады.

Студентке қойылатын міндетті талаптар мен шектеулер:

Міндетті талаптар:

- сабақтың барлық түрлеріне міндетті түрде қатысу;

- бақылаудың барлық түрлері бойынша уақытылы есеп беру;

- дәлелсіз себептермен қатыспаған сабақтарын тапсыруы тиіс.

Сонымен бірге студент:

- сабақтан кешікпеуі және дәлелсіз қалмауы;

- сабақ кезінде басқа жұмыстармен айналыспауы;

- тапсырмаларды кешіктірмей, уақытында тапсыруы;

- сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеуі;

- сабақ үстінде басқа студенттерге кедергі келтірмеуі;

- аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында шпаргалка пайдаланбауы тиіс.

9. Әдебиеттер тізімі

9.1. Негізгі әдебиет:

1. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану – ғылым // Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы. А., АМУ, 2001, № 2, 71-79 б.

2. Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәселеге жалпы көзқарас // Хабаршы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. А., АМУ, 2002, № 2,104-123 б.

3. Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе // Хабаршы ҚазҰПУ, 2004, № 1-2, 64-82, 81-104 беттер.

4. Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. А.,2003.

5. Балғымбаев А.С. Саясаттану. Оқу құралы. А.,2003.

6. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. А., 1995.

7. Джон Локк. Басқару туралы екі трактат / Ауд. М.Ө.Иманбаев, А.,2004.

8. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. А., 2003.

9. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық. А.,2003.

10. Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана. А.,1999.

11. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Сөздік. А.,1997.

12. Жандаулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері. А.,2004.

13. Ирхин Ю.В., Зотов В.Д., Зотова Л.В. Политология. Учебник. М., 2003.

14. Исаева Л.Н. Саясаттану. Электронды ресурс, оқу-әдістемелік құрал. Ақтау, 2011.

15. Кенжебаев С., Бұлықтаев Ю., Құдайбергенов Б., Мұхамеджанов Е., Омар С., Раев Д. т.б. Саясаттану негіздері. А., 1999.

16. Кузутбаева Б.К., Исаева Л.Н. Саясаттану. Оқу-әдістемелік құрал. Ақтау, 2010.

17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданды. А.,1999.

18. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы». А.,2004.

19. Қапесов Н. Саясаттану. Оқулық. А., 2003.

20. Лавриенко В.Н. Политология. Учебник. М., 1999.

21. Лукин В.Н. Политология. Учебник. М., 2007.

22. Марченко М.Н. Политология. Учебник. М., 2000.

23. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. А.,2001.

24. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А.,1996.

25. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 18.02.2005. А.,2005.

26. Назарбаев Н.Ә.Тарих толқынында. А.,1996.

27. Назарбаев Н.Ә.Сындарлы он жыл. А.,1996.

28. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А.,1996.

29. Оксфорд қысқаша сөздігі. Саясаттану. А.,2001.

30. Поппер К. Ашық қоғам және оның жаулары. / Ауд. Т.Жандаулетов. А.,2004.

31. Пугачев В.П., Соловьев А.И. Введение в политологию. Уч. пос. Изд.3-е. перераб. и доп. М., 1997.

32. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас. А.,1985.

33. Руссо Ж.Ж. Қоғамдық келісім-шарт туралы немесе саяси құқық принциптері / Ауд. Б.Ж. Смағанбет. А.,2004.

34. Соловьев А.И. Политология: политические теория, политические технологии. Учебник. М., 2006.

35. Хан И.Г. Саясаттану. Оқу құралы. А.,2004.

36. Шарль Луи Монтескье. Заңдар рухы туралы / Ауд. А.Құлсариева. А.,2004.

37. Шоқай М. Таңдамалы: 2 томдық. Т.1. А.,1998., Т.2. А.,1999.

9.2. Қосымша әдебиет:

38. Арын Р.С. Этнополитология. Уч. пос. Павлодар, 2008.

39. Ахременко А.С. Политический анализ и прогнозирование. Уч. пос. М., 2006.

40. Бисембаев А.А., Қойшыбаев Ғ.Т. Қазақстандағы саяси жобалаудың негізгі элементтері. Қазақстандық реформаның әдіснамасы. Аст., 2010.

41. Боришполец К.П. Методы политических исследований. Уч. пос. М., 2005.

42. Булутай М. Дін және ұлт. А., 2006.

43. Василик М.А. Политология. Хрестоматия. М., 2000.

44. Дәрімбет Батырхан. Демократия мен автократия: Саяси өмір шежіресі. А.,2004.

45. Деркача А.А. Политическая имиджелогия. Уч. пос. М., 2006.

46. История политических и правовых учений: Учебник / Под ред. О.Э.Лейста, М., Юридическая литература, 1997, 576 с.

47. История политических и правовых учений. Учебник. 2-е изд. / Под ред. В.С.Нерсесянца. М., Издательство НОРМА, 2001, 736 с.

48. Крысько В.Г. Этнопсихология и межнациональные отношения. Учебник. М., 2002.

49. Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 10 жыл. Аст., 2005.

50. Қазбеков Н.А. Саяси процестер: Оқу құралы. Қарағанды, 2004.

51. Макаренко В.П. Главные идеологии современности. Уч. пос. Ростов на Дону, 2000.

52. Мартышин О.В. История политических учений. Вып. 2. Уч. М., 1996.

53. Масатов Б. және т.б. Демократия әліппесі. А.,1999.

54. Миллер Д. Политические учения. Уч. пос. М., 2007.

55. Мұхамедов, Сатершинов, Сырымбетұлы. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. Оқу құралы. А., 2002.

56. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 1-10 сеессияларындағы баяндамалар жинағы. Жинақ. Аст., 2005.

57. Саясатты талдау әдістері мен тәсілдері / Ағылшын тілінен аударған Б.К.Сәрсекеев. А.,2002.

Пәннің жетекші оқытушысы:

Аға оқытушы Исаева Ляззат Ныгметовна, 11-шағын аудан, 2-1-аудитория. (кафедра), 2-7-аудитория.

 

4. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ.

СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары

СОӨЖ 1. 1-ші дәріс «Саясаттану ғылым ретінде» тақырыбында жазбаша жұмыс тапсыру. СӨЖ. 1-3-ші дәріс тақырыптары бойынша. Сөздік құрастырыңыз (берілген ұғымдар мен терминдердің анықтамаларын жазыңыз): Саясаттану (қандай сөздерден құралған және мағынасы қандай), саяси утопия, саяси стратегия, саяси тактика; саяси ойлар, радикализм, меритократия, полития; саясат, ішкі саясат, сыртқы саясат, саяси қызмет, стагнация, агрессия, статус, милитаризм, аннексия, «политикс», авантюризм, Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы, адам құқықтары, протекционизм, мораль, салыстырмалы саясаттану (жазбаша және ауызша тапсыру). 3-аптада тапсыру.

СОӨЖ 2. 2-ші дәріс «Саяси ғылымның қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның саяси ойлары» тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс тапсыру. СӨЖ. 4-5-ші дәріс тақырыптары бойынша. Сөздік құрастырыңыз: билік, саяси билік, мемлекеттік билік, автаркия, геронтократия, анархия, узурпация, теократия, аристократия, деспотизм, охлократия, этатизм, плутократия, олигархия, тирания, элитаризм, технократия, бюрократия; саясаттанудағы ұлтты түсіндірудің екі бағыты бойынша ұлттың анықтамалары, геноцид, эмансипация, антисемитизм, экспанисонизм, дискриминация, шовинизм, депортация, сегрегация, апартеид, босқындар, бипатридтер, апатридтер, нәсіл, ассмиляция, фундаментализм, сионизм, сегрегация, ксенофобия (жазбаша және ауызша тапсыру). 6-аптада тапсыру.

СОӨЖ 3. 6-ші дәріс «Қоғамның саяси жүйесі» тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс тапсыру. СӨЖ. 6-7-ші дәріс тақырыптары бойынша. Сөздік құрастырыңыз: саяси жүйе, саяси тұрақтылық, авторитаризм, тоталитаризм; мемлекет, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, әлеуметтік мемлекет, автономия, «политея», протекторат (жазбаша және ауызша тапсыру). 7-аптада тапсыру.

СОӨЖ 4. 8-ші дәріс «Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар» тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс тапсыру. СӨЖ. 8-10-ші дәріс тақырыптары бойынша.Сөздік құрастырыңыз: саяси партия, қоғамдық-саяси қозғалыс, саяси режим, оппозиция, пацифизм, лоббизм; демократия, саяси қызмет, саяси процесс, толеранттық, саяси плюрализм, референдум, прогресс; саяси сана, саяси идеология, саяси мәдениет, волюнтаризм, дилетантизм, конформизм (жазбаша және ауызша тапсыру). 10-аптада тапсыру.

СОӨЖ 5. 11-ші дәріс «Саяси элита және саяси көшбасшылық» тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс тапсыру. СӨЖ. 11-12-ші дәріс тақырыптары бойынша. Сөздік құрастырыңыз: саяси элита, саяси көшбасшылық, импичмент, инаугурация, популизм; саяси технологиялар,компромисс, консенсус, экстремизм (жазбаша және ауызша тапсыру). 12-аптада тапсыру.

СОӨЖ 6. 13-15-ші дәріс тақырыптары бойынша. Сөздік құрастырыңыз: халықаралық қатынастар, әлемдік саясат, сыртқы саясат, адамзаттың ғаламдық мәселелері, геосаясат; саяси болжамдау, футурология. (жазбаша және ауызша тапсыру). 14-аптада тапсыру.

5. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ.

 

Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

 

Мамандығы: 5В030100 – Құқықтану, 5В070300 – Ақпараттық жүйе, 5В071800 – Электр энергетикасы, 5В071500 – Теңіз техникасы және технологиясы, 5В090100 - Тасымалды ұйымдастыру, 5В090700 – Кадастр, 5В070600 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, 5В071200 - Машина жасау, 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В072100 – Экология, 5В070800 – Мұнай газ ісі, 5В072100- Органикалық заттардың химиялық технологиясы, Дене шынықтыру және спорт

 

Пән: Саясаттану

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы

Атауы Құрастырушылар Басылған жылы
1. Саясаттану Филос. ғ.д. Әбсаттаров Р.Б. Филос. ғ.д. Балғымбаев А.С. Саясаттану ғ.д. Романова Н.В. Тар.ғ.к. Дәкенов М. Филос. ғ.к. Хан И.Г. Саяси ғ. к. Сейсебаева Р.Б

2. Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

Атауы Авторы Басылған жылы
1. Саясаттану Исаева Л.Н.

3. Пәннің оқу бағдарламасы (Sillabus)

Атауы Авторы Баспа, басылған жылы Кітапханадағы, кафедрадағы данасының саны
1. Саясаттану Исаева Л.Н. Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2014 кафедрада 1

4. Негізгі әдебиет

Атауы Авторы (авторлары) Баспа, басылған жылы Басылым түрі Кітапханадағы, данасының саны
1. Саясаттану Жамбылов Д.Ә. Алматы, Жеті жарғы, 2005 2-рет онд. басылған Оқулық
Саясаттану негіздері Жамбылов Д.Ә. Алматы, Жеті жарғы, 2000 Оқулық
Саясаттану сөздігі Жамбылов Д.Ә. Алматы, Экономика, 1997 Сөздік
Саясаттану негіздері Кенжебаев С., Бұлықтаев Ю., Құдайбергенов Б., Мұхамеджа-нов Е., Омар С., Раев Д. т.б. Алматы, Ы.Алтынсарин ат. Қазақтың білім академиясының респ.баспа кабинеті, 1999 Оқу құралы
Саясаттану Қапесов Н. Алматы, Жеті жарғы, 2003 Оқулық
Введение в политологию Пугачев В.П., Соловьев А.И.   Өңделген, толықтырылған 3-басылым Москва, Аспект-Пресс,1997 Оқу құралы
Политология Ирхин Ю.В., Зотов В.Д., Зотова Л.В. Москва., Юрист, 2001 Оқулық
Политология Лавриенко В.Н. Москва, Юнити, 1999 Оқулық
Политология Марченко М.Н. Москва, Зерцало, 2000 Оқулық
Политология: политическая теория, политические технологии Соловьев А.И. Москва, Аспект-Пресс, 2006 Оқулық
Политология Лукин В.Н. Спб., Герда, 2007 Оқулық