Саяси болжамдау

Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Саяси болжамдауды қолдану аясы және негізгі үдерістері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамдаудың әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерийлері).

Саяси болжамның қызметтік міндеттері. Негізгі қызметтері: нормативік, бағдарлау, алдын ала істеу (сақтық). Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамдаудың жағдайы мен мәселелері.

Егемен Қазақстанның саяси мәселелері

Егемен Қазақстанның саяси шынайылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: мәселелері және қиындықтар. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы. Ұлттық валюта – Теңгені енгізу. Кредиттік-қаржылық жүйені құру. Қазақстан нарықтық экономика жолында. Көп тәсілді экономиканың қалыптаса бастауы. Бағалардың либерализациясы және олардың қайта-қайта өсуі. Нарық жолындағы қиыншылықтар және оны жеңу үшін қолданылатын шаралар: экономиканы реструкторизациялау, әлеуметке бағытталған нарықты қалыптастыру.

Ұлтаралық қатынастар. Ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуы. Дүниежүзі қазақстарының құрылтайы. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.

Жалпыреспубликалық референдум және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануы. ҚР екіпалаталық Парламентінің қалыптасуы. АСШӨК шеңберіндегі 15 мемлекет өкілдерінің кездесуі. Қазақстанның жаңа астанасы Астананы әлемге таныстыру. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жайлы» заңы. «Қазақстан – 2030: Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы» атты Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Тәуелсіз Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Бүгінгі кезеңдегі Қазақстан экономикасының реформалау бағыттары – экономика дамуының кластерлі қағидасы, индустриалды-инновациялық технологиялар, инвестициялық, салықтық, аграрлық-индустриалдық саясат, инфроқұрылымды дамыту. Қазақстанның ДСҰ кіруге дайындығы.

Н.Назарбаев: «Қазақстан жаңа даму және жаңа серпіліс қарсаңында. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттер қатарына ену стратегиясы. ҚР электорнды үкіметі» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы. Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру. КТК мұнай құбырын толтыру. Қазақстанның нарықтық экономикалық мемлекет статусын иемденуі. Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесі.

Астанадағы әлемдік дәстүрлі діндердің съезі.

Мемлекеттің ұлттық ақпараттық инфроқұрылымды дамыту және қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарын дамыту.

Қазақстанның ТМД республикаларымен қарым-қатынасты тең қағидасына негіздеп қайта қарауы. Еуразиялық одақ құру идесы. Орталық Азия аймағының мемлекеттерімен сапалы жаңа өзара пайдалы қарым-қатынас құру. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы. ШЫҰ мемлекет-мүшелерінің декларациясы.

Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық органдар мен ұйымдарға қатысуы. ЕҚЫҰ-ға тқрағалық ету. ИКҰ-на төрағалық етуі. Республиканың халықаралық форумдарға қатысуы.

 

СЕМИНАР САБАҚТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК ТІЗІМІ

Саясаттану ғылым ретінде

  1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.
  2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен қызметтері.
  3. Саясаттанудың қызметтері.
  4. Саяси ғылым мен тәжірибенің байланысы.

Саяси ғылымдардың дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдері

  1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар.
  2. Ежелге Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар.
  3. Еуропалық Ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар.
  4. ХІХ – ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм.

Қазақстанның саяси ой тарихы

  1. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары.
  2. Фольклор – қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі.
  3. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.
  4. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар.
  5. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.

Саясат қоғамдық өмір жүйесінде