Саяси технологиялар

Саяси технологиялар ұғымы. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде. Саяси үдерістегі технологияны анықтаудағы амалдардың дамуы. Саяси технологиялардың мәні, ерекшелікті белгілері. Саяси технологиялардың құрылымы.

Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып білудегі маңызы. Саяси технологиялардың типтері.

Саяси технологияларды қалыптастыру және олардың қазіргі әлемде ролінің артуы.

Саяси талдаудың мәні мен ерекшеліктері. Саяси талдау үдерісі және оның негізгі кезеңдері. Саяси талдаудың әдістері. Саяси кеңес беру. Кеңес берудің сатылары және тәсілдері. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары. Дағдарыстық технологиялар. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары. Ақпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары. Шешім жасау мен қабылдаудың ақпараттық технологиялары. Ақпараттық рыноктағы технологияның ерекшеліктері. Ақпараттық рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.

Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (PR).

Ақпараттық саяси нарықтағы компьютерлік технологиялар. Интернет мазмұны мен технологиясы.

Сайлау жүйесі. Пропорционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлық сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі. Сайлау науқанын ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау мәселесі. Сайлау науқаның тактикасы.

Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Әлемдік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі: саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.

Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдын алу және шешу тәсілдері.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көпвекторлық сипаты.

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары

Қазіргі заманның жаһандық мәселелері ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік мәселелері. Лаңкестік және экстремизм мәселелері, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі мен есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық мәселелер, халықаралық ұйымдар.

Қазіргі жаһандық мәселелері жүйесіндегі Қазақстан.