Энтеропатогенді иерсиниялар
Энтеропатогенді иерсинияларға ішектік иерсиниоз (Yersinia enterocolitica) және псевдотуберкулез қоздырғыштары (Yersinia pseudotuberculosis) жатады. Оларды биохимиялық және антигендік құрылымы бойынша ажыратады.
Экологиялық ерекшеліктері. Энтеропатогенді иерсиниялар сапроноздар. Қоршаған ортада өмір сүру қабілетке ие. Олар тудыратын аурулардың эпидемиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз ететін қасиеттері бар: қоршаған ортада сапрофитті түрде өмір сүру қабілеттігі; психрофилдігі.
Ең қолайлы өсу температурасы +22 - 29 0С. Өмір сүруін -15 - 35 0С аралығында сақтайды. +4 0С-та көбейеді. Олар суда, өсімдіктерде, топырақта өсіп - көбейе алады. Көбеюі кезіндегі стационарлық фаза көптеген айлар бойы (жарты жылға дейін) созылады, сондықтан бактериялардың өте көп көлемде жинақталуына әкеледі. Қоршаған ортада иерсиниялар популяциясының сақталуы тәуелсіз өмір сүретін Tetrahymena pyriformis инфузория түрімен байланысты, осындай жағдайда бактериялардың фагоцитозға тұрақты сұрыпталуы жүреді.
Патогенділік факторларының түзілуі және температураның реттелуі, генетикалық қадағалануы энтеропатогенді иерсиниялардың ағзаның ішкі ортасына бейімделуін қамтамасыз етеді.
14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
Псевдотуберкулез – полиморфты клиникалық белгілері мен ағымы созылмалы және ағзаның аллергизациясын тудыратын жұқпалы ауру. Псевдотуберкулез қоздырғышын алғаш рет 1883 жылы Л. Маляссе және В. Виньял ашқан.