Ауруханаішілік салмонеллез
Этиологиясы.Ауруханаішілік салмонеллез қоздырғыштары - салмонеллалардың антибиотиктерге тұрақты штамдары (S.typhimurium, S.enteritidis, S.virchov, S.infants, S.haife және т.б.). Салмонеллалардың госпиталдық штамдары ерекше биологиялық қасиеттерге ие: құрамында плазмидалары бар, ерекше молекулалық массасы болады, кеңінен қолданатын бактериофагтармен анықталмайды және биохимиялық қасиеттері өзгерген.
Эпидемиологиясы.Инфекция көзі - ауру адамдар мен тасымалдаушылар болып табылады. Эпидемиологиялық үрдіске ең алдымен қатысатындар - 1 жасқа дейінгі балалар, операциядан кейін, реанимация бөлімінде иммунитет тапшылығы бар науқастар. Аурухана ішінде салмонеллездің таралу жолдарының негізгілері: ауа-тамшылы, қарым-қатынаста және алиментарлық.
Клиникалық көріністері.Жасырын кезеңі – 8 ден 43 тәулікке созылады. Клиникалық көрінісі симптомсыз тасымалдаушылықтан айқын генерализацияланған сепсистік түрге дейін өтуі мүмкін.
Иммунитеті – қысқа мерзімді, түрспецификалық.
Емідеуі:Этиотропты антибиотикотерапия.
Алдын алуы. Поливалентті бактериофаг қолданады.
14.2.1.4.3. Протей (Proteus туыстастығы)
Протеялар –шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Зәр бөлінетін жолдардың қабынуы мен іріңді-жарақатты инфекция тудырады, соның ішінде сепсисті. Аурулар эндоинфекция түрінде өтуі мүмкін, сонымен қатар, ауруханаішілік инфекция қоздыруға да қатысуы мүмкін.