Аэробты грам теріс коктар

Нейссериялар

Нейссериялар – грам теріс аэробты коктар - Neisseriaceae тұқымдастығына, Niesseria туыстастығына жатады, бірнеше түрлі бар: Neisseria meningitides, N.gonorrhoeae, N.flava, N.subflava, N.perflava, N.sicca, N.mucosa, N.flavescens. (25- сурет) Олардың 5 түрі адамның жоғары тыныс алу жолдарындағы қалыпты микрофлора құрамына кіреді (N.lactamica, N.perflava, N.sicca, N.mucosa, N.flavescens.) Адамға аса патогенді нейссериялар - N.gonorrhoeae және N.meningitidis. Neisseria туыстастығының негізгі белгілері 14.4.-кестеде берілген.

 

 

Кесте 14.4.

Нейссериялардың негізгі дифференциалды-диагностикалық қасиеттері

Түрі Сарысуы жоқ агарда өсуі СО2 –на өсу тәуелдігі Сары пигмент түзуі Биохимиялық белсенділігі 5% сахарозасы бар ортада полисахарид-тің түзілуі Редукциялайды  
нитраттарды нитриттарды  
глюкозаны мальтозаны сахарозаны фруктозаны лактозаны  
N.meningitidіs - + - Қ - - - - - - -  
N.gonorrhoeae - + - Қ Қ - - - - - -  
N.subflava +/ - + Қ Қ қ/- қ/- - -/+ - +  
N.flava +/- - + - - - - - + - +  
N.mucosa + - +/- Қ Қ Қ Қ - + + +  
N.sicca +/- - +/- Қ Қ Қ Қ - + - +  
N.lactamica + - + қ қ - - Қ - - +  

Менингококтар

Менингококты инфекция – Neisseria meningitidis тудыратын жұқпалы ауру, олардың көрінісі белгісіз тасымалдаушыдан ауыр түрдегі менингиалды формаға дейін болуы мүмкін. Қоздырғышты алғаш ашып және зерттеген А.Вексельбаум (1887 ж). Морфологиялық құрлысының сипаттамасын 1907 жылы Флекснер берді, ал Ослер деген ғалым 1899 жылы науқастың қанынан менингококты бөліп алды.