Кіріспе 11 страница

Майбұршақ дақылының Қазақстандағы егіс көлемінің көпшілігі Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.Мәдени майбұршақ (Glycina hispida Maxim) - біржылдық бұршақ дақыл (19-сурет). Оның кіндік тамыры топыраққа 1,5-2 м тереңдікке дейін тарайды. Сабағы бұтақтанады, биіктігі 70-100 см, жапырақтары үш салалы. Көптеген сорттарының бұршақбастары піскенде ж-пырақтары түсіп қалады. Гүлшоғыры - 3-8 гүлді шашақгүл.

 

Гүлдерінің түсі ақ, немесе ашық-күлгін. Жемісі - 2-4 дөнді бұршақбас. Дәнінің формасы домалақ, сопақ, ұзынша-жалпайған; ірі, орташа және ұсакдөнді болып келеді. 1000 дәннің салмағы 100-400 г. Дәннің түсі сары, жасыл, қоңыр немесе қара. Қоңыр мен қара түсті дәндері сирек кездеседі. Өсімдіктің үстін қызыл-қоңыр немесе ақшылдау түктер қаптаған.

Майбұршақ - өздігінен тозаңданатын қысқакүн өсімдігі. Сортына байланысты вегетациялық кезеңдерінің ұзақтығы 100-160 күн. Бірақ өте ерте және кешпісетін сорттары да бар.

Майбұршақ - жылуды жақсы кереді. Тұқымының өнуі үшін ең төменгі температура 6-8°С. Өсіп-жетілуіне қолайлы температура 20-25°С. Дақылдың көгі 2,5°С дейінгі үсікті көтере алады. Майбұршақтың өсіп-жетілу кезеңіне қажетті тем­пература жиынтығы: ерте және орташапісетін сорттары үшін 1500-2000°С, кешпісетіндеріне - 2000-3000°С.

Майбұршақ ылғалға көп талап қояды. Дақыл дәнінің бөртуі үшін мол ылғал қаже болса, көктеп шыққаннан гүлдегенге дейінгі ылғалды пайдалануы онша жоғары емес. Ылғалды ең көп қажет ететін мерзімі гүлдеу мен дәнбайлау кезеңі. Осы кезеңде топырақта ылғал жеткіліксіз болса, өнім түсіп кетеді. Транспирациялық коэффициенті 600-ге жуық. Майбұршақтың құрғақшылыққа төзімділігі үрмебұршаққа қарағанда төмен.

Майбұршақ топырақтаңдайды: кальций мен органикалық заттарға бай құмдауытты және құмбалшықты қара топырақтарды жақсы көреді; батпақтанған, қышқыл және қатты тұзданған топырақтар оған жарамсыз. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап және әлсізсілтілі болғанды қалайды. Фосфорды өте қажет етеді және де қиын еритін қосылыстардан фосфорды жақсы сіңіреді.

Қазақстанда майбұршақтың мынандай сорттары өсіріледі: Букурия, Эврика 357, Аврора, Казахстанская 2309, Волгоградка 1, СибНИИК-315, Мисула 1092, Жалпақсай және Алматы.

Агротехникасы.Отамалы дақыл болғандықтан, майбұршақты ауыспалы егісте тыңайтылған күздіктер мен жаздықтар және жүгеріден кейін орналастырады. Қант қызылшасы, картоп және жүгері дақылдары да оған жақсы алғы дақыл болып есептелінеді. Ылғал жеткіліксіз аудандарда майбұршақтың өзі (ерте сорттары) күздік дақылдарға жақсы алғы дақыл.

Майбұршақ топырағын өндеу жүйесі мүмкіндігіне қарай терең және қопсытылған жырту қабатын жасау, арам шөптермен тиімді күресу, топырақта ылғал жинау мен сақтау шараларын қарастыруы керек болса, ол жұмыстар аңызды сыдырту (ЛДГ-10, ЛДГ-5), 25-30 см терендікке ерте сүдігер жырту (ПТК-9-35 немесе ПЛП-6-35) және сүдігерді шала сүрлеп өңдеумен іске асырылады. Топырақтың жырту қабаты таяз болса, танапты терең қопсытып барып толықтереңдікке жыртады. Құрғақшылықты аудандарда сүдігерде қар тоқтатады.

Топырақты тұқым себералды өңдеулері басқа жылусүйгіш кеш егілетін дақылдардікіндей. Механикалық құрамы ауыр топырақтарды, әсіресе олар күз-қыс кезеңдерінде қатты нығыздалып қалған болса, көктемдегі тырмалаудан кейін терең түренсіз қопсытумен бірге тырмалау және ауа райы жағдайына байланысты бір, немесе екі рет қопсыту.

Егін егуге бір аптадай қалғанда танапқа трефлан (5-10 кг/ га) гербицидін ОН-400, ОВТ-1В машиналарымен шашып, БЗТС-1,0, немесе БДТ-7, БД-10А тырмаларымен сіңіреді.

Майбұршақ органикалық және минералдық тыңайтқыштарды өте қажет етеді. Топырақтың сапасынабайланысты гектарына 15-25 т көң, 60-80 кг-нан азот пен калий жене фосфо­рит ұны, немесе суперфосфат түрінде 80-120 кг фосфор береді. Қышқыл топырақтарға өк қолданады.

Көңді толық, фосфор мен калийдің қажетті мөлшерінің жартысын сүдігерде беріп, қалған минералдық тыңайтқыштар мөлшерін коктемгі қопсытуда (азот) - қатарға тұқым себу кезінде (түйіртпектелген суперфосфат) және үстеп қоректендіруде пайдаланады.

Майбұршақтың себуге арналған тұқымын бөгде қоспалардан тазартып, аскохитоз, фузариоз, сүр шірік, бактериоз және басқа да ауруларға қарсы тұқым себерден 1,5 ай бұрын 50 %-дық, немесе 80 %-дық фундазол және 80 %-дық ТМТД (3-5 кг/т) препаратымен залалсыздандырады. Өңдеуге ПС-10 «Мобитокс» машинасын пайдаланады. Себетін күні арнайы майбұршақ нитрагинімен өңдейді, себебі басқа бұршак дақылдарының бактериялары майбұршақтың тамырларында түйнектер түзбейді.

Майбұршақты егістік жер топырағы тұқым орналасатын тереңдікте 10-12°С жылынғанда кең катарлы, қатар аралықтары 45 см болатын тәсілмен СКОН-4,2, немесе СПН-6 тұқым-сепкіштерімен себеді (ылғал жеткіліксіз аудандарда қатараралықтар 60 см). Осындай қатараралықтармен жолақтап (екі қатарлы) егуге де болады.

Кок азық пен мал жоюға арналған егіс кәдімгі қатарлы тәсілмен (СЗСШ-3,6) себіледі.

Майбұршақты себу мөлшері - егістік материалдың ірілігі мен егілетін аудандарына байланысты, гектарына 0,4-0,6 млн өнетін дән, немесе 40-80 кг тұқым.

Себу тереңдігі - 5-6 см, жеңіл топырақ пен құрғақ ауа райында 8 см дейін. Тұқым сепкеннен кейін танап бетін тап-тауышпен нығыздайды.

Майбұршақты күтіп-баптау танапты кек шықпай тұрып және бірінші үш салалы жапырақ шыққанда қатар бағытына көлденең тырмалау, КРН-4,2 қопсытқышы және КРН-38 отағыш тырмасымен 2-3 қатараралық өңдеулер мен үстеп қоректендірулерден тұрады. Бірінші - 10-12, екінші-үшінші өңдеулер 6-8 см тереңдіктерде КРН-4,2, КЛТ-3,8, КРН-5,6 қопсытқыштарымен жүргізіледі. Дақыл гүлдегенге дейін егіс қопсытылып тұрады. Қосжарнақты арам шөптермен күресу үшін қопсытуда48 %-дық базагран (2 л/га) гербициді пайдаланылады. Майбұршақ бізтұмсығына қарсы вегетация кезінде 25%-дық циткор (0,32 л/га), немесе 27 %-дық омайт (1,3 л/га) қолданылады. Ылғал жеткілікті болғанда майбұршақты түптеу (өсімдіктің сабағының түбін кому), сондай-ақ азот және фосфор тыңайтқыштарымен (әрқайсысынан 30 кг/га) үстеп қоректендіру өте тиімді. Жинауды жеделдету үшін хлорат-хлорид кальциін пайдаланып (40-50 л/га), егісті АН-2 ұшағымен десикация жасайды.

Майбұршақты бұршақ бастары толық піскенде комбайнмен тікелей жинайды. Бөлектеп жинау төсілі майбұршақ өсімдігінің сабақтары мен бұршақбастары сарғайған кезеңде қолданылады.

Егін жинау кезінде-ақ тұқымды қоспалардан тазартады. Тұқымды ылғалдылығы 13-14 % болғанша кептіреді де сақтайды. Қойма сақтау үшін құрғақ және жақсы желдетілетін болуы қажет.

19- дәріс.