Кіріспе 10 страница

Дөндібұршақтар - біржылдық (көпжылдық бөрібұршақтан басқа), өздігінен тозаңданатын өсімдіктер.

Барлық дәндібұршақ дақылдары жаздықтарға жақсы алғы дақыл. Вегетациялық кезеңдері қысқа дәндібұршақтарды көк азық немесе пішенге егеді және де екпе сүрі жер дақылы ретінде қолдануғажақсы. Бұдан басқа кейбір бұршақ дақылдары - бөрібұршақ, асбұршақ, жембұршақтарды жасыл тыңайтқыш есебінде де пайдаланады. Берібұршақ - құмды, жеңіл құмдауыт және ауыр сазды құрылымсыз топырақтарға таптырмайтын сидералдық өсімдік (жасыл тыңайтқыш).

АСБРҰШАҚ

Халық шаруашылығындағы маңызы.Асбұршақ - негізгі және өте көп таралған азық-түліктік, малазықтық және агротехникалық маңызы зор дөндібұршақ дақылы. Оның дәнінде 30 % дейін ақуыз және А, Вр В2, С дәрумендері мен негізгі амин қышқылдары бар. Асбұршақ дені жақсы пісіп, ағзаға жеңіл сіңіріледі. Көк дәні консервілеуге көп пайдалананылады және осындай түрі жоғары сіңімді және дәмді тағам.

Асбұршақ пішенінде 13 %, ал сабаны мен топанында 8% дейін ақуыз болады. Олар мал сүйсініп жейтін жақсы жемдік азық. Асбұршақтың көк балаусасы да ақуызға бай және одан жақсы сүрлем дайындалады.

Асбұршақтың 100 кг көк балаусасында 16, ал пішенінде 49,5 малазықтық өлшем бар.

Асбұршақтың агротехникалық маңызы зор. Ол жақсы сүрі жер дақылы және барлық жаздық дақылдарға тамаша алғы дақыл болып есептелінеді.

Жоғары агротехникада асбұршақ мол және тұрақты дән мен кек балауса енімін береді. Ол дәндібұршақтардың ішіндегі ең өнімді көп беретіні және экономикалық тиімдісінің бірі. Орташа дән өнімі гектарына - 10-13 ц.

Асбұршақ 20 мың жыл бұрын-ақ (тас ғасыр) бидай, арпа, тары, жасымық, бұршактар, ноғатық, сиыржоңышқа және бас­ка да дақылдармен бірге мәдени дақыл ретінде өсіріле бастады. Егістік асбұршақтың ұсақдәнді формаларының отаны - Алғы Азия, оның ірідәнділері екінші орталық -Шығыстық Жерортатеңізі маңайынан шыққан.

Асбұршақ Қазақстанның барлық аймақтарында (Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан басқа) өсіріледі.

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.Асбұршақ (Ріsum) - біржылдық жаздық дақыл (17-сурет). Бірақ оның оңтүстік аймақтарда күзде егілетін қыстайтын формалары да бар. Өндірісте асбұршақтың бір түрі - мәдени, егістік асбұршақ (Р.sativum ) және оның екі түр тармағы кездеседі: sativum (кәдімгі егістік, көбіне тағамдық) және аrvense (егістік немесе малазықтық, негізінен малазықтық немесе жасыл тыңайтқыштық).

Асбұршақтың тамыр жүйесі кіндікті, қолайлы жағдайларда 100-150 см топырақ тереңдігіне енеді. Сабағының биіктігі 80-100 см, жатып қалады. Жапырақтары қос қауырсынды, ұшында тармақталған мұртшалар бар. Жапырақтың орныққан жерінде екі ірі жапырақсерігі болады (малазықтықтыда - олар көгілдір реңді). Гүлшоғыры - бір немесе екігүлді шашақгүл. Кәдімгі егістік асбұршақтың гүлдері ақ, ал малазықтық асбұршақта олар көгілдір-қызыл түсті.

Жемісі - көпдәнді бұршақ. Кәдімгі егістік асбұршақтың дәні домалақ, жылтыр, кейбір формаларынікі бұдырлы, тері қабықты. Түсі - ақ, сары, алқызыл, жасыл болып келеді. 1000 дәннің салмағы 150-340 г.

Асбұршақ - өздігінен тозаңданатын, үзақкүнді, жарық-сүйгіш дақыл. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы, оның сорты мен өсу жағдайына байланысты 70-100 күн, кеш сорттарында 140 күнге дейін созылады.

Жылуды көп қажет етпейді. Дәні 1-2°С температурада өне бастайды. Біркелкі көктеп шығуына ең қолайлы температура 4-5°С. Асбұршақ өскіндері 8°С дейінгі үсікті көтере алады. Гүлдеу-дән байлау кезеңдеріндегі жоғары температура мен аңызақ, оның өніміне кері әсер етеді.

Асбұршақ салыстырмалы ылғалсүйгіш дақыл. Тұқымының бөртуі мен өнуі үшін салмағының 110-115 % шамасындай су қажет етеді. Транспирациялық коэффициенті 400-450.

Асбұршаққа ылғалы жеткілікті, бейтарап немесе әлсізсіл-тілі реакциялы (рН 6-7) қара және қоңыр топырақтар жақсы. Жоғары агротехникада асбұршақ шымды-күлгін топырақтарда да жақсы өнім береді. Құм, сортаңдау және қышқыл батпақтанған топырақтар асбұршақ есіруге жарамсыз.

Біздің еліміздегі өсірілетін асбұршақ сорттарына Рамонский 77, Неосыпающийся 1, Зерноградский неосыпающийся, Омский неосыпающийся, Таловец 55, Таловец 50, Усач, Казахстанский 871 және Шал жатады.

Агротехникасы.Асбұршақтың ауыспалы егістегі жақсы алғы дақылдары күздіктер мен отамалы дақылдар болатын себебі, олар өздерінен кейін танапты арам шептерден таза қалдырады. Бұның маңыздылығы: асбұршақ көктеп шыққаннан кейін өте жәй өсіп, арам шөптерге нашар қарсы тұрады. Асбршаққа жаздық дақылдар да жақсы алғы дақыл бола ала­ды. ЬІлғал жеткілікті аудандардаоны күздіктердің алдына сүрі жер дақылы және жаздықтар мен отамалы дақылдардың да алдына алғы дақыл ретінде орналастырады.

Асбұршақтың топырағын өңдеу ерте жаздықтардікіндей. Сүдігер жыртуды 25-30 см терендікке ерте мерзімде жүргізеді, ал жырту қабаты таяз топырақтарды терең қопсытып, сонан соң толық тереңдікке жыртады. Жыртудың алдын-ала сыдырту жүргізеді немесе алғы дақылдар мен ауа райы жағдайына байланысты ол операцияны жасамайды. Күзі ұзақ және жылы аудандарда сүдігерді қосымша еңдейді. Ылғал жеткіліксіз жағдайларда қыста қар тоқтатып, көктемде еріген суларды жинайды. Тұқым себералды өңдеудің маңызды міндеті ылғалды сақтау болып табылады. Ерте кектемде, топырақтың кебуіне қарай сүдігерді ауыр тырмалармен қопсытады және қопсытумен бірге тырмалайды. Әдетте, асбұршаққа қара топырақты жерлерде органикалық тыңайтқыш бергенде, оның кек балаусасы қаулап өсіп, дән өнімі төмендейді. Сондықтан органикалық тыңайтқыштарды оның алғы дақылдарына ғана береді. Бірақ, қүнарсыз топырақтарға органикалық тыңайтқыштар беруге болады, әсіресе асбұршақ сүрі жер дақылы болып егілетін болса.

Минералдық тыңайтқыштардан сүдігерге гектарына 60-80 кг фосфор және 50-60 кг калий тыңайтқыштарын береді. Асбұршақтың қиын еритін фосфор қосылыстарын жақсы сіңіретіндігінен, оған арнап гектарына 3-5 ц фосфорит ұны беріледі. Өсімдік тамырларындағы атмосфералық аз отты сіңіретін түйнек бактериялары жетілгенге дейін, асбұршақ жас кезінде аз мөлшерде азот тыңайтқышын қажет етеді. Сондықтан, тұқым себералды қопсытуда кейде гектарына 15-20 кг азот беріледі. Қышқыл топырақтарды әктейді.

Себуге өте ірі және тазаланған тұқымдарды пайдаланады.

Асбұршақ тұқымы мен өсімдігінің көгі ауруға шалдықпас үшін себуге 3-5 ай бұрын, мына препараттармен оны дымқыл (1 т тұқымға 5-10 л су) дерілейді: 80 %-дық ТМТД (3-4 кг/т), 50 % фундазол+нитрагин (3 кг/т+0,2 кг тұқымның гектарға кететін шамасына); немесе фундазол+молибден қышқылды ам­моний (2,0+0,4 кг/т); ауруларға және топырақта тіршілік ететін зиянкестерге қарсы 65 %-дық фентиурам (4-6 кг/т), тамыр шірігіне арнап 70%-дық тачигарен (1-2 кг/т) қолданады.

Асбұршақтың тамырларында түйнек бактерияларының пайда болуына себепкер болатын бактериялы препараттармен тұқымды себер күні тққымсепкішке тұқымдық материалды құяралдындағана өндейді. Осы мақсатта арнайы нитрагиндер (ризоторфин немесе бұршақтарға арналған) пайдаланылады. Препараттармен еңдеудің арқасында асбұршақтың өнімі ғана емес, одан кейінгі дақылдар енімі де 10-12 % еседі. Бірақ бұршақ дақылдары өнімі нитрагин пайдаланғанда тек топырақ реакциясы бейтарап болғанда ғана артады, ал қышқыл ортада түйнек бактериялары жетілмейді.

Асбұршақты өте ерте, топырақтың беткі қабатындағы ылғалды жоғалтпау мақсатында, ерте астықтармен бір мезгілде себеді (СЗ-3,6, СЗА-3,6, СЗП-3,6). Бұның әсіресе құрғақшылықты аудандар мен көктемі құрғақ басқа да аудандарда маңызы зор. Тұқымды сепкеннен кейін танап топырағын нығыздайды. Бұл шара ылғал және ауырсазды топырақтардан басқа барлық жағдайларда тиімді.

Асбұршақ тұқымын себу тәсілдері - тарқатарлы, кәдімгі қатарлы және тоғыспалы. Бұл тәсілдер өсімдіктің жатып қалуынан болатын егін жинау қиыншылығы мен ысырабын азайтып, өте жоғары өнімді қамтамасыз етеді.

Асбұршақты себу мөлшері топырақ-климат жағдайлары мен тұқымның ірілігіне байланысты қойылады. Ылғал жеткілікті жағдайларда 1 гектарға шамамен 1,3 млн өнгіш тұқым, немесе 300-350 кг ірітұқымды және 200-250 кг ұсақтұқымды сорттар егіледі. Құрғақшылықты аудандарда бұл мөлшерді гектарына 0,8 млн дейін азайтады.

Асбұршақ топыраққа тұқымын терең сіңіргенді жақсы көреді. Оның осы ерекшелігі көктемде топырақтың беткі қабаты тез кеуіп кететін құрғақшылықты аудандарда ескеріледі. Ол жерлерде себу тереңдігі 10 см, ал ылғал жеткілікті аймақтарда - 6-8 см болады.

Асбұршақ тұқымын сепкеннен кейін, шығыршықты-өкше темірлі ЗККШ-6 таптауышымен тұқым тез өну және біркелкі өсімдік көгін алу үшін топырақты нығыздайды.

Өсіп келе жатқан арам шөптермен күресу мен топырақтың жоғарғы қабатын қопсыту үшін асбұршақ көгі шықпай және шыққаннан соң (өсімдік биіктігі 10-15 см, бірақ мұртшалар пайда болмай тұрып) ЗБП-0,6А, БЗСС-1,0 жеңіл тырмаларымен егіс қатарларын көлденең тырмалайды.

Асбұршақ егісі арам шөптермен қатты ластанғанда гербицидтер қолданады: кектеуге дейін 50 %-дық прометрин (3-5 кг/га), көк шыққан соң 10 %-дық пивот (0,5-1,0 л/га) немесе 3-5 жапырақ фазасында базагран (3-4 л/га).

Бұршақтың дән қоңызын жою үшін егісті 40 %-дық БИ-58 (0,5-1,0 л/га) препаратымен өңдейді. Түйнек бізтұмсық қоңызына қарсы асбұршақ көгін гектарына 0,3 л 25 %-дық ровикуртпен (прометрин) бүркеді. Асбұршақтың жеміс жемірлерімен күресу үшін биологиялық тәсіл-егіске трихограмманы жібереді.

Асбұршақ біркелкі піспейді жөне жинау мерзіміне дейін жатып қалады. Сонымен қатар, піскен бұршақтар дені жарылып кетуге бейімдігінен көп ысырапталады. Осының бәрі жинау жұмыстарын уақытылы және мұқият жүргізуді қажет ететіндіктен, асбұршақты екі фазалы тәсілмен жинайды. Ол үшін өсімдіктің төменгі қатарындағы бұршақтар сарғайғанда дестелегішпен орып (КС-2,1 және КЗН-2,1, ПБ-2,1-мен және ЖРБ-4,2, СК-4 немесе СК-5 комбайнымен), сонан соң дестені кеуіп кетпей тұрып комбайнмен жинап бастырады. Комбайнмен тура бір мезгілде орып-жинауды көбіне асбұршақ біркелкі пісетін және дестелер желмен шашылып бұзылатын далалық құрғақшылықты аудандарда қолданады.

 

ҮРМЕБҰРШАҚ

Халық шаруашылығындағы маңызы.Үрмебұршақ бағалы тағамдық дақыл. Тағамдық мақсатқа оның дәні мен толық пісіп-жетілмеген бұршағын пісірген және консервіленген күйінде пайдаланады. Үрмебұршақ дәнінде 30 % дейін ақуыз және дәрумендер мен амин қышқылдары болады.

Үрмебұршақ жақсы піседі, ағзаға жеңіл сіңіріледі және жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді. Оның жапырағынан лимон қышқылын алады. Кәдімгі үрмебұршақтың көк балаусасы мен сабанын мал жемейді, бірақ азиялықтобының кейбір түрі малғажемге жарайды. Үрмебұршақты жасыл тыңайтқыш ретінде, ал оның кейбір формаларын әсемдік мақсатта егуге болады. Отамалы және азот жинайтын осімдік болғандықтан, үрмебұршақ дәнді жөне отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл.

Үрмебұршақ—Америка континентінің өсімдігі. Ол ертеден бері Оңтүстік және Орталық Америка елдерінде өсіріледі. 16 ғасырдың аяғында үрмебұршақ Еуропаға әкелінді, ал 17-18 ғасырларда Ресей территориясына ендірілді.

Үрмебұршақтың ұсақдәнді тобы (маш) 5-6 мың жыл бұрын Оңтүстік Азия елдерінде (Индия, Қытай, Жапон) өсіріле бастаған.

Үрмебұршақтың дәндік өнімі гектарына 12-15 ц, ал жоғары агротехникада ол 20-25 ц дейін жетеді.

Үрмебұршақ еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі.

Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.Үрмебұршақтың (Phaseolus L.) дақыл ретінде келесі түрлері таралған.

Кәдімгі үрмебұршақ (Р.vulgarus Savi.). Бұталыжәне шырмалып өсетін формалары бар.

Кепгүлді үрмебұршақ (Р. Multiflorus Wild) - ұзын шырмалған сабақты, ақ және қызыл гүлді, өте ірітұқымды. 1000 дәннің массасы 700-1200 г.

Істікжапырақты үрмебұршақ, немесе т е п а р и (Р.acutiflorus A.Grad.). Бұталы формалары бар, бұршақбастары жалпақ, тұқымы салыстырмалы ұсақ. 1000 дәннің массасы 100-140 г. Құрғақшылыққатөзімді.

Л и м д і к, немесе а й т ө р і з д і үрмебұршақ (P.lunatus L.). Тағамға пайдаланылады, бұршақбастары сопақ, қысқа және жалпақ (жарты айлы), 2-3 дәнді, жеңіл жарылғыш.

С а р ы үрмебұршақ (Р.Aureus Piper.) (Орта Азияда-маш) ұзын жіңішке бұршақ басты және ұсакдәнді. 1000 дәннің массасы 30-60 г. Орта Азия мен Закавказьеде тағам ретінде пайдаланылады, сабаны малға жем.

Біздің елімізде негізінен, көбіне өздігімен тозаңданатын кәдімгі үрмебұршақ өсіріледі. Өсімдікте бұршақбастар төмен орналасқан, бірмезгілде піспейтіндіктен оларды жинау біршама қиындықтар туғызады.

Кәдімгі үрмебұршақ - біржылдық бұршақ өсімдігі (18-сурет). Оның бұталы, шырмалатын жөне жартылай шырмалатын формалары болады. Бұталы формаларының сабағы жатып қалмайды, биіктігі 50 см дейін. Жапырағы -үш салалы. Гүлшоғыры - 2-3 гүлді шашақгүл. Гүлдері ақ, алқызыл. Жемісі - бұршақбас. Бұршақбастары - ұзын, домалақ немесе жалпайған, түзу немесе иілген болып келеді.

Дәнінің формасы - жұмыртқа және бүйректәрізді, көлемі орташа немесе ірі. 1000 дәннің салмағы 200-480 г. Түсі - ақтан қараға дейін, кейде түрлі түсті.

Үрмебқршақ - өздігінен тозаңданатын, ұзақ күнді сорттары болғанымен қысқа күн өсімдігі. Ол сонымен қатар жылусүй-гіш дақыл.

Вегетациялық кезеңі сортына байланысты 75-120 күн.

Дәні 10°Стөңірегіндегі температурада өнеді. Өсімдік көгі 0°С зардап шегіп, 0,5-1 °С үсікке шыдамай өледі.

Үрмебұршақ құрғақшылыққа асбұршақтан гөрі төзімдірек, бірақ гүлдеу мен ұрық байлау кезеңдеріндегі қуаңшылықты нашар көтереді. Өте жылусүйгіш, ыстық пен құрғақшылыққа төзімді үрмебұршақ түрлеріне маш (сары үрмебұршақ) пен тепари жатады.

 

8-сурет. Көдімгіүрмебұршақ

 

Үрмебұршақ кейде көлеңкелегенді жақсы көтеретіндіктен, оны аралас егісте өсіруге болады. Ол топырақ талғайды. Жеңіл қара топырақ пен құмбалшықты құнарлы әгі мол топырақтарды жақсы көреді. Топырақ ерітіндісінің қолайлы реакциясы бейтарап және өлсіз сілтілі (рН 6-7,5).

Қазақстандағы кәдімгі үрмебұршақтың аудандастырылған сорттары - Грибовская 92 және Триумф сахарный 764. Осылармен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында сары үрмебұршақтың (маш) бір ғана сорты - Победа 104 есіріледі.

Агротехникасы. Үрмебұршақ отамалы дақылдың дәл өзі болғандықтан, ауыспалы егісте күздіктер, қант қызылшасы, картоп және тағы басқалардан кейін, отамалы танаптан орын алады. Жазы ұзақ және ылғалы жеткілікті аудандарда үрмебұршақтың ерте сорттарын сүрі жер дақылы және аңыздық аралықдақыл ретінде егуге болады. Үрмебұршақ жылусүйгіш дақыл болғандықтан, кеш себіледі, оның топырағын өңдеу де кеш жаздықтардікіндей.

Үрмебұршақтың тамыр жүйесі нашар жетілгендіктен, топырақты мұқият өңдеген дұрыс. Күзде түренді соқалармен (ПН-4-35, ПН-8-35, ПТК-9) ерте сүдігер жыртылады. Ерте көктемде ылғал сақтау үшін тырмалау (ЗБСС-1,0, ЗБТС-1). Бір аптадан кейін 10-12 см тереңдікке бірінші қопсыту, сонан кейін топырақты нығыздау. Топырақты нығыздау арам шөптердің тез өніп-шығуы үшін жүргізіледі. Екінші қопсыту -тұқым себу тереңдігіне (7-9 см). Соңғы қопсыту мен тұқым себудің арасында үзіліс болмағаны жөн.

Үрмебұршаққа органикалық тыңайтқыштар қажет. Оларды (15-20 т/га) сүдігерде фосфор және калий тыңайтқыштарымен (әрқайсынан 60-80 кг/га) бірге береді. Тұқым сепкен кезде (қатарға) түйіртпектелген суперфосфатты да гектарына 10-15 кг мөлшерінде тұқыммен бірге топыраққа енгізеді. Кей­де көктемгі қопсытуда 1 гектарға 15-20 кг мөлшерінде азот тыңайтқышын қолданады.

Үрмебұршақтың себуге арналған тұқымын сорттайды, зақымданған және сапасы нашарлағандарын бөлек алып тастайды да 80 %-дық ТМТД (3-5 кг/т) препаратымен дәрілейді. Себералды жылы ауамен, ал себетін күні арнаулы үрмебұршақ нитрагинімен еңдеген пайдалы.

Үрмебұршақты тұқым себу тереңдігіндегі топырақ температурасы 12-14°С жылыған кезде кең қатарлы немесе шаршы-ұялы тәсілдермен, 45 см қатараралықта(ылғал жеткіліксіз аудандарда - 60 см) себеді. Шаршы-ұялы тәсілде ұяға 3-4 өсімдік қалдырылады. Себу мөлшері тұқым ірілігі мен егілетін аймақтың климат ерекшеліктеріне байланысты гектарына 80-120 кг. Тұқымды топыраққа сіңіру тереңдігі орташа 5-6 см. Себу тереңдігі топырақ ылғалдылығы мен ауа райына байла­нысты терең немесе таяз болуы мүмкін. Тұқым сеуіп болысымен егіс бетін нығыздайды.

Үрмебұршақты күтіп-баптау - жиі егісті сиретуден және арам шөптермен күресуден тұрады. Қатарлар бірігіп кеткенге дейін, өсімдіктерді үстеп қоректендіреді және қатараралықтарды өңдейді.

Біржылдық қос жарнақты және қоңырбас тұқымдас арам шөптерге қарсы 50%-дық прометрин (3 кг/га) гербицидімен үрмебұршақ көгі шықпай тұрып егістік жерді бүркеді. Веге­тация кезінде зиянкестерге (кене, жемір, көбелек және басқалары) қарсы 25%-дық циткор (0,32 кг/га) немесе 27 %-дық омайт (1,3 л/га) қолданылады.

Үрмебұршақты жинау екі фазалы тәсілмен бұршақбас сарғайған және тұқым қатайған кезде атқарылады. Жинауды қысқа мерзімде аяқтау керек, себебі тұрып қалған осімдіктің тұқымдары көп шашылады. Өнімді жинауға бұршақ оратын ФА-4 комбайны пайдаланылады.

МАЙБҮРШАҚ

Халық шаруашылығындағы маңызы.Майбүршақ (қытайбұршақ) - дәнінің химиялық құрамына байланысты түрлі мақсатқа пайдаланылатын дақыл. Оның дәнінде 35 % аса ақуыз, 17-25 - май және 20 % артық крахмал болады. Майбұршақ өсіру арқылы шаруашылық екі қүнды онім -ақуыз және өсімдік майын алады.

Майбұршақ күлінде калий, фосфор және кальций көп. Майда еритін С, В және Е дәрумендері бар. Дән құрамына фитин және сапонин кіреді.

Майбұршақты диабетиктерге диетикалық тағам ретінде ұсынады. Оның ақуызы жоғары сіңімді, суда жақсы ериді; басқа дәндібұршақтарға қарағанда алмастырылмайтын амин қышқылдарына бай. 1 кг дәнде 320-450 г протеин, 21,9 -лизин, 4,85 - метионин, 5,3 - цистин және 4,92 г триптофан болады. Қоректік заттарының өте қолайлы үйлесуінің арқасында оны тағамдық, малазықтық және техникалық дақыл ретінде кеңінен өсіреді.

1 т майбұршақ дәнінен 100 кг аса май алынады. Ол азықтық зат ретінде пайдаланылады. Дәні пісірілген түрінде де тағам. Дәнінен маргарин, ірімшік, сүт, үн, кондитерлік заттар мен консервілер алынады және пластмасса, желім, лак, бояу, сабын мен басқа да заттар дайындайды. Майбұршақ күнжарасы (май өндіргеннен кейінгі қалдығы) малға жем ретінде қолданыланады.

Майбұршақтың көк балаусасын малазыққа пайдаланады және оны жүгері, судан шөбі және қонақ жүгерімен араластырып сүрлем дайындайды. 100 кг көк балаусада 21 малазықтық өлшем мен 3,5 кг протеин болады. Майбұршақ сабағы малға сұлы, жаздық және күздік бидайлар дікінен гөрі құнды қомақты жем, бірақ оның сапасы күріштікінен нашарлау. Онда 4,6 % ақуыз және 10,7 % май болса, олар сұлы сабанында сәйкес 2,5 және 1,6. Майбұршақ сабағы шеп ұнын өндіруге де пайдаланылады.

 

Ылғал жеткілікті аудандарда майбұршақты жасыл тыңайтқыш ретінде егеді. Ол отамалы және азот жинайтын (1 га жерден 70-80 кг сіңімді азот жинайды) дақыл болғандықтан, жаздық астықтар мен басқа да дақылдарға жақсы алғы дақыл.

Жоғары агротехникада гектарына 13-15 ц дән өнімін береді.

Майбұршақтың отаны - Оңтүстік-Шығыс Азия. Қытайда ол б.э.д. 6 мың жылдан бұрын белгілі. Азияның бірқатар елдерінде (Индия, Жапония, Корея, Вьетнам және Индонезия) ертеректен егіледі. Ол жерлерде майбұршақ өсімдік ақуызы мен майын алудың негізгі көзі және түрлі тағам түрінде (250 аса тағам түрін дайындайды) пайдаланылады. Майбұршақ Еуропаға 8 ғасырдың аяғында әкелінген.