Кіріспе 8 страница

Эрозияға қауіпті топырақтарда жолақты пар дайындалады. Жазда пар жолағы эрозиядан жолақпен себілген жаздық бидай өсімдігінің қыртысымен, ал күзде және көктемде — егін жинағаннан кейін қалдырылған аңыз паясымен қорғалады. Механикалық құрамы ауыр топырақтарда жолактардың ені 150 м, сазды топырақтарда — 100 м, жеңіл топырақтарда — 50 м асырылмайды. Мұндай жағдайда танаптар пар арқылы екі жылда өтеді.

Тез тығыздалатын ауыр топырақтарда сүдігер 27—30 см терең жүргізеді. Соңғы жылдарда Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында пардың қалай өңделгеніне қарамай күзде топырақ 20—22 см қопсытылып жүр. Мұның өзі жаздық жұмсақ бидайды интенсивті өсіргенде екі рет қар тоқтатылып, оның қалыңдығын 40—45 см жеткізуге байланысты және көктемде мұндай танаптарға ылғал жақсы сіңіріледі.

Жаздық бидай өсіруде алғы дақылға отамалы дақылдар ішінде сүрлемдік жүгері жиі пайдаланылады. Әдетте жүгеріге топырақ 20—22-ден 25—27 см дейін жазық тілгіш құралдармен немесе қайырмалы плугпен терең өңделеді. Жеңіл топырақ тек қана жазық тілгіш құралдармен саяз өңделеді.

Аталған ерекшеліктер топырақты бидай есіруге дайындағанда ескеріледі.

Мал азығына өсірілетін шөптерден бидайға қарағанда танаптар ерте (1.0—1,5 ай) босайды. Сондықтан шөптерді жинап алысымен ине тісті тырмалармен (БИГ-3) немесе сыдыра жыртқыштармен (ЛДГ-10, ЛДГ-15) 5—6 см тереқдікке өңдейді. Арамшөп көгі шыққаннан кейін топырақ тығыздығы мен ылғалдылығына байланысты жазық тілгіш құралдармен (КПШ-0, КПГ-2-150, ПГ-3-5 ж. б.) негізгі өңдеуден өтеді.

Солтүстік Қазақстан облыстарында нақты топырақ — климат жағдайында жаздық бидайға көпжылдық шөптен (еркешөп) босаған танапты негізгі өңдеу мына технология бойынша жүргізіледі.

- құрғақ далада шөп жинап алынғаннан кейін оңын, қыртысы ҚПШ-5, немесе ҚПШ-9 жазық тілгішімен тілінеді, соңынан шымды бірнеше рет өңдеп терең қопсытылады (ПГ-3-5, ҚПГ-250 ж.б)

- қуаңшылықты далада шөп қыртысын әуелі ауыр тырмалармен (БДТ-7) үгітеді, содан соң плуглен (ПН-8-3,5, ПН-3-35) жыртылады және соңынан қажеттігіне қарай танап сыдыра жыртқыштармен өңделеді. Сондықтан қыста ылғал жинақтау шараларының маңызы өте зор. Солтүстік Қазақстанда қар түрінде түсетін ылғал мөлшері 60—80 мм, алайда қысқы қатты желдің әсерінен қар танаптардан жыраларға, сайларға т. б. үйіледі. Осыған байланысты—қар тоқтату пар емес алғы дақылдарда жаздық бидайды интенсивті өсіру жүйесіндегі қажетті шара.

Күзде топырақтың бір метр қабатындағы тиімді ылғал қоры 70—80 мм болғанда, қыста 38—40 см, ал ылғал 30—40 мм болғанда — қыста қар қабатын 50—55 см дейін жеткізеді.

Қар аз жылдары ол екі рет тоқтатылады, екінші рет қар жалдары алғашқыларының арасынан жасалады.

Ерте көктемгі топырақ өндеу оның физикалық пісу кезеңінде басталады. Негізгі мақсаты — екпе дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу және қара сүлы тұқымын сіңіру. Тәжірибеде алғашқы көктемгі топырақ өңдеуі «ылғал жабу» мен теңдестіреді. Бұл жұмысты жүргізуге творчестволықпен қарау керек: барлық сортаңдау топырақтарда, жаз аяғында немесе күзде терең қопсытудың нәтижесінде ірі топырақ кесектері пайда болған танаптарда ерте көктемгі топырақ өңдеу — қажетті агротехникалық шара. Ол үшін тісті тырмалармен топырақ 4—5 см тереңдікке өңделеді. Ықтырмалы парда тырмалау ықтырма бағытымен жүргізіледі, өйткені тырмалардың бітісіп қалмауы және көктемгі қатты желден топырақ бетінің қорғалуы көзделеді. Тым ірі кесекті топырақ бетін тығыздағыштармен (каток) тығыздайды. Карбонатты оңтүстік қаратопырағында бетін тегістеу қажеттігі болмаса және 10—12 см өңделген сүдігер де, сонымен қатар күзде ине тісті тырмалармен өңделген алқаптарда ерте көктемде тырмалауды жүргізудің керегі жоқ.

Аралық культивация қара сүлы мен қатты залалданған және триаллат, немесе авадекс енгізілмеген танаптарда жүргізіледі. Культивация қара сұлының жаппай көгі пайда болғанда (1 м2 алаңда 50 өсімдік болғанда) жасалады. Аралық культивациядан қорқудың қажеті жоқ, өйткені қара сұлының жиі көгі топырақты қопсытқаннан кем ылғал жұмсамайды. Жалғыз-ақ бұл жағдайда топырақты қосымша тығыздау қажет. Аралық культивация табанды ҚПС-4 культиваторымен жүргізіледі, СЗС-2,1 сеялкасын және дискілі сыдыра жыртқыштарды да пайдалануға болады (соңынан тырмаланып тығыздалады).

Қара сұлымен жоғары дәрежеде ластанған танаптарға триаллат немесе авадекс қолдануға болады. Оларды себуге дейінгі кезеңнің кезкелген уақытында топыраққа 3—5 см тереңдікке сіңіреді. Ең дұрысы мұны бір агрегатпен іске асырған дұрыс: бүріккіш штангасы тісті тырма немесе сыдыра жыртқыш рамасына бекітіледі. Сонымен гербицид енгізу аралық, немесе себу алдындағы қультивациялаумен қабыстырып жүргізіледі. Бір есте ұстайтын жәйт, қара сұлыға қарсы гербицид енгізілетін танаптарда алғашқы көктемгі өңдеу жұмысын сыдыра жыртқыштармен жүргізген жақсы, өйткені аңыз паясы мен сабан қалдықтары топыраққа сіңіріледі. Бұл өнгізілетін гербицидтің тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Себу алдындағы культивация екі мақсатты көздейді: жаздық бидай тұқымы ылғалды қабат пен тығыз орынға орналастырылады және арамшеп кегі құртылады. Ластану дәрежесі және олардың тамырлануына қарай қара сұлыға қарсы дискілі сыдыра жыртқыштар қолданылады, қалу енді жазық тілгішпен кеседі, ал жатаған бидайықты ауыр культиваторлармен тарап құртады.

Дәннің, сабанның және өсімдіктің жер асты бөлігінің құра мындағы қоректік заттарға (ең алдымен РК) жаздық бидай өсірудің интенсивті технологиясының басты элементтерінің бірі— тыңайтқыштар көп әсер етеді. Топырақтан қоректік заттарды жаздық бидай түптенуден дәннің сүттене пісу кезеңіне дейін барынша қарқынды сіңіреді. Алайда астық өніміне әсер ететін «қиын-қыстау» кезеңі — себу — түтікке шығу аралығы. Қазақстанның солтүстік облыстары жағдайында бұл айрықша байқалады.

Тыңайтқыштың енгізу нормамен анықтағанда. жаздық бидайдың бағдарламалы өнімің, топырақтағы қоректік заттар мөлшері мен олардың пайдалану коэффициенттерін, тынайтқыш түрі мен әсер етуші мөлшерін және олардың пайдалану коэффициенттерін, нақты шаруашылық жағдайларын (сыртқы орта, әсіру ерекшеліктері т. б.) ескерген жөн.

Тыңайтқыш культиватор-құнарландырғыштармен (КПГ-2,2, ГУН-4) және шығынға жазылған СЗС-2,1 сеялкаларымен енгізіледі.

Тыңайтқыш енгізудің ең қолайлы мерзімі — жаздың соңы, немесе парды негізгі өңдеу алды, мұның әзі арамшөптердің тыңайтқышпен енгізілген қоректік заттарды босқа шығынға ұшырат-пауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары шаруашылықтарға негізінен күрделі азотты-фосфор тыңайтқыштары жеткізілуде. Әсіресе, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Целиноград облыстарынын солтүстік аудандарында. Мұндай тыңайтқыштарды таза парда пайдаланғанда жаздық бидай вегетациясы ұзарып кетуі ыктимал.

Жаздық бидайдың интенсивті өсіру технологиясында аудандастырылған сорттардың бірінші класты тұқымдары пайдаланылады. Тұқымның 1000 санының массасы жоғары болуға тиіс. Тазаланған жалпы тұқым партиясынан олардың шығымы 80% дейін жетеді. Сондықтан себуге осы тұқымдар ұсынылады.

Тұқым дәрілеу-жаздық бидай өсіру технологиясындағы маңызды агротехникалық шара. Осының нәтижесінде топырақтағы және тұқымда сақталған ауру қоздырғыштардық зиянды әсері басылады да жаңа өнім сапасы жақсарады. Тұқымды байтан-универсал (1 т тұқымға 2 кг, витавакс (2,5—3,0 кг/т), гранозан (1,5—2,0 кг/т) ж. б. улағыш заттармен ПС-10, «Мобитокс», «Мобитокс-супер» дәрілегіш машиналарда дәрілейді. Дәрілеу жұмысы ылғалдандыру тәсілімен жургізіледі, ол ушін әрбір тонна тұқымға 10 л су араластырылады. Мұның экологиялық әрі еңбек қорғаудағы мәні зор. Тұқымға улы химикаттардың жабысуын жақсарту мақсатымен оған 0,20—0,25 кг/т мөлшерінде карбоқси-метилцеллюлозаңың натрий тұзы (ЫаКМЦ) қосылады. Бұл құбылыс тұқымды безектеуде (инкрустациясында) қолданылатын жақсы қабық түзгіш болыіп табылады, паңдалануға қолайлы, су-да тез ернді, қезкелген улағыщ заттарды жаеды жабыстырады. Тұқымды дайындау жүйесінде асфальтталған алаңдарда себудің алдында күнге қыздыру қарастырылады. Бұл агротехникалық шара жаздық бидай тұқымының өсу энергиясы мен далалық енгіштігін арттырады.

Жаздық бидайдың ерте себілген егістіктері қара сұлы мен басқа арамшөптерден залал шегеді, ерте жаздағы қуаңшылықтың теріс әсеріне ұшырайды, жаздың екінші жартысындағы жауыншашынды нашар пайдаланады және осылардың нәтижесінде астық өнімі төмендейді. Қолайлы мерзімде (15—25 мамыр) сөбілгенде себу алдыидағы өндеумен арамшөптер көгі жойылады, жаздық бидайдың тұқымы жылынған топыраққа сіңіріледі және ол жаппай көктейді, жаздық бидайдың ылғалмен салыстырғандағы «қиын-қыстау» кезені—түтіктену—масақтану—жаздың мол жауын-шышынына сәйкес келеді, бұл егін өніміне оң әсерін тигізеді. Айтарлықтай кеш себілгенде (25 мамырдан кейін) пар танаптарының өзінде топы-рақтың беткі қабатының кеуіп кетуінен бидайдың жаппай көктеуі қиындайды және ерте күзде түсетін бозқырауға ұрынуы мүмкін, ал бұл астық сапасын күрт төмендетеді.

Аймақта аудандастырылған сорттардың пісу мерзіміне, көктем ерекшелігіне, топырақтың бір метр қабатындағы ылғал қорына, арамшөптермен таетануына қарай, сонымен қатар шаруашылықтардың фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етілуін ескере отырып жаздық бидайды себудің мынадай мерзімі ұсынылады:

- орташа мерзімде пісетін сорттарды (Саратовская 29, Целинная 60, Иртышанка 10 т. б.) ерте көктемгі қуаңшылық жылдары мамырдың 18 жұлдызынан ерте сеппеген абзал, ал көктем салқьш әрі кеш түскенде қүнарландырылған парларда себуді 21—23 мамырда аяқтайды; тьщайтқыш енгізілмеген пар таналтарында бидай себуді 20 мамырға дейін аяқтаған дұрыс;

- ортадан кеш пісетін сорттарды (Целинңая 21, Омская 9 т. б.) орташа мерзімде пісетін оорттарға қарағанда 3-^-5 күн бұрын оебеді: таза пар көлемі шамалы, материалды-техникалық мүмкіндік және тыңғылықты еңбек ұйымдастыруы болғанда жаздық бидайдың ең қолайлы себу мерзімі 20—22 мамыр деп есептеу керек;

- пар емес алғы дақылдарда қолайлы себу мерзімі — 20—
25 мамыр болып табылады.

Жалпы алғанда орташа ылғалды жылдарда жаздық бидайдың қолайлы себу мерзімі орташа мерзімде пісетін сорттарда 15—25 мамыр, ал ортадан кеш пісетін сорттар үшін 15—20 мамыр. Ең алдымен (қолайлы себу мерзімі шеңберінде) ылғалы мол әрі арамшөптерден таза танаптарға ортадан кеш пісетін сорттарды себеді, соңынан-ылғалы шамалы әрі арамшөптермен айтарлықтай ластанған танаптарға орташа мерзімде пісетік еорттар себіледі.

Өсімдіктердің ойдағыдай өсіп дамуы мен олардың жоғары өнімділік көрсетуінде тұқымның себу нормасы мен тәсілі және солардың әсерінен өсімдіктердің қоректену алаңына орналасу сипаты үлкен рөл атқарады.

Ылғал мен қоректік заттарды барынша толық пайдалануы ушін агротехникалық шаралар жүйесімен жасалатын жағдайлар өсімдіктердің танаптарда біркелкі орналастыруымен реттелетіні белгілі. Біркелкі себілген тұқым жаппай егін көгін алуға мүмкіндік жасайды және соңынан өсімдіктер бірдей дамиды да күн сәулесінің фотосинтетикалық белсенді (активті) радиациясы (ФАР) жақсы пайдаланылады.

Интенсивті өсіру технологиясының элементі ретінде жаздық жұмсақ бидайдың себу нормасы нақты өсіру аймағына, аудандастырылған сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне, алғу дакылға, тыңайтқышына, себу мерзімі мен тәсіліне, тұқымның топыраққа сіңіру терендітіне т. б. агротехникальіқ шараларға байланысты өзгереді.

Ауылшаруашылығы дақылдарнның сорт сынау комиссиясының, БАШҒЗИ, Целиноград АШИ, облыстардың тәжірибе станцияларының т.б. ғылыми мекемелер оқымысталарының көпжылдық зерттеулеріне сүйене отырып Солтүстік Қазақстан аймағыңа жаздық жұмсақ бидайдың қолайлы себу нормаларын атауға болады: кәдімгі қара топырақтарда — 3,5—4,5 млн/га өнгіш тұқым, оңтүстік қара топырақтарда — 2,5—4,0 және қоңыр топырақтарда — 2,0—3,2 млн/га өнгіш тұқым.

Оңтүстік қуаңшылық аудандарға қарай жылжыған сайын қолайлы себу нормасынын, мөлшері азаяды. Мұның өзі ең әуелі тіпті пар танабында болатын ылғал тапшылығына байланысты.

Жаздық бидайдың себу нормасының өзгеруіне байланысты өсімдіктің даму сипаты өзгереді.

Көп жылдардағы деректер 2,5—3,5 млн/га өнгіш тұқым аралығында жаздық жұмсақ бидайдың өнімі бір деңгейде болатындығын көрсетті, көрсетілген шектен етістік жиілігі азайтылғанда немесе көбейтілгенде астық өнімі төмендейді.

Қара-қоңыр топырақтарда себу нормасы 3,0—3,5 млн/га өнгіш тұқымнан 2,25 млн/га дейін азайтылғанда жаздық жұмсақ бидай өнімінің төмендейтіні біздің тәжірибелерімізде де (Целиноград АШИ) айқындалды. Атап айтқанда тыңайтылған таза парға 1,50; 2,25; 3,0; 3,75 және 4,50 млн/га өнгіш тұқыммен себілген Саратовская 29 бидайының өнімі тиісінше 17,0; 17,0; 15,3; 14,8 және 13,6 ц/га болды.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда СЗС-2,1 сеялкалары және оның модификацияларымен себу тәсілі кең тараған. Паясыз алқаптарда СЗП-3,6 және СЗ-3,6 сеялкаларымен себілген егістік жақсы нәтиже береді.

Аймақтың жекелеген шаруашылықтарында тоғыспалы себу тәсілі де қолданылуда. Бұл тәсіл тұқымның өсу алаңында бір келкі орналасуын қамтамасыз етеді, танап жақсы тегістеледі және соңынан егінді бөлектеп жинауға қолайлы жағдай жасалады. Алайда бұл тәсілде бір танап екі рет себілетіндіктен өндірістік еңбек өнімділігі айтарлықтай емес. Сондықтан ленталы СЗС-2,1Л сеялкаларын қолданған тиімді, бұларда сеялка табанына бекітілген шашыратқыштың арқасында тұқым ленталы тәсілмен (11—12 см) себіледі. Осы сеялкалармен себілгенде айқас тәсілмен себілгендей нәтижеге қол жетеді, есесіне агрегат танапты бір-ақ рет өтеді.

Солтүстік Қазақстанның далалық аудандарында жаппай егін көгін алуда және жаздық бидайдың біркелкі иісуіне тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі айтарлықтай рөл атқарады. Тұқымды тым терең немесе саяз сіңіруге болмайды. Бұл жағдайда егін нашар көктейді, жаздық жауын-шанынның әсерінен қосымша егін көгі пайда болады, астық пісу дәрежесі әртүрлі дәндерден қалыптасады да сапасы төмен болады. Сондықтан тұқым ылғалды қабатқа сіңірілуге тиіс.

Аймақтың көптеген аудандарында жаздық жұмсақ бидайдың қолайлы себу тереңдігі 5—8 см болып табылады.

Тұқымның сіңіру тереңдігі оның сапасына, топырақ-климат ерекшеліктеріне, нақты агротехникалық шараларға т. б. байланысты. Көктем салқын болғанда әрі жеңіл топырақтарда тұқымды саяз, ал құрғақ болғанда тереңірек сіңіреді. Сіңіру тереңдігі 8—10 см жеткізілгенде егіннің көктеуі кешеуілдейді, далалық өнгіштік пен өнім төмендейді. Мұндай жағдайда себу нормасы 10% арттырылады.

Жаздық жұмсақ бидайдың интенсивті өсіру технологиясында егінді күтіп-баптау маңызды рөл атқарады және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады.

Таза парды тыңғылықты дайындағанда арамшептерді құрту мәселесі ойдағыдай шешіледі де көптеген шаруашылықтарда жаздық бидай егістігі бұл бағытта қосымща шараларды қажетсінбейді. Бірақ та жылдар бойы қорланған арамшөп тұкымдары арнаулы күрес шараларын жүргізуге мәжбүр етеді.

Жаздық бидай егістігіне егістік қалуен, шырмауық, жатаған бидайық т. б. атпа тамырлы, тамырсабақты көпжылдық арам-шөптер, ал біржылдық түрлерінен қара сұлы, жасыл және көкшіл сұлы итқонақ, құс тарысы т. б. үлкен зиян қелтіреді. Егістік арамшөптермен шамалы ластанғанда астық шығыны 5—7%, ал күшті ластанғанда — 20—30% дейін жетеді.

Нақты щаруашылықтарда агротехникалық және химиялык қорғау шараларын ұйымдасгырғанда танаптардың арамшөптермен ластану карталары жасалады, оларда ластану дәрежесі мен арамшөптердің тұр құрамы анықталады. Ластанудың үш дәрежеісі — әлсіз, орташа және күшті — ажыратылады. Егістіктің бір шаршы метр алаңында әлсіз ластанғанда тұқым саны (жыртылатын топырақ қабатында) 10 аспайды, 20 аз жылдық және 1 көпжылдық арамшөп өсімдігі болады, орташа ластанғанда — тиесінше 10—50; 10—70 және 1—3, ал күшті ластанғанда — 50—70 және 3-тен артық.

Жаздық бидай егістігінде химиялық қорғауды аурудын даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізеді. Ол үшін әрбір танапта 20 орыннан кем дегенде 10 өсімдіктен алып талдайды.

Егер түптену-түтіктенудің басы кезіңінде бір сабаққа 0,5 және одан да көп тот пустуласы, ал қоңыр тоттың жапырақта 1—2 пустуласы болса егістік бірден химиялық жолмен өңделеді. Екінші өңдеу жұмысы біріншіден кейін 6—10 күннен соң жүргізіледі. Септериозға қарсы химиялық өңдеудің қажеттігі зиянның экономикалық шегімен анықталады, ал ол өсімдіктің кем дегенде 5% зақымданған белігін құрастырады.

Аталған ауруларға қарсы соңғы жылдары цинебтің байлетон және фундазол бак қоспасын қолдана бастады. Тот ауруларына қарсы жеке-жеке кезекпен қолданған цинеб пен байлетон, тилт препараттары да тәп-тәуір нәтижелер береді.

Байтан — Байтан — 7,5; Байтан комби — 10,5; Байтан — 1,0; Байтан комби — 17,5; Байтан универсал — 19,5 түрінде шығарылатын препараттар. Олармен тұқым себу алдында 1,5—2,0 кг/т мөлшерінде өңделеді, бидайдың өсіп жетілу кезеңінде қара күйе, тот ауруларын басады.

Байлетон — 25 (суланатын үнтақ түрінде эмульсиялық концентрат (250 г/л) күйінде шығарылады. Тот пен септориозға қарсы әсер етеді. 0,5 л/га мөлшерінде 1—2 рет өцделеді: алғашқы рет залалданудың басында, екіншісі — ауру жарақаты қайталанғанда бүркіледі.

Тилт — бидайдың тот, септориоз және басқа ауруларына карсы тиімді. Бидайда ауру белгілері байқалғанда түтіктен масақтану кезеңіне дейін препарат бойынша 0,5 л/га мөлшерінде қолданылады.

Қазақстаннық солтүстігінде жаздық жұмсақ бидай өсімдіктері мен өніміне жолақ астық бүргесі, сабақ бүргесі, бидай трипсі, сүр астық көбелегі, табынсыз крест шегірткесі т. б. кеп тараған зиянкестер айтарлықтай зиян келтіреді.

Аталған зиянкестерге қарсы тиімді күрес жолдарының бірі жаздық бидай егістігінде химиялық қорғау тәсілін қолдану болып табылады. Бұл тәсіл егістікте зиянкестер саны экономикалық зиянды шекке жеткенде тиімді: жолақты астық бүргесі—бір шаршы метрде қуаңшылықты жылдары 300—400 және ылғалды жылдары 500—600 дана болғанда; сабақ бүргесі көктеу мен түп-тену кезеңінде сачоктың 10 сермелуіне 20—30 дана; бидай бүргесі — сачоктың 20 сермелуіне 600, немесе бидай сабағының өсуі мен жапырақ-жалауының пайда болу кезеңінде бір сабаққа 8—10 данасы болғанда; сұр астық көбелегі — дәннің сүттене және сүттене — балауызданып пісу кезеңдерінде 100 масаққа қалыпты жылдары 20 және ылғалды — 10 жұлдыз құрт болған-да; табынсыз крест шегірткесі — балапан құрттары жаппай туғанда химиялық шаралар қолданылады.

Бидай кегін жолақты астық бүргесінен, сабақ бүргесінен ж. б. сақтау үшін олардың саны экономикалық зиянды шекке жеткенде 12% ГХЦГ (10—12 кг/га), 40% метафос эмульсиясының концентраты (1 кг/га, 80% хлорофостың суланатын ұнтағы (1,5 кг/га) препараттарының бірімен өңдейді.

Бидайдың түптену кезеңінде табынсыз крест шегірткесіне қарсы егістікті 12% ГХЦГ (10—25 кг/га) немесе 50% карбофостың эмульсия концентратымен (2—3 кг/га) өңделеді.

Жаздық бидай дәнінің сүттене пісу кезеңінде сүр астық көбелегінің жұлдыз құрттарына қарсы 80% суланатын ұнтақ немесе техникалық хлорофос, карбофос, метафос (0,7—2,0 кг/га) препараттарының бірімен өңдеу жүргізіледі.

Жаздық бидайдың интенсивті өсіру технологиясында егістікті арамшөптерден, аурулар мен зиянкестерден сақтау үшін кіші авиация (АН-2) мен ОП-2000-01, ОПШ-15, ОВТ-1 ж. б. жер үсті бүріккіштері қолданылады. Жұмысшы ерітінділері РЖТ-16 және СТК-5 араластырғыштары мен дайындалады. Көптөген жағдайларда егістікті авиациямен (АН-2) еңдегенде жұмысшы ерітіндінің шығыны 25—50 л/га, ал жер үсті бүріккештерінде — " Э—300 л/га.

Пестицидтермен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет, сонымен бірге ОСРО ауылшаруашылығы саласында қолдануға рұқсат етілген арамшөптерге, ауру ларға және зиянкестерге қарсы пайдаланылатын химиялық құралдардың тізімінде бекітілген енгізу уақыты мен нормаларын орындау шарт.

11- дәріс.

Аймақта жүгері өсіру ерекшеліктері

1. Жүгері аса бағалы дән беретін, мал азықтық және техниалық дақыл.

2. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері. Республиканың әртүрлі
аймақтарына жүгері будандарын таңдау.

3. Өсіру технологиясы.

4. Өнімді жинап алғаннан кейін қайта өңдеу, астық дайындау және сақтау.

Екпе танаптарда мал азығын өндіру қазіргі уақытта мал шаруашылығына төмендегідей азық түрлерін береді: құнарлы, шырынды (сүрлем, тамыржемістер), сабақты (пішен, сабан); мал азықтық дақылдардың мынадай бөлінуі де қолданылады: көк балауса ( жоғары 60-80 сулы азықтар), сабақты азықтар (пішен, сәбіз, турнепс, картоп), сүрленген азықтар, құнарлы азықтар және техникалық өндірістің қалдықтары. Пайдалану және бөліну мақсаттарына қарамастан жүгері ең бағалы әрі құнды мал азықтық дақыл болып есептеледі.