Кіріспе 6 страница

Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Оның егіс көлемі 220 млн. га, немесе жер шарындағы барлық дәнді дақылдардың 28,9%. Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа т.б. да маңызы зор. Кестеде Қазақстан Республикасындағы дәнді дақылдардың егіс көлемі келтірілген.

Кесте

Қазақстан Республикасындағы дәнді дақылдардың егіс көлемі (млн. га)

 

Дақылдар Қазақстан
1940 с. 1980 ж. 1990 ж.
Дәнді дакылдар оның ішінде: 6,81 25,34 23,29
күздік бидай 0,21 1,25 1,20
жаздық бидай 3,23 15,85 12,87
қара бидай 0,22 0,26 0,77
жүгері 0,0,1 0,10 0,13
арпа 0,49 6,09 6,66
сұлы 0,7,2 0,49 0,38
тары 0,90 0,83 0,78
қарақұмық 0,02 0,18 0,22
күріш 0,03 0,13 0,12
дәнді бұршак дақылдары 0,01 0,14 0,16

 

Астық өндірісін арттыру – біздің еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің агроөнеркәсіптік құрамын дамытудағы басты проблема. Бұған халық қажетін азық-түлікпен қамтамасыз ету мен мал шаруашылығын дамыту тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасында дәнді дақылдардың 65% алты солтүстік облыстарында — Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Торғай және Целиноград облыстарында шоғырланған: орта есеппен 1986—1990 жылдарда ол 15 млн. га болды.

Қазақстанның солтүстік облыстарында 1986—1990 жылдары орта есеппен астықтың жалпы түсімі 15,3 млн. т, ал өнімі әр гектардан 9,9 ц болды.

Морфологиялық ерекшеліктері. Дәнді дақылдардың көпшілігі қоңырбастар Роасеае тұқымдасына жатады. Оларда санының көптігі мен түр өзгерістерінің әр түрлігігіне қарамай вегетативтік органдарының құрылысы мен дамуында көптеген ұқсас белгілер бар. Дәнді дақылдар морфологиясы мен өсіру ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді: кәдімгі астық немесе дәнді, дақылдардың бірінші тобы — бидай, арпа, қара бидай, сұлы; тары тәрізді астық, немесе дәнді дақылдардың екінші тобы — тары, жүгері, сорго, күріш және қарақұмық (қарақұмық тұқымдасы Ро1уgоnасеае), дәнді бұршақ дақылдары (Ғаbасеае) ас бұршақ, май бұршақ), ноғатық, ноқат, лобия бұршағы, бөрі бұршақ, атбас бұршақ, жасмық, бадана.

Роасеае тұқымдасына жататын дәнді дақылдардың тамыр жүйесі шашақты келеді. Түп, немесе ұрықтық тамырлар және түйін, немесе қосалқы тамырлар ажыратылады. Түп тамырлар тікелей тұқым ұрығынан өсіп шығады, ал түйін, немесе қосалқы тамырлар (кейде «екінші» тамыр деп те атайды) сабақтың жер асты түйінінеи түзіледі. Бұл тамыр түрлерінің екеуінін де өсімдік тіршілігінде үлкен маңызы бар. Жақсы дамыған түп және екінші тамыр жүйесінің қалыптастырған бидай өнімінің 65 проценті түп тамырлар үлесіне тиеді.

Қазақстан Республикасындағы астық өнімі (ц/га)

 

Дақылдар Қазақстан
1940 ж. 1980 ж. 1990 ж.
Дәнді дақылдар 4,3 10,8 13,4
оның ішінде күздік бидай 8,4 11,5 17,3
жаздык бидай 4,5 10,2
қара бидай 4,1 4,9 М.6
жүгері 10,5 43,0 64,4
арпа 8,8 11,5 18,8
сұлы 3,7ч 14,0 17,8
тары 2,3 4,6 13,4
қаракұмық 2,0 5,0 9,7
күріш 19„8 46,8 52,3
дәнді бұршақ дақылдары 4,5 9,9 11,1

 

Жүгері мен соргода сабақтың жер бетінде таяу орналасқаи түйінінен тірек, немесе ауа тамырлары тарайды. Олар өсімдіктердің жапырылып қалмауға төзімділігін арттырады. Дәнді дақылдардың тамырлары топыраққа 100 см және одан да тереңге бойлайды. Бірақ олардық негізгі массасы (80—90%) топырақтың жыртылатын қабатында орналасады. Тамыр жүйесі неғұрлым қуатты болса, өсімдік қоректік заттар және ылғалмен солғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде егін өнімі де жоғары болады. Дәнді дақылдардық ішінде қуатты тамыр жүйесін жүгері, қара бидай және күздік бидай қалыптастырады.

Түп және қосалқы тамырлар ұсақ тамыр талшықтарын түзеді де олар өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін және қуаңшылыққа төзімділігін күшейте түседі.

Дәнді дақылдардың сабағы — сабан, ол түйіндерден және түйін аралығынан тұрады: түйіндер дегеніміз сабақтың қалқамен ажыратылған жұмыр бөлігі, түйіндер арасындағы кесіндіні түйін аралығы деп атайды және олардың саны 5—7 (бидай, сұлы т.б.). Көптеген дәнді дақылдар сабанының іші кеуек, ал жүгері мен сорго-паренхима ткандерімен толтырылған. Сабақ барлық түйін аралықтарымен өседі. Ең әуелі төмендегі түйін аралығы өсе бастайды, одан кейін ортаңғы және жоғарғылары өседі. Сабақ жуандығы ұзына бойына біркелкі емес: ең жуан бөлігі орта шенінде, ал ең жіңішке жері — жоғары белігі. Бірқатар дәнді дақылдар (жүгері, сорго т.б.) бүйір өркендерін жер асты түйіндерінен түзеді.

Астық дақылдарының жапырағы екі бөліктен — жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысатын жерінде тілше деп аталатын жұка қабық болады. Ол жапырақ қынабының ішінде судың еніп кетуіне жол бермейді. Тілшенің жан-жағына екі жарты ай сияқты құлақша арналасқан және ол жапырақ қынабын сабаққа бекітіп ұстап тұрады. Дәнді дақылдар дамуынын, ерте кезеңінде тілше мен құлақша дақылдарды бір-бірінен ажыратуға көмектесетін жүйелі көрсеткіштер болып табылады: сұлыда тілше күшті дамыған, ал құлақшасы жоқ, арпада құлақша жақсы дамыған, бидай мен қара бидайда тілше мен құлақша әлсіз дамыған.

Дәнді дақылдардың гүл шоғыры масақ (бидай, қара бидай, арпа), сіпсебас (күріш, сұлы, тары, сорго, жүгері), собық (жүгері) және шоқгүл (қарақұмық) түрінде болады. Масақ біліктен тұады, оның кертпешінде кезектесіп екі жағынан масақшалар орын тепкең. Сіпсебас орталық білікпен бірінші, екінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтарынан тұрады да олардың ұшар басында масақшалар орналасқан. Масақша екі масақ қабықшасы (бидай мен сұлыда олар жалпақ, қара бидай мен арпада — жіңішке) мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады. Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалыңдау болады ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады; ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік болады және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.

Собық — ұзақ табиғи сұрыптау нәтижесінде түр өзгерісіне ұшыраған сіпсебас болып табылады, оның білігі борпылдақ паренхима ткандерінен тұрады және сыртындағы ұсақ ұяларда масақшалар орналасқан.

Шоқгүл (қарақұмықта) құрылысы бойынша масақ пен сілсебастан өзгеше: ол жекелеген бестік гүлдерден тұрады: гүл тажы күлгін немесе қызғылт түсті бес гүл жапырақшасынан, сегіз аталықтан, әртүрлі шамадағы үш бағаналы аналықтан тұрады. Жемісі - дән, ол ұрықтан және эндоспермнен құралған. Дән ұрығы үлкен емес және бидай, қара бидай, арпада - 1,5-5%, сұлы да - 2,0-3,5%, жүгеріде – 10-14%, дән массасының бөлігін құрайды. Дәнді дақылдар дәнінің құрамы дақыл түріне, ауа-райы жағдайына, топырақ, өсіру технологиясының дәрежесі мен сорттарға байланысты өзгереді. Дәннің химиялык құрамына қысқаша тоқталып өтейік.

Белоктар - астық дақылдарының азық-түлік және мал азықтық маңызын анықтайтын барынша бағалы бөлігі. Калориялылығы жөнінен белоктар крахмал мен қанттан асып түседі, тек қана өсімдік майынан төмен.

Дәнді астық дақылдарының ішінде белокқа бай - бидай, әсіресе қатты бидай. Халықаралық стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13,5% болуы қажет. Ал біздің елімізде өсірілетін бидайдағы мөлшері орта есеппен 13,9%, ал Солтүстік Қазақстан бидайында — 18—20%. Неғұрлым климат құрғақ және топырақта азот мөлшері мол болса, солғұрлым дәндегі белок жоғары болады. Белоктар қарапайым (протеиндер) және күрделі (протеидтер) болып ажыратылады. Қарапайым белоктар суда ерігіш (альбуминдер) және суда ерімейтін (глобулиндер, глиадиндер мен глютениндер) фракцияларға бөлінеді де соңғылары дән уызы (клейковина) деп аталады. Ол иілімді байланысқан және серпімді масса. Қамырды суда шайып крахмалды аластату арқылы алынады. Дән уызының мөлшері мен сапасына нан өнімдерінің дәмдік және нандық сапасы тәуелді. Оның ең көп мөлшері бидай дәнінде - 16-дан 50% дейін, ал қара бидайда - 3,1-9,5%, арпада – 2-19. Дән уызының мөлшері мен сапасына топырақ-климат жағдайлары, өсіру технологиясы, сорт белгілері т.б. әсер етеді.

Углеводтар немесе азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) орта есеппен дән массасының 68—81 % құрайды және олардың негізгі бөлігін крахмал алып жатыр. Эндосперм клеткаларында крахмал дәндерінің орналасу ерекшеліктеріне қарай астық ұнды немесе жылтыр (шынылы) болып келеді. Крахмал мөлшерінің өзгеруі белокқа керісінше: ол оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай арта түседі.

Дәндегі майдың мөлшері 2—6% шамсында, негізшен ұрықта жинақталады. Оның ең көп мөлшері сүлы мен жүгері ұрығында (тиісінше 6,0 және 5,3%).

Күлдің көп мөлшері қабық пен жеміс қабықшаларында. Дәнді дақылдардың күлі фосфор қышқылына бай (күлдің 50% дейін) және кальцийге барынша кедей (2,8%).

Клетчатка — дән қабықшасы мен клетка қабырғаларының негізі. Оның барынша көп мөлшері қарақұмық (13,1%), күріш (11,8%), және сұлы (11,5%) дақылдарында. Жалаңаш дәнді астықта оның мөлшері шамалы (2,2—5,2%).

Дәннің құрамына кіретін қосылыстың бірі су болып табылады. Ол химиялық, физика-химиялық және механикалық байланысқан түрде болады. Айта кету керек, сақтауға құйылған астықтың ылғалдылығы 14—15% аспағаны жөн.

Дәннің құрамына жоғары аталғандардан басқа тағы ферменттер (диастаза, амилаза, липаза т. б.) мен витаминдер (В1 В2, В6, РР, Е, А т. б.) кіреді.

Өзінің жеке дамуында — онтогенезде — дәнді дақылдар мынадай кезектесіп өтетін өсіп-даму кезеңдерінен өтеді: тұқымның енуі, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, немесе шашақтану, гүлдену және пісіп-жетілу. Барлық аталған кезеңдер Ф.М.Куперманның пікірі бойынша, үш тіршілік шағына — жастық шақ, есею және қартаю шағына бөлінеді де олар органогенездің 12 кезеңіне біріктіріледі. Органогенездің кезеңдерін білудің нәтижесінде өсімдіктердің өсіп-даму ерекшеліктерінен күні бұрын түсінік алуға болады.

Тұқымның өнуі үшін ылғал, жылу және оттегі қажет. Дәннің суды сіңіруі оның бөрту мен ұрықтың тыныс алуын күшейтеді. Ферменттердің әсерінен ерімейтін қорлық заттар еритін түрге ауысады да ұрықты қоректендіруге жұмсалады. Тұқымның бөртуі мен өнуіне абсолют құрғақ зат массасына есептетенде төмендегідей мөлшерде су (ылғал) қажет: бидайға — 50%, қара бидайға — 60-65, арпаға — 50-60, сұлыға — 60-76, жүгеріге — 37-44, тары мен соргоға — 25-38%. Суды сіңіру жылдамдығына сыртқы ортаның температурасы, топырақ ерітіндісінің концентрациясы, дәннің ірілігі, қабықтылығы және құрамы айтарлықтай әсер етеді.

Ең төменгі өну температурасы дәнді дақылдардың бірінші тобында +1-2°С, тары мен жүгеріде +8-10°С, соргода +10-12°С, күріште +11-13°С. Мұндай жылылықта олар ұзақ уақыт бойы өніп-өседі, сондықтан саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Бірінші топтың дақылдары үшін қолайлы өну температурасы +6-12°С, ал екінші топ үшін + 18-22°С. Жаппай өнуге ауаның жетімеіздігі теріс әсерін тигізеді. Өнуге органогенездің бірінші кезеңі сәйкес келеді, бұл уақытта ұрықтық жапырақшалар мен тамыршалар қарқынды өсе бастайды. Дәнді дақылдардың бірінші тобының түп тамырлары бірнешеу (бидайда 3-5, қара бидайда 4-6, сұлыда негізінен 3, арпада 5-8), ал екінші топтың дақылдары жалғыз түп тамырмен өнеді. Түп тамырлардың соңынан бүршік дами бастайды да сабақ өркені пайда болады (ұрықтық сабақ). Сабақ өркені сыртынан колеоптиле деп аталатын тыспен қапталған. Ол ескіннің топырақты жарып, жоғары шығуына жеңілдік жасайды және оны жарақаттанудан сақтайды.

Топырақ бетіне шыққаннан кейін колеоптиле өзінің өсуін тоқтатады да жарылып одан бірінші нағыз жапырақ пайда болады. Тәжірибеде мұны көктеу кезеңі деп атайды. Өсімдіктің жеке дамуында бұл органогенездің екінші кезеңіне сәйкес келеді. Бұл уақытта әсу конусы ұрықтық түйіндерге және сабақтың түйін аралықтарына дифференциацияланады, кезектесіп екінші және үшінші жапырақ түзіледі.

Үшінші жапырақ пайда болысымен өсімдіктің биіктеп өсуі саябырлайды да жер асты бөлігінің өсуі мен тамырлануы жылдамдайды. Жер асты бұтақтануы жүреді, түптену түйінінде екінші (қосалқы) тамырлар түзіледі және топырақ бетінде қосымша өркендер (сабақтар) пайда болады. Тәжірибеде бұл кезеңді түптену деп атайды. Астық тұқымдас өсімдіктердегі мұндай сапа өзгерісі органогенездің үшінші кезеңіне сәйкес келеді де гүл шоғырының білігі дифференциацияланады, масақшалардың негізі қаланады. Түптену нәтижесінде бір тұқымнан бірнеше сабақ өсіп шығады немесе бұта қалыптасады. Жалпы және өнімді түптену ажыратылады. Жалпы түптену деп бір өсімдікке келетін барлық сабақ санын атайды, ал өнімді түптену - егін жинау қарсаңындағы піскен дәні бар сабақ санын көрсетеді. Гүл шоғыры бар, бірақ дәні пісіп үлгермеген сабақтарды сабан өркен, ал гүл шоғыры жоқ сабақтарды мамық шеп деп атайды. Түптену дәрежесі дақыл мен оның биологиялық ерекшеліктеріне, топырақтың құнарлығы мен ылғалдылығына, температураға, өсіру технологиясының ерекшеліктеріне (себу мерзімі, тұқым сіңіру тереңдігіне, себу мөлшеріне т.б.) байланысты. Күздік қара бидай күздік бидайға, арпа сұлыға, сұлы жаздық бидайға қарағанда күштірек түптенеді. Күздік дәнді дақылдар жаздыққа қарағанда жақсырақ түптенеді. Түптенудің маңызы біркелкі емес. Күшті түптену әруақытта да оң құбылыс бола бермейді. Солтүстік Қазақстан жағдайында, әсіресе көктем қуаңшылықты және жаз ылғалды болғанда кейде сабан шөп күшті дамиды, басты сабақтардың дәнінің пісіп жетілген кезеңінде олар әлі дән түзіп үлгермейді. Бірақ жекелеген жылдары сабан шөп саны мен олардың дәнділігі негізгі сабақтардан гөрі анағұрлым жоғары өнім беретіндіктен олар үшін егін жинау мерзімін кешеуілдетуге тура келеді.

Жалпы алғанда дәнді дақылдар өнімін қалыптастыруда түптену негізгі фактор - өсімдік бітіктігінің жиілігінде қосымша рөл атқарады. Солтүстік Қазақстан жағдайында дәнді дақылдардың өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жаздық бидайда - 1,2-1,3; арпада - 1,5-1,6; сұлыда - 1,4-1,5; тарыда - 1,8- 2,0, күздік қара бидай мен күздік бидайда ол көрсеткіш анағұрлым жоғары (2-4). Алайда дәнді дақылдар түптенуінің биологиялық мүмкіндіктері зор. Атап айтқанда, Италия экологы Аццидің деректері бойынша Перуджи жоғары ауылшаруашылық институтының музейінде 342 масағы бар күздік бидай бұтасы сақтаулы. Дала жағдайында мұндай бұтаның пісуі өте көп энергетикалық шығынмен байланысты және мүмкін емес.

Бір өлшем егістіктегі өсімдік саны мен өнімді түптену сабақ бітіктігінің жиілігін құрайды, оның қолайлы мөлшерінен өсімдіктің тіршілік факторларының пайдалануы, олардың өсіп-жетілуі мен өнімділігі тәуелді. Қолайлы сабақ бітіктігі — бір өлшем алқаптағы сабақ саны. Ол өсімдіктердің толық қабысып қоректену алаңы мен басқа тіршілік факторларына барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде нақты жағдайда фотосинтездің жоғары өнімділігі қамтамасыз етіледі әрі ең жоғары егін өнімі жиналады. Целиноград ауылшаруашылық институтының өсімдік шаруашылығы кафедрасының (Әрінов Қ. К.) және басқа ғылыми мекемелердің деректері бойынша Қазақстаның солтүстік облыстарында бір өлшем алаңдағы (1 м2) дәнді дақылдардың орташа өнімді сабақ саны 200—350 дана.

Түптену кезеңінде жоғарыда айтылғандай, гүл шоғыры білігінің дифференциациясы жүреді және масақшалардың негізі салынады. Кейінірек ешқандай агротехникалық шаралармен масақтағы масақша санын көбейтуге болмайды. Сондықтан да өсімдіктерді түптенуге дейін қоректік заттар және ылғалмен қамтамасыз етудің маңызы зор.

Түтікке шығу кезеңі түптену соңынан басталады. Бұл кезеңде қысқа түйін аралығы ұрықтық гүл шоғыры (масақ, сіпсебас) бар ұрықтық сабақ ұзара түседі де жапырақ түтікшесінің ішімен жоғары қарай көтеріледі. Ең алдымен төменгі түйін аралығы өсіп ұзара бастайды, оның соңынан төменнен екінші, үшінші және одан кейінгілер дами бастайды. Бір мезгілде гүл шоғыры да дамиды: үшінші дәрежедегі өсу конусы салынады (органогенездің 4-ші кезеңі), соңынан жатын мен аналықтар қалыптасады (органогенездің 5-6 кезендері). Сабақтың биіктеп есуі жалғасында органогенездің 7-кезеңі өтеді; бұл кезеңде гүлдің жыныс элементтері қалыптасады. Түтіктену кезеңіндегі жағдайлар гүл шоғырының өнімділігін анықтауда үлкен маңызға ие болады. Дәнді дақылдар тіршілігінде ылғалға, қоректік заттарға, температура т.б. факторларға қоятын талаптарына сәйкес бұл кезең «қиын-қыстау» кезеңі деп есептеледі. Мұның өзі өнім мөлшерін анықтайды.

Масақтану немесе шашақтану кезеқі гүл шоғырының жоғары жапырақ қынабынан шығарумен сипатталады. Жапырақтың, сабанның қарқынды өсуі жалғасады, масақтың немесе сіпсебастың қалыптасуы аяқталады (органогенездің 8-ші кезеңі). Бұл кезеңде өсімдіктер ылғал мен қоректік заттарға жоғары талап қояды. Кезең неғұрлым ұйымшылдықпен өтсе, астық соғұрлым біркелкі піседі де сапасы жоғары болады.

Гүлдену масақтану немесе шашақтану кезеңінен соң өтеді. Арпа масақтануға дейін гүлдейді, ал қара бидай одан 8—10 күн кейін өтеді де 10 күнге дейін созылады. Бұл кезеңде жыныс органдар (аталықтар мен аналықтар) пісіп жетіледі де тозаңдануға дайын болады. Масақты астықта гүлдену масақшалардың орта бөлігінен, ал шашақты астықта — сіпсебастың жоғары бөлігінен басталады. Алғашқы қалыптасқан дәндер негізінен ірі болып келеді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақылдар өздігінен тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) және айқас тозаңданатын (жүгері, сорғо, қара бидай) деп ажыратылады.

Гүлдену кезеңін, тозаңдану мен ұрықтану құбылыстарын органогенездің 9-кезеңі қамтиды. Ыстық ауа-райы, анызақ жел, жаңбыр тозаңдануға теріс әсер етеді де босдәнділік қалыптасады.

Осы замандағы жіктеу жүйесі бойынша дәннің пісіп жетілу кезеңі бірнеше қосымша кезеңдер мен дәуірге бөлінеді. Олардың ерекшеліктері «Тұқымтану» тарауында тұжырымдалған. Тек ескерте кететін жайт, өсімдіктің өзіндік даму процесінде дәннің пісіп-жетілуі органогенездің 10-12 кезеңдерін қамтиды.


10- дәріс.

Бидай өсімдігінің маңызы, өндіруді арттыру.

1.Жоғары сапалы жұмсақ және қатты бидайларды өндіру

2. Қазақстандағы жаздық бидай өсіру ерекшеліктері

3. Егістікті күтіп-баптау және егінді жинау ерекшеліктері, алдыңғы қатарлы тәжірибелер және экономикалық тиімділігі

 

 

Бидайдың жалпы сипаттамасы. Бидайдың шыққан жері - алдыңғы Азия орталығы - қазіргі Иран, Аравия территориялары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай, тараған. Жерорта теңізі арталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шықты.

И.С.Сүлейменовтың (1973) қорытындылауынша. Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834 ж. өсіріле бастады, XIX ғасырда ол қазіргі Қостанай, Целиноград ж. б. облыстар территориясында себілген, ал XX ғасырдың басынан республикамыздың барлық жерлерінде өсірілуде.

Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн. га, екпе дақылдардың ішінде ол бірінші орын алады. Оның егіс көлемі мен жалпы түсімі бойынша біздің еліміз дүние жүзінде алдыңғылардың бірі (1988 ж. тиісінше 48,1 млн. га және 84,4 млн. т). Бидай өндірудегі ірі мемлекеттер қатарына Қытай (29,0 млн. га және 87,5 млн. т), Америка Құрама Штаттары (21,5млн. га және 49,3 млн. т жатады).