Кіріспе 5 страница

Өсімдік шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту интенсивті технологияны пайдалану жолымен іске асады. Сонымен қатар мынаны еске алған жөн: егін өнімін молайтуға бағытталған технологияның кез келген элементін қолданғанда ол ылғи нәтижелі бола бермейді, мұның өзі көбінесе өсімдіктердің неменеге мұқтаж екенін және олардың өсіп даму жағдайларын реттеу жолдарын дүрыс білмегендіктің әсері.

Өсімдіктердің өсіп-өнуін зерттеумен және өнім қүрауға қажетті қолайлы жағдайларды жасау мәселелерімен өсімдік физиологиясы, агрохимия, егіншілік, селекция, өсімдік қорғау, өсімдік шаруашылығы, метеорология т.б. ғылымдар айналысады, алайда өнім факторлар жиынтығының әсерінен қүралады және жекелеген агротехникалық шаралардың механикалық қосылысы емес, өйткені олардың ара байланысы қосындысының арифметикалық нәтижесін өзгертеді.

Өнімділікті арттырудың негізгі жолы — тығыз байланысты агротехникалық тәсілдер комплексін зерттеп дайындау және факторларды оптимизациялау деп есептеу керек.

Өнімді бағдарлау — бұл сапалы және дер кезінде іске асырғанда күні бұрын есептелген ауылшаруашылық дақылдарының сапалы да мол өнімін қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты шаралар комплексін зерттеу болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, есімдіктер мұқтажы жөніндегі білімге сүйене отырып, оларды сыртқы ортаның барлық факторларымен қолайлы дәрежеде қамтамасыз ету немесе факторларды оңтайландыру қажет.

Ауылшаруашылығында, оның ішінде өсімдік шаруашылығында өнім бағдарлауды жүргізу анағүрлым күрделі, өйткені табиғат жағдайларымен байланысты көптеген кездейсоқ, қиындықтарды болжай білу керек. Сонымен қоса есте ұстайтын жәйт, табиғи жағдайға реттелмейтін немесе нашар реттелетін сыртқы ортаның жекелеген факторларына — жарыққа, жылуға, ылғалға — тиісті агротехникалық шараларды (мысалы, себу мерзімі) қолдану арқылы бейімделуді, ал кейбір факторларды, атап айтқанда — өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз етуді, оптималды егін сабағының жиілігін жасауда, арамшөптерге және зиянкестер мен ауруларға қарсы күресті,осы жағдайға лайықты дақылдар мен сорттарды өсіруді, суару арқылы ылғалдандыруды т. б. реттеуге болады.

Өнімді бағдарлау барынша көп немесе потенциалды өнім (ПӨ), нақты мүмкін өнім (НМӨ) және өндіріс жағдайында алынатын нақты өнім (Ө) туралы түсініктерге ғылььми анықтама бере алады, Ө-ШМӨ-ПӨ арасындағы сәйкессіздік себебін және бұл көрсеткіштердің арасындағы айырмашылықты азайту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

И. С. Шатилов (1970) өнімді бағдарлаудың экологиялық, биологиялық және агротехникалық жағдайларға сүйенетін он принципін бөліп түжырымдады. Автор ұсынған принциптердің төртеуі өнім құрастыруға сыртқы орта факторларының әсерін есептеуді қарастырады.

1. Өнім дәрежесі фотосинтетикалық белсенді радиация (ФАР) келісімін және оны пайдалану коэффициентімен анықталады.

2. Биоклиматтық көрсеткіштерді еске ала отырып, нақтылы топырақ — климат жағдайларына байланысты дақылдар мен сорттардың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау.

3. Ауа райы жағдайының өзгеруіне сәйкес ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай өнім дәрежесін анықтау, ал суармалы жерлерде ылғалмен оптималды мөлшерде қамтамасыз ету керек.

4. Дақылдардың, агрофитоценоздың, ауыспалы егістегі дакылдар жиынтығының сонымен қатар аралық егістіктің потенциалды мүмкіндіктерін бағалау.

Басқа алты принцип дақыл өсірудің технологиялық схемасын қүрайды.

5. Нақтылы жағдайларда жоспарланған өнімді қамтамасыз ететін тиісті шаралар арқылы фотосинтетикалық потенциал құрастыру.

6. Бағдарлау өніммен алынатын қоректік заттарды, топырақтың тиімді құнарлылығы және топырақ пен тыңаитқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффициентін ескере отырып, тыңайтқыш жүйесін зерттеп, дамыту.

7. Белгіленген өнімді алуға мүмкіндік беретін агротехникалық шаралар кешенін зерттеп дамыту.

8. Егіншілік пен өсімдік шаруашылығының зандары мен заңдылықтарды ескеру және дұрыс пайдалану.

9. Тиісті дақылдың сау өсімдіктерін өсіру және өнімі зиян-кестер мен ауруларға шалдықпау үшін оларға қарсы нақтылы күрес 'шараларын зерттеп дайындау.

10. Өнімніқ барынша мүмкін мөлшерін қамтамасыз ететін агротехникалық шаралардың қолайлы түрін есептеп анықтау үшін электронды есептегіш машиналарды (ЭВМ) қолдану.

М. К. Каюмов (1989) сырткы орта факторлары мен өсімдіктердің өсіп-өнуіндегі үйлесімдікке негіздей отырып, өнімді бағдарлаудың жаңа принциптерін тұжырымдады, алайда белгілі бір шарттылықпен ерекшеленеді, бірак практикалық маңызы да жоқ емес. Ол принциптердің саны алтау: физиологиялық, биологиялық, агрономиялык, атрофизикалық, агрометеорологиялық, агротехникалық принциптер.

1. Өнімді бағдарлаудың физиологиялық принциптері нақты топырақ—климат жағдайында барынша мол өнім алуды қамтамасыз ететін егістіктегі жапырақ беті ауданының оптималды көрсеткіштер құруын, фото-синтетикалық потепциалды (ФП), фотосинтездің таза өнімін (ФТӨ) ескереді.

2. Өнімді бағдарлаудың биологиялық принциптері топырақтың, су, ауа және қоректік заттар режимдерін оптималдандыруға байланысты және теплицаларда, жасанды климат камераларында т. б. ойдағыдай іске асырылады. Табиғи жағдайда сорттар өніміне барынша көп әсер ететін жекелеген факторларды немесе факторлар тобын реттейді. Атап айтқанда, жылулық мелиорация, картопты қырқа жолдарына отырғызу, жүгері егістігі, импульсті суару т. б.

3. Өнімді бағдарлаудың агрохимиялық принцптері топырақтың тиімді құнарлылығын, өніммен алынатын қоректік заттарды еске ала отырып, тыңайтқыштардың экологиялы ақталған мөлшерін негіздеуді қамтиды.

Әрбір өлшем тыңайтқыштың шығын қайтарымын арттыру үшін тыңайтқыштарды топыраққа ең тиімді әдіспен (локалды, ленталы, тамыр маңы) енгізу керек, бұл жағдайда топыраққа сіңірген коректік заттардағы азоттың 85-90, фосфордың 40-45 және калийдің 90-95 процентін өсімдіктер пайдалана алады.

4. Өнімді бағдарлаудың агрофизикалық принциптері топырақтың физикалық және физикалық-химиялық (көлемдік масса, су сіңірімділік, жылу сиымдылық, меншікті кедергі, топырақ тығыздығы, ылғал сиымдылығы, топырақ кеуектілігі т. б.) қасиеттерін оптималдандыруды қамтиды. Мәселен, топырақтың ауа режімі саздақ топырақтың көлемдік массасы 1,0-1,2 г/см3 аспаса, құм және құмайт топырақтардың көлемдік массасы — 1,1-1,4 г/см3 болғанда оптималды деп есептеледі.

5. Өнімді бағдарлаудың агрометеорологиялық принциптері — бұл деген климат көрсеткіштерін тиімді пайдалану арқылы егістік өнімін негіздеу, өсіп-өну кезеңіндегі қажетті жағдайларды болжау т. б.

6. Өнімді бағдарлаудың агротехникалық принциптері дақылдардың оптималды технологиясын жасап өндіріске енгізуге негізделген, сонымен қатар нақтылы топырақ—климат жағдайлары мен сорттардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып барлық агротехникалық жұмыстар комплексін мезгілінде және сапалы жүргізуге бағытталған.

Егістіктің өнімділігін арттырудың аса маңызды міндеті — фотосинтез процесінде күн сәулесі радиациясын пайдалануды барынша арттыру, мұның өзі дақылдар мен сорттардың биологиясын, егіншілік пен өсімдік шаруашылығының негізгі заңдары мен зандылықтарын неғүрлым толығырақ ескеріп, олардың интенсивті технологиясын игергенде іске асады.

Өнім мөлшерін ФАР кірісімен анықтау.Радиация фотосинтез бен өсімдіктің су-жылу режімінің энергия көзі және оның фотоморфогенетикалық реттеушісі болып табылады. Өсімдіктің өсуі мен дамуына әсер ететін көптеген факторлардың ішінде (минералды қоректену ауадағы СО2 мелшері, су режімі, температура) күн радиациясы ең қиын реттелетін фактор. Табиғн радиацияның екі түрі ажыратылады:

— қысқа толқынды, немесе интегралды, толқын үзындығы 200—400 нм;

— ұзын толқынды, толқын ұзындығы 400-ден 4000 нм дейін. Өсімдіктердің тіршілік әрекетінде фотосиитетикалық активті радиация (ФАР) деп аталатын үзындығы 380-710 нм қысқа толқынды сәулелену барлық сәулелену спектірінің ішінде ерекше маңызды рөл атқарады. Фотосинтез процесінде өсімдіктер пайдаланатын ФАР шығу тегіне қарай мынадай түрлерге бөлі-педі:

—тура күн радиациясы — күннің көрінетін дискісінен параллель сәуле түрінде жерге түсетін күн саулесі энергиясының бір бөлігі.

—шашыранды радиация — атмосфера шашыраған және бұлттармен шағылысып көлденең жазықтыққа түскен күн радиациясының бөлігі.

—жиынтық радиация, ол 3'+Д қосындысына тең.

Тура күн радиациясын актинометрлер және пиргелиометрлер мен, ал жнынтық және шашыранды радиацияны пиранометрлермен өлшейді.

Шағылысқан радиацияиы өлшейтін аспапты альбедометр деп атайды. Осы терминологияларға сәйкес ФАР-дың тура күн радиациясын өлшейтін аспапты фитоактинометр, ал жиынтық шашыранды және шағылысқан радиацияны өлшейтін аспаптарды фитопиранометрлер деп атайды.

Фотосинтез процесі кезінде күн энергиясының бір бөлігі ғана пайдаланады. ФАР мөлшері жерге түсетін барлық күн энергиясының шамамен жартысын құрайды. Вегетация кезеңінде ФАР жиынтығы Қиыр Солтүстіктен Орта Азияға қарай шамамен 6 есе өседі (5,0—6,1-тан 31,4—37,4 млрд.

Өнімді бағдарлау үшін нақты аймақтағы күн энергиясының кірісінің жөнінде толық мәлімет болу керек, мұның өзі фотосннтездің, транспирацияның, минералды қоректенудегі элементтердің сіңірілуі мен қозғалысы және ассимиляттардың энергетикалық негізі болып табылады. Күн энергиясының кірісі өсімдіктің бүкіл өсіп-өу кезеңіндегі және топырақтың жылу, су және ауа режімдерін құрайды.

Жаздық бидайдың өсіп дамуы кезеңінде 8,4 — 10,5 млрд кДж, арпа мен ас бұршақ — 7,5 — 9,6, жүгері сүрлемі үшін — 8,8 — 10,5, көпжылдық шөптер — 13,4 — 14,7 млрд кДж энер-гия түседі.

Биологиялық массаның потенциалды өнімін ФАР мөлшері-не байланысты мына анықтамамен есептеуге болады:

 

У =

 

мұнда У— абсолют күрғақ биомассаның потенциалды мүмкін өнімі (ПМӨ);
(Г)ФАР— есіп өну кезеңіндегі фотосинтетикалық активті радиация кірісі, кДж/га;
Қ— ФАР пайдалану коэффициенті, %;
С— органикалык, заттар өнімінің бір өлшеміндегі калория саны (КДж/кг); есеп жасағанда оның шамасын 16,75 мың кДж деп алу керек.

Өнім мөлшерін есімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай анықтау. Өсімдіктердің ылғалға мұқтаждығы транспирация және су пайдалану коэффициентімен анықталады. Баланстық есептер үшін су пайдалану коэффициентінің практикалык маңызы бар, ол өсімдік трансиирациясы мен топырақ бетінде буланудан болатын жиынды ылғал шығынымен анықталады. Жағдайға қарай транспирация шығыны ылғалдың жалпы жиынды шығынының 20—50 процентін қамтиды немесе өнімсіз жоға-латын ылғалдын, мөлшері 50—80 процентке жетеді.

Су пайдалану коэффциентін (Кс) мына анықтама бойынша

есептеуге болады:

Қс  
мұнда Жс — жиынды су пайдалану (ым/га, м3/га)
Өқз — кұрғақ заттар өнімі (ц/га).

 

Оңтүстік Қазақстан аудандары ылғалмен нашар қамтамасыз етілуімен сипатталады: мұнда орташа көп жылдық мөлшері жылына 450—730 мм-ден аспайды және жаздағы булану коэффицент тым жоғары. Сондықтан бұл аймақта барлық факторлардың ішінде ылғал бірінші минимумда тұрады, сайып келгенде, потенциалды өнім мөлшерінің мүмкіндігін анықтайды, ал өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз ететін шаралар мен оларды реттеу маңызды проблемалардың бірі болып табылады.

Ылғал мен қамтамасыз етілуіне қарай мүмкін өнім дәрежесін есептеу, яғни, бірінші минимумда тұрған фактор бойынша, өсмдіктердің басқа факторлармен қамтамасыз етілуіне, мәселен қюректік заттармен, жоспарлауға мүмшндік береді.

Суармалы егістерде үсылылған тәсіл жоспарланған өнімге сәйкес еуландыру нормасын есеитеп шығаруға мүмкіндік береді.

Суландыру жағдайында (жоспарланған) программаланған өншдегі жиынтық су пайдалануды мыңа анықтамамен есептеуге бол-ады: Сж=Өж-Кс,

мұнда Сж — жиынтық су пайдалану, м3/га;

Өж — жоспарланған күрғақ зат өңімі, ц/га;

І\с — су иай-далаиу коэффициенті, ,м3/

Дақылдарды суландыру жағдайында өсіргенде дақылдң, сорттың потенциалды мүмкіндігін ескере отырып, өнімнің мүмкін дәрежесін негізге алу қажет жэне су пайдалану козффициентін пайдаланып, өнімге қажетті ылғалды есептеп шығару керек, ал суды топырақ ылғалдылығы ең аз су сиымдылығының 75— 80% болатындай етіп жіберген жөн.

Өнімді бағдарлаудың агрохимиялық негіздері.Топырақтың құнарлылығын есепке ала отырып тыңайтқыш жүйесін зерттеу өнімді бағдарлаудың негізгі принциптерінің бірі.

Берілген дәрежедегі өнімді алу мен тыңайтқыштың қолайлы (оптимальды) нормасын негіздерде мына мәселелерді ескерген жөн:

1. Бағдарланған өнім дәрежесін алу үшін өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет.

2. Топырақ қүнарлылығын тиімді сақтау және оны одан әрі қарай молайтуды қамтамасыз ету қажет.

3. Жер асты сулары мен сулы жерлерді тыцайтқышпен ластанбауын және сыртқы ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек.

Қазіргі уақытта тыңайтқыш нормасын есептеудің екі негізгі бағыты бар. Бірінші бағыт нақтылы аймақтың топырақ жағдайларына жүргізілген далалық тәжірибелердің нәтижелеріне негізделеді.

Тыңайтқыш нормасын есептеудін, екінші бағыты бағдарланған өнім дәржесіне қажетті қоректік заттарға мұктаждықты анықтаудан туады. Бұл жағдайда топырақтағы сіңімді қоректік заттардың (азоттың, фосфордың, калийдің) мөлшері, оларды топырақ пен тыңайтқыштан пайдалану коэффициенттері, негізгі және қосалқы өнімнің химиялық құрамы (азот, фосфор және калийдің мөлшері) анықталады, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың, сабақ және тамыр қалдықтарының соңғы әсері ескерілуі қажет.

М. К. Каюмов шартты түрде мына белғілері бойынша 4 топқа белді.

1. Тыцайтқыш нормасын бағдарланған өнімнің топырақтың тиімді құнарлылығымен оған енгізілген түктерден алынатын қоректік заттарды есептеп анықтау.

2. Тыңайтқыш мөлшерін бағдарланған қосымша өнімге қарап есептеу, тыңайтылмаған жағдайдағы өнім мөлшері белгілі болғанда, қысқасы тек қана топырақтың тиімді қүнарлылығының есебінен алынатын потенциалды мүмкін өнім мөлшерін ескеріп есептеу.

3. Тыңайтқыш нормасын бірінші және екінші топтың көрсеткіштеріне сүйеніп анықтау, бірақ топырақ қүнарлылығының одан әрі артуы ескеріледі.

4. Тыңайтқыш нормасын толырақтың балдық бағасына қарап, белгілі бір дақылдың бір баллға тиесілі өнімін және тыңайтқыштан болатын мүмкін қосымша өнімді ескере отырьш анықтау.

Есептеуді Бүкілодақтық тыңайтқыш және агрохимия институт анықтамасымен, бірақ М. Қ. Қаюмов ұсынған модификациямен жүргізуіге болады: Нқ=(Өқ-Шқ—Қэ-Км-Ктк) : Қтш,

Мұнда, Нқ — берілген өнімге есептелген қоректік заттардың нормасы, кг/га; Өқ — бағдарланған құрғақ зат өнімінің дәрежесі, ц/га;

Шқ — 1 ц негізгі және тиісінше қосалқы өніммен шығарылатын қоректік заттар, кг;

Қә — топырақтағы қоректік элементтер мөлшері, мг/кг;

К'м — мг/100 г қор-ектік заттарды есептелген топырақ қабатына кг/га аудару коэффициенті;

Ктк және Ктш — тиісінше топырақ және тыңайтқыштан қорекік заттарды пайдалану коэффиценттері, %.

Жоғарыда ұсьшған анықтаманы пайдаланьш, тыңайтқыш нормасын кг мөлшерінде әсер етуші заттың 1 га есептеуге болады, одан әрі түктің мөлшеріне айналдырып ц/га түріне келтіруге болады.

Әрбір центнер өніммен шығарылатын қоректік заттарды біле отырып бағдарланған өніммен жалпы шығарылатын қоректік заттарды біле отырып, жоспарланған өніммен жалпы шығары-латын азоттың, фосфордың, калийдің мөлшерін есептеп шығаруға болады.

Егіншілік пен өсімдік шаруашылығының негізгі заңдарын есепке алу және дұрыс пайдалану. Бағдарланған өнімдерді алуды қамтамасыз ететін агротехникалық шаралар жүйесін жасарда егіншілік пен өсімдік шаруашылығының негізгі заңдарын басшылыққа алу қажет. Ең маңызды заңдар қатарына, өсімдік тіршілігіндегі тепе-теңдік және ауыстыруға болмайтын факторлары заңы, минимум заңы, өсімдік тіршілігін өзара шартты жиынтық заңы мен өз алдына оқшауланбаған факторлары әсері т. б. заңдар жатады.

Ауылшаруашылық дақылдары өнімнің прогрессивті өсуін қамтамасыз еткіміз келсе, ең алдымен қоректік заттардың қайтарым занын сақтай білуіміз керек. Осыған сәйкес жыл сайын немесе дүркін-дүркін ауылшаруашылық дақылдарының өнімімен шығарылатын қоректік заттарды пайдалану коэффициенттерін еекере отырып топыраққа артығымен қайтару қажет. Ауыспалы егіс жүйесінде органикалық және минералдық тыңайтқышты пайдаланбаса дәнді дақылдар мен картоп егістігі орналасқан топырақта азоттың, фосфордың және калиидің теріс балансы қалыптасады.

Ю. Либихтың тұжырымдауында қоректену элементтері үшін минимум заны көрсеткендей, әрбір танапта бір, немесе бірнеше заттар максимум мөлшерде болады, алынатын өнім қоректік заттардың тек минималды шамасына байланысты.

Кейінрек Г. Гельригель, Ю. Сакс, Э. Вольни жургізген тәжірибелерінде минимум заңы өсімдік тіршілігіне қажетті барлық факторларға — суға, жылуға, жарыкқа және коректік заттар-ға — бірдей тарайтындығы көрсетілді.

Органикалық және минералдық тыңайтқышты кеңінен қолданғанда және агротехникалық шаралар жүйесін жоспарлағанда максимум шамадағы фактордың шектелуі әсерін есепке алу керек, бұл жағдайда қолайлы қажетсінуден артық болғанда факұ-тордың өнімнің өсуін тежейтінін ескерген жөн. Бұл заңның көрінісін топыраққа тыңайтқышты ешқандай негізсіз, оның құрамы мен ондағы қоректік заттарды және өніммен шығарылатын олардың шамасын есепке алмай енгізгенде, жиі байқауға болады. Суармалы жерлерде суару режимін бұзғанда және өсімдіктің қиын-қыстау кезеңін ескермегенде максимум заңы көрініс табады.

Есептелген тыңайтқыш және суару нормаларын өсмдіктерден бұл факторларға мұқтаждығын ескере отырып қолданғанда топырақта бұл факторларды оптималдандыруға немесе оптимум заңын сақтауға мүмкіндік туады.

Факторларды оптималдандыру басқа заңды тұқымды алмастырып отыру тыңайтқыштарды дақылдарға қарай тиімді бөлуге, арамшөпке қарсы күрес және топырақ өңдеу жүйесін тиімді өткізуге жағдай жасайды. Әртүрлі биологиялық топқа жататын дақылдарды жыл сайын ауыстырып отыру өнімнің артуына жәрдемдеседі.

Өнімнің прогрессивті түрде өсуіне әсер ететін басқа да факторлар бар. Солардың бірі ретінде төменгі сапалы тұқым материалын атаған жөн, ондай тұқым себілген егістікте егін сабағы сирек, арамшөппен ластануы жоғары болады да өнімді төмендетуге әкеліп соғады.

Өнімді арттыру жолында тағы бір фактор — өсімдік шаруашылығының биологиялық заңы өсімдік тіршілігінде белгілі бір факторға қиын-қыстау кезеңінің барлығы және сол жетіспейтін факторды тиісті агротехникалық шараларды қолдану арқылы қамтамсыз ету болып табылады.

Бұл заңды суармалы жерлерде суаруды жоспарлағанда және суарғанда, сонымен бірге минералдық тыңайтқышпен үстеп қоректендіргенде ескеру қажет.

Барлық екпе дақылдарда егін көгі шыққаннан кейін дақылдардың фосфорға қиын-кыстау кезеңі туады, ал бұл кезеңде өсімдікке фосфордын, жетімсіздігі («ашығуы») келешектегі өнімді азайтады және кейінгі кезеңдеріндегі фосформен қоректенуді жақсарту жағдайды түзей алмайды.

Дәнді дақылдарда органогенездің үшінші-төртінші кезеңінде азотқа қиын-қыстау кезең туады, ал азоттың жетіспеушілігі ұрықтық масақ, немесе шашақ масақшалары төмпешіктерінің қалыптасуына кедергі жасайды, кейіннен азотты қоректенуді жақсарту бұл теріс әсерлерді түзей алмайды.

Барлық дақылдарда ылғалға байланысты қиын-қыстау кезеңі болады, әртүрлі дақылдарда бұл әртүрлі кезеңдерде болады, мысалы, сұлы құрғақшылыққа шашақтануына 10—15 күн қалғанда ұрынса оның өнімі төмендейді. Дәнді бұршақ дақылдарда ылғалға байланысты қиын-қыстау кезеңі біршама ұзақ жәз-не бүрлену-гүлдену кезеңіне дәл келеді. Мәселе мынада: агротехникалық шаралармен өсімдіктердің қиын-қыстау кезеңінде оларды қоректену элементтерімен, ылғалмен қамтамасыз етуді жақсартып жоғарыда аталған қолайсыз жағдайдың теріс әсерін мүмкіндігінше азайту керек.

8-9 дәріс.

Астық дақылдары

1. Күздік және жаздық дақылдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

2. Жаздық астық дақылдарын өсіру технологиясы мен егінді жинау ерекшеліктері. Озық тәжірибелер

3.Күздік дақылдардың күзде және көктемде даму ерекшеліктері, оларды өсіру технологиясы.

Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы. Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық қоры болып табылады. Астық - жер шарындағы халықтың негізгі азық-түлігі. Сонымен қатар, дәнді дақылдар — өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (сыра қайнату, спирт өндіру және т. б.).