Мутанттарды алу 9 страница

Симбиотикалық – Rhizobium туысының бактериялары тамыр түйнегінде болады молекулярлы азоттың биологиялық функциясын фиксациялайды. Түйнек бактериялары бірқатар көмірсуларды сіңіре алады. Мұнда кейбір бактериялар қышқылдар түзеді. Олардың клеткасында фосфатаза ферменті бар. Сол арқылы олар фосфорды оның минерал және органикалық қосылыстарын сіңіре алады. Түйнек бактерияларының тіршілік ортасында витаминдер, түрлі өсуді қолдаушы заттар мол болғанда жақсы өніп өседі.

Азот сіңіру үшін микроорганизмге біраз мөлшерде энергия қажет. Ол АҮФ ретінде клеткада жиналады. Түйнек бактериялары азот сіңіру барысында «биологиялық отын» ретінде фотосинтез кезінде өсімдіктер клеткасында жиналатын энергияны қолданады.Молекула күйіндегі азотты топыраққа қайтарудың, биологиялық жолынан басқа техникалық жолы да бар. Бұл химиялық реакциялардың көмегімен жүреді. Оны арнаулы зауыттарда жүргізеді. Биологиялық жолмен азотты сіңіруде ген инженериясының көмегі мол.

Азотфиксирлеуші бактерия препараттарының қасиеттері. Топырақтан астықпен бірге азот әкетіледі және тек бұршақ тұқымдас культуралары топырақты азотпен байытады. Азот көзі — атмосфера, оларды сіңіруге түйнек бактериялары көмектеседі. Қазіргі кезде прокариотты азотфиксирлеуші микроорганизмнің көпшілігі белгілі.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түбіндегі түйнектерді түзетін азотфиксирлеуші бактериялар Rhizobium және Bradyrhizobium туысына жатады. Түрінің аттары түбінде орналасқан түйнек түзуші өсімдіктің тегіне қарай сай келеді: Lupini (люпин), trifolli (жоңыршқа) және тағы басқалары.

Түйнек препараттары активті жағдайда ғана эффективті. Ол үшін культура көмірсулармен қамтамасыз етілуі керек, қолайлы температура мен газ алмасуда өсуі қажет. Бұл шарт субстрат тасымалдағыш дұрыс таңдалған жағдайда ғана орындалады. Ең тиімді шикізат болып торф: оның меншікті ауданы жоғарғы (шамамен 300м2/г) микрорганизмдердің үлкен көлемін егуге болады және оңай табылады, экономика жағынан арзан болып келеді. Кемшілігі - стандартты емес, кейбір сынамада - бактерия үшін улы зат.Өндірісте түйнек бактерияларының торф препараты "Ризоторфин" шығарылады. Өндіріс келесі бірнеше сатылардан тұрады.

1. Түйнек бактериясының культурасын өсіру және сақтау

2. Сұйық культурасын (инокульята) алу

3. Торфты дайындау

4. Залалсыздау

5. Препаратты сақтау және инокуляциялау

6. Өндірісті бақылау

44 сурет- Ризоторфин өндірісінің сызба нұсқасы

1-касяк(қисық пробирка); 2-колба; 3-егіс материалына арналған ферментер; 4-жұмысшы ферментер; 5-торф; 6-ұнтақтағыш; 7-буып түюге арналған аппарат; 8-гамма залалсыздағыш камера; 9- өсіруге арналған инокулят;10-араластырғыш; 11-термо қойма.

 

Түйнек бактерияларының (ТБ) препараттарын қолдану. Ең кең тараған әдіс - егу алдында тұқымды түйнек бактерияларының (ТБ) препараттарымен өңдеу. Ол үшін дәнді тұқымды 2-2,5% су қосып ылғалдайды, "Ризоторфин" препартын қосады және жақсылап араластырады. Кез-келген бұршақ тұқымының гектарлы нормасына ризоторфиннің шығыны 200 гр. Түрлі аймақтарда бұршақ тұқымдас культураларын бөлу кезінде ризоторфинді кеңінен қолдану нәтижесі оның жоғары биологиялық және тұрмыстық эффективтігін көрсетеді.

 

Жәндіктерге қарсы вирусты және микробты препараттар

Бактериялар-ең үлкен облиготты және факультативті энтомопатогенді кеңінен таралған топ.

Ең перспективтісі – Bacillus thuringiensis шамамен жиырмасы оның энтомопатогенді ерекшелігімен сериялы типі зерттелді. Көптеген қоректік ортада спора түзіп, оңай көбейеді және өсуі аяқталғаннан кейін қос споралы телокристалды эндотоксин түзіледі, жәндіктерді жоятын негізгі құрал болып саналады.

Энтобактерин – 30 мл/г мөлшердегі спораларда эндотоксиннің сондай мөлшерде кристалдары және толықтырғыштары бар. Қанатты ұшатын жәндіктерге қарсы қолданылады: капустаның, алманың, жібек құртына және т.б.

Ішегіне әсер ететін препарат: эндотоксин әсерінен жәндікті интоксикация тудырады және параличті болдырады, содан соң споралары өседі, сепсис басталады және жәндіктер өледі. Энтобактерин адамға және жануарға улы емес, тұттың жібек құртына қауіпті.

Дендробациллинді – сібірдің жібек құртынан орман ағашын қорғау үшін қолданады. Bac.Thuringinsis dendrolimus негізі препараты сібірдің жібек тоқитын құртының гусеницасынан бөліп алынады. Ол көптеген жәндіктерге улы болып келеді: ақ көбелек, көбелек және т.б.

Энтобактерин сияқты оны 2-5 кг/га қатынастағы мөлшерде 18-32°C температурада суспензия дайындап бүрку арқылы қолданады.

Битоксибациллин – бациллалардың әртүрлілігі, ол эндотоксинді продуцирлейді және β-экзотоксин термостабильді қолдану аумағы кеңеюде, картоптың колород қоңызына, мақтаның, бақшаның ақ көбелегіне, күйе көбелекке және т.б. қолданылады.

БИП – биологиялық инсектицидті препараттар Bac.thuringingiesis darmstadiensis, Гомелин, Лепидоцид, Дипел (АҚШ) Бактеспеин (Франция). Бактокулицид – Bac.Тhuringiensis Н14 – улы, бұл бактерия улы массаның ұрығын жою үшін қажет, бірақ басқа су қоймасындағы аумақта ұшатындарға улы емес. Қабылдау мөлшері – 0,5-30 кг/га дейін, ұрығының жойылуы 2-3 тәулік, үлкен масалар препаратты сезбейді.

Импортты – текнар (Швейцария), бактимос (Франция), вектобак (АҚШ), москитур (Чехия).

Басқа Bacillus болашағы мол болып келеді: B. popillае қоңызға қарсы күресуге, B.lentimorbus, B.sphercus – масаға қарсы күресуге қолданылады, бірақ штамдары тұрақталған жоқ және препарат әзірше өңделуде.

Гомелин – препараты Bac.thuringiensis var. thuringiensis негізінде жасалған және ағаш өсімдігіне зиянды жәндіктерге қарсы қайың, емен және т.б. қолданылады. Ауыл шаруашылық культураларының зиянкестеріне қарсы қолдануда тиімді әсер етеді.

Ағаш өсімдігіне гомелин препаратын қабылдау мөлшері 1-3 кг/га болады, препараттың концентрациясына байланысты және зиянкестің түріне байланысты болады. Кейбір жағдайларда жәндіктердің резистенттілігін бәсеңдету үшін иммунодепрессантты димилинмен қоспа препараты қолданылады.

Лепидоцид – препарат өзінің құрамы бойынша шет елдің дипелімен тура сәйкес бірдей болып келеді. Оның негізінде Bac.thuringiensis var.kurstаki болып келеді.Концентрленген ұнтақ түрінде 100 млрд/т спораны титрмен өндіреді және осындай мөлшерде кристалл түрінде өндіреді. Бақша өнімін және жабайы ағаш өсімдігін жәндіктерден (күйе көбелек) қорғау үшін қолданылады. Қолдану шарты алдынғы препараттар сияқты, ерітіндіні жасап алып өсімдікке бүрку арқылы қолданады. Препараттың шығыны - 0,5-2,0 кг/га болады, қолданылу шартына байланысты.

Бактокулицид – 1977ж. су қоймасындағы бактериядан алынған, Bac. thuringiensis тобына жатады. Оған 14 серия типі тағайындалған. Ол Bac. thuringiensis Н14 деп аталады. Бұл бактерия кристалл түріндегі эндотоксинді продуцирлейді, оның ерекше қасиеті бар. Токсиннің улылығы масаға, күйе көбелекке жоғары әсер етеді, бірақ басқа жәндіктерге және су қоймасындағы гидробионтке улы әсері жоқ. Бактерияның бұл қасиетіне дүние жүзінің ғалымдары және әсіресе дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы көңіл бөлуде. Масалар және бүргелер адамның және жануардың инфекциясын тасымалдағыш болып келеді.

Дипел – шет елдерде кеңінен қолданылатын бактериялы препарат, Bac.thuringiensis var. kurstaki негізінде АҚШ-та шығарылады. Ылғалданған ұнтақ түрінде алынады, сұйық концентраттың активтілігі 16000 МЕА/мг1 түйіршік түрінде және басқа формада болады. Біздің елімізде бау-бақшаға техникалық культураға, ағаша өсімдігінің жемісіне қарсы зиянкестерге күйе көбелекке және т.б. сияқтыларға қолдану ұсынылған және тіркелген. Дипел препаратын қолдану мөлшері қолдану жағдайына байланысты 0,5-тен 2 кг/га дейін болады.

Бактоспеин – шет елдің екінші препараты Француз зерттеушілері ұсынған ұнтақ түйіршік, паста тәрізді формада алынады, Bac. thuringiensis var. thuringiensis негізінде құрылады. Препарат РФ қолданылған, тіркелген капустаның күйе көбелегіне қолдану мөлшері 0,4 кг/га болады екен. Өсіруші фирма америкалық көбелекке, жібек тоқитын құртқа қарсы қолдану нормасының шығыны 0,4-1,4 кг/га ұсынылған.

 

Кеміргіштерге қарсы микробтық препараттар

Кеміргіштердің қатарына көп санды және жануарлардың сүт қоректілер класына жататын ең зиянды түрі жатады. Біздің елімізде кеміргіштердің шамамен 140 түрі бар, олардың көбісі экономика жағынан тиімсіз немесе санитарлық зиян келтіретіндер. Кеміргіштерге қарсы күрес бұрыннан жүргізіледі. Олармен күресуге жоюға қарсы қабылдаудың әр түрлі қолданылатын шаралары ұсынылған: механикалық ( ініне тұзақ құру, тұзақты қолдану), физикалық (суға еріту, көму, ура қазу), химиялық (уландырып өлтіру үшін уды қолдану, суға қосатын, бөлмені газдау немесе пудралау және т.б.), биологиялық (итке, мысыққа, жыртқыш құсқа патогенді қолдану). Кеміргіштерге микроорганизмге арналған патогенді қолдану – осы мақсатта бірқатар микроорганизмдер ұсынылды, ең кеңінен таралған сальмонелла тобынан табылған бактерия кеңінен қолданылды.Ол Исаченко бактериясы деп аталатын (Salmonella enteritidis var. issatschenko), 1897ж. қарапайым өлген сұр егеуқұйрықтан бөліп алған.

Salmonella тұқымына Enterobactreriaccac туысына жатады, таяқша тәріздімен қосылатын грам теріс, көбінесе қозғалғыш (жгутикі бар) гетеротрофты бактерия болады. Осылардың көбісі аэробты жағдайда емес анаэробты жағдайда өседі. Осы туыстың өнімдерінің бірқатары соның ішінде сальмонелла адам баласына және жануарларға патогенді болып саналады. Сальмонелланың кездесетін негізгі орны сүт қоректілердің ас қорытатын тракт саналады.

Біздің елде кеміргішпен күресу үшін Salmonella enteritidis var. іssatschenko кеңінен қолданылады.Осы бактерияның негізінде көптеген ветеринарлық – бактериологиялық лаборатория және биологиялық лаборатория станцияларында өсімдікті қорғау үшін бактороденцидті препаратты дайындайды, жылына қолданылатын ауданы 3-4 млн.га және 20 млн. м2 құрылыс ауданын құрайды.

Бактороденцид екі формада дайындалады дәнде (бидай, арпа, сұлы дәніне)және аминокостты (сүйекте ұнтағына себу). Дәнді бактороденцид бірінші орында егістікті кеміргіш түрінен қорғу үшін қолданылады: тышқан (үй тышқаны, тоғай тышқаны, ) ат жалман және т.б.

Аминосүйек бактороденцид приманочка өніммен қолданылды: құрылыс жүріп жатқан жерлерде жүретіндерге тышқанды, егеуқұйрықты жою үшін қолданылады.

Контагиозность сальмонелла барынша анық зерттелген. Бірақта зерттеулердің нәтижелері ұзақ уақыт қарама қарсы болып саналды, бұл деген тәжірибе жағдайы және бақылауы түсіндіріледі. Исаченко бактериясы ауру кеміргіштен сау кеміргішке беріледі деп анықтады, қазіргі кезде жеткілікті нақты шешілген.

Кеміргіштің табиғи иммунитеті сальмонеллаға әртүрі түрлерге түрліше. Ол күшті әсер етеді, ірі түріне (егеу құйрық, атжалман, сары шұнақ және т.б.) майда түріне – тышқан иммуны екі есе төмен. Бактерияның қатаң ерекшелігі болған, демек патогенді. Ол адамға үй және жабайы жануарларға қауіпті: жылқы, ірі қара мал, шошқа, тауық, үйрек, қаз, ит, мысық.

 

Тест сұрақтар

 

1.Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау әдісіне жатпайды:

А) сәулелендіруді қолдану;

Б) химиялық-пестицидтер;

В) жыртқыштарды қолдану;

Д) энтомофагтарды қолдану;

Е) дұрыс жауабы жоқ;

2.Өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын микробты препараттарға қойылатын талаптарға жатпайды:

А) сақтау мерзімі бір ай;

Б) селективтілігі;

В) жоғарғы эффектілігі;

Д) адам үшін қауіпсіз,флоралар;

Е) қолдануға қолайлы;

3. Энтобактерин – бұл:

А) өсімдіктердің өсуіне зиян келтіретіндерге қарсы препараттар;

В) грипп қоздырғыштарына қарсы препараттар;

С) тиф қоздырғыштарына қарсы препараттар;

Д) иммунитетті күшейтетін препараттер;

Е) массаларға қарсы препараттар;

4. Ауылшаруашылық биотехнологиясының қолдану аумағына жатпайды:

А) минералды тыңайтқышты қолдану;

В) ауылшаруашылық культурасын жақсартудың жаңа әдісі;

С) азотты биологиялық фиксациялау әдісін қолдану;

Д) бактериялы препарат алу;

Е) малдарға жем алу;

5. Автоклав –бұл аппарат, материалды залалсыздауды жүргізеді:

А) жоғары температура және артық қысымда;

В) бөлме температурасы мен артық қысымда;

С) УФ сәулесі мен артық қысымда химиялық реактивте;

Д) рентген сәулесі мен артық қысымда;

Е)рентген сәулелену әрекеті астында және артық қысымда;

6. Культуральды сұйықтықтан өнімді бөліп алу:

А) Биомассадан қарағанда, оңай;

В) Биомассадан қарағанда, ауыр;

С) Өте оңай;

Д) Өте ауыр;

Е) Мүмкін емес;

 

 

ІІІ МОДУЛЬ. ОРГАНИКАЛЫҚ ҚЫШҚЫЛДАРДЫ ЖӘНЕ БЕЙТАРАП ӨНІМДЕРДІ АЛУ

9-сабақ. Органикалық қышқылдарды алу

Сабақ жүргізу формасы:Проблемалық

 

Проблема:Биотехнологиялық жолмен ерітінділерді және

органикалыққышқылдарды алу қандай жағдай да экономика

жағынан ақталады.

Жоспары:

1.Органикалық қышқыл өндірісі

2.Сірке қышқылы өндірісі

3. Лимон қышқылы өндірісі

4. Сүт қышқылы өндірісі

5. Спирт ашу процесі

6.Еріткіштердің биотехнологиялық өндірісі

7 Органикалық заттардың трансформациясы

 

Органикалық қышқылдар өндірісі

Микробиологиялық синтездеу жолымен әртүрлі органикалық қышқылдарды алуға болады – сірке, сүт, лимон, янтар, глюкон және тағы басқа қышқылдарды. Олар фармацивтика, химия, текстиль және тағы басқа өндіріс салаларында кеңінен қолданылады. Шамамен 50-ден астам органикалық қышқылдар микробиологиялық синтез әдісімен алынған. Қазіргі уақытта биотехнологиялық әдіспен алу жеке-жеке өңдеген. Микробиологиялық синтез нәтижесінде алынған органикалық қышқылдарды жасанды қышқылмен салыстырғанда адам баласының қажетіне қолдануға қолайлы деп саналады.

Органикалық қышқылдардың химиялық жолмен алынғаны техникалық қажеттілікке қолданылады, ал фармацивтика, тамақ өндірісінде қолданылатындар микробиологиялық процеспен алынады. Химиялық синтездеумен емес микробиологиялық синтездеу жолымен алынған лимон, сірке, сүт қышқылдары толығымен кеңінен дәстүрлі түрлі қолданылады. Көптеген органикалық қышқыл өндірісінің көміртегі бойынша экономикалық коэффиценті 90 % және оданда жоғары болады. Бұл қышқылдар микроорганизм продуценті ретінде бактерияларды, ашытқы және саңырауқұлақ культурасы (Lactobacillus, Arthrobacter, Alcaligenes, Candida, Aspergillus, Penicillium, Trichoderma) қолданылады.

Сірке, лимон қышқылын продуцирлеуші микроорганизмдер аэробты болып келеді. Сүтқышқылын анаэробты микроорганизм продуцирлейді. Микроорганизмдер қышқылдарды бөгде микробтардан қорғаушы зат ретінде синтездейді. Сондай-ақ көміртегі көзі ретінде де қолданылады.

Сірке қышқылы өндірісі

Сірке қышқылы СН 3СООН - өткір иісті, түссіз сұйықтық тауарлы формасы бойынша тамақта кеңінен қолданылатын сірке қышқылы 5-9 % сулы ерітіндіде болады. Біздің ғасырымызға дейін сірке қышқылы ашыған шарап түрінде белгілі болған, 1868 ж. Луи Пастер Acetobacter oxidans, Acetobacte .aceti, Acetobacter xylinum және бактериямен сірке қышқылдың ашуының физиологиялық табиғатын тағайындады.

Сірке эссенциясы (70-80%), сусыз немесе мұзды сірке қышқылын (98-99%) құрайды. Сірке қышқылды бактерия Acetobacter туысы этил спиртін сірке қышқылына дейін тотықтырып қоймайды, оны көмірқышқыл газы мен суға дейін тотықтыра алады. Этил спиртін тотықтыру реакциясында алкогольоксидаза ферменті катализдейді. Реакцияның теңдеуін келесі түрде көрсетуге болады.

СН3 СН2 ОН + О2 СН 3 СООН+Н2О+490 кДж.

 

 

 


45 сурет-Сірке қышқылы өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы

 

Өндірістік жағдайда сірке қышқылын алу микробиологияның синтез жолымен үздіксіз әдіспен, сірке қашқылды Acetobacter oxidans бактериясын түптік культивирлеу әдісімен батарея типті тізбектеле қосылған ферментерде жүргізеді.

Сірке қышқылды өндірісінің технологиялық процесіне негізгі келесі сатылар кіреді:

1. егіс материалын алу;

2. шикізатты дайындау;

3. ферментация;

4. түссіздендіру және дайын өнімді құю ,буып түю.

Өндірісте сірке қышқылын екі түрлі бактериялар продуцирлейді: Bacterium Schutzenbachii (Шутзенбачи бактерум) және Bacterium curvum (Сурвум бактериумі).

Егіс материалын лабораториялық жағдайда алады. Сірке қышқылының бактериясы сұйық қоректік ортада колбада шайқағышта өсіріледі, сосын сыйымдылығы 30л лабораториялық ферментерлерге өсіруге жібереді.

Сірке қышқылын алуда шикізат ретінде этил спирті немесе ректификат немесе сивуш майынан тазартылған шикізат қолданылады.Сірке қышқылды бактерияның өмір сүретін ортасының қышқылдығына байланысты, қолайлы мәні рН 3,0-3,2 аралығында бактерия дамиды. Қоректік ортадағы этил спирті мен сірке қышқылының концентрациясы микроорганизмнің өмір сүруіне әсер етеді. Қышқылдың концентрациясы 10% болып саналады, спиртің концентрациясы Шутзенбачи бактериясы үшін 6-7% ал Сурвум бактериясы үшін 9-14% болып келеді. Ферментация процесі батареяларда жүргізіледі. Тізбектеле ораласқан бес батарея типті ферментерден тұрады. Әр бір аппарат араластырғышпен, барбатермен және жылу алмастырғыш жыланшамен жабдықталған. Бірінші ферментерге егіс материалы салынады және оған үздіксіз қоректік орта беріліп отырады, сол жердегі жалпы қосынды концентрациясы этил спиртімен сірке қышқылының 6,4-6,7% құрайды, сондай-ақ залалсыздалған ауа беріледі. Бұл кезде сірке қышқылды бактериясының тез көбеюіне қолайлы жағдай туады. Бірінші ферментер сірке қышқылды бактерияның генераторы болады, келесілері барлық аппарат үшін саналады: құрамындағы спирт, сірке қышқылды бактериясының әсерінен тотығады. Спирттің қажет концентрациясын ұстау үшін екінші, үшінші, төртінші аппараттарға 40% этил спиртін қосады. Температурасы және қарқынды аэрациялау процесі ферментерден ферментерге төмендейді: егер бірінші аппараттың температурасы 28оС болса, ал аэрациялау 0,35-0,40 м3/(м3.мин) болады, ал соңғы аппарат 25оС температурада және аэрациялау 0,1-0,15 м3/(м3.мин) болады. Сірке қышқылының концентрациясы 9% төмен болмауы керек және 9,3 % жоғары болмауы керек, осындай концентрацияда культуральды сұйықтық бес ферментерден шығарылады.100л сусыз этил спирттен 75-90 кг сірке қышқылы алынады. Сірке қышқылын түссіздендіру үшін бентоит және азырақ мөлшерде лимон қышқылы қосылады. Сірке қышқылының түссізденген ерітіндісін араластырғаннан кейін фильтр-преске береді. 9% сірке қышқылды фильтрат (тамаққа қолданылатын сірке) жинағышқа, одан әрмен қарай дайын өнімді ыдыстарға құюға жіберіледі.

 

Лимон қышқылы өндірісі

Лимон қышқылын алғаш рет өндірістік масштабта цитрусты өнімдерінен алынған, ол алынған лимон қышқылы 7-9 % -і ғана құрады.

Лимон қышқылы С6Н8О7 үш негізді оксиқышқыл болып саналады:

Сулы ерітіндіден бір молекулалы сумен түссіз түрде мөлдір кристалл ромбитті формада кристаллизациялайды.

Лимон қышқылы тамақ, химия, тоқыма өндірісінде кеңінен қолданылады. Әлемде лимон қышқылын 400 мың тонна/жылына өндіреді екен. Лимон қышқылы ауыл шаруашылығында қолданады. Лимон қышқылы өндірісін үлкен масштабта өндіру мүмкіндігі микробиологиялық синтездеу жолымен әр түрлі көміртегінен көбінесе көмірсу мен көмірсутегінен алады.

Лимон қышқылының микроорганизм – продуценті болып микроскопиялық саңырауқұлақ (Аспергиллус нигер),ашытқы (Кандида липолитика, Кандида гулермонд), бактерия (Корнебактерия, Артобактерия) саналады. Кеңес өкметі кезінде лимон қышқылын микробиологиялық синтездеумен Аспергиллус нигер микроскоптық саңырауқұлақтан мелассалы қоректік ортада өсіріп алынған.

Лимон қышқылы өндірісінің процесіне микробиологиялық технологияның барлық негізгі сатылары кіреді.

1) егіс материалын алу;

2)ферментация процесіне меласса шикізатын дайындау;

3)ауаны залалсыздау және дайындау;

4) ферментация;

5) мицелия – продуцентінің биомассасын бөлу;

6) культуральды сұйықтықтан лимон қышқылын алу және кристалл түрінде алу.

Лимон қышқылы продуцентін беттік және түптік культивирлеу әдісімен өсіріп алуға болады. Лимон қышқылы өндірісінің технологиялық сызба–нұсқасы тек ферментация процесінде ғана айырмашылығы бар, ал қалған сатылары аналогично, демек бәрі бірдей деген.

Егіс материалды алу. Музейде арнайы Аспергиллус нигер штаммы құрғақ спора түрінде (конидий) активтелген көмір қоспада сақталады. Бастапқы культураны пробиркада агарланған ортада көбейтеді, содан соң колбада және кюветада – қатты қоректік ортада өсіреді, өсіру температурасы 32ºС, өсіру уақытының әр сатысының ұзақтығы 2-7 тәулік болады. Қатты ортада беттік культивирлеу процесінде қатты ортаның бетінде мицелиялы берік қабықша өсіп дамиды, онда конидий пайда болады. Жетілген конидий вакуум қондырғының көмегімен жиналады. Жиналған канидиді залалсыздалған тальк немесе активтелген көмірмен араластырып 32ºС температурада кептіреді.Дайын егіс материалын залалсыздалған шыны колбаға немесе көлемі 0,5л. банкаға салып буып түйеді. Осындай әдіспен өңделген егіс материалын сақтау мерзімі 6 айдан кем болмауы керек.