Мутанттарды алу 7 страница
Табиғатта бір-біріне қарама-қарсы екі процесс жүріп жатады. Құрылысы жағынан қарапайым қосылыстар күрделі қосылыстарға айналады, бұдан тірі материя құрылады, сонымен қатар күрделі биологиялық қосылыстар, жәй химиялық элементтерге ыдырап жатады. Басқа элементтермен бірге азот, тіршілік тірегі ақуыздың құрамына кіреді. Жалпы табиғатта азот қоры мол. Оның көпшілігі тірі организмдердегі көміртегінің мөлшері 700 миллион тонна болса, азоттың жалпы мөлшері 10-25 миллион тоннаға дейін жетеді. Жылына жасыл өсімдіктер 20 миллион тоннадай көміртегін, 1 - 1,5 миллион тоннадай азот сіңіреді.
Атмосферада азоттың газ күйіндегі қоры мол болғанымен, онымен өсімдіктер қоректене алмайды. Олар топырақта болатын азоттың әр түрлі формаларының ішінен, тек минерал күйіндегі азотты сіңіре алады. Жалпы атмосфералық азотты бір жағынан топырақ микроорганизмдері байланыстырып, одан өз денесінің ақуызын құрастырып жататын болса, екінші жағынан азот қышқылы тұздарынан газ күйіндегі азоттың бөлініп шығатыны да байқалады.
Топырақта анаэробты жағдайда ақуыз ыдырағанда өсімдіктер тіршілігін, сосын өнімділігін төмендететін фитотоксикалық заттар бөлінеді. Күрделі ақуыздар құрамында, тұқым қуалаушылықта зор маңызы бар ақуыз тобы - нуклеопротеидтер болады. Ол көбінесе клетка ядросында шоғырланады.
Өсімдік және жануар ұлпасында нуклеин қышқылының екі түрі болады. Біріншісі — рибонуклеин қышқылы (РНК), екіншісі -дезоксирибонуклеин (ДНК) қышқылы. Олар гидролизденгенде пурин және пиримидин негіздері, қант және фосфор қышқылы пайда болады.
Органикалық заттар топырақта ыдырағанда оның құрамындағы аммиак азот қышқылға шапшаң тотығады. Азотты қышқыл тиісінше азот қышқылына айналады. Осы құбылысты нитрификация деп атайды.Ал бұл процеске белсене қатысатын организмдер - нитрификациялаушы бактериялар. Жалпы биологиялық жолмен бекіген азот топырақтан жоғалмайды.
Атмосфера азотын сіңіру негізінен тотықсыздану және тотығу жолдарымен өтеді. Бұл жолдарда әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар ферменттер көмегімен жүзеге асады. Оттегі бар жерде азот сіңіру процесі тежелетін болғандықтан, бұл процесс тотықсыздану жолымен жүреді және бұл процесс молибден мен темір элементері бар жерде қарқынды жүреді.
Ауыл шаруашылығын химияландыру, минерал тыңайтқыштарды егіншілікке қолдану, әрине биологиялық факторлардың маңызын жоққа шығара алмайды. Минерал тыңайтқыштарды қолданғанда топырақта орын алатын пайдалы микробиологиялық процестерді қарқындатып өсімдіктер қоректік заттарды сіңіреді.
Табиғатта микроорганизмдердің алуан түрлі топтары бар. Олардың ішінен өсімдікке қолайлы немесе қолайсыз әсер ететін топтары бар. Бұлap негізінен активаторлық, ингибиторлық және антагонистік микробтар.
Микроб-активаторлар. Топырақ микроорганизмдерінің бірқатары әртүрлі биологиялық активті заттарды бөліп шығарады. Бұларға түрлі витаминдер, ауксиндер, аминқышқылдары және басқалар жатады. Осындай микроорганизмдерді биологияда микроб-активаторлар деп атайды.
Микроб-активаторлары дәннің шығымдылығын арттырады, ал кейде олар өсімдіктегі биохимиялық процестердің бағытын да өзгерте алады.
Топырақта еркін тіршілік ететін, атмосфера азотын тұтынатын микррорганизмдердің бірқатары өсімдіктердің кейбір түрлерінің жақсы өсуіне көмектеседі.
Актиномицеттерден және басқа да микроорганизмдерден алынатын кейбір химиялық таза заттар, демек гибериллин және сол сияқты заттар, өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы әсер етеді. Бұлар гиберелла және фузариум микроскоптық саңырауқұлақтарынан алынады.
Гибериллин алғаш рет 1926 жылы Жапонияда курозава ауруына шалдыққан күріш өсімдігінен бөлініп алынған. Күріштің осы ауруы Жапонияда көп тараған. Ауруға шалдыққан күріштің жапырақтары сарғайып солады да, сабағы ұзарып кетеді. Жоғарыда аталған осындай ауру қоздырғыш микроорганизмдерден, өсімдіктердің өсуін жақсартатын гибериллин заты алынады. Гибериллиннің бір миллилитрдегі 0,01 миллиграмы, бұршақ өсімдігінің өсуін жақсартады.
Гибериллин қышқылының екі жылдық өсімдіктерге: капуста, сәбіз, қант қызылшасы, тағы басқаларына тигізетін әсері ерекше. Бұл өсімдіктер бірінші жылы сабағы жапырақ берсе, екінші жылы жеміс береді.
Топырақта өздерінің тіршілігі барысында өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіретін микроорганизмдер бар. Оларды микроб-ингибиторлар деп атайды. Олар өсімдіктерге зиянды улы заттарды бөліп шығарады. Көптеген саңырауқұлақтар мен бактериялар тағамға, мал азығына немесе өсімдік қалдықтарына түсе қалса, адам мен мал организміне аса қауіпті улар түзетіні практикадан мәлім.
Микроб-ингибиторлар тұқымның өнгіштігін, өркеннің жақсы өсіп жетілуін тежейді, өнімді төмендетеді. Микроб-ингибиторлар осымен қатар микроорганизмдердің, саңырауқұлақтар мен балдырлардың тіршілігіне нұсқан келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда микроорганизмдердің өздерінің арасында өзара күрес басталады. Бұл құбылысты антагонистік құбылыс деп атайды.
Микроб-антагонистер. Топырақ микроорганизмдерінің ішінде олардың басқа топтарының өніп-өсуін тежейтін, ал кейде жойып жіберетін де түрлері бар. Микроб-ингибиторлар, әдетте түрлі уларды бөледі. Ал антагонистер бөлетін затты–антибиотиктер деп атайды.
Мұндай зиянды микроорганизмдерге қарсы қазіргі кезде көптеген антагонистік микробтар қолданылуда. Антагонистердің басым көпшілігі актиномицеттер арасынан табылып отыр.
Биотехнология және өсімдік шаруашылығы
Ауыл шаруашлығының дақылдары түрлі зиянкестерден, зиянды жәндіктерден, құрттардан, нематодтен, фитопатогенді саңырауқұлақтан, бактериядан, вирустан, қолайсыз ауа райынан және климат жағдайлардан зардап шегеді. Аталған факторлар топрақ эрозиясына және ауыл шаруашылық культурасының өнімділігін төмендетуге әкеледі. Картоп өніміне колорад қоңызы көлемді шығын әкеледі, сондай -ақ Phytophtoro саңырауқұлағы картоптың ерте шіруіне әкеледі.
Соңғы жылдары өсімдіктің вирусты ауруларына үлкен көңіл бөлініп отыр. Осы аурулармен бір қатар өсімдіктерде көрінетін із қалдыратын, вирустар инфекциялық процестерді тудырады, ауыл шаруашылық культураларының өнімділігін төмендетеді.
Қарастырған зиян келтіретін агенттер, өсімдікті қорғаудың биотехнологиялық жолы қосылады:
- қолайсыз жағдайларға төзімді өсімдік сортын енгізу;
- (пестицидке) арам шөппен, (гербицидке), кеміргішпен (ратицидке), жәндікпен (инсектицидке), құртпен (нематоцидке), фитопатогенді саңырауқұлақпен (фунгицидтер), бактериямен, вируспен күресетін химиялық зат;
- табиғи зиянкесті қолданумен және тірі организммен токсинді өнімнің пайда болуымен зиянкестермен күресетін биологиялық зат;
Өсімдіктерді зиянкестерден қорғап ауыл шаруашылық культурасының өнімділігін жоғарылату алға қойылған, олардың азықтық бағалылығы, шөлді аймақта және тұзды топырақта өсетін өсімдіктің жаңа сортын құру.
Өсімдіктің жаңа сортын алу. Өсімдіктің жаңа сортын алуға дәстүрлі әдіс-бұл гибридизация негізіндегі селекция және индуцирленген мутация. Селекция әдісі генетикалық және клеткалық инженериядан алшақтаған жоқ.
Генетикалық инженерия азот фиксирлеуші өсімдікті бөліп алуда қолданылады.Табиғи жағдайда азот фиксирлеуші түйнек бактериясы Rhizobium туысы бұршақтаспен симбиозге түседі. Азот фиксирлеуші гендердің комплексі осылардан немесе басқа бактериялардан злак культураның геномын қосуды ұсынады.Ұқсас векторларды іздеуге байланысты қиындықтары осы мақсатта Agrobacterium Ti және Ri плазмасымен кеңінен қолданылатын злакты енгізбейді. Agrobacterium геномын модификациялауды жоспарлайды, демек бактерия злакпен симбиозге түседі және генетикалық ақпаратты береді. Басқаша бұл проблеманы шешуге өсімдіктің протапластын аралық ДНК трансформациясы шешеді. Клеткалы инженерияның компетенциясына жаңа азот фиксирлеуші симбиотикалық ассоциациясын «өсімдік-микроорганизм» құру жатады.
Пестицидтердің топрақ микроорганизмдеріне әсері. Ауыл шаруашлығы дақылдарын түрлі зиянкестерден қорғау мақсатында пестицидтер деп аталатын химиялық заттар кеңінен қолданылуда. Бұған арам шөптерге қарсы қолданылатын цобицидтер, ауру қоздырғыш саңырауқұлақтардан қорғау үшін қолданылатын фунгицидтер, зиянды насекомдарға қарсы қолданылатын инсектицидтер, түрлі зиянкес құрттарға қарсы қолданылатын нематицидтер жатады.
Ауыл шаруашалығы зиянкестеріне қарсы дихлордифенил – трихлорэтанды, демек ДДТ препаратын алғаш 1939 жылы Швейцария ғалымы П.Мюллер қолданғаннан бастап, өнімді химиялық жолмен қорғау тәсілін қолдана бастады. Соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда ДДТ препаратының топырақта өте баяу ыдырайтыны анықталды. Топырақта жиналған ДДТ препараты жануарлар мен адамдарға зиянды әсерін тигізе бастайды. Сондықтан бұл препаратты қазіргі кезде қолдануға тиым салынды. Пестицидтер қолданудың ережесі қатаң сақталуы тиіс. Бұл ережелерге нем құрайды қараудың салдарынан көптеген елдерде адамдар мен жануарлар уланып та қалады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық ережелерге сай бірқатар өнімдерде (ет, сүт, астық т.б.) пестицидтер мүлде болмауы тиіс. Ал маусым ішінде тұтынылатын өнімдерде (жеміс, томат т.б.) пестицид белгілі бір талапқа сай келетін мөлшерде болуы керек. Пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде қолданғанда адам мен жануарлар уланып қана қоймайды, сонымен бірге онымен қоршаған орта да уланады, өсімдіктер мен жануарлар жаппай қырылуға ұшырауы мүмкін. Тыңайтқыш сумен шайылып, өзендер мен көлдерге, мұхиттар мен теңіздерге түскенде пестицидтер ондағы тірі жәндіктерді уландыруы мүмкін.
Ал кейбір гербицидтер өсімідіктердің түрлі ауруларға қарсы тұратын қабілетін төмендетіп жіберді. Сондықтан пестицидтерді қолдануда өте үлкен сақтық керек және қолдануға алынған пестицидтердің топырақта, суда және ауада тарап кететін түрлерін таңдау қажет. Пестицидтерді қолданудан қазір бас тартуға мүмкіндік жоқ. Өйткені арам шөптер мен әр түрлі зиянкестер қазір ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянын тигізіп отыр.Мәселен, Америка Құрама Штаттары жыл сайын арам шөптер мен зиянкестерден 10 миллиард доллардай зиян шегеді екен.Сондықтан болса керек, кейбір елдерде өнімнің шамасын, сол елдерде қолданылған тыңайтқыштар емес, пестицидтердің мөлшеріне қарап анықтайды.
Қазіргі кезде АҚШ-та және бір қатар Европа елдеріндегі пестицидтердің құны, қолданылатын тыңайтқыштар құнының 40-60 % болады. Шынында да пестицидтерге кеткен шығын, қосымша өнімнен 4-5 есе артық өтеледі. Егерде дүние жүзінде өсімдіктердің арам шөптері мен зиянкестеріне қарсы күресте 1000 жуық препарат ұсынылса, оның елу шақтысы бізде де қолданылады.
Көптеген гербицидтердің құрамы қарапайым. Ол май қышқылдарының (дихлоризоман қышқылы) туындысы болып саналады. Кейбір гербицидтер мочевинаның туындысы болып есептеледі. Инсектицидтер ретінде мол мөлшерде фосфорорганикалық қосылыстар және карбамидтер қолданылады. Әрине топырақта гербицидтер өзгермей қалмайды. Бірақ бұл процеске топырақ микроорганизмдерінің белсенді қатысатынын атап өткен жөн. Қолданылып жүрген пестицидтердің мөлшері микроорганизмдерге үлкен әсер ете қоймайды. Алдымен пестицидтер топырақта гидролизге ұшыраса, соңынан микроорганизмдердің әсерінен толық ыдырайды.
Гербицидтердің топырақта ыдырауы. Ол негізінен топырақ ылғалына, температураға байланысты. Гербицидтердің топырақта ыдырау жылдамдығы ондағы органикалық және минерал тыңайтқыштардың болуына байланысты. Органикалық заттарды тез тотықтыратын микроорганизмдер көп болғанда гербицидтер тез ыдырайды. Ол әрекет етуші микроорганизмдер бірнеше топқа жататын туыстардан құралады. Мұндай микробиологиялық процестер «кометаболизм» деп аталады.
Кейбір жағадайларда гербицидтер ыдырағанда одан өте күшті улы заттар да бөлінеді. Бұдан хлор – амин – изопропил – амин – триазин түзіледі. Осындай заттар топырақ қарашіргімен берік байланысқа түсіп, улылық қасиеттерін ұзақ сақтайды.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген гербицидтердің ұсынылған мөлшері топырақ тіршілігіне кедергі бола алмайды. Бірақ кейде ондағы нитрификация құбылысының тежелуі байқалады. Жалпы гербицидтердің практикада қолданылып жүрген мөлшерінен 50-100 есе көп болғанның өзінде көп зиян келтірмейді.Көптеген жағдайда бациллдерге қарағанда спора түзбейтін бактериялар гербицидтердің күшті әсер етуіне шыдай алмайды. Саңырауқұлақтар гербицидтің әсерінен тез қырылады.Топырақ балдырының барлығы бірдей гербицидтердің әсерінен қырыла бермейді. Кейбір микроорганизмдердің гербицидтерге төзімділігі өсімдіктерге жақындайды. Сондықтан оларды гербицидтердің топырақтағы қалдық мөлшерін анықтауға пайдалануға болады.
Әрбір химиялық қосылыс топрақта белгілі микроорганиздердің көмегімен ыдырайды. Мәселен этил спиртін пайдаланатын микроорганизмдерге азотобактер жатады.
Кейбір жағдайда, көлемі аз жерлерді (жылы жайлар, көшеттіктер, бау - бақшалар) ауру қоздырғыш саңырауқұлақтардан тазарту мақсатында әр түрлі химиялық заттар қолданылады. Мұнда өсімдіктерде түрлі ауру қоздыратын зиянкестер мен арам шөптер жойылады. Топырақты залалсыздау кейбір жағдайларда аса тиімді болатыны анықталған. Мысалы, жабық алаңдарда топырақты залалсыздандыру сол жерге жаңа топырақты әкеліп төккенге қарағанда 4-6 есе арзан болады.
Әрине топырақты залалсыздандыруға арналған улы химикаттарға бірқатар талаптар қойылады. Біріншіден, олардың топырағының залалсыздандыру кезінде ұзағырақ болғаны дұрыс. Мұның топырақта шапшаң тұз қышқылына айналып кететін хлорға жатады. Антисептиктер топырақ қабаттарына тез сіңіп кетуі керек. Бұған формалин, күкірт, көміртегі, тиазон және басқалары жатады.
Көптеген минералды улар (мыс, тотияйын) топырақта ұзақ уақыт сақталады және ол атмосфералық жауын – шашынмен баяу жуылып – шайылады. Сондықтан оларды практикада қолдану қиынға соғады. Топырақты залалсыздандыратын антисептиктерді таңдап алуда жергілікті жердің топырақ – климат жағдайларын ескеру қажет.
Биотехнология және мал шаруашылығы
Ауылшаруашылық жануарлар жұқпалы ауруға қарсы ем жасалғанда рекомбинанты тірі вакцинаны және ген инженерияның вакцина-антигенін қолдану, ертеректегі диагностика бұл аурудың моноклональды антидене және ДНК,РНК көмегімен, мал шаруашылығын қарқындатуға байланысты жоғарғы мәнге ие.
Жануарлардың өнімділігін жоғарылату үшін жарамды азықтық қажет. Әр түрлі микроорганизмдер –бактериялар, саңырауқұлақтар ашытқылар балдырлар негізінде микробиологиялық өндірісінде азықтық ақуыз шығарылады. Бір клеткалы организм ақуызға бай биомассаны жоғарғы эффективтілігімен ауылшаруашылық жануарлары сіңіреді. Демек,1т. азықтық ақуыз 0,4-0,6 т шошқа етін, 1,5 т тауық етін, 25-30 мың жұмыртқа алуға мүмкіндік береді. Бұл халық шаруашылығында жоғарғы мәнге ие.
Бір клеткалы организм ақуыздың жоғарғы құрамымен 40-80% дейін сипатталады. Бір клеткалы ақуыз, лизинге,алмастырмайтын аминқышқылына бай, ол азықтық бағалылықты анықтайды. Өсімдік азығында лизиннің жетіспеушілігінен бір клеткалы биомассаға қоспаны қосады, ол аминқышқылының құрамын тұрақтандыруға мүмкіндік жасайды. Бір клеткалы биомассаның жетіспеуі күкірт құрайтын аминқышқылы болып саналады, бірінші орында –метионин. Балық ұнына қарағанда бір клеткалы да екі есе аз. Мұндай кемшіліктер дәстүрлі азықтық ақуыз соя ұнында да кездеседі.
Бір клеткалы биомассаның қоректік бағалылығы жасанды метионинді қосқанда жоғары болуы мүмкін. Бір клеткалы –процесс негізіндегі азықтық ақуыз өндірісі, егіс аумағын қажет етпейтін ауа райы жағдайына байланысты емес.
Елімізде бір клеткалы биомасса өндірісі көмірсутегі шикізаты негізінде ерекшеленеді. Ірі масштабтағы ақуыз өндірісі үшін көмірсутегін субстрат ретінде қолдануда қиындықтарды болдырмай-ақ жетістіктерге жетеді және оның ресурстары шектеулі. Маңызды альтернативті субстрат ретіндеметанол, этанол, өсімдік тектес көмірсулар, болашақта –сутегі.Тазартылған этанол әлемдік бәсекеде метанолдан екі есе қымбат тұрады, бірақ этанол өте жоғарғы эффективтілігімен ерекшеленеді. 1 кг этанолдан 80 грамм ашытқы массасын, ал 1 кг метанолдан 40 грамға дейін ашытқы массасы алынады. Этанолдан алынған биомасса әсіресе 7 % дейін лизинге бай. Мал шаруашылығы үшін үлкен мәні бар өсімдік азығын микробтық ақуызбен байыту. Бұл үшін қатты фазалы процестер кеңінен қолданылады. Перспективті ақуыз көзі болып фототрофты микроорганизмдер саналады, әсіресе Spirulina туысындағы цианобактерия және Chlorella және Scenedesmus туысындағы көк жасыл бір клеткалы балдырлар саналады. Оларды өсіру үшін кәдімгі аппарат болып жасанды су қоймалары саналады. Өсімдік азығына қоспа ретінде қосылған Scenedesmus биомассасы жануарлар ақуызының тез арада тиімді сіңірілуіне себепші болады.Олай болса, бір клеткалы биомассаны алу үшін әртүрлі шикізат көзі әсер етеді.Кейбір субстраттар (этанол) жоғарғы сапалы ақуызды береді, олар тамақ ретінде қолдануға ұсынылған. Орталық Америкада Чад өзенінен алынған Spirulina туысындағы цианобактерияны ертеден -ақ тамаққа қолданады.
Микробтық патогендер және бактериялы тыңайтқыштар
Ауыл шаруашылығының қарқындап дамуының негізгісі өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және құрттардан қорғау. Зиянды жәндіктермен күресуде бұрыннан бері химиялық инсектицидтер қолданылады, бірақ оларды ұзақ қолдану кері әсерін тигізеді, өсімдікті химиялық инсектицидтермен залалсыздандыруда зиянды жәндіктермен қатар пайдалы жәндіктерде жойылып кетеді. Олар құстарға, балықтарға және жабайы жануарларға токсинді болып келеді, ал зиянды жәндіктердің бірнеше ұрпағы жалғасқаннан кейін улы заттарға сезімталдығын төмендетеді. Инсектицидтер ұзақ уақыт топырақта жойылмайды және жануарлардың, адамдардың тағамдарына түсуі мүмкін.
Зиянды жәндіктермен күресуде нәтижелі қолданылатын патогенді (улы) микроорганизмдер, олар микробты патогендер деп аталатын – бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар тағы басқалар. Биологиялық заттардың жәндіктермен күресудегі негізгі әрекеті зиянды жәндіктердің анықталған белгілі түрлерін жою қабілеті. Басқа жәндіктерге, сонымен қатар адамдарға, жануарларға құстарға олар зиянын тигізбейді. Микробты патогендер, табиғи тіршілік ортасына түскенде биоценоздағы жағымсыз әрекеттерге әкелмейді, топырақты және суды ластамайды. Зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын микроорганизмдерді энтомопатогенді деп атайды (энтомо-грек тілінен аударғанда «насекомос жәндік» дегенді білдіреді).
Энтомопатогенді микроорганизмдер көзделген жәндіктерге жоғары вирулентті болуы керек және басқа тірі организмдерге қауіпсіз болу керек, сонымен қатар пайдалы жәндіктер үшін де микроорганизмдердің тіршілік әрекеті мен вируленттілігі ұзақ уақыт сақталу керек, себебі энтомопатогенді препараттардың қажетті қорын шығару үшін қерек. Зиянды жәндіктер көп шығын әкелмеу үшін микробты патогендердің жою әрекетін тез іске асыру керек.
Бактериялы энтомопатогенді препараттар
Қазіргі уақытта бактериялы препараттар жәндіктердің 160 түрімен күресуде қолданылады. Бұл препараттарды алу үшін спора түзуші Bacillus thuringiensis бактериялар кеңінен қолданылады. Бактерияның споралары жәндіктің денесіне түсіп, оның ішінде өсіп, дамиды. Вегетативті клеткалар тез көбейеді, анықталған ұлпаларды жояды, кейіннен жәндіктің ішкі ортасының көп бөлігін толтырады. Bacillus thuringiensis штамдары культивирлеу процесінде спора түзіп қана қоймай, сонымен қатар токсинді компоненттер қатарын синтездейді, олар бактериялы клеткада (эндотоксиндер) және культуралды сұйықтықта (экзотоксиндер) жинала алады. Токсиндер бактериялардың өсу процесінде кристалл түрінде бөлінеді. Қазіргі кезде төрт токсин белгілі, олар табиғаты бойынша ақуызды заттар, бірақ химиялық құрылысы әртүрлі. Токсиндердің физика – химиялық қасиеттері де әртүрлі. Олардың біреуі, мысалы: термостабильді, ал басқалары термолабильді т.б. температура әрекетіне азырақ тұрақсыз болады. Кристалды токсиндер, жәндіктің денесіне түсіп, әртүрлі әрекет етеді: олардың біреуі, мысалы, ішектің клеткаларын зақымдайды, басқалары РНК синтезіне әсер етеді, кейіннен бұл жәндіктің өлуіне әкеледі.Токсинді заттар, спора және кристалл негізінде Bacillus thuringiensis әртүрлі штамдарын синтездеумен мынадай бактериялы препараттар алынған: энтобактерин, инсектин, алестин, экзотоксин, токсобактерин, дендробациллин, битоксибациллин.
Энтобактерин өндірісінің технологиясы
Микробтық патогендер өндірісінің негізінде энтомопатогенді бактерияларды түптік культивирлу мақсатында жасушалардың культуралды сұйықтықта максималды жиналуы немесе токсиннің жиналуы болып табылады. Бактериялы энтомопатогенді препараттарды өндіру технологиясынан мысалыға энтобактеринді қарастырамыз.
Энтобактерин өндірісінің технологиялық процесі кез-келген микробиологиялық өндіріске тән микроорганизмдерді түптік культивирлеу әдісіне негізделген келесі сатыларда жүреді:
1.егіс материалын алу;
2.қоректік ортаны дайындау және залалсыздау;
3.ауаны залалсыздау;
4.ферментация;
5.культурльды сұйықтықты концентрлеу;
6.препаратты буып түю және кептіру;
Ферментация |
Культуральды сұйықтықты сепарирлеу |
фугат
Паста |