Адъюванттар

Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады (лат. adjuvant – көмекші). Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар, күрделі химиялық қосындылар ( ЛПС, мурамилпептид); бактериялар мен оның компопенттірі ( мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ -ның сорындысы); қабыну тудыратын заттар ( сапонин, скипидар) қолданылады. Жоғарыда айтылғанға сәйкес адъюванттардың барлық түрі организмге бөгде заттар болып келіп, әртүрлі тектен және құрамнан тұрады, ал ұқсастығына қарай –олардың барлық түрі антигенің иммуногендігін күшейтеді. Адъюванттардың әсер ету механизімі өте күрделі. Олар антигенге де ағзаға да әсерін тигізеді. Антигенің молекуласын ұлғайтып, ерітілетін антигендерді корпускулярлыққа айландырады. Соның нәтижесінде олардың фагоциттермен өңделуі және басқа иммунды жауапты жасушалармен өзара қатынасқа түсуі жеңілдейді. Сонымен қатар, антигендер организмге енген жерінде фибринозды капсуласы бар қабыну тудырып, антиген көп уақытқа дейін сақталып, антигендік тітркендірудің уақытын ұзартады. Сондықтан, адъювант қосылған вакциналарды «деполанған» («сақталған») деп атайды. Адъюванттар иммунитеттің Т-, В-, А –жүйелерін тікелей демейді және де организмнің қорғаныс ақуыздарының түзілуін үдетеді. Адъювант антигендердің иммуногендік қасиетінің дәрежесін бірнеше сатыға көтереді.

13.2.2.7. Ассоциаланған вакциналар

Вакцина егуді және егу санын қысқарту үшін арнайы ассоцияланған (құрамаланған) вакцина түрі ойлап табылған, яғни бір препараттың ішіне түрлі текті антигендер кіріп, бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болады. Вакцинаның ондай түрін құру ғылыми түрде дәлелденген, өйткені иммундық жүйе бір мезгілде бірнеше антиген түріне жауап бере алады. Ассоциациялық вакцина жасау жолындағы шешілетін ең басты мәселе, ол вакцинаға кірген антигендердің бірімен бірі қарсыластыққа түспеуі және жанама көрніс тудырмауы. Ассоциалық вакцинаның ішінде тірі және бейбелсендірілген препаратар бірге болуы мумкін. Егер препараттың ішіне бір текті антигендер кірсе оны поливакцина деп атайды. Мысал ретінде полиомиелитке қарсы қолданылатын вакцинаны айтуға болады (қоздырғыштың үш түрінің антигені кіреді).

Егерде ассоциаланған вакцинаның ішіне түрлі текті антигендер кірсе онда оны комбинацияланған вакцина деп атаған дұрыстау болады. Мысалы, АКДС (адсорбталған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы). Ол вакцина бейбелсендірілген корпускулярлық көкжөтел вакцинасынан, күл және сіреспе анатоксидерінен тұрады. Комбинацияланған вакцина күрделі эпидемиологиялық жағдайда қолданылады.

13.2.2.8. Жаппай вакцинациялау тәсілдері

Вакциндыпрофилактиканың жетістігі тек қана вакцинаның сапасынан емес, сонымен қатар қанша адам санын, немесе қауіп-қатерлі топтағы адамдардың санын қамтыуына байланысты. Вакцинациялаудың өнімділігі бір бригада жұмыскерлерінің бір сағатта вакцинациялаған адам санына тәуелді. Мысалы, тері үстіне егу (скарификациялау) әдісімен бір сағатта 20 адамды егуге, терінің астына шприцпен - 30-40 адам егуге, ал инесіз инъектормен- 1200 адам шамасында егуге болады. рпускулярлыќктивтелген кµкжµтел -к‰л-сіреспе вакцинасы)кті антигендер кірсе оны коминацияланѓан вакцина деп атаѓан д±ры

Вакциндыпрофилактикада қысқа мерзімнің ішінде көп адам санын егуге болатын зор өнімділігі бар тәсілдер қолданылады. Ол тәсілдер жаппай вакцинациалау тәсілі деп аталады (А.Воробьев, В.Лебединский). Тәсілдіерге жататындар: инесіз егу, пероралдық (ауыз қуысы арқылы) және аэрозолдық..

Инесіз тәсіл -пистолет (тапанша) тәрізді инесіз инъекторларды қолдануға негізделген. Аспап ішінде жоғарғы деңгейлі қысым тудырылып сұйық вакцинаның жіңішке ағысы құрылып вакцинаның керекті өлшемі белгіленген тереңдікке (тері бетіне, тері астына, бұлшық ет ішіне) еңгізіледі. Аспаптың бірнеше түрі бар. Жақсы ұйымдастырылған нау-қанда бір сағаттың ішінде 1200 адамды вакцинациялауға болады.

Пероралдық (ауыз қуысы арқылы)тәсіл - шапшаң, жеңіл, қолайлы, табиғи жолға сәйкес тәсіл болып саналады, Өйткені, ол ешкандай зорлықсыз адамның сырт қабығын бұзбай, қысқа мезгілде көп адамдарды вакцинациялауға мүмкіншілік береді. Мысалы, бір бригада бір сағаттың ішінде, қандай жағдайда болмасын ( поликлиникада, үйде, вокзалда, поезда, ұшақта т.б.), ешкандай асептика ережелерін сақтамай, медициналық заттарды көп шығындамай (спирт, иод, шприц, мақта), электрқуатын және арнайы үй-жайды талап етпей 1500 адамды вакцинациялайды.

Бірақ, пероралдық жолмен қолданылатын вакциналар санаулы (полиомиелит, кара шешек, оба, энцефалитке қарсы вакциналар). Соған қарамастан, болашақта вакцинаның ондай түрін ойлап табу мүмкіншілігі өте зор. Ас қорыту жүйесінің қай жерінде антигендердің сорылынуына байланысты вакциналардың дәрілік түрі бірнешеу: сұйық, таблетка, драже. Кейінгі уақытта суппозитор ретінде жасалынған тік шек, немесе қынап арқылы аппиликация түрінде колданылатын вакциналарға назар аударылып отыр. Олар тек қана жергілікті емес ,сонымен қатар бүкіл организмнің иммунитетін тудырады. Пероралдық вакциналар кей уақытта мукозалдық деп аталынады.

Аэрозолдық тәсіл - тыныс жолдары арқылы сұйық, не құрғақ аерозолдарды шаңдатып еңгізіуге негізделген. Ол үшін адамдарды жабық бөлмеге отырғызып арнайы аспаппен вакцинаның есепті өлшемін шаңдатып, белгілі уақытқа дейін ұстайды. Вакцинаның арозолы тыныс жолдары арқылы организмнің ішкі ортасына кіріп жергілікті және жалпы иммунитетті қамтамасыз етеді.

Тәсілдің өнімділігі - бір бригада бір сағат ішінде 600-800 адамды вакцинациялайды. Тәсілдің күрделігі: шаңдататын аспап, электрқуаты керек; шаңдатқан вакцинаның өлшемі әрбір жеке басқа бір қалыпты емес; вакцинаның бөлмеден тыс шығуы мүмкін; бөлмені келесіде пайдалану үшін оны алғашқы вакцинаның қалдығынан тазарту керек т.б. Жоғарыда келтірілген жағдайлардың себептерінен бұл тәсіл резервтік болып саналады, сондықтан тек қана қауіпті эпидемиологиялық жағдайда қолданылады.

Кейбір аурулар түрінде танау қуысы арқылы аппликация тәсілімен вакцинациялау жүргізіледі (тұмау,қызылша,т.б.)

13.2.2.9. Вакцина қолданудың нәтижелі болуының жағдайлары

Вакцинациялаудың нәтижелігі үш факторға байланысты: а) вакцинаның сапасы, яғни иммуногендігі; б) вакцина егілетін организмнің жағдайы; в) вакцина колданылу нұсқауы мен қолдану тәсілі.

Вакцинаның сапасы, яғни оның иммунизациялау тиімділігі, пайда болатын жағымсыз жанама көрнісіне, антигеннің тегіне, яғни антигеннің иммунды қасиетіне, гендік иммунитет түріне және антигенің өлшеміне байланысты. Антигеннің өлшемімен пайда болған иммунитет арасында математикалық тәуелдік бар. А.Маркович, А.Воробьев ұсынған формуланы (LgH= A+BigD) антигеннің теңдігі деп атайды. Оның ішінде Н-иммунитеттің қуаты; Д-антигеннің өлшемі; А –антигеннің иммуногендік өлшем сапасының коэффициенті; В- организмнің иммундық жауабының коэффициенті. Әрбір антигенндерге сезімталдығымен адамдардың бір бірінен едәуір айырмашылығы болады. Сондықтан, қандай вакцинамен болмасын иммунизацияланғанда адамдардың кем дегенде 95 пайызында иммунитет пайда болуы керек. Әдетте ондай көрсеткіш вакцинаны 2-3 рет қайталап еккенде туады. Әрине, вакцинацианың нәтижелігіне организмнің иммундық жауап беру мүмкіншілігінің сапасы (иммундық жүйенің жән организмнің жалпы физиологиялық жағдайы) әсер етеді. Әсіресе, организмде біріншілік, немесе екіншілік иммунды тапшылығы болса иммунитет сапасы төмен болады. Иммунды жауапқа сапалы тамақтану (әсіресе ақуыздар), витаминдердің бар - жоғы, экологиялық және әлеуметтік жағдайлар, кәсіби ерекшелігі, соматикалық және инфекциялық аурулар, айта берсе, ауа райы мен географиалық көрсеткіштер әсер ететіні ежелден әйгілі. Қолайсыз жағдайлардың иммунитет құрылуына зиянды әсер ететіні түсінікті, сондықтан ол жағдайларда вакцинациядан кейін жағымсыз жанама асқынулар саны өседі. Соған сәйкес вакцинациялу не вакцинацияламау көрсеткішінің тізімі құрылған.

Вакцинаның иммунологиялық нәтижелігі алғашында экспериментте тексеріліп соң-ында эпидсынақтан өткізіледі. Эксперименталдық жануарлардың көмегімен вакцинаның қорғау коэф-олайсыз жаѓдайлардыњ иммуние___________________________________________________________________________________________________фициенті деген көрсеткішін анықтайды. Ол көрсеткіш сынақталу және бақы-лану тобындағы өлген, не ауырған жануарлардың пайызын салыстыру арқылы шығары-лады. Мысалы , егер сынақталу топтағы жануарлардың 10 пайызы өлсе, ал бақылану то-бында -90 пайыз болса, онда қорғау коэффициенты 90/10=9 тең болады.

Эпидсынақта вакцинациялаудың нәтижелік коэффициентін анықтайды. Ол үшін көлемді ұжымда вакцинацияланған адамдардың арасындағы ауруға шалдыққан пайызын теңсанды вакцинацияланбаған адамдар арасындағы ауруға шалыққандардың пайызын салыстыру арқылы анықтайды.ген не ауырѓан амсыз ж

13.2.2.10. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы

Қазіргі уақытта вакцинопрофилактика үшін 40-тан астам вакцинаның түрі қолданылады, олардың жарымынан көбі тірі вакцина қатарына жатады (13.2-кесте).

Кесте 13.2.

Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналардың тізімі.

Вакцинаның түрі Вакцина Вакциналық штамның аты Қорғау коэфициенті Авторлары
Бактериалық түрі Обалық     Туляремиялық   Түйнемелік   Бруцеллездік (Сарып ауруы) Туберкулездік   Ку-қызбалық   Е     СТИ-1   19 ВА   БЦЖ   М-14 50-100     50-100   10-30     50-100 Г.Жерар, Ж. Робик,   Б.Эльберт Н. Гайский Н. Гинзбург, Л.Тамарин П.Вершилова   А.Кальмет, К.Герен П.Здродовский, В.Гениг
Вирустық түрі Қара шешектік   Қызылшалық   Тұмаулық   Полиомиелиттік   Паротиттік     Сары безгектік Жылқының венесуалдық энцефаломиелиттілік Листер, М-63   Л-16, ЭШИ т.б.   Ленинград т.б.   1,2,3 типі   -     17Д « Дакар»     № 230   20-30   2-3             С.Мареникова т.б.   А.Смородинцев М.Чумаков т.б. А.Смородинцев т.б. А.Сэбин, М.Чумаков А.Смородинцев т.б. Ш. Рид т.б.     А.Воробьев т.б.
Анатоксиндер Дифтериялық (Күл) Сіреспелік Ботулизімдік (А, В, С, .Д, Е) Секстанатоксин -   - -   -     Авторлар қауымы - А.Воробьев   А.Воробьев т.б.
Белсендігі жойылған бактериалық АКДС (адсорбталған көкжөтел- дифтерия-сіреспелік)   Іш сүзектік   Бөртпе сүзектік -   Патогенді штамдар - -   5-10    
Белсендігі жойылған вирустық Тұмаулық А -гепатитік Ұшықтық Кене энцефалиттілік Құтыруға қарсы - - - - - 2-3 5-10 5-10 10-30  
Генді - инженерлік В-гепатитінікі (ашытқылы) Ашытқының рекомбинаттық штамы Авторлар тобы

 

Қолданылатын вакциналардың негізгі түрлері және олардың сыпаттамалары кестеде келтірілген. Кестеден вакциналардың бірімен бірі арасында көп айырмашылықтары бар екенін көруге болады. Соған қарамастан вакцинаны қолдану керек екені күмәнсіз, оған егілген адамдардың ауырған және өлімге душар болған сандарының көп төмендегені және экономикалық жетістіктер куә бола алады. Қазіргі уақытта инфекциялық аурулармен күресу жолында вакцинациялау ең нәтижелі тәсілдің біреуі. Көп уақытқа дейін тірі, не өлі вакцинаның нәтижелі екені туралы әртүрлі көзқарас болды. Нәтижесінде келесідей тұжұрым туды: вакцинаның қай түрі болмасын қорғаныш көрнісінің жоғарғы деңгейін тудырса, инфекциялық аурулардың санын төмендетуде нәтижелі болса, вакцинацияланған адамдарға зыянды әсерін тигізбесе, сол вакцина қолданылуы керек.

Вакцинаның барлық түріне қойылатын талаптар бар. Вакцинацияға қолданылатын препараттар төменгідегідей шарттарға сәйкес келуі керек: иммуногенді, қауіпсіз, реактогенсіз, аллергиялық тітіркендіру тудырмайтын, тератогендік , онкогендік касиеті жоқ ; вакцина дайындалатын микробтардың штамы генетикалық тұрақты болып, ұзақ уақытқа дейін сақталуы, оның өңдру процесі жеңіл және қолдану тәсілі қарапайым, жаппай қолдануға мүмкіншілігі болу керек.

13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері

Вакцина егудің көрсетімі жұқпалы аурудың пайда болуы, немесе оның жайылып кету қаупі, не адам арасында эпидемияның басталуы болады. Жаппай вакцинациялау өткізгенде вакцина қолданудың қарсы көрсетімі есепке алынуы керек, өйткені қандай вакцина болмасын қолданған кезде, денсаулық жағдайының ауытқуына байланысты, жағымсыз жанама асқынулар тудыруы мүмкін. Қарсы көрсетім әрбір вакцина түріне анықталып, қолдану нұсқауында көрсетіледі. Вакцина қолданудың барлығына ортақ қарсы көрсетімі келесілер:

жедел жұқпалы, не жұқпалы емес аурулар;

аллергиялық жағдайлар;

орталық жүйке жүйесінің аурулары;

паренхиматозды органдардың созылмалы аурулары (бауыр, бүйрек);

жүрек-қантамыры жүйесінің күрделі аурулары;

дамыған иммундытапшылықтар;

қатерлі ісік аурулары.

Вакцина егілгеннен кейін аздап дене қызуы, еккен жердің қызаруы нұсқауда аталған-дардың шегінен шығып кетпесе ол қарсы көрсетім болып саналмайды.

13.2.2.12. Вакцина егудің күнтізбесі

Әрбір елде, соның арасында Қазахстанда (Денсаулық сақтау министірлігімен бекітілген) вакцина егудің күнтізбесі бар. Онда қай жаста, қандай вакцинаны, қай жұқпалы ауруларға қарсы егу түрлері анықталып, ретімен негізделген. Мысалы, балалық шақта (10 жасқа дейін) әрбір адам міндетті түрде туберкулезге, қызылшаға, полиомиелитка, көкжөтелге, күлге, В гепатитіне, сіреспеге қарсы егілуі керек, ал өте қауітпі ауруларға ( эндемиялық аудандарда) сол ауруларға қарсы қосымша егу жүргізіледі.

Сонымен қатар, әрбір ел вакцинамен профилактика жүргізуде өзінің азаматтары үшін жеке бастың құқын, міндетін және де егу ісін жүргізетін мекемелердің, жауапты қызметкерлердің құқын, міндетін және жауаптылығын заң түрінде анықтайды.